Тақырыбы: Әкем және мен
Мақсаты: 1)Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында
білімге,өнерге деген қызығушылығын арттыру.
2)Мәнерлеп оқу,сөйлеу,мақал,сұрақ-жауап,ән-би арқылы ой өрісін дамыту
3)Сахнада өзін дұрыс ұстай білуге,биязылыққа,инабаттылыққа тәрбиелеу.
1 - жүргізуші: Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар, бүгінгі мектепалды даярлық топтары мен мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы сабақтастық ретінде өткізгелі отырған «Әкем және мен» отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер! «Әке-асқар тау, ана-мөлдір бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» дегендей, әке-бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз-отбасы мүшелерін әр түрлі пәле-жаладан қоғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.
Әкетай, мейірің көп таңдандырған
Біз үшін қиындықтан шаршамаған.
Жылуын жүрегіңнің аямадың
Өзіңе борышы көп балалардың.
2 - жүргізуші: Отан-отбасынан басталады, отбасы кішкене мемлекет. Сол мемлекеттің президенті-әке. «Әке көрген оқ жонар» деп бекер айтылмаған ғой, әке-ол салмақты, әрбір істі алдын-ала ойлап барып бастайтын, бізге қамқор адам. Бірақ ол анадан гөрі қаталдау. Бір сөзбен айтқанда, ол отбасының басқа мүшелерінен өзгеше. Әке-отбасындағы ақылшы.
Жан әке сіз жүргенде көзіңді сап,
Өсеміз бәйтеректей өзің құсап.
Ортада сіздер барда, дара шыңдай
Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ.
Сонымен қатысушы жұптарды ортаға шақырамыз. (Жеке-жеке атап шақырады да, арнайы дайындалған орындарға отырғызады, әрбірінің оң жақ кеудесінде реттік нөмірі болу керек).
1. ___________________________
2____________________________
3____________________________
4____________________________
5____________________________
6____________________________
2 - жүргізуші - Әділ қазылармен таныстыру:
- Алдымен сайыскер ару, әкелеріміздің ішінен білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділ - қазы алқасымен таныстырып алайық:
1. ____________________________
2._____________________________
3._____________________________
4._____________________________
1 - жүргізуші: Енді көрермендерге сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік. Сайыс 5- бөлімнен тұрады.
«Өзім жайлы бірер сөз» (таныстыру, әкесімен бірге)
«Өнерлінің өрісі кең» (өз өнері, әкесімен бірге)
«Шебердің қолы алтын» (шаш өру) 10 мин
«Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығар» (сұрақ жауап)
«Фото галерея» (әсемдеуі, шеберлігі ескеріледі)
І- кезең
2 - жүргізуші:
«Өзім жайлы бірер сөз» (таныстыру)- деп басталатын бірінші кезеңімізді бастаймыз.Әр топ бір ерекшеліктерін көрсете отырып тақпақ ретінде, қимыл ретінде таныстырып өтеді.
1 - жүргізуші: - Тамаша, әділқазылар бағаларымен танысайық.
ІІ- кезең
2- жүргізуші:
«Өнерлінің өрісі кең» (өз өнері) Бұл сайыста әр сайыскерлерге, үй тапсырмасы берілеген болатын, ендеше өнерлерін тамашалайық.
- Тамаша, өнерлеріңізге тәнті болдық.
1 - жүргізуші:
Әкенің ақылы керек екен,
Таптырмас ой-сана береді екен.
Алтыннан жасалған үш әріпке,
Өмірде еш нәрсе теңелмеген.
ІІІ- кезең
Шебердің қолы алтын» (шаш өру) әкелеріміз ерке ханшайымдарымыздың шаштарын қаншалықты жақсы жинайтындарын сынап көрейік.
Тамаша, әділқазылар бағаларымен танысайық.
ІV- кезең
«Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығар» (сұрақ жауап)
Әр топ сиқырлы тақтада жұмбақтарды таңдайды. Жұмбақ жауабын дәл тапқан сайыскер ұпайға иеленеді.
Сиқырлы сұрақтар мекені;
Әкелерге
Әшекей бұйымдарды жасайтын шеберді қалай атаймыз? (зергер)
Жылқыны ерттеуге арналған ат әбзелін атаңыз. (ертоқым)
Қой атасын атаңыз. (шопан ата)
Құралай желі дегеніміз не? ( Көктем мезгілінде киіктің төлдеуіндегі болатын табиғат құбылысы)
Бастаңғы дегеніміз не? (Үлкендер кеткенде жастардың ойын сауық құруы)
Бұйымтай сөзінің мағынасын ашыңыз. (Ол келген адамның жеке мәселесі немесе шаруасын айтуы)
Жігіттің үш жұртын атаңыз. (Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
Ханшайымдарға
1. Жылқының төлі? (Құлыншақ)
2. Қысы- жазы бір түсті ағаш? (Шырша)
3. Төрт түлік малды ата?
4. Білім ордасы? (Мектеп)
5. Қ.Р президентіміз кім? (Н. Ә. Назарбаев)
6. Дәм сезу мүшесі? (Тіл)
V –кезең. «Фото галерея» (әсемдеуі, шеберлігі ескеріледі)
Келесі кезекті отбасылық фотогалереяға береміз.
Әділқазылардың шешімі дайын болғанша кезекті биге берейік.
Би: « Бүлдіршіндер флешмобы»
1 - жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
- дегендей сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.
Марапаттау атаулары:
1.________________________ І орын
2. ________________________
3. ________________________
4. ________________________
5. ________________________
6. ________________________
Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат-шадыман болыңыздар.
Қоштасайық, келесі кездескенше,
Әрдайым сау - саламат болыңыздар!
Осымен бүгінгі мектепалды даярлық топтары мен мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы сабақтастық ретінде өткізілген «Әкем және мен» отбасылық сайысымызға аяқталды. Келесі кездескенше!

"Әкем және мен" (52.5 KB)

