Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері!

«МАҚТАНЫШЫМ-МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР»

Мақсаты: Балаларды мемлекеттік белгілер-рәміздермен таныстыру; Ұлттық рәміздерімізге, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау; Балаларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту; Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Мұқыры ауылында Рәміздер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Мақтанышым-Мемлекеттік Рәміздер» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Барша халық таныған

Біздің үміт,тілекті.

Шырқалғанда әнұран

Шаттық кернер жүректі.

Жүргізуші:

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Жүргізуші:

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында киіз үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұлтаңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

21.06.2017

Содержимое разработки

  Саркытка №№ «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш»

Мақсаты: Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін тереңдете отырып, саяси сауаттылықтарын  арттыру арқылы ұлттық мақтанышымыз екенін  ұғыну. Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлға дамытуға жағдай туғызу , рәміздерді құрметтеу.

Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың суреті сөзімен, ҚР-ның рәміздері, Е.Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері» кітабы, интерактивті тақта, слайд, ХХХ жазғы Лондон олимпиадасының жеңімпаздарының суреттері, «Ту, Елтаңба,Әнұран. Қазақстанның көрікті жерлері» бейнеролигі

Сұхбаттың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сұхбат алушының кіріспе сөзі.

3. Рәміздер туралы топтық жұмыс.

4. Тұманды Альбионда көк туды желбіреткен толағайлар.

5. Қорытынды.

Кіріспе. Құрметті әріптестер! Бүгінгі Рәміздер куніне байланысты сұхбаттасу отырысымыз тәуелсіз Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. (Гимн орындалады)

Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса мемлекеттік рәмізіміз жайлы өз білгендеріңізді ортаға салуларыңызды сұраймын.

Рәміз дегеніміз не?

Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.

Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.

Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.

Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.

1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды. Сонымен мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына да 20 жыл толды. Енді сөзді топтарға берейік. Қатысушылар үш топқа бөлініп дайындаған информацияларын ұсынады.

І топ- Тут тобы

II топ- Елтаңба

III топ -Гимн

І топ

Біз Ту туралы айтамыз.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді, Ту болмады дегенге?!

Бірінші топ мүше. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ұзындығы 2 метр, ені 1 метр көгілдір түсті мата. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран құс, сол жақ сабының тұсынан ұлттық өнер нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Алтын күн молшылықтың, байлықтың белгісі болса, қыран құс халықтың арман – мақсатының биік екенін көрсетеді. Ою ұлттық нақыштарымызды білдіреді.

Екінші топ мүше. Мемлекеттік Ту 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Тудың авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков. Шәкен Ниязбеков 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. 1958 жылы Ленинград көркемөнер өнеркәсіп училищесін бітіргеннен кейін 1960 жылы Ленинградтағы Суретшілер және дизайнерлер академиясын оқып бітірді. КСРО суретшілер одағының мүшесі.

Үшінші топ мүше. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тізесін бүгіп, ұлттық туымызды сүйіп тағзым етті. Содан кейін барып Ту өзінің құтты орнына қондырылды. (Слайдтан Елбасы сөзін оқыту)

«Өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін».

Н.Ә.Назарбаев

 

ІІ топ

Бірінші топ мүше. Біздің топ Мемлекеттік Елтаңба туралы айтады.

«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды» дейді қазақ халқы. Кейбір мемлекеттер өзінің елтаңбасын өсімдіктер немесе жануарлар суретімен бейнелейді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында бесбұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

Екінші топ мүше. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының реңдік бейнесін екі түсті – алтын түс және көгілдір түс. Елтаңба 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Елтаңбаның авторлары Шот-Аман Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков. Шот-Аман Ыды­рысұлы Уәлиханов 1932 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан об­лы­сы Айыр­тау ауда­ны Сы­рым­бет ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, про­фес­сор, Шығыс ел­дері Ха­лықара­лық сәулетші ака­деми­ясы­ның ака­демигі.

Үшінші топ мүше. Жандарбек Мәлібеков Мәлібекұлы 1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми-зерттеу жобалау институтының қала құрлысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетші болған. КСРО сәулет саласы бойынша конкурстың лауреаты.

«Елтаңба»

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бар ерлігім,

Мұнда да бар жар күші.

Қара шаңырақ ел күні,

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы елдігім,

Елдің тыныш тірлігі.

Т.Молдағалиев

ІІІ топ.

1. Біздің топ Мемлекеттік Гимн туралы айтып береміз.

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған,-деп,-Әнұран?!

2. Гимн – мемлекеттік ресми нышан – айбары болып табылатын, елдің арман-аңсарын білдіретін, бағдарламалық мәні бар салтанатты саз. Отан Гимні – еліміздің ұлы ұраны, мемлекетіміздің дауылпаз дабылы, бүкіл мердианды тік көтерген даңқты дабысы елдіктің, ерліктің символы. Өткен жылдар өткелдерінің өлеңі, келер күндер керуенінің аршынды адымының арыны, мәңгілік сарқылмайтын, жарық пен шаттықтың шарқ ұрған сарыны.

3. Қазақстан Республикасының Гимні 2006 жылы 7 қаңтарда бекітілді. Гимннің сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.Жас ақын Ж.Нәжімеденов пен жас сазгер Ш.Қалдаяқов «Менің Қазақстаным» әнін 1950 жылдары жазды. Бұл ән бірден халықтың сүйікті әніне айналды. Қазақстанның түкпір-түкпірінде «Менің Қазақстаным» зор мақтанышпен, ерекше көңілмен шырқалды. 2006 жылы 7 қаңтарда жарты ғасыр өткен соң, Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынуымен бұл ән Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимніне айналды.

Топ мүшелеріне рәміздердің авторларының өмірбаяндары жайлы эссе жазу беріледі.

1.Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов Атырау облысының Құрманғазы ауданында Қошалақ ауылында 1935 жылы дүние келген. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде және Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстарында оқыған. «Жазушы» баспасында, «Лениншіл жас» газетінде, Қазақстан Жазушылар одағында, Баспа істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте, «Мектеп» баспасында жұмыс істеген.

2. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылыми академиясының академигі, «Алтын қыран» орденінің иегері 1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесінде, Қарағанды металлургиялық зауытының жанындағы Жоғарғы техникалық оқу орнында оқып, инженер-металлург мамандығын алған. Еңбек жолын Теміртауда болат балқытушы болып бастап, кәсіпорын, қала және облыс деңгейінде басшылық жұмыстар істеді. Қазақ КСР-нің Үкімет басшысы және Елбасы жоғары лауызымды қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті.

3. Шәмші (Жәмшид) Қалдаяқұлы 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Қапыланбек мал дәрігерлік техникумында, Низами атындағы Ташкент музыкалық училищесінде және Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында оқыған. 1950 жылдан шығармашылық жұмыспен айналысты. 300-ге жуық ән шығарды, «Қазақ вальсінің королі» атанды.

 

Жүргізуші. Қатысушылар, сіздерге көп рахмет! Өте жақсы дайындықпен келіпсіздер. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті.

2012 жылдың ең басты оқиғасы өздеріңіз білесіздер «Тұманды Альбионның» бас қаласында өткен ХХХ жазғы Лондон олимпиадасы. Бұл байрақты бәсекеде Қазақ елінің намысын 115 спортшы, спорттың 27 түрі бойынша сарапқа салып, жаһандық жарыста жеңіс тұғырынан көрінгенінің куәсы болдық. Көк туымызды желбіретіп, Гимніміздің құдіретімен әлемді дүр сілкіндіріп, ұлы даланың даңқты сарынын шалқытып Алаштың абыройын асырған 7 алтын, 1 күміс, 5 қола ел мерейін асқақтатты. (интерактивті тақтадан жеңімпаздар суреті көрсетіледі). Қазақ елі қашан да рухы биік батырлардан кенде емес, сол батырлардың ұрпағы бүгінгі Лондон олимпиадасының жүлдегерлері.

Бекіту. «Білгірлер жарысы» (интерактивті тақтадан сұрақтар шығады)

  1. Лондон олимпиадасына қанша мемлекеттен спортшылар қатысты? (204 мемлекет)

  2. Ашылу салтанатында қанша елдің басшысы болды? (120 ел)

  3. Олимпиадағы қанша спортшы қатысты? (10500)

  4. Ағылшын ақшасы қалай аталады? (фунт стерлинг)

  5. Ең арзан, ең қымбат билет құны қанша фунт стерлинг?

(ең арзан -20,12. Ең қымбат – 2012 фс)

  1. Елбасымыз Ұлыбритания елінің қай университетінде болды? (Кембридж)

  2. Кембридж университетінде Шығыстың қай ойшылының стипендиясы тағайындалды? (әл-Фараби)

  3. Олимпиададан қандай әсер алдыңыздар, пікірлеріңізді білдіріңіздер.

Қорытынды.

Отан деген ұлы ұғым. Сол Отанда мекендеп жатқан барша халықтың бойында отансүйгіштік қасиетпен елге, жерге, мемлекеттік рәміздеріне деген мақтаныш әрдайым есіп тұрмақ. Мемлекеттік рәміздер әр уақытта татулық, бірлік, достықтың белгісі болып қала береді. Рәміздерді құрмет тұту – әрбір оқушының абыройлы міндеті, оны қастерлеудің маңызы зор болмақ. Мемлекеттік рәміздер – біздің еліміз бен егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі екенін әрқашан есте ұстайық. Досқа сүйеніш, дұшпанға айбар туымыз асқақтап, Гимніміз жанымызды тербеп айтыла берсін әрдайым.



-80%
Курсы дополнительного образования

Основы косметологии

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері! (25.78 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт