Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Уроки  /  10 класс  /  "Интернеттің пайдасы мен зияны" пікір талас

"Интернеттің пайдасы мен зияны" пікір талас

"Интернетті? пайдасы мен зияны" пікір талас. 10-11 сыныптар?а арнал?ан.

15.05.2017

Содержимое разработки

Интернеттің пайдасы мен зияны (пікір - талас)


Сабақтың тақырыбы: «Интернеттің пайдасы мен зияны»
Сабақтың түрі: дебат /пікірталас/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа
құралдары

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2. Сайыстың өту барысы:

1- ші жүргізуші:

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда,жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып,тасып,
Біреу ығым,біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып.

2-ші жүргізуші:

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа,сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді таланттарға

2.Сәлемдесу.Екі жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

1-ші жүргізуші:

Бүгінгі « Ғаламтордың пайдасы мен зияны» атты пікір талас сайысыны қош келдіңіздер.

2-ші

Олай болса, Сайысымызды ашық деп жарйалаймыз


3. Топ мүшелермен және сарапшылармен таныстыру

Жүргізуші Асем: Асель сен қалай ойлайсың, ғаламтордың пайдасы көппе, әлде зияны көппе?

ЖүргізушіАсель: М, Асем біз бұл туралы оданда біздің талатты, ойларын толық әрі тиянақты жеткізе білетін қатысушыларымыздан сұрап көрейік.

Жүргізуші Асем :

Ия дұрыс айтасың Асель, олай болса « қаршыға» және «таланттылар» топтарымызды ортаға шақырып таныстырайық

«қаршыға» тобының топ басшысы: Лаура және топ мүшелері: Нұрсұлтан, Алтынай, Бекжан.

Жүргізуші Асель:

Келесі «таланттылар» тобының топ басшысы:Нұрлыхан, топ мүшелері: Тоғжан, Бану,Мейржан

Жүргізуші Асем

Ал сарапшыларымыз:мектебіміздің психологы Балжан әпкей,мектеп медбикесі Ләззәт әпкей және мектеп диоекторы Айман әпкей (Ғазиза әпкей)

4. Жүргізуші ашық пікір-таластың ойын-шарттарымен таныстырады:
ІІ. Тақырыппен жұмыс
10-11 сынып оқушылары арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны»
атты пікір-таласты ашық деп жариялаймын.
Бұл пікірталаста 11 сынып оқушыларынан құралған «ғаламтор» тобы жақтаушы,
10 сынып оқушыларынан құралған «қауіті» даттаушы.

Жүргізуші Асель:

Уақыт сарапшысы: 11 сынып оқушысы Нұрперзент

Жүргізуші Асем:

Ендігі кезекте сіздерді Шпікір-талас шарттарымен таныстырамыз:

Жүргізуші Асель:

Екі топқа жериби тасталады, сол жериби бойынша жақтаушы және даттаушы топтары анықталады.

7 мин дайындық уақытысына беріледі.

І./ екі топ әр топ спикерлері кезек –кезек өз ойларын ортаға салады, онда (регламент сақтау,) 3 мин
ІІ/ сұрақ жауап кезеңі
ІІІ/ спикерлердің қорытындысы
ІV/әділқазылардың қорытынды сөзі

Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі жоғалып кетпейме? Осы жайында қарсылас топтардың ойларын тыңдайық.

I. Сөз кезегі

1. Сөз кезегі жақтаушы « » тобының спикері : Бануға беріледі.

Жүргізуші Асель:

2. Келесі кезек даттаушы «» тобының спикері : Нурилаға беріледі.

Жүргізуші Нүрай:

3. Ендігі кезек жақтаушы « » тобының спикері :

беріліеді
Жүргізуші Асель:

4. даттаушы «» тобының спикері: Нәзеркеге беріледі.
Жүргізуші Нүрай:

5. Сөз кезегі жақтаушы « » тобының спикері : Тоғжанға беріледі.

Жүргізуші Асель:

6. Келесі кезек даттаушы « » тобының спикері : Азаматқа беріледі.

Жүргізуші Нүрай:

7. Ендігі кезек жақтаушы « » тобының спикері : Исаға беріліеді
Жүргізуші Асель:

8. даттаушы « » тобының спикері: Азаматқа беріледі.

II. Сұрақ- жауаптармен алмасу

Жүргізуші Асем:

2-ші кезең сұрақ жауап

Жақтаушы « .» тобы 1-ші сұрақ

..................................................................................

Даттаушы « .» тобы жауп беремыз

Жүргізуші Асель:

Даттаушы « .» тобы 1-ші сұрақ

........................................................................

Жақтаушы « .» тобы жауп беремыз

Жүргізуші Асем:

Жақтаушы « .» тобы 2-ші сұрақ

..................................................................................

Даттаушы « .» тобы жауп беремыз

Жүргізуші Асель:

Даттаушы « .» тобы 2-ші сұрақ

........................................................................

Жақтаушы « .» тобы жауп беремыз

Жүргізуші Асем:

Жақтаушы « .» тобы 3-ші сұрақ

..................................................................................

Даттаушы « .» тобы жауп беремыз


Жүргізуші Асель:

Даттаушы « .» тобы 3-ші сұрақ

........................................................................

Жақтаушы « .» тобы жауп беремыз

Жүргізуші Асем:

Асель

III. Топ лидерлерінің қорытынды сөзі

Жақтаушы « .» тобының топ басышысына сөз беріледі

Жүргізуші Асель:

Даттаушы « .» тобының топ басышысына сөз беріледі

Жүргізуші Асем:

8. Ал екі жақтың ойын тыңдадық , едігі кезекте көрермендеріміміздің бұл туралы пікірлерін білейік.

Жүргізуші Асель:

Мүмкін сұрақ қоятын оқушлар мұғалімдер бар шығар?

Жүргізуші Асель:

Құрметті көрермендер сіздер қай топ жеңді, өз ойларын дұрыс жеткізе білді деп айлайтын болсаңыздар, сол топтың қасына баруларыңызды сұраймыз.

Жүргізуші Асем:

Асель ал сен қалай ойлайсың қай топ өз ойларын жеткізе білді?

Жүргізуші Асель:

Асем бұл туралы біздің сарапшылар жауап бергені дұрыс ау.

Жүргізуші Асем:

IV. Олай болса, сөз кезегі сарапшыларымызға беріледі: .................

Марапаттау.

....................................................................................................................................

Жүргізуші Асель: «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» туралы ғаламтордағы адамдардың ой пікірін тыңдайық

..............................................................................................................................

Салтанат әпкей қорытындылау(бейне материал)

Екі жүргізуші

Назар салып тыңдағандарыңзға көп рахмет .

Сау болыңыздар
















1. «ғаламтор» тобының спикері : 11 сынып беріледі.
Армысыздар құрметті көрермен,менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Интернет деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып-жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».
Ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба .Оның қызмет аясы шексіз. Онда не керектің бәрі бар. Тек тілін толық меңгеріп, ұңғыл-шұңғылын тінтуірмен дұрыс мақсатта ойдағыдай тінте білсеңіз болғаны. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз ــ алақаныңызда, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз. Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

2. «қауіпті» тобының спикері : 10 сынып аты
Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор, Ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба» деп жатыр. Дегенмен интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.Қарсыласым Лаура айтқан қамбаның ішінен шіріген дәндердің таблатыны анық. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дәлелдеуінше, бүкіләлемдік ғаламтор желісі жеткіншектерге физикалық, психологиялық жағынан айрықша зиянды. Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды. Сондай-ақ, компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді. Және де жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады. «Әлеуметтік желілерде үнемі отыру ми қызметіне де кері әсер етеді, гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұның бәрі адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді». Өздеріңізге белгілі, жүйкеге салмақ түсуі дегеніңіз - ойлау қабілетінің төмендеуі, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемуі, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы. 
Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.
Тыңдағандарыңызға рахмет.

Сөз кезегі
3« Ғаламтор» тобының спикері 11 сынып Назерке
Сәлем бердік қауымға! Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1.Алысты жақындату
2.Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3.Сана-сезімді жоғарылату.
4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды
қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10.Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
- Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
- Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
- Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
- Қаржылық операциялар жасауға;
- «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype», «твиттер», «вк» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейне байланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп-біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес... (материалдарды және моральді жағынан болсын).
. Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп.Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін және біз үшін өте зор. Бейне ролик арқылы көрсетейін.
Назарларыңызға рахмет.

4. « Барыс» тобының спикері: 10 сынып Аңсат
Сіз үшін зор шығар алайда «біз үшін» деген сөз әлі талқыда. Ия мұғалім берген рефераттардың, байандамалардың кітапханға барып, оны оқып, жазып жүрмей ақ дайын күйде ғаламтордан ала салумызға болады. Бірақ ол білім болмайды ма деп қорқамын.

Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қару мақсатқа, жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке цензура енгізу қажет-ау деп ойлайсың... Бірақ ең демократияның орнаған саласы - осы ғаламтор екенін Интернетті қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын.
Ендігі бір мәселе - Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады.

Психологтардың айтуынша «Виртуалды әлемде «өмір сүруге» үйренген балалардың психикасында ауытқулар болатынын шынайы өмірдегі әрекеттері мен қылықтарынан байқауға болады. Өзін шынайы өмірде де виртуалды әлемдегідей ұстауы әбден мүмкін. Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды» «Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Кейде баланы тамақтануға үшін ғаламтор ойындарынан айра алмасаңыз, ал тамақтанып болып, қарнын тойдырып алған балалар бірден компьютерге қарай жүгірсе. Ондай әрекет компьютерге тәуелділіктің бір белгісі болып саналады» дейді психолог мамандары. Ал компьютерге тәуелділіктің соңы баланың санасының жетілуіне де денсаулығының жақсы болуына да әкеп соқпасы анық.
Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние. Осы сөзімнің дәлелі ретінде жаңалықтарда беріліп жатқан мына бір беине материалға назар аударайық.

5«Ғаламтор» тобының спикері 11 сынып Маржан

Ия қарсыласымның бейне материалы жан түршігерлік келісемін, алайда мұндай уақиға Қазақстан бойынша санаулы, кім білет ол баланың психикасы туа біткен солай шығар немесе тәрбиесі нашар шығар біз оны білмейміз ғой. Сондықтан бұған ғаламторды кінәләй аламыз ба?...
Интернет - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері. Сіз де осы бір видионы бірнеше жыл бұрын көрсетілген хабарды ғаламтордың алдында бірнеше сағат отырып іздеп тауып алғансыз. Көрдіңіз бе сізге де ғаламтордың пайдасы тиіп жатыр. Осыдан кейін ғаламтор зиян деп қалай айтасыз? Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты, мидың жүмысын дамытатын ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпаратты сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.

Тыңдағандарыңызға рахмет!
6. «Барыс»

Сәлем бердік көрерменге! Ия қарсыласым ойды дамытатын ойндарды ойнауға болады деп жатыр, алайда жас өспірімдерге ондай онның қызық емесін бәріміз де күнделікті тәжірибеден біліп, көріп жүрміз.Жасөспірімдердің басым көпшілігі атыс, жабыс ойындарына құмартады. Ал бұл ойындардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретініне видиодан куә болдық. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын көрдік. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Жаңа қарсыласым «далада доп қуалап азып тозғанша» деп қалды мен онымен мүлдем келіспеймін, сонда біздің ата-бабаларымыз доп қуалап азып тозды ма қалай? Керісінше бұрынғының адамдары доп қуалағанда, ләңгі теуіп, асық ойнап, күрек ұстап жер аударғанда бүкіл денесі қозғалысқа түсіп шынықты, мықты болды. Ал қазіргі жастар әлсіз, ауырғыш келеді, себі олардың үш саусағы ғана қимылдайды.

Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Сұрақ-жауаптармен алмасады
7. «Барыс» тобының сарапшы спикері :

Сәлем бердік қауымға Қарсыласым « бұрынғының адамы» деп қазіргі замман жаңа заман, технология заман екенін мойындағандай ма?..
Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігеміз. Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар .Бірақ бәр жамандықты ғаламтордан іздегеніміз бір сөзбен айтқанда «құлаққа қонымсыз». Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге , ғаламторға шектеу ұойсақ та, қол жеткізбесе де ұялы телефон бар емес пе оны қазіргі жастар жақсы меңгерген. Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу,ұятты көріністер қарайды.Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:
Сақтық-деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда не залал ма ескерілмек,
Көргенің естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.

Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп,таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп,жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп,ал зиянынан сақтанайық демекпін. Сондықтан техника қарқынды дамыған заманда Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол , аса білімді ұрпақ тірбиелеу үшін интернеттің үлесі күшті. Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет,оның пайдасы өте зор!
Тыңдағандарыңызға рахмет!
8. «Самғар» тобының сарапшы спикері
Армысыздар пікір-сайыс дегенде ішкен асын жерге қоятын көрермен қауым. Мен «Самғар» тобының спикері Аида ханым !
Иә,балық сүйексіз,адам қатесіз болмайды демекші, бүгінгі біздің топтың қатесі болса,кешірім сұраймын. Көтеріліп отырған мәселе әлемдік деңгейде қаралып отыр. Жаста болсақ, біз осы мәселеге үлесімізді қосып, қосымша мағұлматтармен жұмыс жасадық. Бүгінгі біз ұсынып отырған қарар өзекті.
Жер халқының келешегі жас буын, яғни біз! Олардың мәселесі шешілмесе келешектен қандай үміт күтеміз! Сондықтан мен тобымыздың ұсынып отырған мәселесі өзекті деп айтамын.

Асыл тастан, өнер жастан-демекші, осылай жас-ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселерін алуға жағдай жасалып отыр. Алайда балаларымыздың неге кіріп, неден шығып, қанша уақыт отырғанына назар аударғанымыз жөн. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді,тұлға тірбиелеу үшін интернеттің аса керегі жоқ деген тоқтамды жақтап отырмыз. Сонымен іске сәт,жұмыстарыңыз табысты болсын!
Назар салып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!

Сұрақ- жауаптармен алмасу

Даттаушы топ сұрақ

Егер үнемі онлайн ойындарын ойнап отырған баланы, қалай компьютерді өшіруіне көндіресіз. Оны ғаламтор шырмауынан алып шығуға бола ма?(компьрді не ғаламторды өшірсеңіз ызаланады,жылайды)

Жауап: Компьютерге тәуелді бола бастаған балалар жыласа да компьютерді іске қосуға қажетті жабдықтарды (пернатақта, тышқан, кабель) алып қоюға болады. Баланың жылағаны бір сәттік, ал компьютерге тәуелді болу ұзаққа созылады. 
Мектеп жасындағы балалар ата-анасының айтқанын түсінеді, тыңдайтындары көп. Кейбірі қорқандықтан амал жоқ компьютерден алыстайды. 
Баланы бір әрекеттен немесе заттан тыйғанда соған балама болатын әрекетті немесе затты ұсыну керек. Мысалы, компьютердің алдында телміріп отыруына кететін уақытты спортқа, физикалық тұрғыда денсаулығына пайдалы ойын түрлеріне жұмсауды үгіттеуге болады.

-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель математики и информатики

Продолжительность 600 или 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
17800 руб.
от 3560 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Интернеттің пайдасы мен зияны" пікір талас (34.56 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт