Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: Лабиринт,виртуалды лабиринт.Лабиринттен шығу алгоритмдерін құру.
Пәні: Информатика
Сынып:5 «А»
Пән мұғалімі: Касымов М.А.
2017-2018оқу жылы
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3 Мектеп: Тұрар Рысқұлов
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Касымов М.А.
Сынып: 5 «А» Қатысқандар: Қатыспағандар: | |
Ашық сабақтың тақырыбы | Виртуалды лабиринттен шығуды табу
|
Осы сабақта қол Жеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасына сілтеме) |
5.3.2.2. алгоритмді сөз түрінде ұсыну |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар : алгоритмді сөз түрінде ұсына алу; Оқушылардың басым бөлігі: виртуалды лабиринттен шығу жолдарын ойлап анықтау; Кейбір оқушылар : алгоритм атқарушы командаларын білу, жұмыс жасау.
|
Бағалау критерийі | - алгоритмді сөз түрінде ұсына алады; - виртуалды лабиринттен шығу жолдарын ойлап анықтайды; - алгоритм атқарушы командаларын біледі, жұмыс жасайды. |
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология: Алгоритм, орындаушы, команда, қадам, бағыт, таңдау |
Құндылықтарға баулу | Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету
|
Пəнаралық байланыс | математика, бейнелеу
|
Алдыңғы білім | Лабиринт атауын , не үшін қолданамыз, лабиринттен шығудың қандай әдістері бар екенін біледі
|
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы 0-3 минут
4-8 минут
| Сәлемдесу Оқушыларды түгендеу Психолоиялық тренинг: Шаттық шеңберіндегі өлең жолдарын барлығы бірігіп тақтадан оқиды: Қайырлы күн, достым, Қайырлы күн болсын. Сәрсенбінің сәті Сәттілікке толы болсын! Біздің алар бағамыз, Кілең өте жақсы болсын!
Топқа бөлу: Күн және жұлдыз арқылы оқушыларды топқа бөлу.
Үй тапсырмасын пысықтау «Он сөйлемді эссе» әдісі оқушылар алдынғы өткен тақырыптарын эссе ретінде қағаз бетіне түсіріп береді.
|
Күн және жұлдыз смайликтер |
9-16 минут
Сабақтың ортасы
17-30 минут
31-36 минут | Жаңа сабаққа байланысты суреттерді слайдта көрсету арқылы , бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып аламын. Бұл суретте не бейнеленген? Виртуалды лабиринт желі арқылы түрлі өткелдер мен қиылыстарды , кедергілерді өту бойынша берілетін ойындар топтамасында, балалар ойындарында көптеп кездеседі. Азіргі таңда 3G форматында да шығарылып жатыр . Балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін жаттықтыруға негізделіп жасалған. Екі топқа тапсырма беріледі: «Ойлан, ізден, тап !» әдісімен оқушылар өз мақсатына жету үшін жолдарын сызып шығады және қоян сәбізге жету үшін сөздік алгоритм жазады.
Дескриптор: Білім алушы -орындаушының тура қадамын санайды -«Солға бұрылу »/ «Оңға бұрылу / Алға жүру » командасын қолданады. «Ойлан, ізден, тап !» әдісімен оқушылар өз мақсатына жету үшін жолдарын сызып шығады және қызыл қоңыз үйіне жету үшін сөздік алгоритмін құрады.
Дескриптор: Білім алушы -командалар санын анықтайды --«Солға бұрылу »/ «Оңға бұрылу / Алға жүру » командасын қолданады. Сергіту сәті Ақ қағазды алып сол қолмен төбесіне қойып, оң қолымен аралдың суретін бейнелейді. Деңгейлік тапсырма «Кім жылдам» әдісі арқылы білім алушы ФИНИШке бірінші болып жететін орындаушыны сызып көрсету керек | Слайд 7 http://www.igames .com.ua/FlashGame.aspx ?name=virtual_large_ maze___set_1010 Слайд А4 қағазында беріледі Слайд А4 қағазында беріледі Слайд Үлестеме қағаздар
|
Сабақтың соңы 37-40 мин
| Рефлексия Аты-жөні : сыныбы : Сабақта сен лабиринттен шығу жолдарын таба алдың ба?
Үйге тапсырма : §18-19 Виртуалды лабиринттен шығу жолы
| Стикерлер беріледі. |
Саралау – Сіз қандай тəсілмен Көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда Қабілетті оқушыларға тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық жəне Қауіпсіздік техникасын сақтау |
Қабілеті жоғары оқушыларға: «Кім жылдам» әдісімен қадамын анықтап, сөз түрінде ұсыну. | Бағалау критерийлері бойынша әр оқушының қосқан үлесі әділ бағалануларына назар аударамын Түрлі түсті қарандашпен үйрек балапандарына жету жолын сызып көрсету керек Практикалық тапсырмалар дескрипторларының орындалуына қарай бағаланады. Үй жұмысын және сабақты пысықтауда смайликтерді пайдаланамын. Кері байланыс "Бағдаршам" әдісі арқылы жасалады.
| Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау ескерту Оқушылaрдың қөңіл-күйін көтеруге "Шаттық шеңберін" қолданамын. Басқаның пікірін тыңдауға дағдылау. Сергіту сәтіндегі жаттығуын орындау. |
Информатика пәні мұғалімі: Касымов М.А. Лабиринт,виртуалды лабиринт.Лабиринттен шығу алгоритмдерін құру.
Информатика пәні мұғалімі Касымов Максат сабақта
Топпен іздену жемісін береді. Балалар жұмысын қорғауда.