Меню
Разработки
Разработки  /  Внеурочка  /  Уроки  /  7 класс  /  Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

Ма?саты: Білімділік: сын есім бойынша ал?ан білімдерін бекіту, ?тілген та?ырыптарды ?айталау Дамытушылы?: о?ушыларды? тілін, с?здік ?орын, ой - ?рісін дамыту; сын есімге байланысты тапсырмаларды шапша? орындау?а машы?тандыру, м?нерлеп о?у да?дысын дамыту Т?рбиелік: м?тіндермен ж?мыс ар?ылы ?н ?неріне баулу, зеректікке т?рбиелеу, п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру Саба? т?рі: Бекіту Саба? ?дісі: ИКТ, талдау, с?ра? – жауап, жекелей

08.01.2017

Содержимое разработки

Мусатаева Айзада Амантаевна

Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

«Үлкен ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ

Жамбыл ауданы

Алматы облысы



Тақырыбы: Сын есім тақырыбы бойынша бекіту сабағы

Мақсаты:
Білімділік: сын есім бойынша алған білімдерін бекіту, өтілген тақырыптарды қайталау
Дамытушылық: оқушылардың тілін, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту; сын есімге байланысты тапсырмаларды шапшаң орындауға машықтандыру, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту
Тәрбиелік: мәтіндермен жұмыс арқылы ән өнеріне баулу, зеректікке тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
Сабақ түрі: қайталау
Сабақ әдісі: интерактивті тақтамен жұмыс, талдау, сұрақ – жауап, жекелей

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатысушылығын тексеру)
2. Үй тапсырмасын тексеру (сын есімнің ережесін сұрау, туынды сұрақтар қою)
3. Жаңа сабақ
Махамбет Өтемісұлының жырларынан алынған афоризмдермен жұмыс жасау (слайдтармен жұмыс)
Оқушы тақтаға шығып, афоризмдердің мағынасын ашып, өлең жолдарындағы сын есімдерге толық талдау жасайды.
1. Жүйрік аттың белгісі
Тұрады құйрық жалында
Жүйрік - сын есім, негізгі, дара, сапалық, жай шырай
2. Қоғалы көлдер, құм сулар
Кімдерге қоныс болмаған?!
Қоғалы - сын есім, туынды, түбірі - қоға, - лы - сын есім
тудырушы жұрнақ, қатыстық.
3. Алтын тақты хандардың
Хандығынан не пайда?
Алтын тақты - сын есім, күрделі, туынды, қатыстық, - ты - сын есім тудырушы жұрнақ.
4. Асыл ердің баласы
Жауды көрсе шыдамай
Көзін салар қияға
Асыл - сын есім, негізгі, дара, сапалық, жай шырай
Оқулықпен жұмыс. «Жайлауда» мәтінін оқып, мазмұндау.

  • Сын есімдерді тауып, тіркескен сөздерімен теріп жазу.
    Үлгі: кең көгал, үлкен ауыл, қоңыр үй, шоқпыт лашықтар
    «Зеректік» мәтінін түсініп оқу. Сын есімдердің синонимдерін тізу.
    Білімді - ақылды, оқымысты, білгір
    Қолайлы - ыңғайлы
    Берік - мықты, күшті
    Зерек - зейінді, аңғарымпаз, байқағыш
    Интерактивті тақтамен жұмыс.
    Диаграммадағы «ҚҰНДЫ», «АҒАШ» сөздерімен тіркесетін сын есімдерді теріп жазу.
    Үлгі:
    1. Құнды ой, құнды кітап, құнды мұра
    2. Қураған ағаш, пайдалы ағаш, жапырақты ағаш

    Тақтамен жұмыс (берілген тапсырмаларды орындау)
    Қателерді табыңдар
    1. Құндұз бөрік киген бойжеткен киіз үйге бет алды.
    2. Ағалы інілі Бейбіт пен Аслан ұзұн жолмен жұріп келеді.
    3. Жазды гүнгі мезгіл қандай тамаша!
    4. Ұйқұшыл адам сыбағасынан құр қалар.
    Тиісті сын есімдерді қойып жазыңдар:
    1. Қазақстан... астыққа бай.
    2.... ұстазымызды.... демалысқа шығарып салдық.
    3.... тіл сүйектен өтер.
    4. Байқауға.... оқушылар қатынасты.
    (ардақты, құнарлы, ащы, алтын, үздік, құрметті)

    Тест жұмысы

  • Қорытындылау

  • Рефлексия

-75%
Курсы повышения квалификации

Классный руководитель в современной школе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі (17.03 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт