Күні:
Пән:Биология
Сынып:8
Сабақтың тақырыбы: Ішкі мүшелердің топографиясы
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушыларды ішкі мүшелердің топографиясымен таныстыру ,ішкі мүшелердің барлығы ұлпадан құралғанын біледі. Дамытушылық. Мүшелердің түрлерін бір-бірінен ажырата алады. Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігі артады Сабақтың әдісі: Аралас Сабақтың түрі: Ой дамыту сабағы Сабақтың типі: Түсіндірмелі Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта,таблица, слайдттар ,электрондық оқулық. |
|
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Алған білімдерін пысықтау.
1.Анатомия ғылымы нені зерттейді?
2.Денсаулық леген не?
3.ҚР биотехнологияны дамытушы кім?
4.Физиология ғылымы нені зерттейді?
5.Гигиена дегеніміз не?
6.Эволюция деген не?
ІІІ.Жаңа сабақ. Адам – табиғаттың құрамды бір бөлігі, тірі ағзалардың ұзақ уақыт тарихи дамуының жемісі. Көрнекті орыс ғалымы И. П. Павлов адамның табиғаттағы алатын орнын жоғары бағалаған. Ғалым «адам табиғаттың асқақ туындысы, әрі ол күрделі де нәзік жүйе» – деп, қорытынды жасаған. Адамды табиғаттан мүлде бөліп қарауға болмайды. Біріншіден – оның дене құрылысы, тіршілік әрекеті басқа ағзаларға өте ұксас. Екіншіден – адам қанша саналы болғанымен табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері оның ақыл-ой, санасы арқылы айқындалады. Себебі адам – ақыл-ой, санасы арқылы өзін қоршаған табиғи ортаны танып біледі.
Адам ағзасының жоғарғы сатыдағы жануардан (пирматтардан)негізгі ерекшеліктері
І.Қанқа
1.Омыртқа жотасының пішіні 4 иілімді S тәрізді
2.Аяқтары қолдарынан едәуір ұзын және күштірек
3.Бассүйек алдыңғы жақта қарақұстың үлкен тесігінен артқа жағынан асылып тұрмай үстіңгі жағына орныққан
4.Ми орналасқан бөлік беткі бөліктен едәуір қомақты
5.Тіс,жақсүйек,тұмсық бөлімі нашар дамыған
6.Төменгі жақсүйек таға тәрізді,иегі шығыңқы
7.Шайнау бұлшықеттері жойылып кеткендіктен,бассүйек бұдырлары тегістеліп кеткен
8.Қас үсті буылтығы қас үсті доғасына алмасқан
9.Аяқбасы-дөңес,баспайы-үлкен
10.Басбармағы өзге саусақтарға қарама-қарсы орналасқан
11.Қолдары иыққа бекінген кеуде қуысыныың ені, ұзындығы мен тереңдігінен кеңірек
12.Жамбас астауы тостаған тәрізді.
ІІ.Бұлшықет
13.Тіл бұлшықеттері күшті дамыған
14.Ымдау бұлшықеттері дамыған
15.Қолды айналдыра қозғайтын білек бұлшықеттері жақсы дамыған
16.Көмекейдің ерекше дауыс шығаратын бұлшықеттері бар
ІІІ.Жүйке жүйесі және сезім мүшелері
17.Миы үлкейген, бедерлер – үлкен ми сыңарлары қыртысының қатарлары есебінен дамыған
18.Көру,есту,түйсіну дамыған, иіс сезу өзгерген(әлсіз)
19. Екінші сигналдық жүйе-сөз-дерексіз ойлау,көз алдында елестетумен өзара баланыста қалыптасқан
20.Барлық деңгейлердің психиялық үдерістері жетілген
ІV.Жабын (тері)
21.Түкті жабын жойылған
22.Теріде тер бездері және рецепторлары көп
23.Саусақ ұшындағы жұмсақеттің бүртікті өрнегі жақсы дамыған.
Адамның қалыптасуында жеке адамдардан отбасы құралды. Туыстық жақын отбасылар бірігіп үлкен әулет құрады. Еңбек ету, қарым-қатынас барысында ұжымдар пайда болды. Ұжымдардан бірте-бірте коғам қалыптасты. Әрбір саналы адам — өзі өмір сүрген қоғамның толық мүшесі болып саналады.
Қазіргі кезде өмір сүріп жатқан адамдардың дене бітімі, санасы толық қалыптасқан. Қазіргі кезде қалыпты анатомия ғылымында кемел адам (нормальный человек) деген ұғым бар. Дені сау адам қоғамдағы жауапкершілікті жақсы сезінеді. Қазіргі кезде дені сау ересек адамды кейде кемеліне келген (зрелый) адам деп те атайды. Оның бойының ұзындығы – 170 см, дене салмағы – 70 кг, өмір сүру ұзақтығы – 70 жас, терісінің ауданы 1,8 м2.
Денсаулық – адам өмірінің басты кепілі. Әрбір дені сау адам қоғамның басты байлығы. Жеке адамдардың денсаулығынан қоғамның денсаулығы қалыптасады. Денсаулық адамның негізгі көрсеткіші болып саналады. «Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың – жаны сау», «Халқың сырқат болса, қабырғаң сөгіледі» деген халықтық даналық сөздерде үлкен мән бар. Әрбір адам өз денсаулығын сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстануы қажет. «Қазақстан – 2030» бағдарламасында салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары нақты атап көрсетілген. Елімізде 1997 жылы «Азаматтардын денсаулығын сактау туралы» арнайы заң қабылданған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектептерде арнайы «Салауаттану» пәні оқытылады.
Денсаулық дегеніміз біріншіден – аурудын немесе дене кемістігінің болмауы. Екіншіден – адамның денесінің, рухани жан дүниесінің қалыпты жағдайы, өміріне қажетті әлеуметтік жағдайлардың болуы.
4.Қорытынды. Осы тақырыптан қандай ой түйдік? Не үйрендіңдер?
5.Бекіту кезеңі .- Ішкі мүшелердің топографиясы
Үй тапсырмасы §2,3 оқу кесте дәптерге жазу,17 бет.сұрақ өтем сұрақтары 15 сұрақ 17 бет.