Кітап – ажырамас досымыз
Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға қызықтыру,оны таза,ұқыпты ұстауға үйрету,кітаптың пайдасы мен маңыздылығын ұғындыру. Республикалық «Ұрпақ+» мәдени-білім жобасы аясында «Bookdaiting», «Буккросинг» акцияларын жүзеге асыру.
Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі,кітап туралы қанатты сөздер, интерактивті тақтада слайдтар көрсету.
Әр адамның ең жақын досы,..
Өмір досы кітап болуға тиіс.
М.Әуезов.
Барысы:
1Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Кітап – ажырамас досымыз» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер!
2 Жүргізуші: Адам баласы дүние есігін ашқан сәттен бастап оқып үйрене бастайды. Ол жүруді, сөйлеуді, адамдарды түсінуді үйренеді.Өзіне сүйікті кітабын оқығанды, қызықты бейнелерді көрсеткенді, түрлі ойындарды ойнағанды жаны қалайды. Сөйтіп күндердің бір күнінде мектепке барып , жаңа мұғалімдермен кездесіп, түрлі ғылым әлеміне саяхат жасайды.Ғылымсыз білім болмақ емес.
1Жүргізуші: «Досың кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтам» деген нақыл бар. Осындай бағытта «Сен не оқитыныңды айт, мен сенің кім екеніңді айтам» деп те айтуымызға болады.
2Жүргізуші:
Біздің елімізде көптеген дәстүрлі мерекелер бар.Олар біздің салт-дәстүрімізді, тарихымызды жаңғыртып отырады. Ал кітап дүние жүзі көлемінде аталып өтетін маңызы өте жоғары рухани байлық болып табылады.
1Жүргізуші: Балалар сендер білесіздер ме, 2 – сәуір- «Халықаралық балалар кітабы күні» және 23 сәуір- «Дүниежүзілік кітап күні» болып табылады.
2Жүргізуші: Мерекелік тарту ретінде «Гүлдер» вокал тобының орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар!
1 Жүргізуші:Қымбатты балалар, құрметті ересектер! Мектептен тыс жұмыс орталығы сіздерді «Буккросинг» деп аталатын жобаға қатысуға шақырамыз. Бұл жобаға қатысушылар бір-бірімен кітап алмасады. Жобаның ұстанымы: «Өзің оқы да, өзгеге бер».
2Жүргізуші: Сіз «буккросинг» (ағылшынша «кітап алмасу») деген не екенін білесіз бе?Бұл көптеген елдердің жастары айналысатын керемет мәдениет- оқыған кітаптарыңызды көпшілік ортаға өзгелер оқу үшін тастау. Яғни оқыған кітабын адамдар көп жүретін жерге қалдырады.Бұл кітапты тауып алған адам оны оқуды жалғастырады. Оқып болған соң, ол да дәл солай өзге адамға қалдырады.
Бүгін осындай акция бойынша «Сөз зергері»үйірмесінің оқушылар «Қылқалам»үйірмесінің оқушыларына кітап сандықшасын табыстайды. Бұл кітаптарды оқып келесі үірмеге табыс етесіздер.
1 Жүргізуші: Гүлдер вокал тобының орындауында ӘН: «АЛАҚАЙ»
2Жүргізуші : «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың келер ұрпаққа қалдырған өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіне және түйсіне білу, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, парасаты мен пайымын айқындайтын алғы шарттарының бірі.
1 Жүргізуші: Кітапсыз адам өмірі бос.Кітап біздің досымыз ғана емес,сонымен бірге біздің тұрақты,мәңгілік сенімді серігіміз де.
Сахна төріне «Сөз зергері» үйірмесінің тәрбиеленушілерін қол соғып шақырайық!
Оқушылар кітап туралы өлеңдер оқиды.
2Жүргізуші : Бүгінгі әңгіме «кітап» жайлы болғаннан кейін, енді кітап деген сөздің қайдан шыққанын, қандай мағына беретінін біліп жүрейік достар!
1Жүргізуші: «Кітап» арабтың «жазу» деген сөзінен шыққан. Кітап-рухани қазына, байлық, өмір-айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы.алғашқы кітап жазу құпиясы тек дінбасылар мен монахтар білген.
2Жүргізуші: Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей еліндегі «Таурат», қытай тіліндегі «Кунцы цзя ию», парсы тіліндегі «Авеста», грек тіліндегі «Інжіл», араб тіліндегі «Құран» деген мағынаны білдіреді.
1Жүргізуші: Кітап жаман әдеттен аулақ болуға үндейді. Кітапты әрбір адам күнделікті тұрмысына пайдаланады. Оны оқу арқылы үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алады.
2Жүргізуші: Достар, бүгін «Ертөстік» драма үйірмесі бізге қойылым дайындапты.
1Жүргізуші: Олай болса, «Ертегі патшалығына саяхат» атты қойылым тамашалайық!
ҚОЙЫЛЫМ - ЕРТӨСТІК ДРАМА ҮЙІРМЕСІ
2Жүргізуші: Достар, сіздерге қойылым ұнады ма?
1Жүргізуші: Естілмейді, Олай болса, Ер төстік драма үйірмесіне қол соғып қояйық!
2Жүргізуші: Достар, кітап оқығанды ұнатасыздар ма?ИЯ
1Жүргізуші: Ендеше кітап туралы викториналық сұрақтарға кезек берейік.
1.Кітаптар тұрағы қалай аталады?
2.Кітаптармен жұмыс істейтін маман қалай аталады?
3.Кітапханаға үнемі барып кітап оқитын адам қалай аталады?
4.Балаларға арналған қандай газет-журналдарды білесіндер?
5. Кітап басып шығаратын жер қалай аталады?
6. Мектеп оқулықтары қандай баспалардан шығады?
7.Кітапты жазған адамды қалай атайды?
8.Халқаралық балалар кітабы күні қай күні?
9. Дүниежүзілік кітап күні қай күн?
10.Сүйіп оқитын кітаптарың бар ма, Қандай кітаптар?
2Жүргізуші: Кітапты қалай ұстауымыз қажет? Кане кім біледі? ДҰРЫС
Интерактивті тақтада кітап ұстау ережелері көрсетіледі.
1. Кітаптың мұқабасы бүлінбеу үшін оның сыртын қағазбен қаптап ал.
2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластауын мүмкін.
3. Кітаптың арасына карандаш, қалам және басқа нәрсе салма, түбі жыртылады.
4. Кітап беттерін жыртпа, сурет салма, оған жазба.
5. Кітап беттерін бүктеме, қыстырғыш жасап ал.
6. Кітапты майыстырып бүктеме, бұдан оның беті жыртылады.
7. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек.
8. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитын естен шығармаңыздар.
1Жүргізуші:
Оқы талмай,түй санаңа,жас ұлан,
Сыр құямын,жыр құямын санаңа.
Білім –қару,білім керек адамға,
Ал білімді мен құямын санаңа.
2Жүргізуші: Осымен, Шарамыз аяқтала келді.
Шараға белсене қатысқан оқушыларға алғыс айтамыз.
БІРГЕ:
ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!


Кітап-біздің досымыз (21.3 KB)

