Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Видеоуроки  /  1 класс  /  Қосудың шаршы түріндегі кестесі

Қосудың шаршы түріндегі кестесі

Сандарды қосу үшін бір таңбалы сандарды қосудың шаршы түріндегі кестесін құрастырып пайдалана білуді үйрету; бір таңбалы сандарды қосудың шаршы түріндегі кестесінің көмегімен есептеу дағдысын қалыптастыру.

13.11.2018

Содержимое разработки

Сабақ тақырыбы:


Қосудың шаршы түріндегі кестесі

Мектеп: 188 мектеп-гимназия



Мұғалімнің есімі: Қалқаева Б

СЫНЫП: 1 -сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны: -

Оқу мақсаты:

бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады, біледі және қолданады;


“+”, “–”, “=” таңбаларын қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

қосудың демонстрациялық шаршы түріндегі кестесі;

қосудың шаршы түріндегі кестесінің сызбасы дайындалған А1 форматты парақ;

әрбір оқушыға арналған жеке қосу кестесі;

Тірек сөздер

“+”, “–”, “=” таңбалары

Сабақтың мақсаты:

Сандарды қосу үшін бір таңбалы сандарды қосудың шаршы түріндегі кестесін құрастырып пайдалана білуді үйрету; бір таңбалы сандарды қосудың шаршы түріндегі кестесінің көмегімен есептеу дағдысын қалыптастыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Оқушыларға жұмыс жасау үшін жеке қосу кестесін таратып беремін.

Ауызша санау барысында оқушылар кестеден тиісті мысалды қалай табатынын анықтаймын. Кестеден керекті баған мен жолды анықтау әрекетінің ретін қайталаймын. Оқушыларға бір таңбалы сандарды қосудың мысалына ғана жауап жазылған кесте құрастыруға болатынын түсіндіремін.

Егер кестеде барлық мысал реттелген болса, яғни белгілі бір бағандарға және жолдарға жазылған болса, онда бұл бағандар мен жолдарды нөмірлеп, жаңа кесте құрастыруға болатынын айтамын.

Кіріспе тапсырма. Оқушылардың әрбіріне осыған кішілеу көлемді кестелерді таратып беремін. Оқушыларға кестедегі бағандарды 1-ден 9-ға дейін сан ретімен қойып, қалай нөмірлеу керек екенін көрсетіп беремін. Оқушылардан кестедегі жолдарды қалай нөмірлейтінін сұраймын. Оларға бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсынамын.


Оқушылардан 1+1, 5 + 5; 9 + 6 мысалдарының мәнін тауып, өз кестелеріне жазуын өтінемін. Оқушылардың әрекеті дағдыланған алгоритм бойынша орындалуы тиіс: мысалдағы бірінші нөмір — бұл бағанның нөмірі, мысалдағы екінші нөмір — жол нөмірі.



Оқушылар кестедегі мәндердің рет-ретімен орналасатыны туралы қорытынды жасауы керек. Әрбір келесі мән алдыңғы саннан бір бірлікке артық, яғни сандық сәуледегідей әрбір келесі сан алдыңғы санға 1-ді қосқанда шығады.

Оқушыларға қосу кестесін аяғына дейін толтыруға мүмкіндік беремін. Жұмыс барысында қиындыққа кездескен оқушыларға көмектесемін.

Ойлан. Тапсырманы жұппен орындауды ұйым-дастырамын. Оқушыларға кестені қарап шығып, онда барлығы қандай сандар жазылғанын анықтауы керектігін айтамын.

Жауабы:

кестеде 10 әртүрлі сан жазылған: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

Қосындының мәнін қосу кестесінің көмегімен тап. Берілген тапсырма қосудың шаршы түріндегі кестесін мысалдарды шешу дағдысын бекітуге қолданылады.

Шығарып көр. Tапсырманы жұппен орындауды ұсынамын. Бұл үшін оқушыларға қосу кестесін таратып беремін.

Оқушылар мысалдағы қалдырылып кеткен сандарды анықтаймыз.

Жауабы:

түсіп қалған сандар: 4; 2; 10.


Оқушылар саны бар кестені тапсырма кестемен сәйкестендіріп, әрбір үй қай санның орнында тұрғанын анықтауы керек. Жұмысты орындағаннан кейін сынып оқушыларымен талқылау жүргіземіз..


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Өткен сабақта меңгерген тірек сөздерді бекіту үшін ойын өткіземін.

Ол үшін қосу кестесін пайдаланамын. Қосу кестесінде кейбір цифрлардың орнына тірек сөздердің әріптерін жазамын. Бұл кестелерді оқушыларға таратып беремін. Қай сан әріптің артына жасырылғанын анықтауды және бұл санды әріптің жанына жазып қою керектігін айтамын. Осылайша, оқушылардың айтып дағдылануы тиіс тірек сөздің шифры пайда болады.

Түсіп қалған сандарды орнына қой. Оқушылар қосу кестесінің бөліктерін қарап шығуы керек. Бұл бөліктер баған нөмірінен, жол нөмірінен және толтырылуы тиіс бос ұяшықтан тұрады. Оқушылар қосудың шаршы түріндегі кестесі бойынша баған мен жол нөмірлеріне сүйене отырып, қалдырылып кеткен сандарды табатын болады. Қосу нәтижелерін бос ұяшықтарға жазып қою керек. Қосудың бірдей нәтижелері жазылған кестенің ұяшықтарын оқушылар бір түспен бояуы керек.

Сандарды тап. Оқушылар тапсырманы орындай отырып, әріптің артында қай сан жасырынғанын анықтауы керек.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

бір таңбалы сандарды қосудың кестесін құрастыруды;

қосу үшін бір таңбалы сандардың қосу кестесін

пайдалануды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау үшін келесі сұрақтарды қоямын:

— Қосудың шаршы түріндегі кестесі бойынша санау нәтижесін қалай табуға болады?

— Қосудың шаршы түріндегі кестесіндегі ең кішкентай сан қандай?

— Қосудың шаршы түріндегі кестесінде ең үлкен сан қандай?

— Қосу кестесінің көмегімен 8 + 2 қанша болатынын тап.

— Қосу кестесінің көмегімен 6-баған мен 3-қа-тардың қиылысындағы санды табыңдар.

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткіземін.



-75%
Курсы повышения квалификации

Организация деятельности педагога-воспитателя группы продлённого дня

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қосудың шаршы түріндегі кестесі (15.81 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт