Сабақтың тақырыбы: Бесікке салу | Мектеп: №47. Мұғалімнің есімі:Алипбаева С.Н. | ||
СЫНЫП: 5 | |||
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау (5.Т/А1.) | ||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: | ||
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді. | |||
Оқушылардың басым бөлігі: | |||
Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады. | |||
Кейбір оқушылар: | |||
Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады. | |||
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | ||
Тілдік құзіреттілік | Бесік, салт-дәстүр, бата | ||
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | ||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | ||
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. | ||
Алдыңғы тақырып | Отбасылық демалыс | ||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар | |
Басталуы | Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 1 -қатар: сурет арқылы тақырыпты ашу 2 -қатар: тірек сөздер арқылы тақырыпты тану. Сәби, бесікке бөлеу, бата беру, той, балаңыздың бауы берік болсын. 3-қатар:2-жаттығуды оқып, негізгі, қосымша ақпаратты анықтайды. (шілдехана, бесікке салу, бесік жыры, отпен аластау, бесікке салар) |
| |
Ортасы | Білу және түсіну
Бесікке салу Халқымызда бесік – қасиетті мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Бесікке салу жолы жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі әжелеріне, әйелдеріне жүктеледі. Ол бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады. Мерекелік дастарқан жайылып, бесікке салған адамға кәделі сый береді. Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесіктегі сәбидің бойы, қол-аяғы түзу болады. Сондай-ақ бесік баланы суық пен ыстықтан қорғайды. Бесік ағаштан жасалады. Бесікті баланың нағашы жұрты арнайы жасатады. Баланы көзден сақтасын деп бесікке тұмар тағады.
Тақтамен жұмыс: Дыбыстық талдау Бесік- б-дауыссыз, ұяң, е-дауысты-езулік, жіңішке, ашық; с-дауыссыз,қатаң; і-дауысты, жіңішке, езулік, қысаң; к-дауыссыз, қатаң Шілдехана-ш-дауыссыз, қатаң; л-дауыссыз-үнді; д-дауыссыз, ұяң; х-дауыссыз; а-дауысты, жуан, езулік, ашық; н-дауыссыз, үнді; Дәптермен жұмыс: 5-жаттығу. Батыр, шебер, шешен болу үшін не істеу керек? Ойтолғау жазу. Автор орындығында оқу. | Дескриптор «Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі; «Интервью» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын стикерлерге жазып жабыстырады. Мұғалім әр жауапты оқытып ұқсастықтарын, айырмашылықта-рын тапқызып көреді. | |
Аяқталуы | Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді: Алдымен біз былай деп ойладық..... Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық............. Проблеманы шешу үшін...... жасадық. Бұдан біз.................. көрдік. Демек, бұл мынаны білдіреді................. Сонымен біз................. деген шешімге келдік. | Сұраққа жауап береді. |