Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  3 класс  /  К. Табей Ол ақын болар ма еді?

К. Табей Ол ақын болар ма еді?

О?ушылар?а м?тінді негізге ала отырып «Желто?сан о?и?асыны?» тарихын, ма?ызын т?сіндіру. Сол к?теріліске ?атыс?ан к?рескер жас ?айрат Рыс??лбековты? ерлігін, жа?сы ?асиеттерін ?лгі т?ту.

1. Балаларды байланыстырып, ж?йелі м?нді с?йлеуге да?дыландыру. Шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту, ?з бетімен ж?мыс істей білу да?дыларын ?алыптастыру. 2. О?ушыларды? елі ?шін ??рбан бол?ан батырларымызды? ерлігін д?ріптеп, еліне жеріне деген с?йіспеншілігін арттырып патриотты? т?рбие беру.

?айрат Рыс??лбеков портреті,м?тін,ба?даршам т?стері, стикер

Елі ?шін ??рбан бол?ан батырларымызды? ерлігін д?ріптеп, еліне жеріне деген с?йіспеншілігі артады.

«?арама — ?арсы с?ра? ?ою» ?дісі.Джигсо ?дісі. «Стикердегі диалог» ?дісі

20.01.2017

Содержимое разработки

Жаңаөзен қаласы №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Озганбаева Мереке Бегалиеваның 3 «А» сыныпқа арналған жоспары

Күні 07.12.2016ж

Әдебиеттік оқу

3 күн

Сабақтың тақырыбы

К. Табей Ол ақын болар ма еді?


Мақсаты

Оқушыларға мәтінді негізге ала отырып «Желтоқсан оқиғасының» тарихын, маңызын түсіндіру. Сол көтеріліске қатысқан күрескер жас Қайрат Рысқұлбековтың ерлігін, жақсы қасиеттерін үлгі тұту.


Міндеті


1. Балаларды байланыстырып, жүйелі мәнді сөйлеуге дағдыландыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру.
2. Оқушылардың елі үшін құрбан болған батырларымыздың ерлігін дәріптеп, еліне жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып патриоттық тәрбие беру.

Қолданылатын көрнекіліктер

Қайрат Рысқұлбеков портреті,мәтін,бағдаршам түстері, стикер

Оқу нәтижесі

Елі үшін құрбан болған батырларымыздың ерлігін дәріптеп, еліне жеріне деген сүйіспеншілігі артады.

Әдісі

«Қарама — қарсы сұрақ қою» әдісі .Джигсо әдісі. «Стикердегі диалог» әдісі



Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру


Оқушыларды түгендеу.

Кезекшілер жауап береді.

Психологиялық дайындық.


-         Бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Алдымен барлығымыз қонақтармен амандасайық.

Амандасу рәсімі:

Ал өздерің көңіл-күйлеріңді суреттеңдерші.

(күн, бұлт, жаңбыр)

-         Менің сендерге тілерім – жарқыраған күн сендердің жандарыңды жылытсын және сендер күн шуағындай адамдарға мейірімді, қайырымды болыңдар. Сендердің шашқан шуақтарың қонақтардың жанын жылытсын!





-         Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз.

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Бүгінгі күн тамаша!

Үй жұмысын тексеру


«Бағдаршам» түстерін көтеру

1.Мәтінді жалғастыра отырып әңгімелеу.


1Мәтінді жалғастыра отырып әңгімелейді.

Қорыту






«Қол шапалақтау»

«Стикердегі диалог» әдісімен қорыту

1.Рейхстаг деген не?

  1. Рақымжан өз командирінен қандай тапсырма алды?

  2. Ту тігу үшін командир Рақымжанды неге таңдады деп ойлайсың?

  3. Тапсырма қалай орындалды?

  4. Р.Қошқарбаевтың ерлігі саған қалай әсер етті?


Стикерге жазып, топқа беру, жалғастыру.

Жаңа сабақ

Осы бейбітшілікті сендерге өз жанын аямай паш еткен қуанышты күннің шуағына куә болып ортақтаса алмай кеткен апаларымыз бен ағаларымыздың есімі мәңгі ел есінде сақталады. Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы К. Табейдің Ол ақын болар ма еді?….. мәтінімен танысамыз.


Коммунар Табей 1956ж 5 мамырда Семей обл Аягөз ауданы Шолпан кеңшарында дүниеге келген. Заңгер мамандығын бітірген.
Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы 13 — наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында малшы әулетінде дүниеге келген. Қайрат 1973 — 1981 жылдары Шу ауданындағы Төле би ауылына орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп — интернатта оқып сегіз жылдық білім алды. Мектепте сабақты жақсы үлгеріп, кластан класқа емтихансыз көшіп отырды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мектептің бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болды. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның бас тізгіні қайдағы біреуге тапсырылуына бейбіт наразылық білдірген жастар мен студенттерге қосылып, Орталық алаңға шығып, шеруге қатысты.


Мәтінмен жұмыс

Мәтін бойынша қысқаша түсінік беру.

Оқушылар тыңдайды.


ДЖИКСО әдісі бойынша жұмыс

Оқушылар өз бөлімдері бойынша танысып, содан кейін сараптама тобын құрады.Бастапқы топқа келіп , талқылайды.

Дәптерге жұмыс

Тірек сөздер: Пешене, рақым, абақты, желтоқсан, жүрексінбе, өсиет, өкініш.
Тірек сөздерді есте сақтау .

Дәптерге жазады


«Қарама — қарсы сұрақ қою» әдісі
1. Ол тірі қалғанда ақын болар ма еді деп кімге арнап айтылған? (Қайрат Рысқұлбеков)
2. Қайрат дүниеге үйінің нешінші баласы болып келді? (Жетінші баланың үшіншісі)
3. Қайрат әскерден оралған соң қайда оқуға бармақшы болды? (Өнер ұяларының біріне)
4. Қайраттың әкесі мен анасының аты кім?(Әкесі Ноғайбай, анасы Дәметкен)
5. Әкесі мен анасы бас шайқап отырып нені естеріне алды? (Балалықпен айтып жүрген сөзі шығар дедік қой, қайдан білейік деді)
6. Ол тірі қалғанда ақын болар ма еді? Қандай өлең жолдарына сүйеніп айтты?(Күнәдан таза басым бар жиырма бірде жасым бар)
7. Осы өлең жолдарын Қайраттың қандай көңілкүйде болғанын білдіреді?(Пешенесіне жазылған азғана ғұмыры туралы, Қайраттың өмірге деген құштарлығы, жүрегінің соңғы лүпілі туралы айтылған)
8. Қайрат абақтыдағы күнделігіне не деп жазған? (Арман қудың ба, алдыңа қара, артына алаң болма! Өмірдің өткелін іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да қойып кет, белді шеш те кешіп өт)
9. Абақтыда жатқанда Қайраттың жасы нешеде болды? (21 жас)

Сұрақтардың ішінен әр топ 2 сұрақтан алып, қарама –қарсы топқа қояды.

Үй жұмысы

Мәтінді оқу. Мазмұндау

Күнделіктеріне жазады.

Бағалау

Журналға қою

Топтық бағалау бетшесін оқиды.

Кері байланыс

«Бағдаршам»

«Бағдаршам» түстерін көтереді.










-75%
Курсы повышения квалификации

Одарённые дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
К. Табей Ол ақын болар ма еді? (22.28 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт