Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Мероприятия  /  10 класс  /  "Қазақ елі" танымдық сабақ

"Қазақ елі" танымдық сабақ

"?аза? елі" Тарих п?ні онк?ндігіні? ашылу жоспары 10 сыныптар арасында

24.01.2017

Содержимое разработки

Тақырыбы:  «Менің Қазақстаным – менің болашағым». 
Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 
Көрнекілік: мақалдар, «Ел таныған Елбасы» , слайдтар, желтоқсан құрбандары, кітап көрмесі.  


1 Жүргізуші:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған "Отан" - деп сыбырлаған
Жаным менің кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.. деп Мақатаев жырлағандай
Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Осыған байланысты бүгін «Менің Қазақстаным – менің болашағым» атты Тарих,дінтану және құқық пәндері арасындағы онкүндікті өткізгелі отырмыз. 
Тәуелсіздігіміздің толағай табыстарының бірі – озық технологиялардың меңгерілуі. Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған жаңа технологиялардың көмегімен бүгін «Өткен шақ», «Осы шақ» және «Болашақ» телекөпір өткіземіз. «Өткен шақпен» байланысқанша, «Тәуелсіздік толғауларын» тыңдайық. 
Оқушылар жатқа өлеңдер оқиды.

Құрлықтың жалпақ жарты бөлшегіндей,

Өр өскен жемістердің бүрлеріндей.

  Жомарттың қазынасындай жермен жарық,

Байлық пен сұлулықтың бөлшегіндей.





Қазақстан - елдің аты,

Қазақстан - жердің аты.

  Қазақстан - ел жаннаты,

  Қазақстан - жер жаннаты.  

   Ерлері аспанмен алысқандай,

Қыздары жарысқандай қалыс қалмай.

  Қазақтың - ақ дастархан кең төріндей

  Құшағы халықтардың табысқандай.


«Өткен шақпен» байланыс. Имағанбетова Дариға
1. Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз. 
2. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. 
3. Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы оңтүстікке қарай босты. Бірақ, бұдан да басқа жауыздық нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ. 
4. 1925-1933 жылдарда Г.Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді, елді аштық пен қуғын-сүргін жайлады, Қазақстанда тұратын 2 миллион қазақ аштықтан қырылды. 
5. 1937 жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз.
6. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 500-ге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, т.б. 
7. 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар. 
8. Озбырлық күшпен тұншығып, 
Үміттің оты өшкен күн. 
Жанына тапай бір шындық, 
Ер Қайрат қыршын кеткен күн. 
Қайғы езіп елдің еңсесін, 
Жаншыды-ау жанын батпан күш. 
Енді қайтіп келмесін, 
Сол бір қарғыс атқан күн! 

Жүргізуші : Өткен шақта Қазақстан ғасырларға теңесетін ғажайып жолды жүріп өтті. Бұл жолда бәрі де болды: бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстары үзіліп, шығарған өнімдерін өткізе алмай дағдарған кәсіпорындар, алты айлап айлық, жылдап зейнетақы ала алмай, егемендіктің елең-алаңындағы еңсені езер қиындықтардан қажыған жұрт, кеңбалақ қазақтың базар психологиясына бой үйрете алмай асып-сасуы, ала қапшық арқалап, отбасын асыраған әйелдер, жекешелендіру жанталасы, реформалардың алғашқы нәтижелерін беруі, әлеуметтік саланың еңсе тіктеуі, халықтың көңіл-күйінің қалпына түсуі, елдің ертеңіне сенімнің орнығуы, инвестициялардың келе бастауы алғашқы онжылдықтың жемістері. 
«Осы шақпен» байланыс.  Каракулова Ұмсынай
1. Республика! Ерікті ел – Қазақстан!) 
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан. 
Келді алыстан аңсатып, армандатып, 
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан. 
Мен айғақпын, ұстамын ертегіге, 
Мен басымды иемін бүгінге, ертеңіме. 
2. Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. 
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. 
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. 
3. 1991 жылы 1-желтоқсанда республикада бүкіл халықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ КССР-нің Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 
Республика тарихында халық саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев – сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, саңлақ шыққан сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен тұлға, қажырлы мемлекет қайраткері. Алғырлығы мен көрегендігі, ептілігі мен тектілігі, батылыдлығы мен өжеттілігі, мейірімділігі мен қайырымдылығы, алымдылығы мен шалымдылығы қатар жүретін нағыз марқасқа. Біздің Президент күнделікті қызметімен қоса домбыра тартып, ән айтатын, вальс, танго секілді би өнерін де керемет меңгерген, ақын, шебер шаңғышы, теннисші, ат құлағында ойнайтын спортшы. 
4. Баяғыда бір ойшыл: «Саясаткер – сайлау мен сайлаудың арасында ғана көзге көрінетін белсенді. Ал, шын мемлекет қайраткерінің тағдыры халқының тағдырымен байланысты. Оның мұраты – халқының бігіні мен ертеңі» деген екен. Елбасының тәуелсіздік туын қолға ұстағалы бері әлем алдындағы көрсетіп келе жатқан ұлан-ғайыр қажыр-қайраты осының дәлелі. 
Қазіргі кезеңде жер жүзіндегі 200-ге тарта мемлекеттерді ішінде Қазақстан әлем таныған алдыңғы қатарлы елдердің бел ортасында келеді. Дүние жүзілік бірқатар ықпалды ұйымдарға мүше болып, мемлекетіміздің мерейін асырып, іргесінің нығая түсуіне Елбасымыздың ат үстінде жүріп, ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз. 
5. 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы «Астана» деген ат берілді. Стамбулда өткен түркі тілдес халықтар Саммитінде Астана 2012 жылғы Түркі әлеміің астанасы деп жарияланды. 
6. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздіктің 25 жылындағы ғаламат көшбасшылығымен қол жеткізілген Қазақстанның тамаша табыстарын айғақтайтын аса жарқын да сенімді цифрларға назар аударайық. 
- Біздің еліміз әлемдегі аса дамыған 50 елдің қатарына енді; 
- Соңғы 4 жылда тұрғындардың ақшалай кірісі, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы, студенттердің стипендиясы 2 есе өсті; 
- Зейнетақы төлемдері мен баланы күтуге арналған жәрдемақы 2,6 есе көбейді; 
- Білім беру, ғылым мен денсаулық сақтау шығындары 2 есе ұлғайды; 
- Республика бойынша 4000 жаңа балабақшалар, 350 мектеп, 50 колледж салынды. 
7. Жаңа Назарбаев Университеті, болашақтың Интеллектуалдық мектептер жүйесі құрылып, 150 шақты аурухана тұрғызылды. 
Ішкі жалпы өнім көлемі 10108,6 миллиард теңгені құраса, өнеркәсіптік өнім көлемі 8493 миллиард теңге болды. 
Еліміздегі орта есептік айлық жалақы 88296 теңгеге жеткен. Жұмыссыздардың саны 5,3 пайызға төмендеді. 
Кеден Одағының арқасында тауар айналымы еселеп өсті. Қазір мыңнан астам Ресей компаниялары өз істерін Қазақстанға көшіріп отыр.
Бірнеше аса маңызды бағдарламалар жүзеге асты: 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық даму бағдарламасы, 2020 жылға арналған бизнестің жол картасы, «Мәдени мұра», «100 мектеп, 100 аурухана», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары. 
8. Осы шақта бізде ойымыз толып, бойымыз өсіп, санамыз жетіліп, мектепті бітіргелі отырмыз. Сыныптың, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысамыз. Бос уақытымызда спортпен шұғылданамыз. Сабақты жақсы оқимыз. 
«Болашақпен» байланыс. 
Сұрақ.
Біз 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетеміз? 
1.Біздің жас мемлекетіміз өсіп-өніп, кемелденеді, балаларымыз ер жетеді. Олар жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. 
2. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, түрлі мамандықтарды игереді. Олардың Қазақстаны Евразияның орталығы болады. 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады. Өздерін Қазақстанның азаматы деп санайтын көптеген ұлттардың өкілдері мекендейтін болады. Әрине, бұл – болашақты ой көзімен көру, оның моделі, асқақ мұрат, армандар. 
Жүргізуші Сүлеймен Айда «Отаным Қазақстан»

    Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

   Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

    Бүгінде бар әлемге данқың жетті,

   Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.

Ғажап қой сұлу көктем, жасың, әні,

Тындарсың ән жүректің сазын әлі .

Шіркін – ай, жетпейді бір өзіңе,

Қойнауың - тұнған байлық, қазыналы .

                   

 

Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпғыңның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.

«Туған жер» 10 сынып оқушысы



Туған жер қандай көркем мөлдіреген.

 Желегі желмен ойнап желбіреген.

 Аралап күндіз-түні жүрсем-дағы,

 Тыншымай ет жүрегім елжіреген.

 

 Ыстық-ақ мөлдіреген өзендерің,

 Саяңда сайрап өскен өрендерің.

 Мен едім соның бірі - қарыздармын,

 Әлі де аз сіңірген өз еңбегін.

 

 Қашан да қарыздармын, елім, саған,

 Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.

 Жүректің арнап ыстық махаббатын,

 Туған ел, берерім көп менің саған.




Елтаңба туралы тақпақ айтады:
Алтын қанат көмкерген Шаңырақ бар, уық бар 
- Әсем бейне сен көрген Жай бейне емес, ұғып ал! 
Сүйсіндірген өзіңді
Түсіне біл таңбаны
Аңызда ұшқыр, төзімді! Пырақ — халық арманы. 
Жоғарыда түсер кез. Бестармақты жұлдызға,
Ал "Қазақстан" деген сөз
Таныс барлық, ұл-қызға.
Мағыналы, сымбатты

2016/2017 оқу жылының Тарих,қоғам білім негіздері және дінтану пән бірлестігінің онкүндігі


тақырыптар

уақыты


Жауапты мұғалімдер

1

«Менің Қазақстаным – менің болашағым»

17.10.2016

3 қабат 3 блок

Сағат 12 30

Тарих,қоғам білім негіздері пән мұғалімдері

2

«Қазақ хандығының құрылуы» сайыс сабақ

19.10.2016

№310 9сыныптар 1315 - 1400

Каракулова Куралай

3

«Қазақ этнонимінің қалыптасуы» танымдық сабақ

20.10.2016

№310 6 сыныптар 1000-1100

Имағанбетова Дариға

4

«Қазақ хандары» Сайыс сабақ

20.10.2016

№310 7 сынып 1200-1300

Актанбердиева Клара

5

«Қазақ жоңғар шапқыншылығы» сайыс сабақ

21.10.2016

№310 8 сынып сайыс сабақ 1200-1245

Чотанова Маңдайлы

6

«Қазақ билері мен батырлары» танымдық сайыс сабақ

22.10.2016

№ 310 6сыныптар 1000-1100

Исламгазиева Калбике

7

«Қазақтардың Ресей отаршылдығына қарсы күрестері» сайыс сабақ

24.10.2016

№310

9-10 сынып 1315 - 1400

Каракулова Ұмсынай

8

«1986 ж Желтоқсан оқиғасы»

25.10.2016

№310 7 сынып 1000-1100

Байназарова Күрең

9

«Тәуелсіз Қазақстан»

26.10.2016

№ 310 9 сыныптар 1315-1400

Рзахова Маргарита

10

«Менің Қазақстаным – менің болашағым» онкүндіктін жабылуы

27.10.2016


Тарих қоғам білім негіздері және дінтану пән мұғалімдері






Бірлестік жетекшісі: Исламгазиева Қалбике





Ақпарлама

17.10.-27.10.2016 оқу жылында Тарих және қоғам білім негіздері пәндері бойынша онкүндігіміз өтті.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай онкүндігіміз тақырыбы «Менің Қазақстаным-менің болашағым ».Тарих пән мұғалімдерінің онкүндікте өткізетін іс-шаралар.

17.10.2016 ж «Менің Қазақстаным – менің болашағым» акт залда онкүндіктін ашылуы сағат 1230 . Тарих пәні мұғалімі Қаракулова Құралай 18.10.2016 «Қазақ хандығының құрылуы » атты 9 сыныптар арасында танымдық сабақ өткізді сағат 1315 . "19.10.2016 ж «Қазақ этнонимінің қалыптасуы»атты Имағанбетова Дариға апай 6 сыныптар арасында сайыс сайыс сабақ өткізді. 20.10.2016 ж «Қазақ хандары» сайыс 7 сыныптар арасында жауапты Тарих пәні мұғалімі Актанбердиева Клара.21.10.2016 ж «Қазақ Жоңғар шапқыншылығы » танымдық сабақ 8 сыныптар арасында өтті жауапты Тарих пәні мұғалімі Чотанова Маңдайлы.22.10.2016 ж «Қазақ билері мен батырлары» атты интелектуалдлы сайыс сабақ 6 сыныптар арасында өткізген Исламгазиева Қалбике.24.10.2016 ж Тарих пәні мұғалімі Қаракулова Ұмсынай 10-11 сыныптар арасында өткізген «Қазақстардың Ресей отаршылдығына қарсы күрестер» 25.10.2016 ж сағат 10 00 тарих пәні мұғалімі Байназарова Күрең апай 7 сынптар бойынша «1986 ж Желтоқсан оқиғасы» атты тәрбие сағаты жақсы деңгеде өтті.26.10.2016 ж «Тәуелсіз Қазақстан» құқық пәні мұғалімі Рзахова Маргарита 9 сыныптар бойынша сайыс сабақ.27.10.2016 ж «Менің Қазақстаным –менің болашағым » атты онкүндігіміз жабылды.











Бірлестік жетекшісі: Исламгазиева Қалбике

-80%
Курсы повышения квалификации

Основы религиозных знаний

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Қазақ елі" танымдық сабақ (26.94 KB)

Похожие файлы

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт