Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Қыстап қалған құстар

Қыстап қалған құстар

урок для детей средней группы, про птиц
30.11.2021

Содержимое разработки

Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар.


Мақсаты: Балаларға қыстап қалатын құстар туралы түсінігін кеңейту.

Табиғатын, жерін сүйюге тәрбиелеу, құстар туралы білімдерін

жетілдіру. Сурет бойынша тірек қорын жетілдіру, есте сақтау

қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Құстарға деген сүйіспеншілікке, қызғушылыққа, құстарға

қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Білімділік: Қыстап қалатын құстар туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Балаларды белсенді әңгімелесуге ынталандыру. Ой өрісін,

логикалық ойлауын, дүниетаным, сөздік қорын және тілін

дамыту.

Әдіс-тәсіл: Оқу қызметі

Көрнекіліктер: Қыстап қалатын құстардың суреті, баннердегі тал ағашы.

Сөздік жұмыс: Қыстайтын, құс, қарға, шымшық, торғай, қондыру.


Мотивациялық қозғаушы кезең: Шаттық шеңберіне түру, сәлемдесу.

Шеңбер болып тұрайық

Алақанды ашайық

Күннің нұрын алайық

Жүрекке жылу сыйлайық

Жиналған жылы шуақты

Бір-бірімізге сыйлайық!

Сәлеметсіздерме апайлар!

Оқу қызметінің барысы:


Негізгі бөлім:

Табиғат біздің анамыз

Жер ана біздің панамыз

Таза болса табиғат

Бізде аман боламыз


Әңгімелесу. Балаларға сұрақ.

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Балалардың жауабы: күз мезгілі.

  • Ия күз мезгілі.

  • Күз мезгілінің бітуіне санаулы күндер қалды.

  • Содан кейін қандай мезгіл келеді?

  • Қыс мезгілі

  • Балалар құстар қайда ұя салады?

  • Ағашқа, терекке, үйлердің төбесіне салады.

  • Құстар немен қоректенеді?

  • Құрт-құмырсқамен шыбын-шіркеймен қоректенеді.

  • Балалар мына суретте не көріп тұрмыз, не бейнеленген?

  • Ия үлкен ағаш тал.

Балалар мен сендерге қазір жұмбақ жасырам. Сонын шешуін табайық.


Жұмбақ: Қанаты бар талмаған,

Аспанда ұшып самғаған.

(құстар)


Балалар бүгін біз сендермен қыстап қалатын құстармен танысамыз. Құстардың жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай қыстап қалатын құстар, жыл құстары болып бөлінеді. Қыстап қалатын құстар күнделікті көріп, бақылап жүрген: қарға, торғай, шымшық.

  • Ал балалар қарғамен танысайық, мына құс қарға.


Жұмбақ жасырайын: Қонып алып жарға,

Қарқылдайды не?

(қарға)

  • Ия қарға дұрыс айтасындар. Қарғаның түсі қара, басы, қанаты, құйрығы, арқысы мен бауыры бәрі қара болып келеді екен. Тұмсығы үшкір, тырнағы өткір, өте ақылды құс екен. Қарға ұясын биікке салады екен.

  • Ал мына екінші құсымыз торғай. Түсі қоңыр, сүйір тұмсықты. Тынымсыз құс екен. Бұл құс ұясын шатырлардың астына салады екен.


Торғай торғай торғайсын,

Таяу келіп қонғайсын,

Жем шашайын жей ғой,

Сонда аязға тоңбайсың.


  • Ал мынау шымшық. Шымшығымыздың түсі сұрғұлт қоңыр, кішкентай құс, ол ағаштын арасына ерсілі-қарсылы ұшып жүретін құс екен.Қыстап қалатын құстарға біздің қамқорлығымыз ұя салып, қорек беру.



Сары бауыр шымшықтар

Қыстан аман шығыңдар

Жазды көріп жайнандар

Қуаныштан сайраңдар


Сергіту сәті: Қыстар ұяға келіп қонады, ұядан басын шығарады.

Жан-жағына қарады, құс ұшқысы келеді.

Қанатын жаядыда, қанатын жаттықтырады.

Алақанымызды өзімізге қаратып айқастырамыз.

Құстар қанат қағады

Көкке самғап ұшады

Барлық құстар қосылып

Ұясына қонады.

Балалар қыстап қалатын құстармен таныстық. Ендеше мынау тұрған талымызға құстарды қондырып көрейік. Ағаштың жоғарғы жағына қарғалар қоныда екен, олар жоғары ұшыды және үнемі талдың жоғарғы жағына қонады екен.

  • Ал торғай орта жағына қонады екен.

  • Ал шымшық болса астынғы жағына. Жерге жақындау жеріне қонады екен.

  • Ал Аяла ағаштың жоғарғы жағына қарғаны алып қондыра ғой.

  • Нұрсұлтан сен торғайды алып талымыздың ортасына қондыр.

  • Қане Нұршат шымшықты алып сен төменгі жағына қондыр деп, барлық балалармен жұмыс жасаймыз.

Көрдіндерме балалар біз талымызға қыстап қалатын құстарымызды қондырдық.

  • Жарайсындар!


Қорытынды: Ал балалар бүгін нені білдіңдер?

Қыстап қалатын құстарды танып, ажырата білдік. Құстарға қамқор жасай білуді үйрендік.

Балаларшеңберге тұрып:

  • Ал балаларшеңбер құрап тұрайықшы

  • Бүгінгі сабақта қандай құстардың түрлерімен таныстық?

  • Дұрыс айтасыздар!

  • Қарға, торғай, шымшық.

  • Енді бір-бірімізге жақсы сөздер айтып, қоштасайық.

Балалар, Сау болыңыздар!


-75%
Курсы повышения квалификации

Организация деятельности педагога-воспитателя группы продлённого дня

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қыстап қалған құстар (19.82 KB)