Меню
Разработки

"Құтты болсын, Жаңа жыл"

Тақырыбы: "Құтты болсын, Жаңа жыл"

Мақсаты Жаңа жыл туралы түсіндіру.Балаларға жақсы көңіл күй сыйлау

19.01.2019

Содержимое разработки

Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру.


Жүргізуші:

Уа, халайық жарандар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар

Жаңа жылды қарсы алып,

Өткізейік дүрмекті.

Уа, халайық той бүгін

Бақыт, шаттық мол бүгін.

Қарсы алайық Ит жылын

Ұзатып сап Тауықты


Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен,әсем ән, сәнді бимен өткізуге атсалысамыз деген үміттеміз.

Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп,баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Қадірлі халайық, баршаңызды 2018 жаңа  жылдарыңызбен шын жүректен  құттықтаймыз

Құттықтау сөзі балабақшаның меңгерушісі Абдикалыкова Индира Тілеужанқызына беріледі.


Жүргізуші : Бүгін біз көңілдіміз.

Жаңа жылды қарсы алып

Мерекеге келгендерді

Құттықтаймыз ән салып


Ән «Қыс келді »

Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы ән шырқадындар (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.)
Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмің. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы .


Жүргізуші: Тілегін елдің арқалап

Құт дарытар дара жыл,

Осы жылға мархаббат деп

Балалардың жаңа жылға арналған тақпақтарына кезек берейік


Өлең де әзір ән де әзір

Ойында әзір бәрі әзір

Кел , Жаңа жыл, біздерге

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл. Диан


Қол ұстасып, құшақтасып,

Үиренейік жаңа жыр.

Құтты болсын ! Құтты болсын!

Құтты болсын! Жаңа жыл! Санжар


Жасыл желек жамылған ,

Асыл моншақ тағынған.

Міне сұлу шыршамыз ,

Көптен күтіп сағынған. Мират


Ойыншықты мұншама ,

Кім ілді екен шыршаға

Алақай,Айнала түрленді,

Балақай би биле тұрма енді. Седеф



Дала аппақ ,жапалақтап,

Қар жауып тұр,тынбастан.

Қалың орман, қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан. Арсылан


Би «Кәмпиттер» қыздардың орындауында

Клоун: Балалар мен сендердің өнерлерінді тамашаладым енді сендермен көңілді ойын ойнайын. «Кім жылдам»


Клоун: Балалар бүгінгі жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен Ақшақар келе жатқанын жақыннан естіп тұрмын. Балалар қане  бәріміз бірге шақырайық.

Бірге: Аяз ата, Ақшақар! 3 рет

Жүргізуші:

Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

Аяз ата келеді қарша қызбен,

Қол соғып қошеметпен қарсы алайық!

( Ұлыған боранның дауысы естіледі.Музыкамен жылқы мен шанада Аяз ата мен Ақшақар қоңыраулатып келеді)


Аяз ата:

Уа, жұртым, жиналған!

Көңілдерің дүр маржан.

Айналайын ұлдардан,

Айналайын қыздардан.

Аяз ата, Ақшақар

Жетті жолдан қиналған.

Ештеңе емес барлығы,

Алдымыздан күлді арман

Мықтылығым мәлім ғой

Өтіп кеткен жылдардан

Жүргізуші: Армысыз Ата, армысың  Ақшақар!

Аяз ата: Саламатсындарма балалар, ұстаздар, ата-аналар!

Бар болыңдар! Біз қай жерге келдік қарағым?

Жүргізуші:   Раушан балалар бақшасына келдіңіз!

Аяз ата: Бәрекелді , балам! Раушан ән мен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?

жүргізуші: Әрине ата

Аяз ата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.

Ақшақар:

Қызықты барлық ойға алып,

Жаңа жыл жатыр тойланып.

Қанекей әсем шыршаны,

Ән салайық айналып.

Ән «Жасыл шырша»

Жүргізуші: Кел балалар , тақпақты,

Тақылдатып айтайық

Аяз ата таң қалысын,

Сыйлық алып қайтайық- деп балалардың аяз атаға арналған тақпақтарын тыңдайық.


Тамаша, тамаш

Шыршамыз тұр жараса Мелиса

Басында әсем жұлдыз,

Көз тоймайды қараса.

Көрдің бе Аяз атаны!

Аппақ екен сақалы.

Аппақ екен мұрты да,

Аппақ екен шанасы. Іңкар


Таяғы бар қолында,

Қар борайды соңында.

Қандай сыйлық бар екен,

Арқалаған қабында.

Сақалының ұзыны ай,

Саудыраған мұзын ай.

Жарқыраған оттары,

Жаңа жылдың қызығы ай. Флора


Добрый ,дедушка мароз,

Маленьки, любимый.

Спрячься ,дедушка мароз,

В нашей холодельнике. Мамед


Ақшақар : Балалар Аяз ата екеуміз сендердің өнерлеріңді тамашаладық ертегі тындаған ұнайды ма олай болса мен сендерге ертегі айтып берейін.

Ертегі: «Элза»

Элза мен Ола шанасын сүиретіп келеді.

Ола: Тау басындағы мұздар күміске айланбайынша сыйқыр болмайды

Элза: Ола сен үайымда ма біз үақытында жетеміз

Би «Зверушки»

Аяз ата :балалар мен сендерді мұз айдынына апарамын ол үшін сендер түрлі кедергіден өтулерін керек .

Ақшақар : Аяз ата біз балалар мен түрлі кедергілерге дайынбыз .

Элза: (Боранның дауыс шығады) қорықпандар балалар жел қаттырақ тұрсын, қар аспанға көтерілсін мен оларды мұзға айландырамын.Балалар көңілімізді көтерейік ән шырқайық «Жаңа жылға сыйлық»

Ақшақар: Жұмбақ жасыру.

Әдептілік жайлы.








-75%
Курсы повышения квалификации

Организация получения образования в семейной форме

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Құтты болсын, Жаңа жыл" (22.98 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт