К.Боранбаев атындағы негізгі мектебі
8 сыныпта өткізілген ашық сабақ
Тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану жылуы.
Өткізген: С.Е.Хасенова
2011-2012 оқу жылы
Мақсаты:
Жаңа тақырыпты игеру.
Оқушыларға қайнау және меншікті булану жылуының анықтамасын түсіндіру.
Барысы:
Оқушылармен амандасу.
Оқушылардың назарын аудару.
Оқушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау.
а)қаныққан және қанықпаған бу дегеніміз не?
б)ауаның салыстырмалы ылғалдылығы дегеніміз не?
в)неліктен таңертеңгілік шық түседі?
- Сабаққа көшу.
Көрнекіліктер: суреттр, плакаттар, карточкалар
Сабақты түсіндіру.
Енді біз күнделікті өмірден жақсы таныс буланудың екінші тәсілі қайнауды қарастырамыз. (тақтада ілінген суретке көңіл аударамыз.)
Құтыдағы суды қыздырған кезде құтының үстіңгі жағында пайда болған тұманды байқауға болады. Яғни ол дегеніміз сұйықтың булануы пайда болады. Температураны жоғарлатқан сайын ыдыстың қатты қызған жерлерінде кішкене көпіршіктер пайда болады. Бұл көпіршіктер- судың ішінде болатын ерңген ауа көпіршіктері.
Сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес, сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретңн мұндай қарқынды булануды қайнау деп атаймыз.
Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды.
Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді.
Бірдей массадағы түрлі сұйықтарды қайнау температурада буға айналдыру үшін әртүрлі жылу қажет болады. Заттардың булануға қабілеттілігі меншікті булану жылуымен сипатталады.
Меншікті булану жылуы деп - сұйықтың бірлік массасын қайнау температурада буға айналдыруға қажетті жылуды айтады. Оны (r) – әріпімен белгілейді.
Q=rm r=Q/m
Меншікті булану жылуының өлшем бірлігі – (Дж/кг).
Әртүрлі сұйықтар үшін меншікті булану жылуы әртүрлі болып келеді.
Енді осы өтіліп жатқан тақырыбымызға есептер шығарайық.
11- жаттығу
3)Берілгені: Шешуі:
T1=100 Q=cmt
M=5 kr Q=4200 Дж/кг *5 кг *1000С=2100000 Дж=21*105Дж
Т/к Q-? Жауабы:Q=21*105Дж.
4)Берілгені: Шешуі:
m=10 kr Q=rm
t=1000C r=Q/m=2,3*106Дж/10 кг=0,23 *106 Дж/кг=23*104Дж
Q=2,3*106 Дж Жауабы: r=23*104 Дж
т/к r-?
Қорытынды: Әр сұйықтың неғұрлым көп массасын буландыру үшін соғұрлым көп жылу беру керек.