Келісілді: Әдіскер:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
№ оқу іс-әрекет: «Таным» білім беру саласы
Бөлім: Жаратылыстану
Тақырып: «Қош бол, жаз»
Мақсаты Табиғаттағы, ауа райындағы, өсімдіктер әлеміндегі, адамдардың киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға ынталандыру. Себеп-салдарлық сипаттағы сұрақтарға қоя отырып, табиғат құбылыстарын дербес бақылауға баулу. Қоршаған ортаның әсемділігімен және оған деген қамқорлық қарым-қатынаспен байланысты мейірімділік сезімдерін, білуге құмарлықты тәрбиелеу.
Көрнекілік: гүлдер, суреттер, үлестірмелі қағаздар.
Әдіс – тәсілдер: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын
Жоспар кестесі:
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Бала әрекеті | жағымды
| жағымсыз
|
Мотивациалы- ынталандыру кезеңі Кіріспе Негізгі бөлім | Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз! Күлімдеген күндейміз! Еш уайымды білмейміз.
Балалар мен сендермен ойын ойнағым келеді. Д/ойын: «Бұл қай кезде болады?»
Балалар, қазыр қандай жыл мезгілі? Күз мезгілің алдында қандай жыл мезгілі болды?
Д/ойын: «Гүлдер» Шарты: Балалар сурет қиындыларын құрып, гүлдерді атайды.
Сурет бойынша әңгімелеу. Мына суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар? Қандай жыл мезгілі деп ойлайсыңдар? Дұрыс, балалар, жаз мезгілі. Енді міне жаз айлары өтіп күз де келді.
Сергіту сәті. Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке?
Зерттеу. Балалар , сендер білесіңдер ме, неге жапырақ сарғаяды? Энциклопедиядан оқып беру
| Балалар шаттық шеңберіне тұрады.
Балалар сипатына қарай Жылмезгілін табады.
Күз мезгілі
Түймедағы, раушан т.б.
Балалар ойнап жүр. Далада ыстық. Жаз.
Қимылмен көрсету.
Зер салып тыңдайды.
|
|
|
Рефлексия | Балалар , сендер бүгін өте керемет жұмыс атқардыңдар. Жарайсыңдар! Бағалау, мадақтау. |
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: жыл мезгілдері жайлы
Нені игерді: жаз бен күз мезгілдерінің ерекшеліктері жайлы.
Келісілді: Әдіскер:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
№ оқу іс-әрекет: «Таным» білім беру саласы
Бөлім: Жаратылыстану
Тақырып: «Алтын күз» (табиғаттағы бақылау)
Мақсаты : Балалардың күз мезгілінің өзіне тән белгілері туралы түсініктерін кеңейту. Табиғаттағы, ауа райындағы, өсімдіктер әлеміндегі, адамдардың киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға ынталандыру. Қоршаған ортаның сұлулығымен жіне оған деген қамқорлық қарым-қатынаспен байланысты эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Балаларды табиғатты және ауа райының жағдайларын (жаңбыр, тұман, бұлт, күн ашық), бақылау нәтижелерін табиғат күнтізбесінде белгілеуге үйрету.
Көрнекілік: бақылауға арналған күнтізбе, қарындаштар, үлестірмелі қағаздар.
Әдіс – тәсілдер: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын
Жоспар кестесі:
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Бала әрекеті | жағымды
| жағымсыз
|
Мотивациалы- ынталандыру кезеңі Кіріспе Негізгі бөлім | Армысың асыл күн!
Балалардың назарын даладағы көрініске аударып, сұрақтар қойылады.
Бақылау «Табиғаттағы өзгерістерді бақылау»
Шарты: балалар жерде шашылып жатқан жапырақтарды ажыратып екі себетке жинайды. | Балалар шеңбер құрып тұрады
-Жапырақ -Балалар сұраққа жауап береді
- Суретпен жұмыс: «Күз туралы»
Балалар толық жауап береді -
Шарты: Балалар карточкаларды алып бақылау күнтізбесіне орналастырады.
Балалардың жауабы
-Балалар сұраққа толық жауап береді |
|
|
Рефлексия | «Алма ағашы» рефлексиясы арқылы қорытындылау. | Балалар бір алмадан алып өз ойын білдіреді. |
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: жыл мезгілдерін
Нені игерді: табиғатты бақылап күнтізбеге белгілеу.
Келісілді: Әдіскер:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
№ оқу іс-әрекет: «Таным» білім беру саласы
Бөлім: Жаратылыстану
Тақырып: «Орманға саңырауқұлақ жинауға барамыз»
Мақсаты : Адамдардың өмірінде орманның маңызы туралы балалардың түсініктерін нақтылау. Орманның өсімдіктер әлемінің өзіндік ерекшелігін көрсету (орманда не өседі).
Көрнекілік: үлестірмелі қағаздар, жұмыс дәптерлері, слайд,орман суреттері
Әдіс – тәсілдер: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын
Жоспар кестесі:
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Бала әрекеті | жағымды
| жағымсыз
|
Мотивациалы- ынталандыру кезеңі Кіріспе Негізгі бөлім | - Музыкалық сүйемелдеумен балаларға саябақ, орман тоғайлар бейнеленген слайдтарды көрсетеді.
Сол сәтте орманшы келеді. Балалар қонақты қарсы алады. -Бізге қонаққа келген кім,қалай ойлайсыңдар?
Орманшы балаларды орманға қонаққа шақырады. Саяхатқа барамыз, Орманға бет аламыз. Қараңдаршы,айнала Қандай ғажап,тамаша!
(«Орман шуы»,музыкалық сүйемелдеу) Орманға жақсы ниетпен келдіңдер ме,әлде жаман ойларың бар ма? –деп орманшы балалардан сұрайды.Орманда өзін дұрыс ұстау ережелері туралы балалардың білімдерін тексеретінін хабарлайды. Әртүрлі жағдайларды оқып,дұрыс жауаптары үшін балаларға жаңғақ сыйлайды.
1-жағдай Сендер орман ішінен саңырауқұлақ көрдіңдер, бұл шынайы ақ саңырауқұлақ па, әлде тек соған ұқсайтын саңырауқұлақ па, білмейсіңдер, қандай іс-әрекет қолданасыңдар? 1.Тұрған орнында қалдырамын. 2.Кесіп алып,өзіммен бірге алып кетемін. 3.Ата-анамнан немесе достарымнан сұраймын. 4.Дәмін татып көруге әрекеттенемін. 2-жағдай Сен орманға жидек теру үшін бардың. 1.Бәрін қатарынан жұла беремін. 2.Піскен жидектерді ғана бір-бірден теремін. 3.Жидектерді көп-көптен бұтағымен қоса жұламын. 3-жағдай Орманда серуендегеннен кейін,көп қоқыс қалдықтары қалғанын байқаған кездегі сендердің іс-әрекеттерің. 1.Жерге көміп тастаймыз. 2.Үйге алып кетіп,қоқыс жәшігіне лақтырамыз. 3.Қағаздарды өртейміз. 4.Онсыз да қоқыс көп деп,бәрін өз орнында қалдырамыз. Балалардың іс-әрекеттерді дұрыс болған жағдайда суреттегі шеңберлерді қызыл түспен,бұрыс жағдайда жасыл түспен бояу керектігін түсіндіріп,жұмыс дәптеріндегі тапсырманы өз бетімен орындауды тапсырады.
Сергіту сәті. Қане,қатар тұрайық, Бойымызды жазайық, Қаздарға біз ұқсайық, Мойнымызды созайық, Секірейік,шулайық, Қояндарға ұқсайық, Армансыз бір секіріп, Көзден ғайып болайық. (Ауд.Г.Нурузова) Орманшы балаларға «Ормандағы жабайы» атты тиін оқиғасын баяндап береді.
-Өлең сендерге қандай әсер қалдырды? -Бала неліктен тиінге ұнамады? Орманның әр жерінде орманшының тыйым салу белгілері ілінген.Орманшы балаларды бір белгіден бір белгіге жетелеп,білімдерін тексереді.
1.Ағаштардың қабықтарын зақымдама. 2.Саябақтарда,орманда,көгалда гүлдерді жұлма. 3.Піскен жидектерді жинағанда,бұтақтарын бүлдірме. 4.Саңырауқұлақтарды таптама. 5.Ормандағы өрмекшінің торын бұзба,өрмекшіні өлтірме. 6.Көбелектерді,инеліктерді,бақа да жәндіктерді аулама. 7.Ұяларды бұзба! 8.Жабайы аңдарға жақындама. 9.Орманда,саябақта тыныштық сақта. 10.Қураған шөптерді өртеме. 11.Орманға,саябаққа,өзен бойына қоқыс қалдықтарын тастама. Орманшы балаларды мақтап,тиіннің атынан жаңғақ толған себетті сыйға тартады.
|
Слайдты қарап,орман- Шының шақыруына Қуана келіседі.
Өлең жолдарын бірге айтады.
Балалар орманшымен орманға аттанады.
Өзойларын айтады.
Педагог әртүрлі жағдайлардыайтады. Суреттерімен көрсетеді. Ал балалар өзойларын айтады.
Қимылмен орындау, серігу.
Орманшының айтқан оұиғасын мұқият тыңдайды.
Ормандағы қауіпсіздік ережелері туралы біледі.
Көздерін жұмуды ұсынады: «Дөңгелейміз, айналамыз, Бақшамызға ораламыз» (Музыкалық сүйемелдеумен балалар балабақшаға оралады орманшы ғайып болады)
|
|
|
Рефлексия | Балалар, сендер өте жақсы жұмыс атқардыңдар. Сендерге ұнады ма? Не ұнады? Орманда жүргенде нені ұмытпау керек екен? «Саңырауқұлақтар» рефлексиясы арқылы қорытындылау. | Балалардың жауаптары. |
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: орман туралы
Нені игерді: ормандағы қауіпсіздік туралы
Келісілді: Әдіскер:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
№ оқу іс-әрекет: «Таным» білім беру саласы
Бөлім: Жаратылыстану
Тақырып: «Күз сыйы»
Мақсаты : Көкөністер, жемістер, саңырауқұлақтар мен жидектер туралы білімдерін кеңейту. Табиғаттағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Қарапайым экологиялық түсініктерді қалыптастыру.
Көрнекілік: көкөністер, жемістер, саңырауқұлақтар мен жидектер муляждары, суреттер, үлестірмелі қағаздар.
Әдіс – тәсілдер: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын
Жоспар кестесі:
Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Бала әрекеті | жағымды
| жағымсыз
|
Мотивациалы- ынталандыру кезеңі Кіріспе Негізгі бөлім | Шаттық шеңберін құру. Армысың, ардақты Аспан ата! Армысың, мейірімді Жер-ана! Армысың, шұғылалы алтын күн! Күліп шықты бүгін күн! Музыка тыңдау.
Сылдырлаған жапырақтардың дыбысы. Соққан жел естіледі. Не елестеді ?
Топпен жұмыс. Қазір қай жыл мезгілі? Қандай өзгешеліктерді байқадыңдар?
Б.Жақыптың «Күзде» өлеңімен таныстыру. Дәптермен жұмыс: 1.Күзгі бақтағы еңбек. 2.Жарты алманың екінші бөлігін тапқызу. 3.Жеміс пен жидек сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. Оларға не жатады? Айырмашылығын түсіндір. Жемістер мен жидектерді бояу. Жеміс- жеміс беретін ағаштар мен сабақты өсімдіктер басына шығатын шырынды мәуе. Жидек- таңқурай, бүлдірген, құлпынай өсімдіктері жемісінің жалпы атауы. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай бөбектер Үлкен болып өседі.
Дид/ойын «Сен жасыр, біз табамыз» -қоржындағы жеміс жидектерді қолымен ұстап отырып сипаттайды.
|
Шеңберде тұрып Бәрі бірге қайталайды. Жақсы көңіл күймен. Балалар тыңдайды.
Көз алдына елестеген қиялын әңгімелейді.
Хормен айтады.
Түсінгендерін қайталап айтады. Сұрақтарға жауап береді.
Тапсырмаларды орындау.
Жемістер мен жидектерді бояп атайды.
Бармақпен бағалау.
Тербеледі, отырады, тұрады.
С ипатына қарай жемістерді табу.
|
|
|
Рефлексия | « 5 саусақ» рефлексиясы |
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: күз мезгілі жайлы
Нені игерді: күз сыйлары жайлы