Күні: 5 сынып
Сабақ № 13
| Сабақтың тақырыбы | Киелі аспап – қобыз |
| Сабақтың мақсаты | Қобыз аспабының шығу тарихмен таныстыру. Қорқыттың өмір мен шығарамашылығы туралы білімдерін дамыту. Ән салу мәнерін үйрету. |
| Нәтижесі | Қорқыттың өмірімен танысады,қобыз аспабында орындайтын күйлерді білді |
| Көрнекілігі | Интерактивті тақта, үнтаспа, синтезатор, домбыра |
| Сабақтың түрі | Аралас сабақ |
| Сабақтың әдістері | Түсіндіру, талдау, ой қозғау, өз пікірлерін айту |
| Сабақтың барысы | |
| І. Ұйымдастыру | Сыныппен амандасу Мейірімді жүрекпен Ақ пейілді тілекпен. Амандасып алайық Бір жадырап қалайық. Топқа бөлу 1 топ: Қобыз сарайы 2 топ: Қорқыт тобы 3 топ: Қобыз тобы 4 топ: Қорқыт кесенесі 5 топ: Қорқыт теңгесі |
| ІІ. Білу |
|
| ІІІ. Түсіну | Қорқыт ғасырларда ғұмыр кешкен оғыз-қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, алдағы күнді болжаған көріпкелі және шебер күйшісі болған. Қорқыт- қобыз аспабының құдіретін танытқан ұлы күйші. Ол қобызды тек бақсы- балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта білген. Бүгінгі біздің сабағымыз қобыз аспабы жөнінде болмақ. Қобыз аспабының шығу тарихы жөнінде айтылады. Қобыз –ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап ішнкке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы терімен қапталып ғ ысқыштаарыммен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті күш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігі. Киелі аспап – қобыз |
| ІV. Талдау | Постер қорғау Бірінші топ: Қорқыттың өмірі Екінші топ: Қобыздың шығу тарихы. Үшінші топ: Қорқыткүйлері. Төртінші топ Ысқышпен ойналатын аспаптар Бесінші топ:Домбыра мен қобыз аспабы |
| V. Қолдану | Буреме әдісі Қорқыт ата болыпты Күйімен елін баурапты Қобыз аспабын жасапты Мәңгілік елінің есінде қалыпты. |
| VI. Жинақтау «Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі |
|
| VII. Қорытынды | Қобызым әнін орындау және хормен айтқызу |
| Бағалау | Формативті бағалау |
| VIІI.Үй тапсырмасына нұсқау беру | «Киелі асап қобыз» тақырыбында эссе жазу. Қобыз суретін салу |
| Рефлексия | Стикерлер арқылы |


Киелі аспап-қобыз (19.38 KB)

