«Информатика сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту»
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы халыққа жолдауында “Жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық мәдениетті бойында қалыптастырған; шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру” туралы атап өткен болатын.
Бүгінде білім қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің кепілі. Оқытудағы жаңа технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі ол оқтушылар мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып, оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі. Сондықтан мен информатика сабақтарын оқытуда жаңа технология әдістерінің бірі сыни тұрғыдан ойлау педагогикалық технологиясын таңдап алдым. Біздің қоғамда сыни ойлауды (critical thinking) дамыту адамзат баласына баға жетпес мүмкіндіктер алып келеді. Әсіресе өздеріне жауапкершілік және қоршаған ортаға түбегейлі өзгерістер алып келуден қорықпайтын адамдар үшін, өте бағалы құндылық.
Сыни ойлау деген не?
1.Сыни ойлау – дербес жеке ойлау
2.Ақпарат – сыни ойлаудың бастапқы нүктесі
Сыни ойлау сипаты
3.Сыни ойлау сұрақ қою, мәселе анықтаудан басталады
4.Сыни ойлау сенімді дәлелдерге ұмтылады
5.Сыни ойлау – әлеуметтік ойлау
Сыни ойлауға не жатпайды?
1 .Есте сақтау.
2. Күрделі идеяларды түсіну.
3. Шығармашылық немесе интуитивті ойлау.
Есте сақтау оқу үдерісіне қажетті маңызды ойлау әрекеті болғанымен, сыни ойлауға жатпайды.
Берілген тапсырманы қарастыра отырып, оның құпиясы мен қисынын, заңдылығын түсіну сыни емес, логикалық ойлауға жатады. Сыни ойлау алынған идеяларды тексеру, пайымдау, бағалау мен қолдану кезінде пайда болады.
Инсайт (кенет шешімін табу), тапқырлық таныту, көптеген нұсқаларын іздеп табу шығармашылық ойлауға жатады.
Сыни ойлау алгоритмі
Танымдық қызмет мақсаты не? Мақсат бір нұсқаны таңдау, нұсқа болмағанда шешім табу, ақпаратты өңдеу, дәлелдердің сенімділігін бағалау, т.б болуы мүмкін.
І
Не белгілі? Бұл – сыни ойлаудың бастапқы нүктесі. Бұл кезеңде жетіспейтін ақпараттық табу жүзеге асырылады.
ІІ
Не жасау керек? Бұл кезеңде бұрынғы қалыптасқан ойлау икемділіктерін пайдалана отырып, мақсатқа жету жолы айқындалады. Бұл кезең – сыни ойлаудың қозғаушы күші.
ІІІ
Қойылған мақсатқа қол жетті ме ? Берілген тапсырмаларды орындау нақтылығы табысқа жетудің шешуші факторы болып табылады.
Қысқаша: 1.Мақсат не? 2.Не белгілі? 3.Не жасау керек? 4.Мақсатқа қол жетті ме?
ІҮ
Сыни ойлау икемділіктеріне жатады.
Р.Эннис пен Р.Пол бойынша негізгі сыни ойлау икемділіктері :
- ақпарат көздерінің сенімділігін бағалау;
- қажетті ақпаратты бөліп алып, ары қарай өңдеу;
- пікірлер мен жорамалдарды, айғақтар мен сенімдерді талдау мен бағалау;
- нақты ақпарат алу мен оны тексеру мақсатында сұрақ қоя білу;
- мәселені әр түрлі көзқарастар тұрғысынан қарай және оларды салыстыра білу;
- тілдік құралдарды дәл тауып, өз көзқарастарын баяндау айқындығы,
- шешім қабылдау мен өз таңдауын негіздеу икемі.
СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ
Б ағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.
Үйретуді дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Қандай болмасын сыныптың кез келген қоғамға тән сан қилы қызығушылықтар, қабілеттер, тәжірибе мен мүмкіндіктер сипаттайды. Сондықтан мен оқу материалын дайындағанда және оқыту әдістерін таңдағанда осылардың бәрін ескеруге тырыстым. Сабақ беретін сыныптарымды саралай келе, тізбектелген сабақтарымды 7 қазақ сыныбында өткізуді ұйғардым: 1. бұл сыныпқа информатика пәнінен 5-сыныптан сабақ беріп келемін, әрі сынып жетекшілік етемін; 2. балалардың өзге сыныптарға қарағанда белсенділіктері жоғары; 3. білім сапасы да сабақ беретін сыныптарымның ішінде ең жоғары; 4. мектеп психологы осы сынып оқушыларының қабілеттері мен мүмкіндіктері сыни тұрғыдан ойлау технологиясын жеңіл игеретіндігін атап өтті;
СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың 3 сатысы
3 сатысы
Ой толғаныс сатысы
Ой толғаныс сатысы
Мағынаны тани білуі
Мағынаны тани білуі
Қызығушылықты ояту
Түртіп алу
Түртіп алу
Әлемді шарлау
Болжау
Топтау
Әлемді шарлау
Болжау
Жұптық талқылау
Ойлану
11
Мағынаны тани білу
Өз бетімен жұмыс жасау
Жаңа ақпаратпен
Тақырып бойынша жұмыс істейді
Тапсырмалар орындайды
Ой толғаныс сатысы
Семантикалық карта
Бес жолды өлең
Венн диаграммасы
Еркін жазу
Оқушы
Эссе жазады
Мәтін құрастырады
Өлең жазады
Рефлекция жасайды
Мектептен тыс мекемелермен байланыс орнатады
Ата- аналар
Мұғалім
Қолайлы жағдай жасайды
Құштарлық білдіреді
Жұмыс дәптерін жүргізеді
Стратегиямен танысуға
Зерттеу жүргізеді
Сын тұрғысынан ойлаудың алғашқы нәтижелері
Ата- аналар
Оқушы
Мұғалім
Сыни тұрғыдан ойлау жобасында топпен жұмыс жасау қарастырылатын болғандықтан, онда коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырудың шешімін де табуға болады. Топта жұмыс істеу барысында балалар бір-бірімен қарым-қатынас орнатуға үйренеді. Оқушылар өткен сабақтарда топта жұмыс істегендіктен топта жұмыс істеу ережелерін біледі.
Топтарға алдын ала әзірленген бағалау парақтарын таратып беріледі. Бағалау парағында әрбір тапсырма бағаланатындығы көрсетілген. Оқушылар өз топ басшыларын сайлады, сол топ басшысы бүкіл топ мүшелерін осы бағалау парақтарында бағалауға тиіс болды. Сабақтың мазмұнын ашу мақсатында оқулықтан тыс екі топқа сыни ойлауға дағдылантыратын арнайы сұрақтар берілді. Оқушылардың іс-әрекеті тақырып бойынша ой қозғайды, ұжыммен жұмыс жасайды, өздерінің жұмыстарын тиімді жолмен екінші топқа таныстырады. Оқушылар мәтіннің мазмұнымен өздері танысты. Және топ ішінде сұрақтарға сын тұрғысынан ойлау арқылы әр түрлі нұсқада жауаптар ұсынып талқылау жүргізеді.
Сабақ барысында оқушылар өз пікірлерін, ойларын қорытып, плакатқа сурет, жазба түрінде түсірді. Жұмыс істеу барысында оқушылар белсенді болды, әрқайсысы ойларын айтып жатқандары көрінді. Сонымен қатар теориялық алған білімдерін практика жүзінде еркін көрсетіп отырды. Постер жасап болған соң, топтардың спикерлері жұмыстарын қорғады. Сабақтарда балаларға ерік беріп, өздеріне спикер таңдауға мүмкіндік беріп отырдым. Бағалаудың критерийіне сай оқушылар сол жұмыстарын ауызша қағазға қарамай қорғау болды. Спикерлер үлгерімі жақсы оқушылар болғандықтан, постер қорғауда аса қатты қиындық болған жоқ.
Сабақты қорытындылау мақсатында балаларға өткен жаңа тақырып бойынша рефлексивтік және тест сұрақтары ұсынылады. Балалар сұрақтарға жұпта, кейін топта талқылап, жауап берді. Бағалауда бағалау парақтарында топ көшбасшысы қойған бағалармен таныстыра отырып, оқушыларды бағалаймын. Кері байланыста балалар «Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдым?» деген сұраққа смайликтер арқылы жауап береді. Балалардың жауаптарынан сабақты қаншалықты меңгергендігін анықтап отырдым
Өткізілген сабақтарға сараптама жасай отырып, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің келесі тиімді жақтарын анықтадым:
-оқушының - ойлау, талдау, іздену, дәлелдеу қабілеттері артады; -сабақта шешуші рөл атқаратын оқытушы емес, керісінше, оқушы екені туралы пікір қалыптасады; -оқушыны өз пікірін білдіруге және өзгенің пікірін құрметтеуге қалыптасады; - оқушы шығармашылықпен ойлауға жетеленеді; -әрбір оқушының білім дәрежесін басқа оқушымен салыстыру емес, оқушының кешегі нәтижесін, бүгінгі және ертенгі нәтижелерімен салыстыру арқылы даму динамикaсына мониторинг құруға мүмкіндік алуға болады; - оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай туады; - алған білімге сын көзбен қарау, білімді сапалы түрде алады; -оқушы мен оқытушы арасындағы өзара сыйластық, бір-бірінің үйренудегі және үйретудегі көмегі зор болады; - пәнге деген қызығушылығы артады; - сыныпта психологиялық жағымды климат орнайды; - сабаққа балалар 100% қатысады;
Назарларыңыз үшін рахмет!