Қош бол, даярлығым!
Мақсаты:
1. Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету.
2. Оқушылардың сөздік қорын, тілін, ойын дамыту, ой - өрісін кеңейту, өнерді сүюге тәрбиелеу.
3. Оқушыларды бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлармен безендіру, қанатты сөздер, сурет салынған плакаттар, гүлдер« Балғын балалық» суреттер.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сыныпты безендіру.
Ә) Оқушыларды даярлау.
2. Кіріспе бөлімі:
Мұғалімнің сөзі: Құрметті әріптестер, аяулыда, ардақты Ата - аналар және бүлдіршіндер. Бүгінгі мектепалды даярлық сыныбының «Қош бол, даярлығым!» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер. Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған жас бүлдіршін, бүгін саналы оқушы болып 1 - сыныпқа қадам басқалы тұр. Білім кемесіне мініп ілім іздеп алға қарай ұмтылу әр азаматтың борышы. Қазір осы уақытқа дейін оқушылардың алған білімдерін көрсетіп, өнерлерімізді ортаға саламыз. Бүгін сіздер соның куәсі боласыздар.
Балалар, менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етеді. Білім ханшайымы сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексереді.
І тапсырма Сұрақтарға жауап беру.
ІІ тапсырма Сауат ашу сабағынан
ІІІ тапсырма Математика сабағынан.
ІҮ тапсырма Өз өнерлеріңді көрсетесіңдер.
І тапсырма
– Біз қай елде тұрамыз?
– Сендердің ауылдарыңның аты қалай аталады?
– Мектептің аты қалай аталады?
– ҚР рәміздерін кімдер атап береді?
– Неше жыл мезгілі бар?
– 1 аптада неше күн бар?
– Бүгін аптаның қай күні?
Ж а р а й с ы ң д а р б а л а л а р !
ІІ тапсырма
– Дыбыстар нешеге бөлінеді?
– Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
– Дауыссыз дыбыстарды ше?
– Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо-та, қа-ла, ай-на, са-ғат, мы-сық )
– Тақтаға өз атын кім жазып береді?
Әріптерді иесімен қосу.
А – алма – эппл
Б – банан – бэнане
М – маймыл – монкей
Т – түлкі – фокс
К – көз – айс
Жемістер мен көкөністерді орындарына отырғызу.
(Балаларға жемістер мен көкөніс суреттері таратылады. Оқушылар өздері жемістерді талға ілуі, көкөністерді себетке салуы қажет)
(Оқушылардың тақпақтары)
1 оқушы: Арнұр
Нағыз білім ырыс бақ,
Дүниені тұр ұстап,
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.
2 оқушы: Әдемі
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық топпенен
Біріншіге барамыз.
3 оқушы: Дильназ
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.
4 оқушы: Ерхан
Шықтық бүгін алға енді,
Даярлық топ қош енді.
Қадам бастық есейіп,
Қызық өмір алда енді.
5 оқушы: Ажар
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер білім үйреткен,
Өзіңізді сыйлаймыз.
III тапсырма
– 1-ден 20-ға дейін тура және кері санап беріңдер?
– Суреттер бойынша кім есеп құрастырып береді?
(Оқушылардың тақпақтары)
1 саны Аққу
Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Барлық санға жол бастап
Ең басында тұрамын
2 саны Арнұр
Бірден кейін тұрағым
Бірден кейін тұрамын
Бірді-бірге қосқанда
Мен шығамын шырағым
3саны Ибраһим
Екіден соң арқашан
Үш санымен тұрамын
Орныма барамын
Екі айшық саламын
4саны Ажар
Үш сызықтан аяғым
Оқушылар қояды
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы
5саны Абдрауф
Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті
Санашы бір қолымның саусағын
6саны Ғаламат
Мен өзімді қатарға
Бестен кейін тұрамын
Басым бестен басталып
нөлмен бітер аяғым
7саны Меруерт
Қара мына қызықты
Көсеуді ұмытты
Жазылғанда қос дөңгелек
Бел ортамнан сызықты
8саны Азамат
Менің атым сегіз
Жетіден соң десеңіз
Жеті болам бір тартсаң
Мен боламын сегіз
9саны Бекмұрат
Сегізден кейін тоғыз
Алтыны төбесінен тұрғыз
Сонда боламыз тоғыз
Сергіті сәтін орындаймыз.
«Ойнаймыз, ойлаймыз!» Қызықты есептер
1.Төрт қаз ұшып барады
Биіктен төмен қарады
Аяқ нешеу,бас нешеу:Жауабын кім табады:( Басы 4,аяғы8)
2.Мама вазаның ішіне салды 8 алма,2 алмұрт
Барлығы неше жеміс болды? (10)
3.Балапанын көгалада
Санай алмай тауық жүр
Жетеуі жүр жүгіріп
Үшеуі жем тауып жүр
Қанша барлық балапан
Санап берші балақан(10 )
– Берілген фигураларды атаңдар?
Төртбұрыш – көк – синий – блу
Шеңбер – сары – желтый – еллоу
Тіктөртбұрыш – жасыл – зеленый – греен
Сопақ – қызғылт сары – оранжевый – оэндж
Жұлдызша – қызыл – красный – ред
Үшбұрыш – ақ – белый – уайть
(Оқушылардың тақпақтары)
Нұрай
Мен шаршымын төрт жығым бар
Төрт жағым менің бірдей
Кел ойнайық балақай
Би билейік біз солай
Мен суретпін мен терезе
Мен шахмат тақтасы
Мен тағы теледидармын
Мен жастайтын жастықпын
Аяна
Мен шыңбермін, мен шеңбер
Осындай мен дөңгелек
Айналамын күн сайын
Барлығы үшін біз керек
Мен күн және мен ай
Мен қақпақпын қарасаң
Көліктің мен дөнгелегі
Маған жер шары ұқсаған
Әдемі
Мен тік төртбұрышпын, тіктөртбұрыш
Қарама – қарсы жақтарым бірдей
Көңілдімін мен осы
Кел билейміз досым
Мені сен көп көресің
Мен тақта, мен экран
Мен рюкзакпын, мен қақпа
Тез үйренерсің қорықпа
Мирас
Мен сопақпын мен сопақ
Ұзартылған домалақ
Соңым жоқ, басым жоқ
Енді бірге шапалақ
Мен жұмыртқамын, мен айнамын
Мен міне осындай пішінмін
Мен қоңыз, мен картоп
Аяқпенен топ топ топ
Досжан
Мен жұлдыз жанып тұрам
Түнгі аспанға қарашы сен
Бесік өлеңін айтам
Айтшы өлеңді менімен
Қар бүршігі ол мен
Мұхит түбінде де мен
Сен жаттасын деп мен
Айтып тұрмын сендерге өлең
Зере
Мен үшбұрышпын үш жағым бар
Үш төбеден жасалған
Үй төбесіне қарашы
Менғой сода отырған
Мен сендвич, мен үтік
Мен торғайдың тұмсығы
- Салыстыру ойыны:

-
- Айырмашылығын тап ойыны: (8)

ІҮ тапсырма
(Өнерлеріңді тамашалайық)
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны ерекше.
Даярлықпен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
ӘН: «Біз өмірдің гүліміз» орындайтын МАД «Ә» тобы
БИ: «Өзбек биі» билейтін МАД «Ә» тобының қыздары.
Бөбек еді ол рас,
Кіп- кішкентай кешегі.
Бүгін міне, азамат,
Болды бәрі деседі.
Әріп танып, сурет салып,
Жаттықтырды қолдарын.
1 – ші сыныпқа шығарып сап
Тілейік ақ жолдарын.
Жас бүлдіршіндерді шақырып, мақтау қағаздарымен марапаттау.
«Батамен ел көгерер» дейді дана халқымыз. Бізде жақсы оқу, үлгілі болу үшін үлкендердің ақ тілек баталарын, тілектерін алып, болашаққа жол бастайық.
Сөздің кезегі осы бастауыштың оқу ісінің меңгерушісі Бақтиярова Роза Бекболатқызына беріледі.
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асыратын – ана! Бұл өмірде бәріміз оған қарызбыз. Ендеше, келесі сөз кезегін ата-аналар кеңесінің төрайымдарына беріледі.
Құрметті ата-аналар,ұстаздар, оқушылар Даярлық тобымен қоштасу мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қош бол, даярлық» атты ертеңгілігіміз аяқталады. Барлықтарыңызға рахмет, сау-саламатта болыңыздар.