Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Планирование  /  10 класс  /  Қазақ тілінен жаттығулар жинағы

Қазақ тілінен жаттығулар жинағы

Сборник упражнений для групп с русским языком обучения

27.11.2017

Содержимое разработки

Лексикалық жаттығулар

Тіл дамытуға арналған жаттығулар жүйесін жинақтауда жаттығу жұмыстарына қойылатын мынадай негізгі əдістемелік талаптар ескеріледі:
1) жаттығу мəтіні оқушының жас ерекшелігіне сай келуі тиіс;
2) жаттығу мəтінінің тəрбиелік мəнінің болуы;
3) жаттығуда берілген тілдік тапсырманың айқындығы;
4) лексикалық тақырыптың грамматикамен байланыстылығы.
Бұл жаттығу түрлері үш топқа бөлінеді:
1) лексикалық тақырыптарды бекіту мен оқушы тілін дамытуға бағытталған тақырыптық жаттығулар;
2) меңгерілген лексикалық тақырыптарға байланысты оқушылардың өзіндік шығармашылығын ұштауға бағытталған жаттығулар;
3) лексикадан алған білімін тексеруге бағытталған бақылау жаттығулары.
Жаттығу жұмыстары негізінде шəкірттер əрбір сөз табының өзіндік ерекшеліктерін, басқа сөз таптарынан айырмашылықтарын саналы түсінеді. Септік, көптік, жіктік, тəуелдік жалғауларын меңгеріп, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде орынды, дұрыс қолданып үйренеді.
 
№ 1. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
 
Кімде дəптер бар?                                          Көктемде
Кітаптар қайда қойылған?                            Кітапта
Олар қашан келеді?                                       Елтаңбада
Өскемен туралы қайда жазылған?               Əлияда
Қашан күн ұзарады, түн қысқарады?          Қыста
Неде қыран құс бейнесі жоқ?                       Сөреде
 
№ 2. Берілген сөйлемдерді көшіріп, жақшаның ішіндегі сөздерді аударыңыздар.
 
(В моем доме) төрт бөлме бар. Кілем  (на полу) жатыр. (У кого) артық қалам бар? Алманың үйі  (на проспекте Сатпаева) орналасқан. Біз Алматыға  (летом) барамыз. Екінші сабақ қашан басталады? Анам (в институте) оқытушы болып жұмыс істейді.
 
№ 3. Сөйлемдерді қазақшаға аударыңыздар.
 
Тетрадь ученика, житель села, угол комнаты, квартира моего друга, дом брата, главный инженер завода, профессия Александра, имя его друга, школа Болатбека, мяч детей, платье твоей тети, дочери моей сестры, Резиденция Президента Республики Казахстан, отрывок поэмы Абая, его название, конец работы; самое главное вопроса, характер твоего друга.
 
№ 4. Атаулы күндерді қазақша жазыңыздар.
 
Үлгі: Наурыздың сегізі – Халықаралық Əйелдер күні.
 
Девятое мая – День Победы. Первое сентября – День Знаний. Пятое июня – Всемирный день Защиты окружающей среды. Двадцать второе марта – Праздник Наурыз. Первое января- Праздник Новый год. Шестнадцатое декабря – День Независимости. Тридцатое августа – День Конституции.
 
№ 5. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қой, мақал-мəтелдерді аударыңыз.
 
Құс ... ұшады, ... қонады.
... дос бол, үйіңе береке кіреді.
... дос бол, қадіріңді біледі.
... дос бол, сасқанда ақыл береді.
Ағаш ... , адам ... мықты.
 
Қажетті сөздер: тамырымен, азаматпен, құйрығымен, əйеліңмен, қанатымен, білімдімен, досымен.
 
№ 6. Мəтінді оқып мазмұнын айт.
 
Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, əке. Өзімдікі дұрыс деп айтам. Ең əуелі, жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы, су болғанша, құралды, құралсыз кəрі-жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын. Екінші, ел алатын тəсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған... Ал қазіргі ел бұрынғы көр балалықтан, нашар, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді...Үшінші, орысты айттыңыз. Халық үшін де дүниенің асылы – білім-өнер. Сол өнер орыста.
 
№ 7. Мəтінді оқы, мұнда не туралы айтылған?
 
Қазақстанның мемлекеттік туы аспан түстес көгілдір. Туымыз бір түсті, қоспасы жоқ. Ол халқымыздың бірлігін, тұтастығын білдіреді.
Көк байрағымызда алтын күн, дала бүркіті жəне ұлттық өрнек бейнеленген. Күн байлық пен берекенің нышаны болып есептеледі. Ал қанатты бүркіт – далалықтар үшін еркіндік белгісі, биік армандарға қол созу. Ою-өрнектар – қазақ халқының өмірлік серігі.
 
Алтын күнсөз тіркесінде алтын сөзі тура мағынасында қолданылған ба? Бұл сөзбен ауыспалы мағынада сөз тіркесін құрастыр.
 
№ 8 Мəтінді оқы, мұнда не туралы айтылған?
 
Панама, Колумбия елдерінде «таупа» деп аталатын пальма ағашы өседі. Жаңғақтарының салмағы 10 килограмға жететін бұл ағаш 100 жыл жасайды екен. Жаңғақтың ішінде 6-10 дəннен тұратын бірнеше қауашақтары бар. Қаттылығы піл сүйегімен теңдес. Осы дəндерден түймелер, моншақтар жасалынады.
 
Мына сөздерді тəуелдік жалғауының 3-жағына қойып қандай дыбыстар өзгеретіндігін көрсетіңдер: сабақ, жапырақ, бұтақ, жаңғақ, салмақ, терек, шөп, қабық.
 
№ 9. Мəтінді оқы, мұнда не туралы айтылған?
 
Əжем екеуіміз көшеде келе жатып жерде жатқан жарты күлше нанды көрдік. Əжем еңкейіп нанды алды да, оң қолының саусағын алдымен нанға тигізді, сонан соң маңдайына бір тигізді.
 - Қазір кейбір балалар тоқшылықтың қадірін білмейді, – деді əжем ренжіп.
 - Нанды кез келген жерге лақтырып тастайды.
Сосын əжем нанды алып, қол орамалына орады. Үйге келді де, əлгі нанды қайда  қоярын білмей сəл ойланып тұрды да:
 - Таптым! Ең болмаса торғайлар жесін, – деп əжем нанды үгітіп тақтайға салды да, терезенің сыртына қойды.
 
Мəтіндегі етістіктерді теріп жазып болымсыз түрге айналдырыңдар.
 
№ 10. Берілген сөз тіркестеріне қарсы мəндес сөз тіркестерін жазыңдар, олармен сөйлем құрастырыңдар.
 
Жеңіл жұмыс – ... ; көңілді əн– ... ; терең су – ... ; баяу жел – ... ; қалың шөп – ... ; шалғай жер – ... ; қысқа мерзім – ....
 
Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
№ 11. Төмендегі тіркестерде қалың, бас, қисық, суық, жылы, ауыр деген сөздердің қандай мағыналарды білдіретінін айт.
 
1. Қалың дəптер, қалың қар, қалың шөп, қалың тұман, қалың жылқы, қалың жаңбыр, қалың киім.
2. Малдың басы, таудың басы, өзеннің басы, жиналыстың басы, жұмыс басы.
3. Қисық ағаш, қисық мінез.
4. Суық күн, суық сөз, суық хабар.
5. Жылы су, жылы сөз, жылы қабақ.
6. Ауыр тас, ауыр жұмыс, ауыр мінез.
 
№ 12. Берілген синоним сөздерді жақша ішіндегі сөздердің лайықтысымен қатарластырып сөз тіркесін жаз.
 
Сирек, селдір  (шаш, кездесу).
Қысқа, келте, шолақ  (мұрын, көйлек, ақыл, күртеше).
Көп, мол, қыруар  (ақша, тамақ, адам, жылқы).
Мықты, берік, күшті  (еден, ағаш, суретші).
 
№ 13. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жаз.
 
Бірлік, татулық, ынтымақ. Бейбітшілік жақтаған жұмыр жердің бетіндегі кез келген халық осы қасиетті үш ... қадірін жақсы біледі. Халықтардың аңсаған ... , көздеген ... – ең бірінші осылар. Қазақстан – жүздеген ... басын біріктіріп отырған мемлекет. Біздің жас мемлекет үшін халықтың ... ауадай қажет.
 
Қажетті сөздер: бірлігі, арманы, ұғымның, мақсаты, ұлт өкілдерінің.
 
№ 14. Жақша ішіндегі сөзді қазақшаға аудара отырып, сөйлемдерді аяқта. Баяндауышқа сұрақ қой.
 
Көк Туымыз төбемізде (развевается). Елтаңбамыз барша əлемге (известен). Елбасымыз өз Жолдауында халқымызға ХХІ ғасырдың бас кезіндегі атқарылатын жұмыстардың жауапкершілігінің зор екенін  (напоминает). Тіл тазалығы мен дене тазалығын сақтауға  (старайтесь).
 
№ 15. Сөйлемдерді қазақшаға аударыңдар.
 
Мой отец – учитель. Он учит детей. Мать – врач. Она работает в поликлинике. Бабушка и дедушка не работают. Они – пенсионеры. Я и моя старшая сестра учимся в школе. Мы учимся хорошо.




Морфологиялық жаттығулар

Морфологиялық жаттығулардың міндеті – ана тіліміздің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы меңгерту. Морфологиялық жаттығулар мазмұны жағынан екі түрлі болады:
1) сөз тұлғасын оқыту барысындағы жаттығулар;
2) сөз таптарын оқыту барысындағы жаттығулар.
Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады:
1) алдымен негізгі түбірлерді, одан кейін туынды түбірлерді, сосын түбірлес сөздерді талдайды;
2) белгілі-бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу  үшін сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы жүргізіледі;
3) туынды сөздерден негізгі түбірді ажырату барысында сөздің мағынасына назар аударылады.
Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығу түрлері төмендегідей сараланады:
1) мəтіннен керекті сөздерді тапқызу;
2)  керекті сөздерді қатыстырып сөйлем құрату;
3) сөздің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдегі қызметін көрсету;
4) мағына мен тұлға жағынан қандай айырмашылықтары барын салыстыру.
 
№ 1. Берілген зат есімдерге жатыс септігінің тиісті жалғауларын жалғаңыздар.
Түс... , тау... , досым... , сен... , бөлмесі... , дүкен... , үйің... , ат... , жаз... , олар... , үйі... , үстелім... , бас... , уақыты... , əжеңіз...
 
№ 2. Жатыс септігінің тиісті жалғауларын жазыңыздар.
 
Менің үйім орталық  (де, те, та). Сенің жұмыс орның Тəуел­сіздік даңғылы  (нде, та, нда). Сіздің мекенжайыңыз Лихарев көшесі (де, нда, нде). Мен көктем (те, нде, д Е) Астанаға барамын. Лəззат демалыс  (да, та, де). Асан  (та, нда, д А) қызық кітапбар.
 
№3. Көп нүктенің орнына жатыс септігінің жалғауын жалғап, жақшаның ішіндегі сөздердің біреуін таңдап жазыңыздар.
 
Көктем...  (гүлдер, адамдар) өседі. Үстел...  (кітап пен қалам, орындық) жатыр. Мен...  (қызық, қисық) кітаптар көп. Біз бүгін Русланның үйі... кездесеміз.  (Наурыз..., қаңтар... ) күн жылы­нады.  (Сəрсенбі мен дүйсенбі..., түн... ) сабақ болмайды. Батыр...  (найза, садақ, қылыш, күшік) болады. Əсет...  (жаңа, кəрі) шапан бар. Мектебіміз...  (дарынды, алтын) оқушылар көп. Ол менің  (ойым..., қалтам... ) жүреді.
 
№ 4. Берілген зат есімдерге барыс септігінің тиісті жалғау­ларын жалғаңыздар.
 
Бөлме... , Асан... , жігіт... , қызы... , орталық... , əжем... ,  жұмысыңыз ... , аптасы ... , көрпе..., үйің... , шəкірттеріміз... , сыны­бың... , ұстазым ... , дəптері... , қала... , жүзім... , күрес... , бетім...
 
№ 5. Сұрақтарға үлгі бойынша жауап беріңіздер.
Үлгі: Су  (вода), ішу  (пить) – су ішуге  (чтобы воду попить)
 
Кітап  (... ), алу  (... ) – ...  (... ).
Үй  (... ), қарау  (... ) – ...  (... ).
Ол неге келе жатыр?
Ақша  (... ), беру  (... ) – ...  (... )
Сүт  (... ), сатып алу  (... ) – ...  (... )
Есік  (... ), ашу  (... ) – ...  (... )
 
№ 6. Берілген сөйлемдерді көшіріп, жақшаның ішіндегі сөз­дерді  аударыңыздар.
 
 (В мой дом) достарым келді.  (Тебе) жауапты тапсырма бере­міз. Мен  (к тебе домой) қарай келе жатырмын. Ты  (в магазин) қарай барасың ба? Сізге  (к дому Дины) дейін бару керек. Салтанат пен Əсет  (к нам на работу) қарай қашан келеді? Бізге  (на задание) назар аудару керек. Саған  (громко разговаривать) бол­майды.
 
№ 7. Берілген зат есімдерге шығыс септігінің тиісті жалғау­ларын жалғап, оларға сұрақтар қойып аударыңыздар.
Үлгі: ата ... - атадан  (кімнен?) – от дедушки
əңгімесі ... -əңгімесінен  (неден?) – из его рассказа
 
Қағаз ... , хат... , сурет... , баласы... , əжем... , ұн... , баяндамаң ... , өлең ... , үйі ... , құлын ... , түйе... , Атырау... , балық... , жаз... бері.
 
№8. Сөйлемдерді аударып, шығыс септігінің жалғаулары бар сөздерге сұрақтар қойыңыздар.
 
Я пришел со школы. Моя бабушка смотрит из окна. Самал из теста приготовила вкусный пирог. Мы с речки принесли краси­вые камни. Его младший брат боится воды. Мастера из золота и серебра изготовили дорогое украшение. Моя мама приготовила варенье из черной смородины. Айгуль от тебя ушла днем? По радио во сколько передают новости?
 
№ 9. Көп нүктенің орнына тиісті шығыс септігінің жалғауын жазыңыздар.
 
Мен Əлияның сөмкесі... қалам алдым. Өзен... көп балық ау­ладым. Əжем маған сүт... ірімшік жасап берді. Ол көршім... үш орындық алды. Біз теледидар... жақсы кино көрдік. Анам қызылша... салат жасайды. Айша қатты дауыс... оянды. Біз ал­тын адамды қай мұражай... көрдік? Бақша... алма, алмұрт, жүзім тердік. Автобус Өскемен... Астанаға дейін бір күн жүреді.
 
№ 10. Берілген зат есімдерге табыс септігінің тиісті жалғау­ларын жалғаңыздар.
 
Болат... , темір... , мысығым... , күші... , ай... , кітап... , не­мере... , атасы... , мемлекет... , жаз... , күз ... , зауыты... , көше... , ескерткіш... , жағажай... , сөздігің... , тайпа... , заң... , жылы... , құстар ... , тілі... , апта... , ел... , халық...
 
№ 11. Сөйлемде келтірілген сұрақтарға үлгі бойынша жауап беріңіздер.
 
Үлгі: Мен  (кого?) қатты сағындым. – Мен сені қатты сағын­дым. Сіз бұл (что?) оқыдыңыз ба? – Сіз бұл кітапты оқыдыңыз ба?
 
Сен тез  (что?) жəне  (что?) палауға кес. Ол маған əдемі  (что?) сыйлауға əкеле жатыр. Оқушылар қазақ тілінің  (кого?) ықыласпен тыңдап отыр. Əке-шешем «Бəйтерек» мейрамханасына Жаңа жылды бірге қарсы алуға  (кого?) шақырды. Ағаларым үлкен  (что?) салып жатыр. Баласы кеше байқаусызда  (что?) жəне  (что?) жыртып алды.
 
№ 12. Сұрақтарға үлгі бойынша жауап беріңіздер.
 
Үлгі: Біз кімді шақырдық? – Біз көршіні шақырдық.
 

Сен нені оқып отырсың?

пияз

 

Анар нені кесіп жатыр?

қонақтар

 

Ол кімді жақтайды?

ет

 

Ол кімдерді сыйлайды?

үйлер

сөйлем

Əжем нені пісіріп жатыр?

мұғалімдер

 

Қалада нелерді салып жатыр?

кітап

 

Біз кімдерді шақырдық?

баласы

 

 
№ 13. Берілген зат есімдерге ілік септігінің тиісті жалғауларын жалғаңыздар.
 
Дүкені... , аймақ... , ұғым... , мөлшер... , аң... , тұрғын... , теңіз... , елік... , жасөспірім... , көшбасшы... , сарбаз... , алып... , Ертіс... , күй... , Абай... , көшелер... , əжелерім....
 
№ 14. Көп нүктенің орнына қажетті ілік септігінің жалғау­ларын қойып аудырыңыздар.
 
Үлгі: Бөлменің терезесі – окно комнаты
 
Астана қаласы – Қазақстан... астанасы –
 
«Евгений Онегин» - Пушкин... романы –
Өскемен қаласы... тұрғыны – ___________
Əпкем... үйі – ________________________
Бөлім... қызметкері – __________________
Жылқы... төлі – _______________________
 
№ 15. Иелік форма жұрнақтары мен ілік септігі жалғауларын дұрыс жазыңыздар жəне сөйлемдер құрастырыңыздар.
 
Үлгі: доп баланікі – баланың добы  (мяч ребенка) Бұл доп баланікі – баланың добы көшеде жатыр.
 
Бақ ата... – Ата... ба...ы  (... )
Қап атам... – Атам... қа...ы (... )
Етік се... – Се... ет... і (... )
Кітап Самат ... – Самат... кіта...ы (... )
Жапырақ ағаш ... – Ағаш... жапыра...ы (... )
Жастық əже... – Əже... жасты...ы (... )
Білезік сіздер... – Сіздер... білезі...і (... )
Жіп сіңлің... – Сіңлің ... жі...і (... )
 
№ 16. Көмектес септігінің тиісті жалғауларын жазыңыздар.
 
Алма пышақ  (пен, бен) нан турады. Мен Нұрлан  (пен, мен) бірге өлең айттым. Үйге автобус  (бен, пен) барасың ба? Атам (мен, бен, пен) жайлауға барайық. Мінезі (мен, бен) ұнады. Апайым кəмпит  (мен, пен) шай ішіп отыр. Терезені қағаз  (мен, бен) сүрттік. Сен филармонияға Жұмабаев  (пен, мен) бірге барған жоқсыңба?
 
№ 17. Сөйлемдерді екінші бағанда берілген тиісті бөлігімен толықтырыңыздар.
 
Үлгі: Адамдар баспен ойлайды. Люди думают головой.
 
                  көз .  .  .                сезеді
                   құлақ .  .  .            естиді
                   қол .  .  .                дем алады
                   аяқ .  .  .                 домбыра шертеді
Адамдар    мұрын .  .  .           сөйлейді 
                   тіс .  .  .                  жүреді
                   тіл .  .  .                  ұстайды
                   ауыз .  .  .              тамақ ішеді
                   саусақ .  .  .           тамақ шайнайды
                   жүрек .  .  .            көреді
 
№ 18. Берілген зат есімдерге көмектес септігінің тиісті жал­ғауларын жалғаңыздар.
 
Ит... , қар... , мені... , тарақ... , күрек... , теңіз... , пойыз... , ұшақ... , досы... , Ілияс... , той... , доп... , аяқ... , адам... , шаңғы... , көше... , тұлға... , сноуборд... , археолог....
 
№19. Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сөздердің орнына сұрау есімдіктерін қойып, сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.
 
Қарағанды жұртшылығы қонақтарды құрметпен қарсы алды. Абайлар кеш бата ауылға жетті. Ғарышқа ұшырылған ғарышкерлер жерге аман-есен оралды. Қазақстан бір миллиард 250 мың пұт астық тапсырды. Бүгін – құрылысшылар күні.
 
№ 20. Мына сөйлемдерді көшіріп, баяндауыштардың қандай етіс тұлғасында берілгенін айт.
 
Мұғалім бізді Түркістан қаласымен таныстырды. Біз Қожа Ахмет Йасауи кесенесін тамашаладық. Бұл кесене 1396-1404 жылдары тұрғызылды. Оны Ақсақ Темір салғызды. Түркістан қаласы туралы біз көп əңгімелестік.
 
Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
№ 21. Мына сөздерден жұрнақтар арқылы сын есім жасап, сөз тіркестерін құрастырыңдар.
 
Үлгі: гүл-гүлді – гүлді өсімдік
 
Орман, жапырақ, шырша, қарағай, шөл, көлеңке, алма, бала, ағаш, салмақ, терек, пайда.
 
Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
№ 22. Жақша ішіндегі етістіктерді өзгелік етіс тұлғасына қойып сөйлемдерді көшіріп жаз.
 
Көктемде біз Наурыз мейрамын  (өт) .... Апай бізге əн  (айт) ... , би  (биле) .... Ол бізге құттықтау  (жаз) ... , кейбір балаларға сурет  (сал) .... Апамбізге наурыз көже  (іш) .... Мен əпкеме ба­уырсақ  (пісір) ....
 
Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.
 
№ 23. Берілген сөйлемдердегі етістіктерді қалау рай тұлға­сына қойып, өзгертіп жазыңдар.
 
Мен үйдің қасына гүл отырғызамын. Гүлге су құямын. Гүл қайтадан жақсы өсе бастайды. Мен жақсы адам боламын. Кеш­ке далада серуендеймін. Атам үйде демалады. Ертең Алматыда ауа райы суық болады. Кешке жақын жаңбыр жауып, қатты жел соғады.
 
Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
№ 24. Сөздерге жіктік жалғауын жалғап, сөйлемдер құрап жаз.  (I жақ, жекеше)
 
Жиырмада, жас, үлкен, бала, əке, Өскеменнен.
 
№ 25. Тəуелдік жалғаулы сөздерді теріп жаз.
 
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау:
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!
Бау-бақша тосады,
Тосады достарым.
Дастарқан толған дəн,
Жайдары аспаным.
 
№ 26. Кім, кімдер, не, нелер сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.
 
Ауылдың шеті. Қарлы төбешікке су құйылып сырғанақ жасалған. Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр. Олардың ішінде ағайынды Қапановтар бар. Беттері қызара бөртіп сырғанақ тебуден жалыққан емес.
 
№ 27. Мəтінді оқы, мұнда не туралы айтылған? Мəтінге бірнеше сұрақ қой. Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.
Жылда төрт маусым бар, əр маусымда үш ай, яғни тоқсан күн болады. Көшпелі халық əр маусымға қарай мал жайылымын өзгертіп, қоныс аударып отырған. Оны көктеу, жайлау, күздеу, қыстау деп атаған.
Ерте кезде малшылар көктем айларында қыстаудан алыс жерге көктеуге көшіп малын төлдететін. Содан кейін жайлауға көшіп, маусым, шілде, тамыз айларын сонда өткізетін. Жай­лау – қыстаудан алыс жатқан жердегі жазғы қоныс. Оны шөбі жақсы, суы мол жерден таңдайды. Онда жылдың үш маусымында да ешкім болмайды. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойынып, семіреді. Мал ғана емес, адамдар да рақаттанады. Бие байлап, қымыз ішеді, айран ұйытып, құрт, ірімшік қайнатады. Қысқа арнап азық-түлік əзірлейді.
 
№ 28. Мəтінді оқып, тəуелдік жалғаулы сөздерді теріп жаз.
 
Өскемен қаласы – Шығыс Қазақстан облысының орталығы. Өскемен қаласының іргесі 1820 жылы Семей облысына қарайтын уездік қала болып белгіленді. 1939 жылы ол Шығыс Қазақстан облысының орталығы болып бекіді. Мұнда өнеркəсіп орындарынан Қорғасын-мырыш, титан-магний комбинаты, Өскемен су электр стансасы т.б. бар.
Қалада мəдениет сарайы, Жамбыл атындағы театр сияқты мəдени орындар көптеп саналады.
 
№ 29. Мəтінді оқып аудар, мазмұнын айт. Берілген сан есімдерді сөзбен жаз, қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.
 
Семей қаласы– Ертіс өзенінің екі жағына орналасқан. Семейдің тұрған жері ерте замандардан бастап ежелгі тайпаларға тұрақ болған. Ғалымдардың айтуынша, 1600 жылдары Семейде жеті шатыр  (семь палат) тұрғызылған. 1718 жылы Ресейден Чередов деген адам Семей қамалын жаңадан тұрғызуға жіберілген. Сол жылдың өзінде-ақ Семей бекінісінің іргесі қаланды. 1782 жылдан ол уездік қала болған. Кеңес үкіметі кезінде бұл өлкеде халық шаруашылығы өркен жайды. 1934 жылы Семейде ет-консерві комбинаты, 1935 жылы жүн өңдеу фабрикасы т.б. өндіріс орындары жұмыс істей бастады.
Семей қаласы – ұлы ақын Абай, данышпан жазушы Мұхтар Əуезов білім алған қала. Бұл ХIХ ғасырдың 50 жылдарында Ш.Уəлиханов əскери қызметте болған жер. Семей қаласының тарихы шежіреге өте бай.
 
№ 30. Берілген сөздерге ілік септігінің тиісті жалғауларын жалғаңыздар.
 
Болат... , темір... , мысығым... , ай... , кітап... , немере... , атасы... , мемлекет... , жаз... , күз... , зауыты... , көше... , ескерткіш... , жағажай... , сөздігің... , тайпа... , заң... , жылы... , құстар... , тілі..., апта... , ел... , халық....



Синтаксистік жаттығулар

Синтаксистік жаттығуларға сөз тіркесі, жай сөйлем түрлері, құрмалас сөйлем түрлері мен пунктуацияға байланысты  жаттығулар жатады. Оқушылардың осы бөлімдерден алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады:
1) белгілі-бір жаттығуды орындау  үшін оқушыларда оны орындай алатындай білім, біліктілігі болуы шарт;
2) оқушылар жаттығуда не орындайтынын, оның қандай пайдасы барын түсініп орындағаны абзал;
3)  жаттығу оқушының тілге  қызығушылығын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс;
4)  жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі-бір жүйемен орындалып отырылуы қажет;
5) жаттығу жұмыстары тек өтілген материалдарға ғана байланысты болмай, бұрын өтілген материалдарды да қайталауға мүмкіндік туғызуы шарт;
6) оқушылардың жас мөлшері кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа шақталып, үнемі талап мақсатына қарай ауыстырылып отырғаны пайдалы;
7) шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болғаны жөн.
Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді оқулықтан, сөздіктен таба алуға үйренеді.
 
№ 1. Төмендегі мəтінді оқы, сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.
 
Бұл өсімдіктің гүлдері дəрі  үшін пайдаланылады. Қазтабан мамыр-маусым айларында гүлдейді. Қазтабан өсімдігінің бойы шамамен 10-25сантиметрдей. Гүлінің əдемі хош иісі болады. Гүлдері ақ түсті болып келеді.
Қазтабан Қазақстанның шығыс аудандарында жиі кездеседі. Ол егістік жерлерде, үй айналасында, бақшада жабайы өсетін өсімдіктер қатарына жатады.
 
№ 2. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса.
 
Жаңбыр жауып тұр. Науқан басталды. Астық себілді. Мұхтар – жазушы. Сабақ басталды. Қонақтар жиналды. Бидай – дақыл.
 
«Мұхтар – жазушы» деген тақырыпқа өзара мағыналық байланыста екі-үш сөйлем құра.
 
№ 3. Сөйлемдерді оқып: Қарамен жазылған сөздердің орнына сұрау есімдіктерін қойып, сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.
 
Қарағанды жұртшылығы қонақтарды құрметпен, қарсы алды. Абайлар кешбатаауылға жетті. Ғарышқа ұшырылған ғарышкерлер жерге аман-есен оралды. Қазақстан бір миллиард 250 мың пұт астық тапсырды. Бүгін – құрылысшылар күні.
 
Бір-екі сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
 
№ 4. Мына сөйлемдерді толықтыр.
 
І. 1. Қыс түссе, .... 2. Асханадан тамақ ішсең, .... 3. Мен келсем, .... 4. Майра мына жерге отырса, .... 5. Ол мені таныса, .... 6. Күн ашық болса, .... 7. Жұмыс бітсе, ....  8. Əрсен жерге   жатса, .... 9. Ақшаң болса, .... 10. Жаңбыр жауса, .... 11. Қайрат білмесе, ....
ІІ. 1. ... , менде барамын. 2. ... , балалар далада ойнайды. 3. ... , тез табамын. 4. ... , інім де əн айтады. 5. ... , олар да мектепке бармайды. 6. ... , сендер келіңдер. 7. ... , біз сізді түсінеміз. 8. ... , көкөніс алар едім. 9. ... , олар не істейді? 10. ... , біз қуанышпен қарсы аламыз. 11. ... , ерте тұрамыз.
 
№ 5. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.
 
Жаңбыр жауып тұр. Науқан басталды. Астықсебілді. Мұхтар – жазушы. Сабақ басталды. Қонақтар жиналды. Бидай – дақыл. «Мұхтар – жазушы» деген тақырыпқа өзара мағыналық байланыста екі-үш сөйлем құра.
 
Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жаса. Бір-екі сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
 
№ 6. Төмендегі сөйлемдердің соңынан ма, ме, ба, бе, па, пе демеуліктерінің тиістісін қой да, сұраулы сөйлем етіп жаз, тыныс белгісін қой.
 
1. Үлкен жігіт болдың .... 2. Оқушылар түгел жиналды .... 3. Асқар сөйлейтін сөзіне əзір .... 4. Роза, өзіңе міндеттелген істі бітірдің .... 5. Аспан ашық .... 6. Уəделескен уақытқа келесің ....    7. Оны көрдің ....
 
Сен оқушымысың? деген сөйлемнен сұрау мағынасын тудырып тұрған қосымшаны тап.
 
№ 7. Берілген сөйлемдерді оқы, жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.
 
Қыс түсті. Қар жауды. Күн суытты. Аулаға шықты. Қолғап киді. Күрек алды. Жол салды. Тымағы қар. Тымағын қақты. Оспанкірді. Жуынды. Тамақ ішті.
 
Жайылма сөйлемдердегі тұрлаусыз мүшелердің астын сыз. Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жаса.
 
№ 8. Төмендегі сөйлемдерді оқы, көп нүктенің орнына тиісті тыныс белгісін қойып жаз.
 
1. Кел, балалар, оқылық ... Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық .... 2. Өлеңім, шарла ауылды, Тыңда, дала Жамбылды ... Тыңда, Қастек, Қаскелең... 3. Шіркін, Ақмоншақ... Көркі ғой біздің ауылдың .... Ақылы қандай ... Мінезі қандай ... Адамгершілігі қандай ... Нағы еңбек сүйгіш адам ғой .... 4. Түу ... Бұл не деген əсем əн еді ... 5. Ол қандай кемеңгер, адал жан ....
 
Мəтіннен қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді тауып, тыныс белгісінің қойылу себебін түсіндір.
 
№ 9. Төмендегі жай сөйлемдердің баяндауыш тұлғаларын өзгертпей салалас құрмалас сөйлем жаса, қалай байланысып тұрғанын анықта.
 
Нұрланның мұны шал дейтін жөні бар. Өйткені оның бойынан жастықтың ешбір нышаны көрінбейтін еді. Сіздің қолыңыз босай қоймас. Босағанмен бұл жұмыс сізге ауыр тиер. Ол Маратпен сөйлесіп тұрды. Марат əлденеге қуанғандай ниет білдерді.
 
Əр салалас сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдап, олардыңбайланысын айт.
 
№10. Төмендегі жай сөйлемдерді оқы, олардан құрмалас сөйлем жаса.
 
Үлгі: Қатты жел тұрып, теңіздің толқыны күшейді.
       Қатты жел тұрды да, теңіздің толқынык үшейді.
 
Қатты жел тұрды. Теңіздің толқыны күшейді. Аспанды қара бұлт қоршады. Бір кезде селдете құйып жіберді. Біз қайықты жағаға тастай бердік. Паналауға жер іздедік. Ол күні жауын ашылмады. Балық аулауға шыға алмадық.
 
№ 11. Көп нүктенің орнына бағыныңқы сөзді жаз, берілген сөздермен сөз тіркестерін құра. Сөздердің қалай байланысып тұрғанын айт.
 
... жолдас; ... су; ... кеңес; ... ағайын; ... шелек; ... күресу; ... кездесу; ... отыру; ... сатып алу; ... жету; ... бітіру.
 
№ 12. Берілген сөздерден жай сөйлем құрастыр. Екінші сөйлемді сұраулы, төртінші сөйлемді лепті сөйлем етіп жазыңдар.
 
1. Соңында, қарлы, қар, қыстың, астынан, өсіп шығады, бəйшешек.
2. Бəйшешектер, неліктен, өседі, қардың, астында.
3. Гүлдер, жақсы көреді, өте, күн сəулесін.
4. Тезірек, бəйшешек, екен, көрінсе.
5. Бармақшымыз, бəріміз, бəйшешек, тауға, теруге.
 
№ 13. Жай сөйлемнің түрлерін анықта.
 
1. Аспанда қарлығаш ұшып жүр. 2. Үсті ырыс, асты қазына – Қазақстан. Уа, шіркін, өлкемдегі өмір қандай?! 3. Ағашты кескен кім? 4. Бұл барып тұрған тəртіпсіздік! 5. Бөлме ысып кетті. 6. Маған əсіресе қалампыр ұнайды! 7. Ғарышқа тұңғыш ұшқан кім? 8. Мен Ғанимен бірг оқимын. 9. Жеріміз неткен бай!
 
1 жəне 8-сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
 
№14. Төмендегі сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар.
Қаланың көрікті жерінде зəулім үй тұр. Бұл үйге үнемі балалар келіп-кетіп жатады. Бұл зəулім үй «Оқушылар сарайы» деп аталады. Балалар мұнда сурет салады, би үйренеді, шахмат ойнайды. Компьютермен жұмыс істеп, əртүрлі бағдарламалар құрастырады. Мұнда расытхана да бар. Онда нағыз телескоппен аспан əлемін көруге болады.
 
№ 15. Түбірлес сөздерді теріп жазып, сөйлем құраңдар.
Əн, сурет, өнерпаз, əнші, суретші, əншілік, өнер, ұшқыш, өнерлі, ұшты, суреткер.
 
№ 16. Мына сөйлемдерді бір-бірлеп көшір, анықтауыштың сұрағын жақшаның ішіне жазыңыз.
 
1. Желсіз түнде жарық ай. 2. Біздің топта 12 студент бар. 3. Бүгін біз опера театрына барамыз. 4. Іссапарға жүретін адамдар вокзалға келді. 5. Менің досым қол сағат сатып алды. 6. Бөлменің дəл ортасында дөңгелек үстел тұр. 7. Кішкене үйдің қасында биік жаңа үй тұр. 8. Менің інім биыл оныншы сыныпты бітіреді.
 
№ 17. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
 
1. Сіз жақта қыс қандай болады?  (ұзақ па, қысқа ма?).
2. Сен қандай ауа райын ұнатасың?  (жылыны ма, суықты ма?).
3. Мынау нешінші бөлме?  (сегізінші ме, тоғызыншы ма?).
4. Қандай жаттығуды орындап отырсың?  (қиынын ба, оңайын ба?).
5. Қандай сүт ішесің?  (жылы ма, суық па?).
 
№18. Көп нүктенің орнына қажетті пысықтауышты қойыңыз.
 
1. Менің əжем … жүреді. 2. Саған … барамын. 3. Мəтінді … жаттап ал. 4. … қар ериді.       5. Мен … жылы тудым. 6. Біздің … базар бар. 7. Мен … жақсы сөйлеймін. 8. Біз Жаңа жылды … қарсы алдық. 9. Киім сататын дүкенде … адам бар. 10. Мен оған… айттым. 11. Ол мұнда … келді. 12. … жауап бер.
 
№ 19. Мына сөйлемдерді көшіріп жаз. Пысықтауыштың астын сызыңыз жəне жақшаның ішіне сұрағын жазыңыз.
 
Кеше біз жиналыс өткіздік. Студенттер көп жиналды. Аудиторияның ішінде мұғалімдер де, студенттер де отырды, жиналыс өте қызықты өтті. Жиналыс кеш бітті. Ешкімнің кеткісі келмеді. Жатақханаға бəріміз бірге келдік, бөлмеде отырып көп əңгімелестік. Келесі айда тағы жиналыс болады. Оған міндетті түрде қатысамыз.
 
№ 20. Мына сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге, ал хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдыр.
 
І. 1. Сен баяндамаға дайындалдың ба? 2. Жеріміз енді көбейгелі тұрған жоқ па? 3. Басшысы болмаған елде елдік бар ма? 4. Арық адамның көзі өткір болады екен-ау? 5. Баянауыл сияқты жерді кім сүймейді?
ІІ. 1. Бұл қыздың жасы он жетіге жаңа толды. 2. Бала атасының бетіне таңдана қарады. 3. Анау кезде отырғызылған жас шыбықтар көктеп қалыпты. 4. Өзінің жақсы көретін оқушыларының бірі Əділ екен. 5. Бүкіл ауылдың малы сол құдықтан суарылады. 6. Ақыры асыға күткен ұшу сəті де жетті.
 
№ 21. Төмендегі мəтіннен бастауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан жасалғанын анықта. Мəтінді аудар.
 
Киіз үй – Орталық жəне Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Ол – көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі. Киіз үй біздің заманымыздан 3 мың жыл бұрын қола дəуірінен белгілі. Оның сол кезден тарағанын Гоби Алтайындағы, Сібірдегі Баярқия, Қырымдағы тастарға салған суреттерден көруге болады.
Көшпенділердің киіз үйі – тарихымыздағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Киіз үйдің іші қыста жылы, жазда салқын. Сондықтан шопандар да, туристтер де пайдаланады. Киіз үй жер сілкінісінде де ыңғайлы, өйткені ол оңайлықпен бұзылмайды. Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен елдерге шатырдың орнына киіз үйлер апарып жүр.
 
№ 22. Төмендегі сөйлемдерден баяндауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан жасалғанын айт.
 
1. Ауыл жайлауға көшті. 2. Білген тауып айтады, білмеген қауып айтады. 3. Көрдім деген – көп сөз, көрмедім деген – бір сөз. 4. Еменнің иілгені – сынғаны, ердің екі сөйлегені – өлгені. 5. Натальяның қалағаны – Днепрдің Киевке жақындау бойындағы бір үлгілі балалар үйі.                         6. Əлкей басқа балалар сияқты ойынға көп елікпейді. 7. Қасындағысы – жыртық шапанды, жүдеу жүзді, жалаң аяқ, аяғын қалың күс басқан 10-11 жасар бала. 8. Бізді ешкім таныстырмады, өзіміз танысайық. 9. Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек. 10. Əскери адамның өңі суық, сөзі қысқа. 11. Біз топта бесеуміз. 12. Басқаға үлгі болатын сен. 13. Жылқыда өт жоқ. 14. Ұлан-байтақ жеріміз бар. 15. Біздің баратын жеріміз əлі алда.
 
№ 23. Мына мақал-мəтелдердің тыныс белгілерін қойып, көшір.
 
1. Су диханның қаны, жер диханның жаны. 2. Еңбек– ердің сəні. 3. Еңбек түбі береке. 4. Халықтың ортақ үйі– Отан. 5. Бірлік бұзылмас қамал. 6. Білім таусылмас бұлақ, өнер өмірлік мұрат. 7. Өнерлі өрге жүзеді. 8. Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер. 9. Ер дəулеті еңбек. 10. Ырыс алды ынтымақ.
 
№ 24. Мəтіндегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
 
Кеше біз үлкен жиналыс өткіздік. Оқушылар көп жиналды. Жиналыс өте қызықты өтті. Қызықты тақырыптар талқыланды. Ешкімнің кеткісі келмеді. Жиналыс кеш аяқталды. Үйге бəріміз бірге қайттық. Келесі айда тағы жиналыс болады. Оған міндетті түрде қатысуымыз керек.
 
№25. Берілген жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр.
 
1. Күз келді. 2. Күн суық. 3. Сабақ басталды. 4. Оқытушы кірді. 5. Мен оқушымын. 6. Сабақ ұнады. 7. Біз тамақтандық. 8. Тапсырма көп. 9. Мен шаршадым. 10. Сен келесің бе?
 
№ 26. Мəтінді оқы, аудар. Мəтін ішіндегі жалаң сөйлемдерді жайылмаға, жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге ауызша айналдыр.
 
Əр халықтың амандасу салттары əртүрлі. Мысалы, славян халықтары бір-біріне қол беріп амандасса, жапон, қытай, үнді халықтары қос қолын бірлестіріп, маңдайына тигізіп тағзым ету арқылы амандасқан. Ал мұсылман халықтарында ертеде оң қолын жүрегінің басына апарып тағзым ету арқылы амандасу салты болған. Сондай-ақ мұсылман халықтарында амандық салты «Ассалаумағалейкүм!» деген сөзден басталады. Ол жақсы тілек: «Сізге Алланың нұры жаусын!» деген сөз. Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға алдымен қос қолын ұсынады. Ал сəлем алушы қария: «Уағалейкүмассалам!» деп оң қолын береді. Ол «Алланың рақым нұры маған бір есе жауса, сізге екі есе жаусын!» деген сөз. Осылай сəлемдесуден кейін амандасушылар бір-біріне:
Деніңіз сау ма? Мал-жаныңыз аман ба? Еліңіз тыныш па? – сұрақтарын қойып,
-Деніміз сау. Мал-жан аман. Ел тыныш. – деген жауаптар қайырады.
№ 27. Мына сөйлемдерді «да», «де», «та», «те», «жəне» жалғаулықтары арқылы ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерге айналдыр.
 
1. Күн жылынды. Қар еріді. 2. Аспанды қара бұлт басты. Жаңбыр қатты жауды. 3. Алтай жазды асыға күтті. Жаз келді. 4. Суық күз жақындады. Жəндіктер азая бастады. 5. Мұғалім келмеді. Сабақ болмады. 6. Сəуірдің ортасы болып қалды. Қыс аяқталды. 7. Салтанат «Əсем» тұрмыс үйіне барды. Аяқкиімін жөндетіп əкелді. 8. Сəкен жолдасына сұрақ қойып жатыр. Жолдасы жауап беріп тұр. 9. Мен үйге келдім. Менің шешем шəй дайындады. 10. Ұшақ қонды. Жолаушылар ұшақтан шықты.
 
№28. Мына сөйлемдерді «бірақ», «сонда да», «əйтсе де» жалғаулықтары арқылы қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерге айналдыр.
 
1. Көктем келді. Күн əлі суық. 2. Мен ағамның үйіне келдім. Үйде ешкім жоқ екен. 3. Ернар киноға кетті. Билет жоқ екен. 4. Мен саған хат жаздым. Сен маған жауап қайтарған жоқсың. 5. Қар жауып тұр. Күн суық емес. 6. Жолдасым ауырып қалды. Дəрігерді шақыртпады. 7. Мен сіңліме ойыншық алдым. Ол онымен ойнамады. 8. Менің қарным ашты. Мен асханаға барған жоқпын. 9. Дүкеннен азық-түлік сатып алайын деп едім. Дүкен ашық емес. 10. Қайрат сағатын жөндетуге кетті. Ақшасын үйде қалдырыпты.
 
№ 29. Мына түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып жаз.
 
1. Сөздің қысқасын айтайын сіздің үстіңіздегі киіміңіз Петербургке лайық көрінбейді. 2. Сіздерге де айтарым сол адал болыңдар. 3. Сенен бір тілегім атүсті асығыс қорытынды жасай көрме. 4. Соққыға жығылған Кенжетайға қарап отырған Асқардың басындағы ой бұл таяқтың тыйылар күні бар ма əлде сорлы халық таяққа құри ма? 5. Оқжетпестің шығыс жағында, Бурабай көлінің жағасында, көлге төне өскен шың бар, аты – Жұмбақтас.
 
№ 30. Мына сөйлемдерді толықтыр.
 
І. 1. Қыс түссе, .... 2. Асханадан тамақ ішсең, .... 3. Мен келсем, .... 4. Майра мына жерге отырса, .... 5. Ол мені таныса, .... 6. Күн ашық болса, .... 7. Жұмыс бітсе, .... 8. Əрсен жерге жатса, ... 9. Ақшаң болса, .... 10. Жаңбыр жауса, .... 11. Қайрат білмесе, ....
ІІ. 1. ... , мен де барамын. 2. ... , балалар далада ойнайды. 3. ... , тезтабамын. 4.... , інімдеəнайтады. 5.... , олар да мектепке бармайды. 6.... , сендер келіңдер. 7.... , біз сізді түсінеміз. 8.... , көкөніс алар едім. 9.... , олар не істейді? 10.... , біз қуанышпен қарсы аламыз. 11.... , ерте тұрамыз. 

-75%
Курсы повышения квалификации

Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақ тілінен жаттығулар жинағы (41.65 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт