Меню
Разработки
Разработки  /  Экономика  /  Планирование  /  Прочее  /  Кәсіпорындағы еңбек коллективтерін басқару

Кәсіпорындағы еңбек коллективтерін басқару

Ұйым қызметінде негізгі рөлді менеджмент алады. Ұйым басқарушылықтың болуының басты себебі болып табылады, яғни ол ұйымдардың ішкі үрдістерін координациялау қажеттілігі, және оның сыртқы ортамен қарым-қатынастарына жауап ретінде пайда болған. Менеджменң ішкі ортасын қалыптастырады және өзгетеді, ал ол өз кезегінде келесідей жайттардың үйлесімді жиынтығын көрсетеді, яғни оның құрылымын, ұйым ішіндегі үрдістерді, технологиясын, мамандарын, ұйым мәдениетін, сонымен қатар ұйымдарда жүретін қызметтік үрдістерді басқаруды іске асырады.

26.01.2018

Содержимое разработки

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Талдықорған политехникалық колледжі

САБАҚ ЖОСПАРЫ № 30

Күні

Топ





Пән: Нарықтық экономика негіздері.

Сабақ тақырыбы: Кәсіпорындағы еңбек коллективтерін басқару

Сабақтың типі: аралас

Пәнаралық байланыс: эконмика негіздері, кәсіпорын экономикасы, математика, бухгалтерлік есеп т.б.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге кәсіпорын және оның коллективін басқару туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Кәсіпорын және кәсіпкерлік жайлы алған білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік: Студенттерді адалдыққа, ұқыптылыққа пән сүйгіштікке, тазалыққа тәрбиелеу.


Сабақты жабдықтау.

Көрнекі құралдар: Лекция-конспект, тест тапсырмалары, бақылау сұрақтары

Негізгі әдебиет: С.Сатыбалдыұлы, Б.Байтанеева «Маркетинг және менеджмент негіздері»

Сабақты жүргізу кезеңдері.

І.Ұйымдастыру кезеңі

Студенттермен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын бақылау, кабинеттін тазалығын тексеру.

ІІ.Өткен тақырыпты қайталау.

Менеджмент дегеніміз не? Менеджмент принциптерін атаңыз. т.б.

ІІІ.Жаңа тақырыпты баяндау.

1.Ұйым – басқару себебі ретінде. Ұйым анықтамалары

2.Басқарушылық үрдіс. Басқару қызметтері: жоспарлау, жұмысты ұйымдастыру, мотивация, бақылау

IV.Жаңа тақырыпты бекіту.

Ұйымға анықтама беріңіз.Ұйымдарға тән ортақ сипаттарды атаңыз. Ұйымды басқарудың мағынасын ашып көрсетіңіз. Басқарудың негізгі қызметтерін атаңыз.т.б.

V. Үй тапсырмасы.

С.Сатыбалдыұлы, Б.Байтанеева «Маркетинг және менеджмент негіздері» 218 бет

VІ. Сабақты қорытындылау

Сабақты қорыта келе студенттердің сабақта белсене қатысқандарына байланысты бағаларын қою.

Оқытушы: Байдилданова М. С.

Әдіскер: Жанысбекова Г.А.

Кәсіпорындағы еңбек коллективтерін басқару


1.Ұйым – басқару себебі ретінде. Ұйым анықтамалары

2.Басқарушылық үрдіс. Басқару қызметтері: жоспарлау, жұмысты ұйымдастыру, мотивация, бақылау


Ұйым қызметінде негізгі рөлді менеджмент алады. Ұйым басқарушылықтың болуының басты себебі болып табылады, яғни ол ұйымдардың ішкі үрдістерін координациялау қажеттілігі, және оның сыртқы ортамен қарым-қатынастарына жауап ретінде пайда болған. Менеджменң ішкі ортасын қалыптастырады және өзгетеді, ал ол өз кезегінде келесідей жайттардың үйлесімді жиынтығын көрсетеді, яғни оның құрылымын, ұйым ішіндегі үрдістерді, технологиясын, мамандарын, ұйым мәдениетін, сонымен қатар ұйымдарда жүретін қызметтік үрдістерді басқаруды іске асырады.

Ұйым дегеніміз белгілі бір мақсаттар мен амалдарды шешу үшін оқшау адамдардың бірігіп әсерлесуін айтады. Бұл көптеген өзара байланысқан бөліктердін ортақ тұтас болып бірлескен ашық жүйе түрі. Ұйым қызметінің барысында ортақ мақсат, ортақ белсенділік векторын құрайтын белгілі бір қажеттіліктер мен қызығушылықтардың бар болуы заңды құбылыс.

Масштабы бойынша, өндірілетін өніміне байланысты, басқа мекемелермен байланысына, олардың орның ұйымдастырудың әр түрлілігіне қарамастан, оны әлеуметтік ортада түсінудің бір ортақ түрі бар, ол жүйелік болып табылады.

Ұйым түсінігінің жүйелік түрі — ол байланыстар мен қарым-қатынастарды өз ішінде ғана емес, сонымен қатар сыртқы ортамен де реттеуге беретін әдістемелік қағидалардың бірі болып табылады.

Ұйымдық жүйе дегеніміз, оның құрамындағы элементтермен, байланыстардың және қарым-қатынастардың бар болуымен сипатталады.

«Ұйымдық» жүйенің тұтастығы кандай да бір элементті ескермеудің, көрмеудің, оны байқамаудың мүмкін еместігін көрсетеді, солай болмаған жағдайда ол жүйе тұтас болмайды. Өйткені сол ескерілмей қалған элемент немесе байланыс түрі, ұйым үшін қарым-қайшылықтар мен ойда жоқ мәселелердің қайнар көзі болып кетуі мүмкін.

Егер де ұйым – жүйе болса, онда ортақ құрылым оған жататын элементтердің ішкі байланыстарының тұтастығын көрсетеді, ал оларда өз кезегінде қарама-қайшылықтар мен сәйкессіздіктерді көруге болады. Оларды шешу үшін келесідей үрдістер жүргізіледі, яғни не бір материалды өзгертіп, оны басқа жаңа өнімге айналдыратын, олар: материалдық, интеллектуальдық, эмоциональдық.

Ұйымдарға қатысты жүйенің ішкі байланыстары жоғарғы тәртіпте болады, сол байланыстар сыртқы болып саналады, ал олар өзінің ащық деңгейіне байланысты ұйымның жағдайына әсер етеді.

Кез-келген ұйымның негізгі құраушылары болып ең алдымен, осы ұйымға қызмет ететің адамдар саналады, екіншіден амалдар, яғни оларды шешу үшін ұйым қызмет етеді, үшіншіден, басқару, ал ол өз кезегінде ұйымның алдында шешілмей тұрған амалдарды қозғалысқа келтіріп, реттеуге көмектеседі.

Ұйымның негізгі ресурстары:

- адамдар (адам ресурстары);

- капитал;

- материалдар;

- технология;

- ақпарат.

Ұйымның түрлері мен формаларының әр түрлілігіне қарамастан, олардың барлығына тән ортақ қасиеттері болады:

- ресурстардың қайта қалыптасуы;

- сыртқы ортаға тәуелділігі;

- еңбекті көлденең бөлу (бөлімдер);

- еңбекті тігінен бөлу (басқару).

Сыртқы ортамен байланысқанда ұйым ресурстары келіп түседі. Оларды кіріс деп те атап жатады. Өзіндік шаруашылық, экономикалық, ғылыми қызметтік мақсаттарына сәйкес ұйым бұл кірістерді қабылдайды, оларды тауарға, қызметтер немесе жұмыстарға айналдырып отырады. Бұл өнім, жұмыс немесе қызмет ұйым шығысы, яғни қоршаған ортаға шығарылатын қорытындысы болып табылады.

Егер де басқару жүйесі әсерлі болса, онда қайта қалыптасу үрдісі барысында кірістің қосалқы құны пайда болады. Кірістерден тура қалыптасатындардан басқа қосымша басқа да шығыстар пайда болады: пайда, өнімнің бәсекелестігінің жоғарылауы, осы өнімнің және өнеркісіптің жалпы нарықтағы үлесі көтеріледі, сатылым көлемінің ұлғаюы, ұйымның өсуі байқалады.


1.2 Басқарушылық үрдіс. Басқару қызметтері: жоспарлау, жұмысты ұйымдастыру, мотивация, бақылау


Басқару орталығы мен түрлері
1. Ұйымдардың ішкі ұйымдастырушылары.
2. Басқару түрлері
3. Жетекшінің ақпараттық қызметкерлер жүйесі


Ұйымды басқару дегеніміз – қалыптасуы бойынша белгілі бір өзара байланысқан іс-әрекет түрлерінің және алға қойған мақсаттарды іске асыру үшін қажетті ресурстарды пайдалануды жүзеге асыру үрдісін айтамыз. Менеджмент тек келесідей қызметтер мен әрекеттерді қамтиды, яғни олар амалдарды қалыптастырумен байланысты болу керек, ұйым ішінде әсерлесуді координациялау және бекітуге, сонымен қатар жұмыскерлердің қажетті өндірістік және тағы да басқа қызмет түрлерін орындауға деген қызығушылығының туындауымен сипатталады.

Басқарудың негізгі басты 4 қызметің атап көрсетуге болады:

  1. жоспарлау – мақсаттар мен оларға қол жеткізеге арналған жоспарды тандау;

  2. ұйымдастыру – жекеленген бөлімдермен немесе жұмыскерлердің арасында қызметтерді бөліп беру және олардың өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру;

  3. мотивация – ұйымның алға қойған мақсаттарына қол жеткізу барысындағы оның мүшелерінің іштей серпінуін қалыптастыру үрдісі;

  4. бақылау – шынайы қол жеткізілген қорытындыларды жоспарланған қорытындылармен салыстыру.


1-сурет – Басқарушылық үрдіс


Жоғарыда келтірілген басқарудың қызметтері екі ортақ сипатқа ие – олардың бәрі шешімдерді қабылдау мен коммуникацияны талап етеді. Оларды байланыстырушы үрдістер деп те жиі айтады. Себебі олар барлық басқарушылық төрт қызметті ортақ үрдіске жинақтайды.

Шешімді қабылдау – яғни ол басқарудың ортақ қызметтерін қалай, не және қандай тәсілдермен жоспарлап, ұйымдастырып, дәлелдеп және бақылауы керек деген сөз.

Дұрыс шешімді қабылдау үшін қажетті ақпаратты алу негізінде мәселенін шыққан себебін анықтап, қалыптасқан жағдайға талдау жасау керек. Ақпаратты алудың бірден-бір тәсілі болып коммуникация саналады.

Коммуникация – ақпарат алмасу үрдісі. Ұйымның әсерлі қызмет етуін ұйымдастыру үшін оның бөлімдері мен басшыларының арасындағы сапалы коммуникация қажет.



Басқарушылық кадрлармен жұмыс істеу

Г. Минцберг өзінің классикалық зерттеулерінде менеджердің қызметін сипаттауда оның қызметтік мінездерінің шегіне шыққан болатын. Ол менеджер күнде ойнауға тиісті үш түрлі категорияға бөлініп кеткен он рөлді біріктіріп ойнау керек деп түсіндірді (2-сурет).


2-сурет – Әсерлі менеджердің он рөлі


Тұлға аралық рөлдер, әрине басқа адамдармен жұмыс істеу барысында қолданылады. Оған міндетті салтанатты жиындарды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылар (өкілдер), энтузиазмды оятып, басқа адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырушылар (көшбасшы) және де маңызды адамдармен немесе топтармен байланысты сақтап тұратындар (коммуникатор) жатады.

Ақпараттық рөлдер дегеніміз басқа адамдармен ақпарат алмасу дегенді білдіреді. Оған іске қатысты ақпаратты іздеу (кеңесші), ұйым мүшелері (таратушы) және басқа жат адамдар (баяндаушы) арасында ақпаратты тарату жатады.

Келесі категорияға басқа адамдарға қатысы бар шешім қабылдаумен байланысты рөлдер жатады. Оларға шешілуді қажет ететін мәселелерді іздеп олардың зерттелуіне мүмкіндік жасайтындар (кәсіпкер), түсініспеушіліктер пайда болғанда көмектесетіндер (татуластырушы), әр түрлі қажеттіліктерге ресурстары бөліп берушілер (ресурс бөліп беруші) және басқа жақтармен келіссөздер жүргізушілер (келісуші) жатады.

Тұлғалардың арасындағы жақсы қарым-қатынас менеджерлердің осы рөлдерді жоғары деңгейде орындауға, жалпы оның бар қызметінің жақсы жүруінің негізгі бір бөлігі болып саналады.

Менеджерлер мен топ жетекшілері ұйымның ішінде ғана емес, сонымен қоса оның шектеулеріндегі үлкен көлемдегі әр түрлі адамдармен жұмыс істеп, жақсы қарым-қатынасты сақтап отыру керек.

Олар басқа адамдармен мақсатты желілер шегінде жұмыс істей білу керек, ол дегеніміз жұмыспен, карьералық желімен байланысқан спецификалық байланыстарды қолдау, карьера мен берілген мүмкіндіктермен және достар мен ұжымның ақталатын сенімінен тұратын әлеуметтік желілерге жетекшілік ету керек деген сөз.

Менеджердің жұмыс уақытының ұзақтығы жоғары. Әдетте олардың бір жұмалық жұмыс уақыты, стандартты 40 сағаттан асып кетеді, және де сол уақыт ұйым басқару иерархиясының деңгейі бойынша қозғалуы заңды, сол себепті олар бәрінен көп жұмыс істейді.

Менеджерлер — қолдары тым бос емес тұлғалар. Өте белсенді жұмыс істей отыра олар, бір күн бойында әр түрлі жұмыстар орындайды. Менеджердің жұмыс күні көңіл аударуды талап ететін жайттарды алмасуын сипаттайды, сондықтан жайттардың саны көбейген сайын менеджердің деңгейі де жоғары болады.

Менеджерлер өз істерін жиі тоқтатуға шалдығады. Олардың қызметтері әр қилы болып, үзікті сипатқа ие. Оларды жиі тоқтатып кедергі жасайды, соған қарамастан олар көптеген тапсырмаларды өте жылдам орындауға тиіс.

Менеджерлер көп жағдайларда басқа адамдармен жұмыс істейді. Және жалғыз жұмыс істеу оларға тән емес. Негізгі жұмыс уақытының көп бөлігін ұйымдарда қызмет ететін басқа адамдармен, яғни басшылармен, ұжыммен, олардың қарамағындағылармен өткізеді. Ал ұйымнан тыс олар клиенттермен, тасымалдаушылармен және тағы да басқа бөтен адамдарға қызмет көрсетеді.

Менеджерлер коммуникатор түрінде де болады. Менеджерлер міндетті жеке сөйлесулер барысында және байланыстың электрондық түрлерінің көмегімен ақпаратты алуға, таратуға және қарастыруға көп уақыт кетіреді. Олар ресми және ресми емес кездесулерге көп қатысады, жалпы менеджер деңгейі қаншалықты жоғары болса, оның алдын-ала жоспарланып қойылған кездесуге кететін уақыты да соншалықты көп болады.















-80%
Курсы повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по обществознанию в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Кәсіпорындағы еңбек коллективтерін басқару (93 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт