Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Факультативы  /  Прочее  /  Ішкі электр тораптарын және жарық беру қондырғыларын монтаждау.

Ішкі электр тораптарын және жарық беру қондырғыларын монтаждау.

ішкі электрмен жабдықтау тораптары завод ішіндегі, цехтар арасындағы, цех ішіндегі ауа және кабель желілері немесе шина сымнан (тоқсымнан) жасалуы мүмкін.
22.12.2020

Содержимое разработки

Ішкі электр тораптарын және жарық беру қондырғыларын монтаждау.



ішкі электрмен жабдықтау тораптары завод ішіндегі, цехтар арасындағы, цех ішіндегі ауа және кабель желілері немесе шина сымнан (тоқсымнан) жасалуы мүмкін.

Ауа желілері (ВЛ)

Ауа желісі –тірекке оқшаулама мен арматуралар көмегімен бекітілген сымдар арқылы электрэнергиясын жеткізу және тарату құрылғыны атайды.

Ауа желісі үшін болат алюминді, алюминді, мысты, болатты, қолалы, болат қолалы сымдар және алюминийдің балқымаларынан жасалған сымдар қолданады.

Егер сымның бетіндегі электр өрісінің кернеулігі ауаның электр беріктігінен үлкен болса, бұл сымның айналасындағы ауаның ионизациялануы «тәж» («корона») құбылысын түсіндіреді. Желідегі кернеу жоғарылаған кезде сымдардың беткі жағының біркелкі болмауынан, ластануынан жергілікті тәж сымның барлық ұзындығы жалпы тәжге айналады.

Жалпы тәждің пайда болуына сәйкес келетін сым бетіндегі ең үлкен кернеулік

 , кВ/см

мұндағы m – желінің көп сымды сымының біртегістік емес тегін білдіретін коэффициент, 0,82-ге тең;

r– сымдар радиусы, см;

δ – ауаның салыстырмалы тығыздығы, ол ≈1,04-1,05-ке тең.

Электр қондырғылардың ережелері бойынша (ПУЭ) Е0=28кВ/см.

330-500кВ желілеріндегі индуктивті кедергіні және тәжге кететін шығынды азайту үшін тарамдалған сымдар қолданылады.

Кабель желілері (КЖ)

Кабель желілері әдетте олар ауа желілерін салуға қиын жерлерде төселеді (қалаларда, тұрғын жерлерде, өнеркәсіптік өндіріс аймағында). Олар ауа желілеріне қарағанда келесідей артықшылықтарға ие: ауаның әсер етуінен сақтайтын жабық төселуі, пайдалану кезіндегі өте жоғарғы сенімділік және қауіпсіздік. КЖ ішкі және сыртқы электрмен жабдықтау тораптарында кең қолданылады.



Кабель тоқ өткізетін тал сымдардан (мыс немесе алюминьді), оқшауламадан (1000кВ-қа дейін - резеңке, 1000В-тан жоғары - көп қабатты сіңдірілген қағаз және әртүрлі пластикаттар) және де қорғаныс қабаттардан (алюминий, хлорвинил, қорғасыннан) тұрады. Механикалық қорғаныс үшін болаттан жасалған лента және сым қорғанысы (броня) қапталады. Ылғалдан қорғау үшін сіңдірілген тоқымадан жасалған джутты қаптамамен қапталады.

 

Кернеуі 1 кВ жоғары болатын радиалды сұлбалар

Электрмен жабдықтаудың радиалды сұлбаларын қолдану жоғары вольтті аппараттар санын көбейтеді, бұл капиталды шығындарды көбейтеді.

ТП1, ТП2 – бірсатылы радиалды қоректену

РП1, РП2 және РП3 – екісатылы радиалды қоректену

Электрмен жабдықтаудың радиалды сұлбасы

Электр энергияны радиалды сұлба арқылы тарату жүктемелер орталық қорек көзінен әртүрлі бағытта орналасқан жағдайда қолданады. Олар екі немесе бір сатылы болуы мүмкін. Бір сатылы, әдетте кіші, ал екі сатылы үлкен өндірістерде қолданылады.



Радиалды сұлбаның артықшылығы – пайдалануы сенімді және орындалуы қарапайым және сенімді қорғаныс пен автоматизацияны қолдану. Мұндай сұлбалардың кемшілігі - апаттық сөндірулер кезінде радиалды желіден қоректеніп тұрған цехтік РПЗ бірнеше цехтың ТП (3,4,5) электрмен бұзылады. Бұл кемшілік жою үшін (РП1 және РП2) қоректендіретін радиалды сұлбасын екі тәуелсіз қорек көзінен қоректендіреді (ГПП-ның әр түрлі шиналары) және сенімділігін жоғарылату үшін АВР қолданады.





Кабель тоқ өткізетін тал сымдардан (мыс немесе алюминьді), оқшауламадан (1000кВ-қа дейін - резеңке, 1000В-тан жоғары - көп қабатты сіңдірілген қағаз және әртүрлі пластикаттар) және де қорғаныс қабаттардан (алюминий, хлорвинил, қорғасыннан) тұрады. Механикалық қорғаныс үшін болаттан жасалған лента және сым қорғанысы (броня) қапталады. Ылғалдан қорғау үшін сіңдірілген тоқымадан жасалған джутты қаптамамен қапталады.


Үйге тапсырма :

Кернеуі 1 кВ жоғары болатын радиалды сұлбалар?

-80%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ішкі электр тораптарын және жарық беру қондырғыларын монтаждау. (22.15 KB)

Похожие файлы

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт