Ертеңгілік
«Қош келдің Алтын күз!»
Ортаңғы «Балдаурен»
«Арай» топтары
2019
Қош келдің Алтын күз!
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы мен зор байлықтары туралы толық түсіндіру. Әр мезгілдің өз қызығы мен сәні бар екенін ұғындыру. Балаларды бір – біріне сыйластықты, ауызбіршілікті болуға шақыру. Өнерге деген қызығушылықтарын ояту және сөз қорларын байыту.
Жүргізуші:
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
Құрметті әріптестер табиғатымыздың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді.Алтын күз мерекесі құтты болсын демекпіз,жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты сүйіп,оны аялап күту әрбір адамның міндеті,өйткені бізді қоршаған табиғат аман болса,бізде әрқашан көңілдіміз.Сондай көңілді шағымызда бүгін «Балдаурен» мен «Арай» топтарының балаларының арасында «күз ханзадасымен ханшайымын»таңдап алмақпыз. Олай болса сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
-Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін,қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Әділ-қазылар алқасы:
1.Қасымова Зарина Сағымбайқызы
2.Абдрахманова Салтанат Мукановна
3. Акеджанова Жадыра
Ал енді сахнаға қатысушыларымызды шақырамыз.
1.«Арай» тобы
2.»Балдаурен» тобы
Ал енді, күзгі бал сайысындағы сайыскерлерімізге қойылатын шарттармен таныстырсақ
1.Таныстыру,сәлемдесу рәсімі
2. Сұрақ-жауап
3. Өз өнері(би,тақпақ,өлең)
4.Сән үлгісі
Жүргізуші:Сайыскерлер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан ортамызға келіп жетті
Әдеппен,ізетпенен танысуға-дей отырып сайысымыздың
І-кезеңін бастаймыз таныстыру
«Арай» тобы:
«Балдаурен» тобы: Армысыздар халайық,
Амандасып алайық
Біз «Балдаурен» тобымыз
Мақтануға лайық
Бүлдіршіндер көп-көп рахмет.
Жүргізуші:
Жапқандай жапырағымен іздерді
Қуантып байлығымен ізгі елді
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы сары алтын күз келді.-демекші сайыскерлеріміз екінші кезеңге дайын болғанша балалардың «алтын күзге»деген тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Сайыскерлеріміз келесі кезеңге дайындалғанша «Арай» тобының тәрбиеленушілері Нұрдаулет ұлы Али мен Медельхан Рамазанның орындауында «Қошақаным» әнін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар:
Екі топтың тәрбиеленушілері «Күз» туралы тақпақтарын айтады
ІІ-кезең. «Өнерлі өрге жүзер»демекші келесі кезең өз өнерін көрсету
Би: 1.«Арай» тобы: «Қолшатыр» биі (қыздар)
2.«Балдаурен» тобы : «Павлин» биі (қыздар),
3. «Матрос»биі (ұлдар)
ІІІ-кезең. «Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар»демекші,келесі кезеңіміз сұрақ—жауап
1-сұрақ. Бір жылда неше жыл мезгілі бар?- Төрт (Көктем,Жаз,Күз,Қыс)
2-сұрақ. Жеп көріп ем өзін мен, жас шығарды көзімнен.(жуа)
3- сұрақ. Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан, қараша.
4- сұрақ. Жұмбақ шешу. Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?(Жапырақтар)
-Әр жұп барып әділқазылардың алдынан бір сұрақтан алады.
-Барлығы тегістей сұраққа жауап берді,енді сөз кезегі өздеріңізде,
Сайыскерлеріміз келесі кезеңге дайындалғанша «Балдаурен» тобының тәрбиеленушісі
Камалхан Айзеренің орындауында
1.«Балапан» әнін қабыл алыңыздар.
Қазбек Алидің орындауында
2. «Тұмарым» әнін қабыл алыңыздар
ІV-кезең сән үлгісі
«Арай» тобы
«Балдаурен» тобы
Осымен сайыскерлеріміз төрт кезеңнен өтіп өздерінің бойларындағы бар өнерлерін көрсетті,ендігі кезек әділ-қазыларда.
Әділ-қазылар «күз ханзадасымен ханшайымын» таңдап болғанша бүлдіршіндердің «Алтын күз»әнін қабыл алыңыздар
Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды келесі кездескенше аман-сау болыңыздар.

Қош келдің, Алтын күз! (1.39 MB)

