Меню
Разработки
Разработки  /  Алгебра  /  Уроки  /  11 класс  /  "Қисық сызықты трапецияның ауданын табу"

"Қисық сызықты трапецияның ауданын табу"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың қисық сызықты трапецияның ауданы, интеграл,

алғашқы функция туралы білімдерін дамыту, әртүрлі әдіс-

тәсілдерді қолдану;

Дамытушылық: топпен жұмыс жасауды, логикалық ойлау қабілеттерін

дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

Танымдылық: есептерді шешудің тәсілерін таңдау және құру; логикалық

ойлауды қалыптастыру, қорытынды жасау.

Коммуникативтік: ортақ шешім табуға, әртүрлі ой- пікірлерді ескеру;

Жеке тұлғалық: жаңа заман талабына сай ғылым мен қоғамдық іс- шарада

дүниетанымын дамыту.

Сабақтың түрі: топтық, тексеру.

Кажет құрал –жабдықтар: әр топқа үлестірмелі қағаздар, топ жұмысын

бағалау парағы, компьютер, проектор, үш түсті

фломастер, презентация.

09.03.2018

Содержимое разработки

Сыныбы 8ж

Пәні Геометрия

Уақыты 30 сәуір 2015жыл.


Сабақтың тақырыбы:

«Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандарын табуға

арналған есептерді шешу»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың аудан туралы білімдерін дамыту, әртүрлі әдіс-

тәсілдерді қолдану;

Дамытушылық: топпен жұмыс жасауды, логикалық ойлау қабілеттерін

дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

Танымдылық: есептерді шешудің тәсілерін таңдау және құру; логикалық

ойлауды қалыптастыру, қорытынды жасау.

Коммуникативтік: ортақ шешім табуға, әртүрлі ой- пікірлерді ескеру;

Жеке тұлғалық: жаңа заман талабына сай ғылым мен қоғамдық іс- шарада

дүниетанымын дамыту.

Сабақтың түрі: топтық, тексеру.

Кажет құрал –жабдықтар: әр топқа үлестірмелі қағаздар, топ жұмысын

бағалау парағы, компьютер, проектор, үш түсті

фломастер, тест жұмыстары, презентация.

Сабақтың өту барысы:

  1. Тақырыпты анықтау, ұйымдастыру- 2мин.

  2. Топқа бөліну.

  3. Оқыту мотивациясын құру сәті.

  4. Білімнің маңыздылығы- 6мин.

  5. Топпен жұмыс- 25мин.

  6. Сергіту сәті- 1мин.

  7. Қорытындылау, топтың жұмысын қорытындылау- 10мин.

  8. Рефлексия- 1мин.


Сабақтың барысы:

  1. Сыныпты қарсы алу, сәлемдесу; «Шаттық шеңбері» - 3мин.

Қайырлы таң, достым!

Қайырлы күн болсын,

Бүгінгі күн бізге

Сәттілікке толсын.

Елімізде әрқашан

Тыныштық болсын!

  1. Топқа бөліну- «Фигураларды таңдау арқылы (төртбұрыштар)»

  2. Сабақтың тақырыбын және мақсатын айту.

  3. Ребус шешу арқылы оқушылар сабақтың мақсатын өздері айқындайды.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыз басқа сабақтардан өте ерекше болмақ. Біз, фигуралардың ауданын табуға арналған есептерді шешеміз, бірақ, бүгінгі есептеріміз күнделікті сабақта шығарып жүрген есептерден бөлек, олар күнделікті өмірде қажеттіліктен туындайтын есептер болмақ. «Фигураның ауданы» тақырыбы геометрия курсының негізін қалайтын тақырыптардың бірі болып саналады. Шынында, «геометрия» сөзі ежелгі грек сөзінен аударғанда «жерді өлшеу деген» деген мағынаны білдіреді.

Сендер өз сыныптарыңды басқа сыныптардан ерекше сынып, яғни квартиралардың, мекемелердің жобасын және жөндеу жұмыстарын жасайтын фирма деп есептеңдер. Біз квартиралардың жөндеу жұмыстарын тапсырысқа алдық. Жақсы фирма ретінде, жөндеу жұмыстарын жүргізу толық жүргізу үшін лицензия алуымыз керек. Ол үшін фигуралардың ауданы туралы білімдерімізді еске түсірейік.

  1. Енді осы жұмысымызды бағалайтын топтың бригадирін сайлайық. Ол бригада мүшелерінің жұмысын сабақ бойы бақылап, бағалап отырады.

Әр тапсырманы бағалаудың критерийлері берілген. Олар әр топ столында бар.

Ол үшін әр топ өзі таңдаған фигурасы туралы «Карусель» әдісімен ақпарат жинау керек.

Параллелограмм- (тіктөртбұрыш, ромб, квадрат)- қызыл фломастермен;

Үшбұрыш- жасыл фломастермен;

Трапеция- көк фломастермен жазады.

Осы тапсырмаға- 5мин уақыт беріледі, оны қорғауға – 1мин беріледі, барлығына – 8 мин уақыт беріледі.

Бригадирлерге ескерту: Әр тапсырмадан соң бағаны қойып отыру керек.

Әр топ өз тапсырмасын орындайды.

Лицензия беріледі.

Сонымен, қайталауды орындадық, лицензия алдық, енді жөндеу жұмыстарын жүргізе беруге болады.

  1. Ендігі кезекте тапсырысқа мынадай жұмыстар келіп түсті. Ол үшін мына есептерді шешейік. Осы есептің шешуін алдарыңдағы плакатқа жазып, оны қорғау керексіңдер.

Мен сендерге есептер шешуді ұсынамын. Жинақталып, тиімді әдіс- тәслдерді қолданып, уақытты үнемдеп, барлық алған білімдеріңді тиімді қолдануларыңды сұраймын.

  1. Есеп:

Егер бөлменің өлшемі 6*8*3м болса, бөлменің қабырғасын сырлауға қанша бояу қажет болады? Есіктің өлшемі 2*0,8м екенін ескеру қажет. 1м2-қа 200г бояу кетеді.

  1. Есеп:

Өлшемі мына түрде берілген бөлменің еденіне қанша линолеум сатып алу керек және қанша қаржы керек, егер 1м2 –қа 300тг болса?











  1. Есеп:

Түсқағаздың өлшемі ені 60см, ұзындығы 10м. Бөлменің қабырғасына жапсыру керек. Бөлменің өлшемі 3*4*2,5м. Терезе мен есіктің ауданы 4м2. Қанша орама (рулон) сатып алу керек?

Бригадирлерге ескерту: Әр тапсырмадан соң бағаны қойып отыру керек.

Тапсырманы орындауға 7-8 мин, қорғауға 3 мин, барлығы- 10мин беріледі.

Слайдтан жуынатын бөлме, линолеум, бояулар макеті көрсетіліп тұрады.

Сергіту сәті- 1мин.

Бой сергітетін жаттығу жасап, тынығып алдық.

Қазыр сендерге ортақ тапсырма жүктеледі. Ол үшін мына тапсырма негізінде әр бригада өзіне берілген кафельдің өлшемі бойынша қанша мөлшерде кафель керек екенін есептеу керек. 5-7 мин уақыт беріледі.

Жуынатын бөлменің өлшемі 2,5м*3м. Егер кафельдің пішіні тіктөртбұрыш тәрізді және өлшемі 20*30 см болса, осы бөлменің еденіне қанша кафель плиткасын төсеу керек?



Бригадирлерге ескерту: Әр тапсырмадан соң бағаны қойып отыру керек.

Жуынатын бөлмеге кафель жапсырмас бұрын, мынадай мәселелер туындап тұр. Интернет ресурстарынан мынадай сұрақтар бойынша мәліметтерді тез арада тауып, сұрақтарға жауап берулерің керек. Ол сұрақтар мынадай:

  1. Жуынатын бөлменің қабырғасы сырланған. Оған кафель жабыса ма?

(Жауабы: жоқ, жабыспайды)

  1. Қандай желіммен түсқағаздарды жапсыруға болады?

(Жауабы: ПВА, вениловые, )

  1. Еденге линолеум төсегенде кесіп, бірден төсеуге болама?

(жоқ, линолеумды бірден төсеуге болмайды, оны 3-4 күн жайып, шетіне 2-3 см жеткізбей төсеу керек, т.б. 3-4 мин

Осы туралы ақпарат тауып беру керексіңдер.

Тест жұмысын орындау. Ол үшін компьютерге отыруларыңды сұраймын. Алдарыңда 6 тапсырма берілген. 5мин уақыт беріледі.

Бағалауы: 6 тапсырма- «5»

5,4 тапсырма- «4»

3 тапсырма- «3»

2 тапсырма- «2» деген критериймен бағаланады.

Рефлексия:

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­________________ aғашына әр бригада мүшесі өз пікірін жазып, сабақ туралы ойын білдіреді.

Оқушы білімін бағалау:

Әр бригаданың жұмысын бағалап, оларға еңбекақысын беретін уақыт келді. Ол үшін әр бригадир өз бригадасының мүшелерінің ұпай санының жиынтығын айту керек.



-80%
Курсы повышения квалификации

Развитие пространственных представлений школьников в обучении математике в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 36 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
3000 руб.
600 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Қисық сызықты трапецияның ауданын табу" (102.18 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт