Сабақ жоспары. Қазақ тілі 10 –сынып.
Сабақтың тақырыбы: Кенші ғалым-Жамал Қаңлыбаева.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту сабағы.
Көрнекті құралдар:
Компьютер кабинетінің мүмкіндіктерін пайдалану;
Интербелсенді тақтаны қолдану;
Слайд шоу «Кенші ғалым-Жамал Қаңлыбаева»
«Себеп-салдар» ойынына арналған карточкалар;
«Басты біліктілікті қалыптастыру талаптары» ескертпе ;
— визитка, доп, қаламдар, таза парақшалар, фломастерлер,
Сабақ оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: АКТ, сұрақ-жауап, мәтінменжұмыс.
Оқушылардың сөйлесу әрекеттері бойынша
Тыңдалым. Қазақтың кенші ғалымы туралы мәлімет (мәтіндер арқылы)
Оқылым. Ғалымның еңбектері туралы.
Айтылым. Оқушылар жаңа мәліметтер бойынша өз ойларын білдіреді.
Жазылым. Тапсырмалар орындайды
Тілдесім. Диалог құру, суреттерді сөйлету
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
І. Білімділік: Кенші Жамал Қаңлыбаеваның өмірбаянымен , лауазымымен танысу, ғылыми еңбектері, қоғамдық жұмысы туралы мәлімет беру. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді қайталау.
ІІ. Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдана отырып оқушылардың жеке, жұптасып жұмыс жасауына жағдай жасау.
ІІІ. Тәрбиелік: Көршілес жерлесіміз, мақтан тұтатын ұлы тұлға өмірі туралы презентация жасау, кітапханада көрме ұйымдастыру, реферат жазу.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту.
Оқушыларды топқа бөлу, ой қозғау.
Оқушыларды тақырыпқа қызықтырып бағыттау.
.Мәтіндегі құнды мәселелерді анықтау, зерттеу жұмысын ұсыну.
Жұмыстарын өзін-өзі бағалауға бағыттайды.
Оқушылардың іс-әрекеті:
Сабақта мұқият жеке, топта жұмыс істейді.
Мәтінді (немесе басқа шығарманың үзіндісін) түсініп тыңдайды, дауыстап оқиды(кемінде 4-5 рет оқу қажет).
Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы мәтінмен жұмыс жасайды, жаттығулар, деңгейлік тапсырмалар орындайды.
Өз ойларын қорытады, қағаз бетіне бейнелеп, зерттеген нәтижелері туралы ауызша дәлелдейді.
I кезең — Қызығушылығын ояту кезеңі. Оқушылардың көңіл-күйлерін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру. Әр топтан 1-2 оқушы қазақтың ғалымдары туралы мәлімдейді.
Оқушылар осы тақырыпты үлкен қызығушылықпен қабылдап, ойланып, қазақ ғалымдарының рөлін түсініп, олардың еңбектерін бағалауды түсінеді.
Үй жұмысы бойынша ой қорытып, сызба түрінде көрсетеді.
II кезең — Жаңа мағынаны ашу (мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді).
Мәтінмен жұмыс. 1-тапсырманы орындау, 55б.
Сөздік жұмысын өткізу.
Берілген кестені әр оқушы өз бетінше толықтырады, түсінгенін жазады, тақырыпты бекітеді. INSERT-түртіп алу әдісін қолданады.
Ой-толғау
Қалпына келтіру стратегиясы: көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып берілген мәтінді «қалпына келтіру» . Бағалау: қате жоқ- «5», 1-2 қате- «4», 3-4 қате–«3», 5 қате-«2»
Шағын мәтін. Орыс тілінен қазақ тіліне аудару (мәтінге ат қою)
Жамал Канлыбаева, первая женщина-казашка — доктор технических наук, член-корреспондент НАН РК и вторая в СССР женщина-горняк, прожила до обидного мало — всего 50 лет. Выдающийся исследователь в области горного дела, она стала первым в мире ученым, который изучал закономерности сдвижения горных пород с помощью радиоактивных изотопов.
|
Оқушылар жаңа тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар орындайды.
III-деңгей
Мәтіннен тәуелденген негізгі және туынды зат есімдерін теріп жазыңдар.
Жалқы есімді сөздерін теріп жазыңдар.
II-деңгей
Сан есімдерді жазып алып, мағыналық түрлерін анықтаңыздар.
Тест тапсырмалардың сұрақтарын құрастырыңдар.
Қаныш Сәтбаев туралы презентация тамашалайды.
Грамматикалық тапсырмалар: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау.
I-деңгей
Кенші ғалымның ғылыми жетістіктері туралы эссе жазу.
Тест тапсырмасын орындау. MуTest Editor бағдарламасы
Ж.Қаңлыбаева қай жерде туған, анықтаңыз.
А) Қызылордада
В) Астанада
С) Семейде
Қазақ әйелдерінің ішіндегі бірінші тау-кен өндірісінің ғылыми докторы кім болған, көрсетіңіз.
А) Ә.Марғулан
В) Қ.Сәтпаев
С) Ж. Қаңлыбаева
Ж.Қаңлыбаева нешінші жылдан бастап Ұлттық Ғылым академиясында қызмет етеді, анықтаңыз.
А) 1950ж.
В) 1952ж.
С) 1954ж.
Ғалым қандай халықаралық симпозиумдар мен конференцияларға қатысты, анықтаңыз.
А) Алматыда
В) Польшада
С) Мәскеуде
Ж.Қаңлыбаева айналысқан ғылым саласын , анықтаңыз.
А) физика
В) тау-кен өндірісі
С) химия
Кілті: 1-с, 2-с, 3-с, 4-в, 5-в
VІ. Үйге тапсырма: «Кенші ғалым-Жамал Қаңлыбаева» тақырыбына
«Қазақтың тұңғыш ғылым докторы» атты реферат жазып келу.
Оқушылардың алған білімдерін бекіту
Жамал Мұсағалиқызы Қаңлыбаева қай жылы туған?
Жамал Мұсағалиқызы Шығыс Қазақстанның қай қаласында туған?
Қазақстанның қай қаласының институтын тәмамдаған?
Оның ата-анасын білесің бе? Олар кімдер?
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың отбасы туралы не білесің?
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қайда білім алған?
Қазақтан шыққан Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті болған кім? Қай жылы бұл атаққа иеленген?
Қазақстан Ғылым академиясының академигі болған кім? Қай жылдан бастап?
ЮНЕСКО бойынша дүниежүзілік деңгейде Сәтбаевтың 100 жылдық мерейтойы қай жылы аталып кетті?
Қазақ халқының музыкалық мұрасына қандай үлес қосты? (толық мәлімет жинау)
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың атақты еңбектері туралы не білесің? (толық мәлімет жинау)