Меню
Разработки
Разработки  /  Физика  /  Уроки  /  7 класс  /  Қысым қызықтары

Қысым қызықтары

красота уроки
26.01.2020

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы:

Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 7


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.3.1.5 – сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді. Қысым, қысымның қатты денелер, сұйықтар, газдар арқылы берілуі Паскаль заңы туралы толық мағлұмат алады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Пәндік терминология:

Гидростатикалық қысым, р =ρgh, сұйықтағы қысым, Паскаль заңы, биіктік, тығыздық, шыны ыдыс, сұйық

Құндылықтарға баулу



(ҚОҒАМЫМЫЗДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІРЛІК, БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ: Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік,

құрмет, ынтымақтастық, ашықтық. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы)

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Математика, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

5-сынып Дүниетану

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. 1. Сәлемдесу

  3. 2. Түгелдеу

  4. 3.топқа бөлу(1,2,3 сандары арқылы)

  5. Үй тапсырмасын пысықтау:

  1. Газдың немесе сұйықтың өзі толтырып тұрған ыдыс қабырғасына

түсіретін қысымы неден туындайды?

  1. Газды сыққанда оның қысымы қалай және неліктен өзгереді?

  2. Газды қыздырғанда оның қысымы қалай, неліктен өзгереді?

  3. Неліктен сұйықтар мен газдар өзіне түсірілген қысымды барлық

жаққа бірдей таратады?


Есептер шығару

20 минут







."Ой қозғау"

.«Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сегіз найза қолында, көз аудармай,
Батыр да аял қылмай ертең таңға.
Қанат құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда.
А. Құнанбаев
Осы жерде сегіз найза деп отырғанымыз бүркіттің тырнақтары. Бұл жыртқыш құстың тырнақтары мен
тұмсықтары қатты өткір жылтыр болып келеді. Аудандары кішкентай болғандықтан, тіпті болымсызғана күшпен зор қысым жасап, аң аулауға шамасы келеді.

Сұрақтар:

- Адамның тісі неге үшкір?

- Салынып жатқан үйдің табанына кең бетон плиталар салатын себебі не?

-Шеберлер киім тіккенде неге оймақ киеді?

- Неліктен аңшы шаңғысы спортшылардың шаңғысына қарағанда жалпақ жасалады?

- Неліктен велосипед дөңгелегінің камерасы тесілгенде ондағы қысым кемиді?

-Н/м2 қандай мағынаны білдіреді?

-Адамдарға неге судың бетіне тез көтерілуге болмайды?

А-деңгей:

 Бізді қоршап тұрған  ауа барлық денеге  100кПа  қысым  түсіретін болса , өлшемдері 60*80м  болатын  үстел бетіне қандай күш  түсірер еді?

В-деңгей:

Мұнай толтырылған 4м тереңдікте, ауданы 30 м2 шүмекті  қысымы қандай??

С-деңгей:

Цилиндр  ыдысқа  сынап, су және  бензин құйылған .Сұйықтардың  көлемдері  бірдей. Сұйық  деңгейлерінің  биіктігі  15см  болса,  сұйықтардың  түбіне  түсіретін  жалпы қысымы қандай?


ҚБ арналған тапсырма

Есептер шығару:

1. Ыдысқа су құйылды. Су қабатыныңбиіктігі 10 см болса, судың ыдыс түбінетүсіретін қысымы неге тең?


2.Куб пішінді ыдыс ернеуіне дейін массалары бірдей сумен және керосинментолтырылды. Сұйықтардың ыдыс түбінетүсіретін қысымдары қандай? Куб қырының ұзындығы 36 см.


3.Ыдыстағы газ оның сол жақтағы қабырғасына 200 Па қысым түсіреді. Газ ыдыстыңтөменгі, үстіңгі және оң қабырғаларынақандай қысым түсіреді?








ҚБ арналған тапсырма



10 минут


Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

Практикалық тапсырма:

Шыны ыдысқа (стаканға немесе банкаға) қалаған мөлшерде су құйыңдар. Қажетті өлшеулерді орындаңдар және судың ыдыс түбіне түсіріп тұрған қысымын есептеңдер

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар


Аяқталуы

Сабақты бекіту

2 минут

Ой қорытыу

БББ кестесі



Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сізқабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы

байланыс

Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін оқушылардың қажеттіліктеріне қарай түрлі тапсырмалар арқылы саралау

Мадақтау, екі жұлдыз бір ұсыныс

Математика,еңбек, технология

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



-75%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қысым қызықтары (63.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели