Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қосымша құрылғылары
Мақсаты:
- Оқушыларды компьютерге қосылатын шеткі құрылғылардың қызметі туралы түсінік қалыптастыру.
- Оқушыларға алғашқы және қазіргі ақпарат тасығыштар жайында түсінік беру, ақпарат тасығыштардың әртүрлілігін жайлы жан-жақты ақпарат беру.
- Оқушыларды компьютермен ережеге сай, әрі ұқыпты жұмыс жасай алуға, бір-бірін тыңдай білуге, сұрақ қоюға дағдыландыру, оқу үшін жауапкершілікті түсіндіру, бағалау түрлерін үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Компьютердің көп тараған қосымша құрылғылардың (дыбыстық бағандар, микрофон, принтер, сканер, модем) кызметін біледі.
Компьютердің қосымша құрылғылардың сыртқы пішініне қарап түрлерін ажырата алады.
«Ақпарат көздерінің ақпараттық сыйымдылығы» түсінігін қалыптастырады.
Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары бойынша жұмбақтар шешеді, постер қорғайды, кесте толтырады.
Тапсырмалары арқылы білімдерін жинақтайды.
Компьютердің өмірге қажеттілігін бағалайды.
Негізгі дереккөздер: Оқулық, компьютер, плакат, постерлер, интернет материалдары, таратпа материалдар, бағалау парағы, слайд, бейне материалдар, сәйкестендіру кестесі.
Әдіс –тәсілдер: «топтық әдіс», «жеке жұмыс» «постер әдісі», «сұрақ-жауап әдісі», «жұмбақ шешу» тапсырмасы, «қосымша сұрақтар» әдісі, кері байланыс, электронды оқулықпен жұмыс, «кестемен жұмыс».
.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (2 мин) - Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
- Оқушыларды топқа бөлу;
(Компьютердің құрылғыларының суреттерін таңдау арқылы. Ішкі және сыртқы құрылғылар)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (3 мин)
- Өткен тақырып бойынша тест жұмысын тексеру;
Сұрақтар:
Компьютер құрылғыларының қайсысы жүйелік блок құрамына кірмейді?
В) Принтер
Компьютерде деректерді сақтау үшін керек құрылғы:
А) Жады
Нені өшірсек компьютер жұмыс істей алмайды?
В) Жедел жады
Ақпарат компьютердің қай құрылғысында өңделеді?
А) Процессор
Ақпаратты енгізу құрылғысы?
С) Пернетақта
Компьютерде дыбыстармен жұмыс істеу үшін ... керек.
А) Дыбыс картасы
Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне:
С) CapsLock
Орыс тілінде "," белгісін жазу үшін нүктесі бар пернемен бірге қай пернені басу керек?
А) Shift
Мәтін тергенде сөздердің арасында қандай пернені басады?
А) Бос орын (пробел)
Enter пернесі не үшін керек?
А) Енгізу
Бағалау:
9-10 дұрыс жауапқа - жасыл жұлдызша- 3 ұпай
6-8 дұрыс жауапқа - сары жұлдызша - 2 ұпай
5 тен төмен - қызыл жұлдызша - 1 ұпай
ІІІ. Ой қозғау. (1 мин) (СТО стратегиясы, АКТ)
Суреттегі сандықтың ішіндегі құрылғыларды табу арқылы оқушылардың ойларын біледі.
Біз бүгінгі сабақта компьютердің қосымша құрылғылары мен олардың сипаттамаларын қарастырамыз.
Мағынаны тану (10 мин)
Компьютер құрылғылары екіге бөлінеді: негізгі және қосымша.
Қосымша құрылғылар - компьютердің жүйелік блогына қоымша жалғанатын құрылғылар.
Компьютердің қосымша құрылғыларына дыбыс колонкалары, микрофон, принтер, сканер, модем т.б. жатады.
Дыбыс колонкалары - дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.
Принтер - ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаруға арналған құрылғы. Заманауи принтерлер басып шығару тәсіліне қарай лазерлік және бүріккіш болып бөлінеді.
Бүріккіш принтерлер қағазға бояулардың көмегімен басып шығарады. Бүріккіш принтерлер әдетте, түрлі-түсті болып келеді. Бояу картридждердің ішінде құюлы болады. Әртүрлі принтерлерде әртүрлі картридж болады. Фотосуреттерді басып шығаратын принтерлер де болады. Кейбір фотопринтерлер компьютердің қатысуынсыз тікелей фотоаппаратқа немесе ұялы телефонға қосуға болады. Бүріккіш принтерлердің кемшілігі қымбатқа түседі, басылым ұзақ сақталмайды.
Лазерлік принтерлер түрлі-түсті және ақ-қара болып келеді. Лазерлік принтерлер лазер саулесінің көмегімен басып шығарады. Лазерлік принтерлер бүріккіш принтерлерден жылдамдығымен, бір минутта басып шығаратын парақ сандарымен ерекшеленеді. Лазерлік принтерлердің шығару жылдамдығы жоғары, ал басылған парақтың өзіндік құны төмен болғандықтан лазерлік принтерлерді әртүрлі ұйымдарда пайдаланады.
Сканер - мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы.
Көпфункционалды құрылғылар - бір құрылғыдағы принтер, сканер, көшірме. Мұндай құрылғылардың ерекшелігі - оларды компьютерсіз де көшірме жасау құрылғысы ретінде қолдануға болады.
Модем - компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы.
АҚПАРАТ ТАСЫҒЫШТАР:
қатты диск (винчестер)
жұмсақ диск (дискета)
лазерлік дискілер (СD, DVD)
флеш-жады
Қатты дискі - үлкен көлемді деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы. Қазіргі кезде дербес компьютерлер үшін дайындалатын қатты дискілердің ақпарат сыйымдылығы Терабайттарға жетті.
Жүйелік блоктың ішінде орналасқанына қарамастан ол сыртқы жады болып табылады.
Дискета - шамалы көлемді ақпараттарды сақтауға арналған ақпарат тасығыш.
CD-ROM тіркесі қазақ тіліне ықшам дискі негізіндегі тұрақты сақтау құрылғысы деп аударылады.
DVD дискі -үлкен көлемді ақпаратты сақтауға және оқуға мүмкіндік береді. Лазерлік дискілердің сыйымдылығы CD дискілер 650 Мбайттан, DVD дискілер 9 Гбайтқа дейінгі аралықта.
Заманауи ақпарат тасмалдайтын құрылғы - ол флеш-жадылар. Олар флешкалар немесе жады карталары болуы мүмкін.
Флеш-жадыларға ақпаратты көп рет қайталап жазуға болады. Мұндай тасығыштардың физикалық мөлшері үлкен емес, ал сыйымдылығы жылдан-жылға артып келеді.
Флеш жадылар өлшем көрсеткіштері шамалы және тұтынушылардың көпшілігі үшін бағасы қолжетімді болғандықтан флеш-карта түрінде барлық сандық құрылғыларда -фотоаппараттарда, видеокамераларда, ұялы телефондарда кеңінен қолданылады.
Топтық жұмыс. (7 мин)
Топтарға компьютердің барлық құрылғылары салынған конверт беріледі.
1-топ. Компьютердің қосымша құрылғыларын постерге жапсырып, құрылғылардың қызметін айтады.
2-топ. Ақпарат тасығыштар құрылғыларын постерге жапсырып, құрылғылардың қызметін айтады.
Топтар бірін –бірі бағалау критерийі бойынша бағалайды.
1. Құрылғылардың түгел болуы. (жоғарғы балл-3)
2. Толық, түсінікті жеткізілуі.
3. Көркемделуі.
Жеке жұмыс (5 мин). Электронды оқулықпен жұмыс
- Компьютердің құрамына кіретін құрылғыларды жазыңыз.
- Компьютерді дұрыс қосыңыз
- Компьютерді дұрыс өшіріңіз
Сергіту сәті. (2мин) «Көңілді күн» биіне сергіту сәті.
Топтық жұмыс (3 мин)
Әр топ төменде көрсетілген жұмбақтарды шешеді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
1-топтың жұмбағы:
1) Бір сарайда тұрады екен,
Төрт атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі Бір күн бар да, бір күн жоқ
Соны есепке алсақ, Ұзын саны жүз жеті
(пернетақта)
2) Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек
(монитор)
3) Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны оның мекені.
(кактус)
2-топтың жұмбағы:
1) Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
(Принтер)
2) Кемірушіге ұқсайды бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып. Білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады аты оның?
(тышқан)
3) Әуез сазды беретін,
Ол да керек құрылғы.
Дыбыс шықса тосыннан,
Бәрің соған бұрылдың
(колонка)
Жанды сұрақтар. (2 мин) Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
І топ.
1. Дербес компьютерлер нешеге бөлінеді?
2. Ақпараттың қандай өлшем бірліктері бар?
ІІ топ.
1. Информатика ғылымы нені зерттейді?
2. Ақпарат қабылдау түрлері бойынша нешеге бөлінеді?
Жеке жұмыс. Сәйкестендіру кестесін орындау (3 мин)
Артық болмас білгенің (2 мин) (Видео. Компьютер алдында отырғанда нені ескеру керек)
Оқушыларды бағалау.(1 мин) Бағалау парағындағы жинаған ұпайы бойынша бағалау
Рефлексия (1мин)
Екі топ бір-бірін "Екі жұлдыз, бір тілек" арқылы бағалайды.
Үйге тапсырма. §7 Компьютердің қосымша құрылғылары тақырыбын оқып келу. "Өзіңді тексер" тест сұрағын орындау. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы кесте түрінде жазып келу.