Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Мероприятия  /  1 класс  /  "Қош бол,сүйікті Әліппем!"

"Қош бол,сүйікті Әліппем!"

Ашық тәрбие сағаты
30.01.2023

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Қош бол,сүйікті Әліппем»

Мақсаты:


Білімділік: 
Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен іскерліктерін ата – аналарға көрсету.

Дамытушылық: Өз ойларын ашық, еркін ату, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан – жақты білімдерін, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, талғамдарын дамыту.

Тәрбиелік:Білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, өзін - өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі:Әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе әріптер, Әліппе,Ана тілі.

Басталуы.Көрініс:

Музыка қосулы тұрады. Сахнада әжесі немересін мектепке әкеледі.

Әжесі:  Балам, балам, жақсы бол,

           Міне, сенің мектебің.

           Сабағыңа зейін сал,

           Ақылды бол, тентегім!

Әжесі немересін ұстазына алып барады.Ұстазы оқушыға «Әліппе» оқулығын беріп , алып кетеді.


Видеоролик көрсетіледі.


Шеттен: 4 ай өткен соң.

(Әжесі киім тігіп отырады)

Немересі: Әже, әже, әжетай!

                    Мен келдім.

                   Жай келмедім,

                   Сізге шақырту алып келдім.

Шақырту билетінің сөзі:

Оқимын Мұнайлы ауданы №7 мектебімде

                                           Арқасы ғой әжетай,

                                           Сенің берген батаңның.

Өтті оқу сан сабақ,

Сол мектепте болмақ үлкен салтанат.

Келіңіз әже, келіңіз!

Немереңіз Әліппемен қоштаспақ.

( Немересі әжесін жетектеп, сахнадан түсіріп, отырғызады.)

Немересі:  Сыныбым бар,

                    Аталады 1 «Г» деп,

                    Шақырайын сахнаға ұстазыммен, достарымды, мына мен

Әже, міне!

Ұстазым аямаған ақылы мен білімін.

Білім алып, жалықпаған, достарым.


Би : «Сылқым»


1-жүргізуші: Дарина
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, 1
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.

2-жүргізуші: Абылай
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Дарина:

Ән: «Біз мектепке барамыз».Орындайтын : Қонай Жаннұр мен Мұса Нұрислам


Би : «До-ре-ми»

Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын! Балалар сендерге жұмбақ жасырмақшымын.Сендер зер салып, мұқият тыңдаңдар!

                   Іші толған әріпке

                   Білімдегі жарық не?

Хорменː:   Ол сүйікті Әліппе!  


Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы


Хор: «Ұстазым»

                  

І жүргізуші: Аружан

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

                                 Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен

                                 Ризамыз бәрімізді таныстырған, 

                                 Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.

II жүргізуші: Нұрғиса

Енді біз жаза білеміз!

                         Әріпті қосып әріпке

                         Риза боп саған жүреміз,

                       Сүйікті біздің Әліппе!


Мұғалім: Ал балалар сіздерге Әліппе оқулығы жолдау жолдапты. Соны тамашалайық.
Әліппе: Армысыңдар, жас достар!

                  Армысыңдар, ата-ана!

                 Болашаққа, жол бастар

                 Әліппең келді ортаға.

                 Білім деген ғажаптың

               Әліппесін меңгерген.

                Келешегі қазақтың

                Басталады сендерден.

                Жақсы білім – көрімдік

                Болсын сізге, халайық!

2

               Не үйреніп, не білдік.

              Қане, ортаға салайық.



1-оқушы: Медина

Қайта оралдың, қош келдің, о Әліппем!

Сан шәкірттің біліміне жалғап білім.

Сиқырлы әріптерге жан бітіріп.

Шәкірттерің Әліппеден алды ілім!

2-оқушы:Айсезим

          Әліппем менің Әліппем,
         Сені қолға алып мен.
          Есігін аштым мектептің,
        Ертеңгі сәуле жарықпен.
3-оқушы: Қуаныш
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
4-оқушы:Мухаммедәли
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.


Хор : «Әліппе»


І жүргізуші: Балалар қараңдаршы мына жерде ағаш тұр – бұл жай ағаш емес, «білім ағашы» екен. ̎ Ерте, ерте ертеде бір жаханда «Әліпби» атты ел болыпты. Бұл елде Ханзада мен Ханшайым ұзақ жылдар бойы өмір сүріпті. Содан екеуі елдің орта шетіне көшет отырғызады. Күтім жақсы болған алма ағашының тамыры кеңге жайылып, көкке шарлап өседі. Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды. Өйткені, оның себебі де бар еді.

ІІ жүргізуші: Ол қандай себеп екен? Ол алма ағашының тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді екен. Сыры неде? Менің қатты білгім келіп тұр.

І жүргізуші: Асықпа, Раяна өз уақыты келеді, сонда біле жатармыз.

IІ жүргізуші: Ал құрметті көрермен қауым, ендігі кезекті әріптерге берейік.




1-оқушы:Алижан

Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба? Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші.

2-оқушы:Аяулым

А деген ол – аналар ғой ардақты

Ә деген ол – әкелер ғой салмақты

Б деген ол – балалар ғой әдемі

Біздің елде – үшеуі де қадірлі.

Алфавиттер.

3-оқушы:

Айкөркем

Б – 3

 Балқаш деген көл екен,

Қазынасы көп екен

Байқоңырдан ғарышқа

Көз тігемін алысқа

4-оқушы:Мадина

Ғ –

Ғарышкері ғаламның

Намысшы ері даламның

Тоқтар сынды ағамның

Ізбасары боламын


5-оқушы:Інжу

Ө –

Өрікте бар көріңдер

Бөрікте бар көріңдер.

Бұл қай әріп екенін

Енді тауып беріңдер

6-оқушы:Аяна

Р –

Раушан – гүлін Раушан

Өте жақсы көреді

Үй маңында болсын деп

Деп өсіріп келеді

7-оқушы:Ясмина

Т –

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.



8- оқушы:Рамазан

Ә –

Ата баба жерінің

Қасиетін мен білдім

Әжеміз ғой үйреткен,

Әліппесін өмірдің


9- оқушы:Әлихан

К –

Кітап білім қайнары

 Көгілдір – аққу баласы

Көңілді адам жайдары

Көңілінде жоқ аласы 

10-оқушы:Нұралы

Н –

Ас біткеннің анасы

Қасиетті нан осы

Қайсы әріптен басталып

Аяқталған қарашы.

4

11- оқушы:Айзере

О –Отан менің ата-анам

Отан досым, бауырым

Отан өлкем Астанам

Отан туған ауылым


12-оқушыЕрнар: 

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті әліппем.

Сенің арқаң, оқи, жаза аламын.

Сауатты адам санатына кіргенім.



(осылайша, әр бала тақпағын айтқан сайын дауысты немесе дауыссыз әрпін білім ағашына іліп кетеді. Солай білім ағашы жемісін береді)

I-жүргізуші: Міне көрдің бе, досым, балалар әріптерді біліп еді «білім ағашы» жемісін берді.

II-жүргізуші:  Иә, оқушылар Әліпби елінің әріптерін меңгеріп шығып еді, білім ағашы жемісті болды. Рақмет сендерге оқушылар!


Әліппе:— Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Балалар аз уақыттың ішінде көп табысқа жетіпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Сендерді білім жолына жетелейтін достарың Ана тілі. Оны да жақсы оқитындарыңа сенемін. Қош сау болыңдар жас достар

Ана тілі :

Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
-Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.


Хор: Рахмет, саған Әліппе!


Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз!



Балалар, мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Білім

баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға

Тілек айтар қонақтар.

5

-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Қош бол,сүйікті Әліппем!" (25.72 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт