Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  8 класс  /  Қазақ әдебиет М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Қазақ әдебиет М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

М.Ма?атаев «А??улар ?йы?та?анда» поэмасы 8 класс

30.01.2017

Содержимое разработки


Сабақ: Қазақ әдебиеті


Мектеп:

Майкол орта мектебі

Бөлім атауы:

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы


Мұғалімнің аты-жөні: Нысанбаева.А.Н

Сыныбы: 8 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты;

Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

  • АИ1 Әдебиетті оқу және түсіну.

  • Т/Ж6 Әдеби шығармаларға негізделген өзіндік жауап.

Сабақтың

мақсаты

Оқушылар әдеби шығарманы оқи отырып, автордың ойын түсінуге тырысады. Көркем шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы оқиға бөліктерін талдап, шығарма тілін талдайтын болады.

Жетістік критерийлері

1. Шығармадағы кейіпкерлердің мінезін, ерекшеліктерін, шығарманың сюжеттік құрылымын оқиды, ажыратады;

2. Шығарманың ұлттық құндылықтарының көрінісін жете түсінеді, өзіндік пікірін басқа пікірлермен салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Әдеби шығарма, көркем шығарма, тақырып, идея, мазмұн, пішін.

Құндылықтарды қалыптастыру

Өзіңе және қоршаған ортаға деген сыйластық, Ынтымақтастық, Жауапты азаматтық ұстаным, Академиялық адалдық, Өмір бойы білім алу, Ашықтық.

Пәнаралық

байланыс

Қазақстан тарихы.

Осыған дейін меңгерілген білім

Қайталау сабақ.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған оқыту іс – әрекеттері

Оқыту ресурстары


Басы

5 мин

Қызығушылықты ояту


Ақын күнделігінен: «Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шыныменен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеп, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай...» (М. Мақатаев).


Ортасы


30 мин
























Мағынаны тану

Сурет қималары арқылы оқушылар «Аққу», «Ана», «Табиғат» топтарына бөлінеді.

Тапсырма-1:

Интерактивті тақтадағы торкөздерді ашу арқылы таңдап алу.

  • 10-торкөз «Жетімкөл» неге жылайды?: 1-тапсырма

  • 20-торкөз «Бала – адамның бауыр еті»: 2-тапсырма

  • 30-торкөз «Ананың халін кім ұғар?»: 3-тапсырма

  • 40-торкөз «Ұлттық құндылықтар»: 4-тапсырма

  • 50-торкөз «Табиғатты аяла»: 5-тапсырма

Тапсырма-2:

- Тәуіп дегеніміз кім? Тәуіптің айтқан емі қазіргі медицинаға жата ма?
-Егер өлең жолдары бірыңғай дауысты дыбыстан басталса, ассонанс деп аталады, егер бірыңғай дауыссыз дыбыстан басталса, аллитерация деп аталады. Поэмадан аллитерация мен ассонансты тауып белгіле.

-Поэмадағы негізгі мәселе не? Поэма сендер ойлағандай аяқталды ма? 

-Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу  анаға оңай түсті ме?

-Аққуға байланысты күй шығарған өнер иесі?

-«Мұқағалидай ақыны бар халық - бақытты халық» деген кім?


Тапсырма-3:


«Ана» тобына

1. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім? - Мұқаметқали
2. Мұқағалидың әкесінің аты? - Сүлеймен
3. Ақынның қай жылы дүниеге келді?- 1931ж. 9 ақпан

4. Ақынның туған жері?– Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылы
5. Ақынның әжесінің аты? - Тиын
6. Ақынның атасының аты? Мақатай


«Табиғат» тобына

1. Мұқағалидың «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған?
2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы көлдің аты қандай?

3. Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазды?- Менің анкетам.
4. Мұқағалиға алтын қаламын сыйға тартқан кім? – Ғ. Мүсірепов
5. Мұқағали өлеңдеріне ең көп ән жазған сазгер кім?


«Аққу» тобына

1. Мұқағалидың ұлдарының аты кім? – Айбар, Жұлдыз

2. Мұқағалидың ұлдарының аты кім? – Айбар, Жұлдыз
3. Қарасазда Мұқағали мұражайы қашан ашылды? - 5 шілде 1991 жыл
4. Мұқағалидың прозалық шығармасы – «Қош, махаббат»

5. Ақынның алғашқы өлеңдері - «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай»
6. Мұқағалидың қандай әндерін білесіңдер? – «Саржайлау






Соңы

5 мин


Рефлексия

«Cендерге де, маған да бұл поэма мұң тарту  етеді. Бірақ бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін бір-ақ оқисың. Бейне бір басқа күй кешесің. Көкірегіңде ән ұялап, жырмен тербелесің. Көз алдыңнан Жетімкөлдің ерке аққуы, баласы үшін дүниенің тыныштығын, кереметін бұзып, қасиетке оқ атқан ана бейнесін, ең соңында екі бірдей асылынан, қасиетінен айырылған сорлы, зарлы ананы көріп, сен де аһ ұрасың. Жақсы дүние туралы мақтау сөздің өзі - бос сөз» деген Т.Молдағалиевтің ойын өз ойыңызбен толықтырып айтыңыз.


Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту, Көбірек қолдау көрсету үшін Сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша тексеруді көздейсіз?

Денсаулық пен қауіпсіздік ережелері

АКТ




Рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары қол жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Берілген бөлімді өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:


2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:


2:

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?




-80%
Курсы дополнительного образования

Основы HTML

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақ әдебиет М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы (33.88 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт