«Қазақшаңыз қалай?»
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар , әріптестер!
бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысын бастауға рұқсат беріңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауы.
2-жүргізуші: Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің мұғалімдер арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымызды бастаймыз.
1-жүргізуші: Осы сайысымызды бастамас бұрын қонақтардың арасынан әділ қазылар алқасын сайлап алайық .Отырыңыздар ,жайғасыңыздар .
2-жүргізуші Сайысқа бес адамнан екі топ қатысады .Бүгінгі сайыс осындай кезеңдерден тұрады.
Сайыс кезеңдері:
Таныстыру.
Кім жылдам ?
3. Дода.
4. Сурет бойынша «Рәміздер» туралы әңгіме құрастыру, «Тіл» туралы әңгіме құрастыру.
5 . «Сөз мәйегі-мақал» сайысы
6. «Адасқан сөздер»
7. Әріптер сайысы.
8. «Ой мен ойыны»
9. «Өнерпаз болсаң...»-үй жұмысы
2-жүргізуші Ендеше ,бүгінгі сайысқа қатысушы екі топпен танысболайық .
1 кезең Өздерін таныстыру , (визитка)экранға назар аударыңдар.
Таныстыру.
І-топ. «Жасқыран»
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын.
Тобымыз біздің - «Жасқыран»
ІІ-топ. «Топжарған»
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің - «Топжарған
2 кезең
1-жүргізуші: «Кім жылдам?»( Қай топ жылдам сөздерді табады солтоп 1-ші бастайды)
3 кезең
2-жүргізуші : «Дода»
Бұл кезеңде әр топқа 7 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға дұрыс әрі жылдам жауап беру керек.
І топ: «Жасқыран
1. Наурыз мейрамы қашан болады?
2. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
3. ҚР Мемлекеттік тілі?
4. Бір жылда неше мезгіл бар?
5. Наурызда пісірілетін басты тағам?
6. ҚР-ң рәміздерін ата.
7. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім?
ІІ топ: «Топжарған»
1. Ұлттық киімдерге не жатады?
2. Наурыз қандай мереке?
3. Беташар қашан айтылады?
4. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата.
5. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
6. Абай Құнанбайұлы кім?
7. Көктем айларын ата.
4 кезең
1-жүргізуші: Әңгіме құрастыру .
Сурет бойынша «Рәміздер» туралы әңгіме құрастыру, «Тіл» туралы әңгіме құрастыру.
5 кезең.
2-жүргізуші:«Сөз мәйегі-мақал»
І топ:
1.Ең тәтті де тіл,...(ең ащы да тіл).
2.Оқу-білім бұлағы, ...(білім-өмір шырағы).
3.Жүз сом ақшаң болғанша, ...(жүз досың болсын).
4.Білім таппай мақтанба, ...(өнер таппай баптанба).
5.Тіл- қылыштан ...(да өткір).
6.Отан ...(оттан да ыстық).
ІІ топ:
1.Шебердің қолы -ортақ, ...(шешенніңтілі- ортақ).
2.Отансыз адам-...(ормансызбұлбұл).
3.Ер жігітеліүшінтуады, ...( еліүшінөледі).
4.Мектеп-кеме, ...(білім-теңіз).
5.Жақсы жолдас-жанғасерік, ...(жаманжолдас-малғасерік).
6.Өнер алды- ...(қызылтіл
6 кезең
1-жүргізуші: « Адасқан сөздер»
Конкурс “ Составь предложение из слов ” –« Жасқыран»тобы
Піседі, алма, амұрт, Алма, алмұрт піседі.
Соғады, жел, суық, Суық жел соғады.
Ұшып, кетеді, құстар, Құстар ұшып кетеді.
Сарғаяды, жапырақ. Жапырақ сарғаяды.
Конкурс “ Составь предложение из слов ” –« Топжарған» тобы
Демалдым, таза ауамен, мен. Мен таза ауамен демалдым.
Жапырақтары, ағаш, жап – жасыл. Ағаш жапырақтары жап – жасыл.
Шықты, балалар, тауға. Балалар тауға шықты.
Жақсы, бүгін, ауа райы. Бүгін ауа райы жақсы.
7 кезең.
2-жүргізуші: Әріптер сайысы»
«Қазақ тіліне тән дыбыстардан сөздерді құрастырып айту »
(Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздерді айту. )
8 кезең.
«Ой мен ойыны» Әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсету керек, ал жанкүйерлер бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс.
І топқа берілген сөздер: жұлдыз, қайық, аю,ұшақ, айна, қоңырау, мысық,
доп, сызғыш, гүл.
ІІ топқа берілген сөздер: кітап, жаңбыр, себет, үзіліс, қоян, сурет, пойыз,
сабақ, маймыл,қолшатыр.
2-жүргізуші: «Өнерпаз болсаң...» - үй тапсырмасы
Мұғалімдердің дайындап келген өнеріне тоқталайық.
Сайыс қорытындасымен таныстыруға, келесі сөзді әділ қазылар алқасына сөз береміз.
Қорытынды:
жеңімпаз топты марапаттау
«Буденный орта мектебі» КММ
«Қазақшаңыз қалай?»
Конкурс “ Составь предложение из слов ” –« Жасқыран»тобы
Піседі, алма, амұрт, Алма, алмұрт піседі.
Соғады, жел, суық, Суық жел соғады.
Ұшып, кетеді, құстар, Құстар ұшып кетеді.
Сарғаяды, жапырақ. Жапырақ сарғаяды.
Конкурс “ Составь предложение из слов ” –« Топжарған» тобы
Демалдым, таза ауамен, мен. Мен таза ауамен демалдым.
Жапырақтары, ағаш, жап – жасыл. Ағаш жапырақтары жап – жасыл.
Шықты, балалар, тауға. Балалар тауға шықты.
Жақсы, бүгін, ауа райы. Бүгін ауа райы жақсы.
І топқа берілген сөздер: жұлдыз, қайық, аю,ұшақ, айна, қоңырау, мысық,
доп, сызғыш, гүл.
ІІ топқа берілген сөздер: кітап, жаңбыр, себет, үзіліс, қоян, сурет, пойыз,
сабақ, маймыл,қолшатыр.


«Қазақшаңыз қалай?» (81.49 KB)

