| СИСТЕМА МЕНЕДЖМЕНТА КАЧЕСТВА МЕТОДИЧЕСКАЯ ИНСТРУКЦИЯ ПО ПЛАНИРОВАНИЮ УЧЕБНЫХ ЗАНЯТИЙ | Ред 1 |
|
|
Сабақ жоспары № 10
Күні: Пән химия Тобы
Оқытушының Т.Ә.А. Кайырбекова И.А.
І. Сабақтың тақырыбы II А топша элементтеріне жалпы сипаттама. Кальций және магний. Судың кермектілігі
Сабақтың түрі және типі Жаңа білім беру сабағы
1.Мақсаты Сілтілік- жер металдар, олардың периодтық жүйедегі орнын, атом құрылысын, тотығу- тотықсыздану қасиеттерін, физикалық және химиялық қасиеттерін толық сипаттауға үйрету
2. Міндеттері
а) Білімділік: сілтілік-жер металдар жайлы ұғымды қалыптастыру
ә) тәрбиеліқ Пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, еңбекке, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
б) дамытушылық салдарды анықтап, соның негізінде қорытынды шығару, материалды
жүйелеу, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Үштілдік оқыту жүйесін дамыту.
ІІ. Күтілетін нәтиже.
а) оқушылар түсінуі тиіс сілтілік –жер металдардың қасиеттерін
ә) оқушылар құндылы бағдары болуы сілтілік-жер металдардың қасиеттерін сипаттайтын тәжірибе арқылы дәлелдеуді, химиялық сауаттылықты
б) оқушылар жасай біледі қасиеттерін дәлелдейтін тәжірибе
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі; Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау және тексеру.
ІІ. Білімді актуализациялау: Диктант:
1 топ:
А) сыртқы деңгейінде 1 е 4 қатарда тұрады (а)
Б) оттекпен әрекеттескенде қостотығы түзіледі (и)
В) атмодық салмағы 7 тең (й)
Г) рет нөмірі-19 (г)
Д) сілтілік металдар (м)
Е) протон саны 11 (н)
2 топ:
А) сыртқы деңгейінде 1 е 6 қатарда тұрады (к)
Б) оттекпен әрекеттескенде оксиді түзіледі (ь, ц)
В) атомдық салмағы 133 тең (а)
Г) рет нөмірі-55(и)
Д) сілтілік металдар (л)
Е) протон саны 7 (й)
ІІІ. Жаңа білім беру:
Терминологиямен жұмыс. Жаңа терминдермен таныстыру.
Сілтілік-жер металдар | Щелочно-земельные металлы | Alkaline-earth metals |
Судың кермектілігі | Жесткость воды | Water hardness |
Сілтілік-жер металдарының қасиеттері | Свойства щелочно-земельных металлов | Properties alkaline earth metals |
Жоспар:
Сілтілік-жер металдардың периодтық жүйедегі орны
Сілтілік – жер металдардың атом құрылысы
Сілтілік-жер металдардың қасиеттері
Сілтілік- жер металдардың алыну
Сілтілік металдардың қосылыстары
Судың кермектілігі. Жою әдістері.
Сілтілік- жер металдарға сипаттама беру
ІV. Бекітуге:
3 -5 жаттығу 105 бет.
Сандық есептер шығару:
1 топ: 80 г кальций жанғанда түзілетін оксидтің массасын есептеңіз.
2 топ: 48 г магний жанғанда түзілетін оксидтің масасын есептеу
Тест жұмысы
V. Жұмысты қорытындылау, бағалау
VІ. Үй тапсырмасы § 5.5.-5.6. 1-8 жат 109 бет
КГКП «БГТК» 2016 Конфиденциально Страница 5 из 1