Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Планирование  /  5 класс  /  Қарпайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

Қарпайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

Оқушыларға WordPad мәтіндік редактормен таныстыру, мәтіндік редактордың ортақ мүмкіндіктерін, компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды үйрету.

12.11.2017

Содержимое разработки

САБАҚ ЖОСПАРЫ



Қостанай облысы Қостанай қаласындағы С. Мәуленов атындағы гимназияның информатика пәні мұғалімі Ермағамбетова Ұ.Т

Сабақ

5 сынып, информатика

Сабақ тақырыбы

§ 19. Қарпайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.

Сілтеме

Информатка 5-сынып, Е.А Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов

Видеосабақтар; http://bilimland.kz сайты

Слайд;

Жалпы мақсаты

Оқушыларға WordPad мәтіндік редактормен таныстыру, мәтіндік редактордың ортақ мүмкіндіктерін, компьютерде мәтіндерді өңдеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін, мәтіндік құжатты әр формада сақтауды үйрету.

Міндеттер

- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру ;

- Жаңа тақырыпты оқушылардың білімдерін пайдалана отырып жеткізу ;

- Мәтіндік редактормен жұмыс істей білу.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

- Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы толықтырып, тақырыпты пысықтау ;

- Берілген тапсырмаларды, bilimland.kz арқылы пайдалану, нәтижесін бақылау;

- Оқушылардың бір-бірін бағалауға дағдыландыру;

Сабақ түрі, әдіс-тәсілдері

топпен жұмыс, АКТ, Блум таксмономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «БББ» кестесі, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Сабақтың көрнекілігі

Интербелсенді тақтада слайдтар, топтарға арналған тапсырма , бағалау парағы.

http://bilimland.kz сайты


Күтілетін нәтиже

Мәтіндік редактормен жұмыс жасай білу. Жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Оқушыларды 3 топқа бөлу /19 оқушы/

Бағалау критерийлері

• Өз бетімен білім алуы

• Дербес жұмыс жасауы

• Топта жұмыс жасауы

• Ақпараттық білімі

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу - 3 минут

Сонымен балалар өткен сабағымызда өткен тақырыбымыз Paint графикалық редакторы болды. Есімізге түсіру үшін: пайдаланамыз нәтижесін қарап, бағалаймыз. СБ


Берілгентапсырманы оқушылар тез әрі дұрыс орындайды. Топ жетекшілері белгілеп отырады.

http://www.bilimland.kz/kk#lesson=16327 өтілген тақырып бойынша жауап береді

ТҮСІНУ - 10 мин

Тақырыпты оқушылар өздері меңгеруіне мүмкіншілік беру.

Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару үшін сыни сұрақ қою : Мәтіндік редактор дегенімізді  қалай түсінесіңдер? Мәтінмен жұмыс істеуге арналған қандай бағдарламаларды білесің?

А) Әр оқушы өз бетінше тақырыпты түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды.

Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:

  • мәтіндік құжаттарды құруға ;

  • оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге ;

  • мәтінді пішімдеуге - әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге ;

  • құжаттарды басып шығаруға.

Компьютер үшін мәтін – ол символдардың кез келген жиыны деп айтуға болады. Мәтіндік құжаттың құрамында өлең де, компьютерге арналған программа да болуы мүмкін. Оның мазмұны кесте түрінде де безендірілуі мүмкін.

Мәтіннің құрылымы

Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер мәтіндік ақпарат, оның ең кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір-бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі. Сөздердің арасында және тыныс белгісінен кейін бір бос орын қойылады. Мәтіннің элементтері : символ – сөз –жол – абзац – бет – мәтін.

ФБ. http://www.bilimland.kz/kk/content/lesson/16329-matindeu_redaktorynyng_interfejsi кіріп, мұғалім парақшасынан, информатика бөлімінен, 5 сынып «Мәтіндік редактормен жұмыс істеу» бөлімінен мазмұнын қысқаша тыңдату, оқыту, түсіну

ҚОЛДАНУ – 10 мин

Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар

Тапсырмаларды орындау:

А, В деңгейдегі практикалық тапсырмаларды орындайды.


ТАЛДАУ – 7 мин

Сыни ойлауын дамыту.

Анықтама тұжырымдайды, ережелерді нақтылайды.

сұрақтары мен тапсырмалар: Bilimland кіріп http://www.bilimland.kz/kk/content/lesson/16329-matindeu_redaktorynyng_interfejsi

  1. Жаттығу 1 орындайды

  2. Жаттығу 2 орындайды

  3. Жаттығу 3 орындайды

ФБ, (мадақтау)

ЖИНАҚТАУ- 6 мин

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету

Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Аннимация арқылы жасалған қимылдарды қайталау музыкамен.


Бағалау

2 минут

Топ бағалаушылары топ мүшелерін бағалайды.

Қорытынды баға шығару

Бағалау парағы бойынша бағалау.

Үйге тапсырма беру / 1минут


Үйге: § 19, бақылау сұрақтарына жауап беру.“Менің сыныбым” тақырыбына эссе жазу


Үй тапсырмасын күнделікке жазып алу.

Рефлекция / 1 минут

Стиккерлер тарату



Оқушылар стикерлерге «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» жазып жапсырады.






Оқушының аты

«Білу» теориясы

«Түсіну», «Талдау»,

теориясы


«Қолдану» практикасы

Жалпыұпай саны

Бағасы

Өткен тақырыпты қайталау

Жаттығу


Жаттығу

Жаттығу

Деңгейлік тапсырмаларды компьютерде орындау








 








 









































Оқушының аты

«Білу» теориясы

«Түсіну», «Талдау»,

теориясы


«Қолдану» практикасы

Жалпыұпай саны

Бағасы

Өткен тақырыпты қайталау

Жаттығу


Жаттығу

Жаттығу

Деңгейлік тапсырмаларды компьютерде орындау








 








 





































2. Сипатталған анықтама қайсына сәйкес екенін анықтандар

1

Қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы

К

Ақпарат

2

Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ

Д

Жұмыс аймағы

3

Бұл – объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы

Е

Терезе

4

Сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан

Р

Интерфейс

5

Адам мен компьютер арасындағы байланыс

А

Сканер

6

Компьютердің миы

О

Пернетақта

7

Мәтіндік ақпаратты енгізу құрылғысы

Р

PAINT

8

Сурет салуға арналған графикалық редактор

Т

Процессор

Ж/бы

1

2

3

4

5

6

7

8

































-80%
Курсы повышения квалификации

Внедрение современных педагогических технологий в условиях реализации ФГОС (в предметной области «Информатика»)

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қарпайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. (2.73 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт