Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Қыс қызығы таусылмас

Қыс қызығы таусылмас

қыс мезгіліне байланысты қызықты тапсырмалар

20.02.2018

Содержимое разработки

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Тараулары: Экология

Тақырыбы: «Қыс қызығы»

Мақсаты:

  1. Білімділік: Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, қыс мезгілінің ерекшелігін аңғара білуге үйрету.

  2. Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық қасиеттерін, тілдерін, сөздік қорын дамыту. Дәстүрлі емес тәсілдерді пайдалану арқылы саусақ моторикасын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру, үйрету, эксперимент,ой-толғау, тірек сурет, ойын, жапсыру, құрастыру, пиктограмма.

Оқу қызметінің түрі: Кіріктірілген.

Сөздік жұмыс: Жапалақтап, үлпілдек.

Көрнекіліктер: Қыс мезгіліне байланысты слайд, қыс көрінісі, шырша, қар, мұз, жұмбақтар.

Құрал – жабдықтар: Тіс пастасы, желім, мақта, сүлгі, үлгі сурет, аққаланың пішіндері, үлгі сурет, пішіндер, фланелеграф.

Пәнаралық байланыс: Шығармашылық. Таным. Коммуникация.

Қолданылатын технология: Монтессори, модульдік, дамыта оқыту, ақпараттық.

Таңғажайып сәт: Аққаланың келуі.


Танымды оятушылық:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Келген қонақтармен амандасайық. (Балалар келген қонақтармен амандасады)

Шаттық шеңбер:

Ал,балалар тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық!
Алдыменен бәрімен
Амандасып алайық.
Қайырлы таң достарым!
Қайырлы таң – апайлар!

Балалар шеңберге тұрып, бір – бірімен амандасады
Бүгінгі оқу қызметін мына бір өлең жолдарымен бастағым келіп тұр.
Аппақ қыстың бояуы
Аппақ қыстың бораны
Ақ көрпеге орайды
Ақ қар байтақ даланы .


ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.

  • Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Сендер шешімін тауып көріңдерші?

Ой – толғаныс әдісі.

Жұмбақ

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны?

  • Аққала.

Таңғажайып сәт. Аққала келеді.

  • Балалар, бізге қонаққа аққала келді. (әуенмен)

  • Аққаламен амандасайық.

Балалар аққаламен амандасады.

  • Балалар, аққаланы неден жасаймыз?

  • Қардан жасаймыз.

  • Аққаланың түсі қандай?

  • Аққаланың түсі ақ.

  • Аққала қандай пішінге ұқсайды?

  • Дөңгелекке ұқсайды.

  • Аққала бізге бос келмепті, өзімен бірге қар алып келіпті.

  • Енді балалар алақандарыңды ашыңдаршы.

  • Жылы алақанымызға салғанда неге айналатынын көрейік.

Эксперимент жасайды.

Пиктограмма әдісі.

Балалар қарды алақандарына салады. Зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

  • Қар неге айналып кетті?

  • Суға айналды.

  • Енді осы суды суыққа шығарсақ мұзға айналады екен.

Мұзды көрсету.

  • Балалар, мұз қандай екен?

  • Суық, жылтыр, қатты.


ІІІ. Жаңа тақырып:

  1. Кіріспе:

  • Балалар, біз бүгін сендермен қыс қызығы туралы әңгімелесеміз.

  • «Қыс қызықтарын» слайд арқылы тамашалайық.

Тірек сурет әдісі.

Слайдты көрсете отырып сұрақтар қою.

Балалар казір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі .
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- 3 ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан
- Қыста күн қандай болады?
- Суық, аяз, боран.
- Енді, далаға қараңдаршы қандай болып жатыр?
- Дала аппақ қар, ақ мақта сияқты

Сергіту сәті:

Шынығамыз бәріміз,
Иіліп, бүгіліп, денеміз.
Хоккейді де ойнаймыз,
Шаңғыны да тебеміз.
Әрлі - берлі жол салып,
Қар лақтырып, ойнаймыз.
Қорықпаймыз аяздан
Спортшы болмай қоймаймыз.


2.Негізгі бөлім:

Топтық жұмыс.

  • Балалар, біз енді үш топқа бөлінейік.

І топ «Шырша» тобы – қардың суретін салады.

Мақсаты: Тіс пастасын пайдалана отырып, қағаз бетіне саусақпен бастыру, қағазды бүктеу арқылы екі бетіне қардың суретін салғызу.

ІІ топ «Ұлпа қар» тобы – мақтаны үзіп алу арқылы желіммен жапсырады.

Мақсаты: Қағаз бетіне мақтаны үзіп алу арқылы желіммен жапсыра білуге үйрету.

ІІІ топ «Аққала» тобы – аққаланы құрастыру.

Мақсаты: берілген қағазға дайын пішіндерден аққаланы құрастыра білуге үйрету.

  • Балалар, аққала сендермен ойын ойнағысы келіп тұр екен. Аққаламен ойын ойнайық па?

  • Иа.

Аққала:

  • Балалар, сендермен қар лақтырысып ойнайық?

Қимылды ойын «Қар лақтыру».

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлініп, бір – бірлеріне қар лақтырады.

Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа дағдыландыру.

Балалардың білімін бағалау:

  • Сендер бүгін сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер. Берілген тапсырмаларды өте ұқыпты орындай білдіңдер. Аққаланың сендерге әкелген тәттілері бар екен.

(Аққала балаларға тәттілерді таратады)

Балаларды мақтап мадақтау:

Балаларды жекелеме мақтап, мадақтаймын.

Оқу қызметін қорытындылау:

Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін (қар жауады, боран соғады, аяз болады), қысқы ойын түрлерін.

Болу керек: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктері.

Істей білу керек: Қойылған сұраққа толық жауап беріп, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай білуі керек.



















-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Методист образовательной организации: работа в системе среднего профессионального и дополнительного образования

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қыс қызығы таусылмас (22.9 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт