Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Уроки  /  Прочее  /  Қазақ тілі бойынша сабақ "Етістік"

Қазақ тілі бойынша сабақ "Етістік"

Саба?ты? та?ырыбы: Етістік ?аза? тілі 3 сынып Саба?ты? ма?саты: 1. Етістік затты? ?имылын, іс – ?рекетін білдіретіні туралы т?сініктерін ?алыптастыру ?шін с?йлемдерге с?ра? ?оя отырып, етістіктерді таба білуге ?йрету. 2. С?йлемді ж?йелі ??ру?а, ?здігінен ?ортынды шы?ара білуге ?йретіп, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту. 3. ?демі жазу?а, м?нерлі с?йлеуге т?рбиелеу. О?ушыларды? мейірімділік, адамгершілік, танымдылы? сезімдерін ояту. Т?рі: жа?а саба?. ?дісі: т?сіндіру, с?ра? - жауап, стратегиясын пайдалану. К?рнекілігі: с?зж?мба?, тірек сызбалар топтамасы. т?лкі, тауы?,, балапан, ?оян, ит, тор?ай, керік.

16.01.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Етістік 
Сабақтың мақсаты:
1. Етістік заттың қимылын, іс – әрекетін білдіретіні туралы түсініктерін қалыптастыру үшін сөйлемдерге сұрақ қоя отырып, етістіктерді таба білуге үйрету.
2. Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қортынды шығара білуге үйретіп, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың мейірімділік, адамгершілік, танымдылық сезімдерін ояту.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, стратегиясын пайдалану.
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, тірек сызбалар топтамасы. түлкі, тауық,, балапан, қоян, ит, торғай, керік.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Тренинг.
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Осы қонақтарымыздың және өздеріміздің көңілдерімізді көтеру үшін, бір - бірімізге қарап, күлкі сыйлайықшы, әрі өзімізге сабақта сәттілік тілейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, бүгін сабағымыз «Балапандарды құтқару» ойнына арналады. Жаймашуақ ашық күнде балапандармен қыдырып жүрген тауықтың балапандарын аңдамай тұрғанда түлкі ұрлап әкетеді.
- Енді біз тауыққа көмектесейік. Түлкі бізге сандық беріп жіберіпті. Ішінде тапсырмалар бар екен. Егер осы тапсырмаларды орындасақ, түлкі балапандарды бір - бірлеп қоя береді.
-- Балапандарды құтқарамыз ба? Ендеше түлкінің тапсырмасын орындап көрейік.(сандықты ашып тапсырманы оқу)

1 - тапсырма. Жұмбақ шешу.
Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады. (шешуі: қоян)
- Қоян сөзіне сұрақ қоямыз. -- Не? -- Қай сөз табынан сұрағы?
- Зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.
- Зат есімнің қандай түрлерін білеміз?
- Балалар, сендер сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер, сөйтіп бір балапанды құтқардық.
- Балалар, қоян сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
- Бес дыбыс. төрт әріп.
- « Қоян» сөзіндегі бірінші дыбысты атаңдаршы.
- Ендеше дәптерлеріңе бүгінгі күнді және Қ қ әрпін әдемілеп жазамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар түлкінің келесі тапсырмасын орындайық.
Шаршыларды жұлдызшалардың өсу ретіне қарай орналастырсаң сөз шығады сол сөз туралы ойыңды айт.
- Етістік дегеніміз не? Қандай сұраққа жауап береді? Мысал келтір.
Карточкамен жұмыс: Берілген зат есімдерге тиісті етістіктерді жалғап жаз.
Шырша өсті. Теңіз толқыды. Зымыран ұшты.
- Балалар сендер тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Екінші балапанды құтқардық.
Балалар, өткен сабақтағы зат есім сияқты етістіктің түрлерін алдағы сағаттардан білетін боламыз.
Етістік тұлғасына қарай негізгі, туынды. Мағынасына қарай болымды, болымсыз. Құрамына қарай дара және күрделі екенін білетін боламыз.
Оқулық материалдарымен жұмыс. Түлкінің үшінші тапсырмасы.
- Оқулықтағы жаттығулар орындалады. 1 - жаттығудағы өлең жатқа жазылады. Оқушылар орындайтын тапсырмалары:
- өлеңнен етістіктерді тауып, астын сызу;
- етістіктерге сұрақ қою;
- дәрігер мамандығы туралы қысқаша әңгімелесу;
Жарайсыңдар үшінші балапанға жақсы көмектесе алдыңдар.
Түлкінің төртінші тапсырмасы 2 - жаттығуда орналасқан. Кім оқиды? Сен білесің бе? Сөйлемдерді түсініп оқы. Етістіктерді тауып, оларға сұрақ қой. Етістіктердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын айт. Көрнекілік арқылы қосымша танымдылық мақсатында түсініктер беремін.
- Балалар бұл жолында төртінші балапанға көп көмек көрсеттіңдер.

-80%
Курсы дополнительного образования

Основы HTML

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақ тілі бойынша сабақ "Етістік" (18.71 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт