Күні: _10.12.2016ж Оқу ісінің меңгерушісі_____
Пән мұғалімі Ж.Халимов_
Қадамдап бөлу
Қарапайым программалардың қатесін «қадамдық әдіс» арқылы тексеруге болады. Ол үшін «қатені іздеу» жобасын пайдаланамыз.
Тапсырма:.
- N=N+1 жолын ұмытып кеткендей программадан алып тастаңдар, программаны іске қосыңдар да, үш сан енгізіңдер, Cancel батырмасын шертіңдер. Жүйе қатені хабарлайды.
- Debug мәзірінен, Step Into немесе [F8] батырмасын шерту арқылы программаны іске қосыңдар.
- Жоба бірінші жолды сары түспен көрсетеді.
- Private Sub Commandl_Click()
- Программадағы айнымалылардың мәні неге тең екендігін көру үшін тінтуірді айнымалыға апарсаңдар болғаны.
- Программаны [F8] батырмасы арқылы іске қосыңдар. P=InputBox (санды енгізгеннен кейін ОК батырмасын шертіңдер, енгізуді аяқтағанда Cancel батырмасын шертіңдер, "кезекті санды енгізу") ерекшеленеді, [F8] батырмасын шертіңдер. Экранда санды енгізу терезесі пайда болады, "10" санын енгізіп, ОК батырмасын шертіңдер. [F8] батырмасын шертіп, Р айнымалысының мәнін тексеріңдер. Р айнымалысы 10-ды көрсету керек. P=InputBox ("санды енгізгеннен кейін ОК батырмасын шерті .,дер, енгізуді аяқтағанда Cancel батырмасын ніертіңдер, "кезекті санды енгізу") ерекшеленгенше [F8] батырмасын шерте беріңдер. kos айнымалысын тексеріңдер, 10-ға тең болу керек. [F8] батырмасын шертіңдер, нәтижесінде Санды енгізу терезесі пайда болады, Cancel батырмасын шертіңдер, Loop жолы белгіленеді [F8] батырмасын шертіңдер.
- Do until P=" " Cancel батырмасын басқанша цикл орындала береді, жолы ерекшеленеді, осы жолды өзгертіңдер. Do until P=" " Cancel батырмасын басқанда цикл тоқтатылады. [F8] батырмасын шертіңдер. If N=0 жолы ерекшеленеді, N=0 екендігін тексереміз, келесі [F8] басқанда "ешқандай сан енгізілген жоқ" деген хабарлама шығады. [F8] батырмасын шертеміз, End If келесі End Sub жолдары ерекшеленеді. Қатені тексереміз, мүмкін программада кідіріс болуы. Онда Do until Р=" " жолын Do жолына ауыстырамыз. Программаны іске қосыңдар, санды енгізіп, Cancel батырмасын шертіңдер, тағы да осыны қайталаңдар, программада кідіріс пайда болады, [Ctrl+Break] батырмасы арқылы программаның орындалуын үзіңдер. Осыдан кейін Loop жолы ерекшелінеді. Программада тағы да қадамдық тексеру пайдалансақ, онда Loop-тан кейінгі жолдың ерекшеленгенін көреміз. Мүнда ешқандай шарт циклді тексермейді. Қателер программаның жұмысын тоқтатуы мүмкін. Басқа жағдайда программа жүктеледі, бірақ күткен нәтижелерді ала алмаймыз.
Қатені тексеру құралдары
Debug мәзірі
Debug мәзірі батырмаларының қасиеттері
Start/Continue
Программаны іске қосады
Break
Программаны кез келген жерден үзеді
End
Программаның орындалуын тоқтатады
Toggle Breakpoint
Кодтың ағымдағы жолында тоқтату нүктесін қою/алып тастау
Step Into
Процедураға кіргеннен кейін қадамдың әдіспен тексеру
Step Over
Процедураға кірмей қадамдық әдіспен тексеру
Locals Window
Айнымалылар мәнін тексеру үшін терезенің ашылуы
Immediate Window
Мәндерді енгізу және бұйрықтың орындалуы үшін терезенің ашылуы
Watch Window
Өрнекті көру үшін терезенің ашылуы
Quick Watch
Программаның тоқтаған жерінен бастап өрнекті және мәндерді көру үшін терезенің ашылуы
Debug мәзірі
Тәжірибелік тапсырма
- Қадамдап қате тексеруге жоба құрып, Debug мәзіріндегі құралдарды барынша пайдаланыңдар.
Өзіңді тексер!
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Қадамдап болу арқылы (5.22 MB)

