Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Әйгерім дастарханды әзірлеп жатыр

Әйгерім дастарханды әзірлеп жатыр

?з т?жірибесіне с?йене отырып,??гімелеуге ?йрету.Балаларды? айтыл?ан ойды ты?дау?а ж?не ??ыну?а,??гімеге араласып,с?рау?а ж?не с?ра??а жауап беру біліктілігін дамыту.бір-біріне жа?сылы? тілеуге т?рбиелеу

30.12.2016

Содержимое разработки

Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2013 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:09.09.13ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Әйгерім дастарханды әзірлеп жатыр»

Мақсаты: өз тәжірибесіне сүйене отырып,әңгімелеуге үйрету.Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға,әңгімеге араласып,сұрауға және сұраққа жауап беру біліктілігін дамыту.бір-біріне жақсылық тілеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:нан,май,тұз,қант,жемістер.

Қолданылатын көрнекі құралдар:тіл дамыту дәптері,қазақы дастархан үнтаспадан қолдану.

Қостілділік компоненттер: дастарқан-дастархан.


Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














Дастархан суретін көрсету.

Балалар қызығушылық танытады.


-Балалар,бұл не?

«Қ»дыбысына дыбыстық жаттығу жасату.

Қа-қа-қа-қан,

Қа-қа-қа-қат,

Қан-қан-қан-дастарқан.

«Қ»дыбысы дауыссыздыбысқа жатады.

«Қазақы дастарқаным»әнін тыңдату.

Әнін жазған:М.Ілиясов.

Сөзін жазған:Ж.Боранбаев.

Бүгінгі ел ішінде,

Дәстүрді жалғастырған.

Татулық белгісі ме,

Жағалай малдас құрған

Қ-сы:

Ей, менің асқар тауым,Қазақы дастарханы.

Дастарқан.

Жаттығуды орындайды.









Балалар тәрбиешімен бірге әнді қайталайды.


Ұйымдастыру,іздестіру

Өзіңсің бақ берекем,

Ақ қайнар бастауларым.

Сұрақ-жауап:

-Балалар,дастарқан неліетен берекелі деп аталады?

Нақыл сөз: «Ас атасы- нан»деген сөз бар,нанды немесе

Жалпы тамақты тебуге немесе басуға бола ма?

«нан-ардақты,асыл ас»өлеңін оқу.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріпа,алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Ә.Қалдыбаев.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.

Жаңа сөз:Қансауыт сөзін қайталайық?

-Нанның өзі ыдыс,майдың да ыдысы,тұздың да ыдысы

Болады екен.Олар қалай аталады?

Сергіту сәті.

Ал,балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып,бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Мазмұнды-рөлді ойыны: «Дүкенші»










Өлеңді жаттап алады.










Жаттығуды орындайды.


Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Рефлексивті

түзетушілік

Жаңа сөздердің дыбыстарын дұрыс айтуға

Ұсыныс білдіру.

Балалар сөздерді анық айтуға тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:жай сөйлем мен күрделі сөйлемді қолдануды.

Игереді: жаңа сөздерді,ізгі сөздерді айтуды.

Меңгереді:Дастарқан әзірлеуді.





Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2013 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:09.09.13ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Қонақтарды күтеміз»

Мақсаты: Заттарды топтастыра суреттеуге үйрету.(ыдыс,асүйлік,асханалық)сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту,олардың атақару қызметін ұғындыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар:доп,гүл,тіл дамыту дәптері.

Сөздік жұмыс: ыдыс-аяқ,гүл.

Қостілділік компоненттер:ыдыс-посуда,гүл-цветок.


Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














-Балалар,мына суретке қараңдаршы!

-Балалар,бұл не?

Балалар қызығушылық танытады.

-Бұл -гүл.


Шеңбер құрып тұрып, «Гүл йіскеу» ойынын ойнату.

Гүдерді иіскеп шығып,гүлдерге әсерлі сөздер айту.

Мысалы:хош иісті гүл екен.әдемі гүл,жұпар гүл иісті.

-Балалар,сонымен қатар өсіп тұрған ауладағы гүлді жұлуға бола ма?

-жақсы,жаңа бізгүлді хош иісті дедік.Кей уақытта үйге қонақ келгенде немесе мереке күндерде біз үстелдің ортасында құмыраға су құйып,гүл қоямыз,себебі:бөлменің ішінен аңқыған гүлдің иісі шығып тұрсын деп.Ал,енді балалар,гүл ұғымын түсініп

Алдық енді ойын ойнап алайық.

Ойын: «Көңілді доп»балаларға допты лақтырып,қағып алған бала кез келген ыдыстың атын айту керек.

Ескерту,бірінің айтқанын қайталамайды.

Дастарқан.

Жаттығуды орындайды.









Балалар шеңбер бойымен тұрады.


Ұйымдастыру,іздестіру

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі ыдыстың бөліктерін толықтырып сал.

Тапсырмасын орындау.

Сергіту сәті.

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бұрыл,

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бұрыл,

Алға қарайбір адым,

Артқа қарай бір адым.

Тіл ұстарту жаттығуы.

Ыс-ыс-ыс

Болсын мол ырыс

Болып қапты қыс

Аман болсын туыс

Ыдыстарды жуыс

«Ы»дыбысының дауысты дыбыс

екендігін айту.Балалар меніменбірге орысша атауларын қайталаңдар. ыдыс-посуда,гүл-цветок.

Тапсырманы орындайды.



Жаттығуды орындайды.









Өлеңді жаттап алады.

ыдыс-посуда,гүл-цветок.



Рефлексивті

түзетушілік

Оқу іс –әрекетін қорытындылау.




Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:ыдыстарды және олардың атқаратын қызметін білуі.

Игереді: жаңа сөздерді.

Меңгереді: «Ы»дыбысын ажыратуды.















Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2013 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:09.09.13ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Екі сараң қонжық»

Мақсаты: ертегі желісін өз сөзімен жеткізу біліктілігін арттыру.бауырмалдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.Балаларды таныс әдеби ертегілерді сахналауға ұмтылдыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар:тіл дамыту дәптері,қуыршақ театрынан екі қонжық,аю,түлкі.

Сөздік жұмыс:аю,қонжық.

Қостілділік компоненттер:аю-медведь.қонжық-медвежонок.


Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














Екі сараң қонжық кейіпкерлері қонаққа келеді.


Балалар қуана қарсы алады.


- Қуыршақ театрының көрсетілімі.

(Ертегі басынан аяғына дейін қуыршақ театрында қойылады.)

-Балалар,сендерге ертегі ұнады ма?

-Ендеше осы ертегіні сахналайық!Мен ертегі жүргізушісі боламын.Кім қонжық болғысы келеді?

Кім аю болады?

Ал кім түлкі болады?

«Екі сараң қонжық»

Жүргізуші:

Ертеде ну орманда бір кәрі аю тіршілік етіпті.аюдың екі қонжығы болыпты.Қонжықтар өскенде бақыт іздеуге жолға аттаныпты.Олар жолға шығар алдында анасымен қоштасыпты.Анасы қонжықтарын құшақтап,еш уақытта бір-бірінен айырылыспауды талап етіпті.









Балалар өз еркімен рөлдерді бөліп алады.


Ұйымдастыру,іздестіру

Анасының бұйрығын орындауға сөз берген екеуіжолға шығады.Алдымен олар тоғайдың шетімен,содан соң жазық даламен жүріпті.Сөйтіп олар шаршап,қоректері таусылады.Ал жолдан табатын ештеңе болмайды.Қонжықтар бірінің артынан бірі еріп келе жатты.

Сол уақытта кіші Қонжық:

Ал екіншгі Қонжық:

Жүргізуші:Солай жүре береді.Кенеттен олар үлкен ірімшікке кезікті.Әділ жолмен бөліспек болып еді,бөлісе алмады.Оал ұрыссып тұрғанда қастарына Түлкі келеді.

Жүргізуші:Түлкі ірімшікті тең бөлмеді.Қонжықтар бұған ренжіді.Түлкі оларды жұбатып,

Жүргізуші:ол үлкен жартысын қылғытып жұтып қояды.осылайша қу Түлкі Қонжықтардың ірімшігін біраз әдейі тең бөлмей өзі жеп,азғантай қалдырып,.оларды теңдеп,екеуіне береді.

Түлкі оларға күліп:

Сергіту сәті.

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп,теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Балалар,қонжықтың орысша атауы-медвежонок.Аю-медведь.


-Ағатайым менің қарнымашты!-деп шамданады.

-Менің де қарным ашты!-деп өңі бұзылып,басын шайқайды.

-Мен сендерге ірімшікті теңдейетіп бөліп беремін-деді.

-Жоқ бұлай бірдей емес.

-Міне сараң арам,

болсаң азығыңнан құр қаласың-деп өз жөніне кете барады.



аю-медведь.қонжық-медвежонок.

Рефлексивті

түзетушілік

Оқу іс –әрекетін қорытындылау.

Дид ойын: «Бұл ненің ізі»Тіл дамыту дәптеріндегі «бұл ненің ізі» тапсырмасын орындатыу.


Балалар дәптерді ашып қай аңның ізі екенін сызып көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:аюдың дыбысын салуды.

Игереді: ертегі кеіпкерлерін сахналауды.

Меңгереді: іздерді тез ажырата біледі.





Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2013 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:09.09.13ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Біз қалай,Аязатаны қарсы алдық?»

Мақсаты: өз тәжірибесіне сүйене отырып,әңгімелеуге үйрету.Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға,әңгімеге араласып,сұрауға және сұраққа жауап беру біліктілігін дамыту.бір-біріне жақсылық тілеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:тіл дамыту дәптері.

Сөздік жұмыс:жаңа жыл,шырша.

Қостілділік компоненттер:шырша-елка.


Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














Шеңбер құрып тұру.

Кел,балалар,тұрайық,

Шеңберімізді құрайық.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.


Балалар қуана қарсы алады.


- Балалар,біз жақында қандай мерекені тойладық?

«Аяз ата»әнін орындату.

Жаңа жылда барлық үйге,Аязата келеді,

Жаңа жылда сәбилерге сыйлық әкеп береді.

Әңгімелесу.

-Балалар,жаңа жыл қай мезгілде болады?

-Жаңа жылда кім келеді?

-Ал,Аязатаның қасында кім болады?

«Р»дыбысына жаттығу жасату.









Балалар өз еркімен рөлдерді бөліп алады.


Ұйымдастыру,іздестіру

Қар-қар-қар-қар.

Ра-ра-ра-рама,

Ро-ро-ро-роза.

Ру-ру-ру-қару.

Ры-ры-ры-тары.

Рү-рү-рү-Рүстем.Балалар, «р»дыбысы дауыссыз дыбысқа жатады.

-Біз шырша тойын тойлаймыз ба?

-Сендерге шыршаны ойыншықтармен безендірген ұнайма?

-Аязата несімен сендерге ұнайды?

-Кім қандай тақпақтар біледі?

Дидактикалық ойын: «шыршаны безендірейік»

Шарты:тіл дамыту дәптерімен орындалады.

Сергітусәті.

Секірейік,жүгірейік,

Қуанайық,күлейік.

Отырайық демалайық,

Демалып ап жүрейік.

шырша-елка.

Р дыбысына арналған жаттығудыорындайды.



Еркін өз ойларын айтады.



Дәптермен жұмыс жасайды.





Қимыл-қозғалыс жасайды.

шырша-елка.

Рефлексивті

түзетушілік

Оқу іс –әрекетін қорытындылау.

Бір-бірін жаңа жылмен құттықтап,тілек айту.ол тілектерінің міндетті түрде орындалатынын айту.

Балалар тілектерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:дыбыстыдұрыс айтуды.

Игереді: әдемі безендіруді.

Меңгереді: толық сөйлемдер құрауды.















Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2014 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:09.09.13ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Әңгімеле»

Мақсаты: Балаларды екі ойыншық жайлы шағын әңгімелерді бейнелеп айта білуге ,жай және күрделі сөйлемдерді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтап,қысқаша әңгіме құруға үйрету.

Алдын-ала жұмыс: Отбасы мүшелеріне кімдер жататынын әңгімелеп сұрау.

Қолданылатын көрнекі құралдар:тіл дамыту дәптері.қазақы көйлек киген екі қуыршақ(бірі үлкен,бірі кіші).

Сөздік жұмыс:Отбасы

Қостілділік компоненттер:Қуыршақ-кукла.отбасы-семья.


Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














Ғажайып сәт:

-Балалар,біздерге қонаққа қуыршақтар келді.

Балалар қуана қарсы алады.


- Балалар,ең алдымен бізге қонақ келсе не дейміз?

-Балалар,амандасудың да көптеген түрлері бар?

-Ендеше,біз екі қонағымызды төрге шығарайық.

-Балалар,екі қыз апалы-сіңлі екен.яғни екеуі де бір үйдің қыздары екен.

Енді осы екі қызға қарап отырып,шағын әңгіме құрайық.

Әңгіменің тақырыбы:

«Айгөлек пен Айгүл»

-Иә,яғни Айгүл қазақтың ұлттық киімін киіп алыпты.

Қараңдаршы қандай әдемі? Сендерде қазақтың ұлттық

киімін кигенді ұнатасңдар ма?

-Біздің ұлтымыз қалай аталушы еді?

-Иә,біздің Республикамыздың аты?

-Амандасамыз.

-Сәлеметсіз бе?

-Аман-есенсіз бе?

-Сәлем! Ер адамдарға кіші ұлдар:

«Ассаламағалейкум!!»-деп амандасады.

-Қош келдіңіздер!

-Әрине ұнатамыз.

-Біздің ұлтымыз қазақ.

-Біздің Республикамыз Қазақстан деп аталады.

Ұйымдастыру,іздестіру

-Біздің жеріміз қандай?

-Біздің туған жерімізді,Отанымызды жақсы көреміз бе?

-Біздің жерімізде басқа ұлт өкілдері тұрады.Олар қандай ұлт өкілдері?

-Дегенмен біз барлық ұлт өкілдерімен бірге тату- тәтті өмір сүріп жатырмыз.

-Ал,енді балалар, бізге келген қуыршақ қызды әңгімелейік.Айгүлдің шашы қандай екен?

-Балалалр,сендер халық әні: «Айгөлек»әнін білесіңдер ме?

Сергіту жаттығуы:

Айгөлек-ау,айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай туған кезімде,

Би билейміз дөңгелек.

(Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау).

-Балалар,енді сендер Айгөлек пен Айгүлдің ауылына барғыларың келе ме?

-Ендеше барлығымыз көз жұмамыз.Көз жұму әдісі:Қысқы ауыл бейнесін елестету.

-Боран дауысы қалай шығушы еді?

-Иә,уілдейді.Айгөлек пен Айгүлдің отбасында атасы,әжесі,ағасы,жеңгесі,әпкелері,інілері бар екен.Сонда олар үлкен отбасылы ма?әлде кіші отбасылы ма? «Отбасы»өлеңін жаттату.


-Әрине жақсы көреміз өйткені біз осы жерде туылғанбыз.

-орыс,татар,кәріс,ұйғыр,өзбек,қырғыз т.б.

-Айгүлдің шашы қара,бұрымды,қолаң және ұзын болып өріліпті.

Ол үнемі өзінің сіңлісін тастамайтын қыз екен.

Оның Сіңлісінің аты-Айгөлек.

Балалар көздерін жұмып ,көз алдарына қысқы ауылды елестетеді.

-Уууууууууууууууууу

-Олар үлкен отбасылы екен.


Рефлексивті

түзетушілік

Оқу іс –әрекетін қорытындылау.

Екі ойыншыққа сипаттама бере білу керек.

Сипаттамада ең әдемі сөздермен жеткізе білу керек.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Мақал-мәтелді білу.

Игереді: әңгімелеуді игерді

Меңгереді: суретарқылы тақпақты жылдам жаттап алуды біледі..



Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2014 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:04.02.14ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Менің сүйікті жануарым»

Мақсаты: Жұмбақты шешу арқылы,балаларды өз тәжірибесінен әңгіме құрауға,сөйлеу барысында сын есімдер мен етістіктерді (жануарларға сипаттама беру арқылы қайда өмір сүретінін,немен қоректенетіні )қолдана білуге үйретуді жалғастыру.

Алдын-ала жұмыс:Үй жануарларының суреттерін дайындау.

Қолданылатын көрнекі құралдар:

Сөздік жұмыс:үй жануары.

Қостілділік компоненттер:жылқы-лошадь,түйе-верблюд,қой-баран,ешкі-коза.


Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














Иір-иір денесі,

Сахараның кемесі,

Ащы шөптер тамағы

Шөлге шыдап бағады.

-Бұл не?

-Қандай үй жануарларын білесіңдер?

-Түйе үй жануары ма?,әлде дала жануары ма?

-түйенің қандай пайдасы бар?

-Түйе төлін қалай атаймыз?

-Балалар, жануарларды тебуге,немесе ұруға бола ма?

Жұмбақтың жауабын табады.

-жылқы,түйе,ит,,мысық,қой,ешкі.

Түйе үй жануарына жатады.


Тіл ұстарту жаттығуы.

Ие-ие-ие

Шөгіп жатыр түйе,

Құлындайды бие

Табылар саған ие.

«И»дыбысының дапуысты дыбыс екендігін айту .


Дыбысты анық айтуға тырысады.

Балалалр и дыбысынан басталатын сөздерді қайталайды.

Ұйымдастыру,іздестіру

Сергіту сәті.

Мен өркешті түйемін,

Басымды жерге иемін

Маң-маң басып далада

Жантақ жеуді сүйемін.

Дәптермен жұмыс.

Үй жануарларына жатпайтын жануарларды анықтап,оларды қорша тапсырмасын орындау.

Дидактикалық ойын: «Үй жануарлары»ойын мақсаты:

Үй жануарларының дене мүшелерін атауға,ажыратуға

үйрету.шарты хатқалтадан үй жануарларының суреттерін алып,сол суреттегі жануарларды атап,олардың дауысын келтіріп,қалай еркелетіп айтатынын айту.мысалы:боташым,құлыншағым,т.б.

жылқы-лошадь,түйе-верблюд,қой-баран,ешкі-коза.

Балалар сергіту

Жаттығуын қайталап,түйенің жүрісін салады.

Балалар суреттің қайсысы екеннін белгілеп қояды.


Балалар ойын шартын түсініп, ойынды ойнайды.

жылқы-лошадь,түйе-верблюд,қой-баран,ешкі-коза.

Рефлексивті

түзетушілік

Оқу іс –әрекетін қорытындылау.

Балаларды соңынан оқу іс-әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап,мадақтау.

Балалар қуанышты сезімде болады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй жануарлары қандай екенін, олардың қандай пайдасы бары жайлы біледі.

Игереді: жан-жануарлдардың қалай дыбыстайтынын.

Меңгереді: үй жануарлардың төлдерін біледі.

















Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2014 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:11.02.14ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Ертегіні тауып айт»

Мақсаты: Сұраққа жауап беруде,ертегі жолдарын қолдану арқылы,толық сөйлеммен айта білуге үйретуді жалғастыру.

Алдын-ала жұмыс:Ертегілерді еске түсіру.

Қолданылатын көрнекі құралдар:әтештің дауысы жазылған үнтаспа,тіл дамыту дәптері.

Сөздік жұмыс:Әтеш,тоты құс.

Қостілділік компоненттер:әтеш-петух,тотықұс-попугай.


Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














Үнтаспа арқылы әтештің таңды шақырған дауысын тыңдату.

-Ку-ка-ре-ку, Ку-ка-ре-ку,

-Балалар бұл ненің дауысы?

-Әтеш үй құсы ма,әлде дала құсы ма?


Балалар қызығушылық танытады.

Ку-ка-ре-ку, Ку-ка-ре-ку,

-Бұл әтештің дауысы.

-Әтеш үй құсы.


«Ә» дыбысына жаттығу орындау.

Ә-ә-ә-ә-ә-әтеш,

Ә-ә-ә-ә-әтір,

Ә-ә-ә-ә-әк,

Әт-әт-әт-әткеншек.

«Ә»дыбысының дауысты дыбыс екендігін,ауыздан еркін шығатынынын түсіндіріп өту.

Ертегі оқу. «Әтеш пен Тотықұс»

Ерте,ерте,ерте де ешкі құйрығы келтеде,аң мен құстардың ішіәндегі ең әдемісі,сымбаттысы Әтеш болыпты.Сондықтан ол тәкәппар екен.

Жүріп тұрса да маңғазданып, сылаңдай басады екен.Қоқыраяды, да жүреді.Бірде-бір аңмен не құспен сөйлеспейді.

Ертегіні мұқият тыңдауға тырысады,түсінбегендерін сұрайды.

Ұйымдастыру,іздестіру

Жалғыз серігі Тотықұс болыпты.Тоты байғұстың үстінде жөні түзу киімі де жоқ екен.Бір күні тоты кербез әтешке келіп,

-Досым,мен бүгін қонаққа бармақ едім.Жөнді киімім де жоқ.Мына түріммен қалай барамын.Мені сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой.Маған үстіңдегі әдемі киіміңді бере тұршы,-деп қиыла жалыныпты.

Әтеш досының сөзіне сеніп,үстіндегі әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті.Сөйтіп Тотықұс әдемі киініп,тойға кетеді.

-Егер мен кешіксем,дауыстап шақыр.Келмей жатсам,тағы да шақыр,дауысыңды естиін, дейді.

Сөйтіп, Тотықұс әсем киініп,тойға кетеді,бірақ ол қайтып оралмайды.Әтеш ол естісін деп үсті-үстіне шақырады.Ешқандай хабар болмайды.

Содан күні бүгінге дейін Әтеш Тотықұс пен әдемі киімін іздеп таң атысымен,күн батқанша айғайлап шақыра береді екен.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы ертегінің мазмұнын сұрау.

Сергіту жаттығуы.

Қанатымды жазамын,

Жоғары-төмен қағамын.

Биік көкте айналып,

Жұлдыздай жылдам ағамын.

Балалар,құстар өзі немен қоректенеді?Қандай құстарды білесіңдер?

Дәптермен жұмыс. «Қай сурет артық?»тапсырмасын орындату.Ойын «Ұшты-ұшты не ұшты?»

әтеш-петух,тотықұс-попугай.
















Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сергіту жаттығуын орындайды.

Құрт,құмырсқа,дәндермен қоректенеді.

Балалар ойын ойнайды. әтеш-петух,тотықұс-попугай.

Рефлексивті

түзетушілік

Оқу іс –әрекетін қорытындылау

Ертегіні әңгімелеген уақытта,толық сөйлем құруға ұсыныс беру.

Балалар ұсынысты қабылдайды..

Күтілетін нәтиже:

Біледі: құстар қалай пайда болатындығын білу.

Игереді: құс ұясын жасауды.

Меңгереді: құстар біздің досымыз екендігін



Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2014 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:18.02.14ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Үй жануарлары(суреттің осы көрсетілім бойынша әңгімелеу.)»

Мақсаты: Балалардың үй жануарлар мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып,жануарлар туралы айту біліктілігін бекіту.Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдердің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше көпше түрлерін қолдана білу іскерлігін дамыту.

Алдын-ала жұмыс:Үй жануарлар мен олардың төлдерінің суреттерін дайындау..

Қолданылатын көрнекі құралдар :ойынға арналған көз байлайтын орамал,үй жануарларының суреттері,тіл дамыту дәптері.

Сөздік жұмыс:.Үй жануарлары.

Қостілділік компоненттер:бота-верблюжонок,қошақан-ягненок,құлыншақ-жеребенок.

Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














Шаттық шеңбері.

«Жылы сөздер»Шарты: балалар шеңбер бойымен тұрып,өз аналарының еркелететін сөздерді айтып шығады.

Балалар шеңберге тұрады.

Мені анам ботақан дейді,мені анам құлыным дейді,Мені анам балапан дейді.



Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру.

Қарға баласын «аппағым»дейді,

Кірпі баласын «жұмсағым»дейді.

-Жануар да баласын жақсы көреді,еміренеді.Ал адамдар балаларын еркелетіп «күнім», «алтыным» деген сияқты көптеген сөздерді айтады.

Үй жануарлары жайлы түсіндіру.

-Үй жануарлары –қолға үйретілген жануарлардың түрлері.Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды.

Мақал-мәтелді тәрбиеші соңынан қайталау.

Ұйымдастыру,іздестіру

Олар: сиыр,түйе, жылқы,қой,ешкі,есек,мысық,ит,үй қояны,құстардан тауық,қаз, үйрек,күркетауық.

Дидактикалық ойын: «Үй жануарларын төлдерін тап!»Ойын шарты:жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.

Жекеше,көпше түрде айтуды үйрету.

Тақтаға 1 түйе,1 сиыр, 1қой,1жылқының суретері ілінеді.

Осы суреттердің жанына әрқайсысы 2-3 түйе,сиыр,қой және жылқының суреттері ілінеді.

Сергіту жаттығуы.

Ал,балалар,келіңдер,

Бой жазайық бәріміз.

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз.

Аяқтармен топ-топ басып,

Орнымызға барамыз.

Жаңылтпаштыжаңылмай айтамыз.

1.Ақ тай ақ па?

Қаратайақ па?

2.Қай тай лақтай,

Қай лақ бармақтай.

Ойын: «Даусынан таны»Ойын шарты.балаларды шеңбер бойымен тұрғызып,бір баланың көзін байлайды.Көзі байланған баланың қасына бір бала жануар дыбысын салады.Бала қандай жануардың дауысы және оны салған кім екенін табады. бота-верблюжонок,қошақан-ягненок,құлыншақ-жеребенок.

Ойын шартын түсініп,жануарлардың жанына өз төлдерін сәйкестендіріп сызады.

-Бір түйе,бір сиыр,т.б.

-Түйелер,сиырлар.


Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.



Жаңылтпаштарды жылдам айтуға тырысады.

Балалар ойын ойнап,әртүрлі жануарлар дыбысын салады.

бота-верблюжонок,қошақан-ягненок,құлыншақ-жеребенок.

Рефлексивті

түзетушілік

Оқу іс –әрекетін қорытындылау

Жаңылтпашты мұқият тыңдап,жаңылмай айтуға ұсыныс береді.

Балалар жаңылтпашты анық және тез жаңылмай айтуға тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: көбірек жаңылтпаш білу.

Игереді: жануарлардың дауысын салуды.

Меңгереді: Жануарлардың төлдерін ажырата біледі.



Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2014 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:25.02.14ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені»

Мақсаты: Сызба нұсқасы бойынша бейнелі әңгіме құрастыра білуге,жасалуы бірдей заттарды топтастыруға,сөйлеу барысында ағаштан,шыныдан,пластмассадан деген сөздерді қолдана алуға үйретуді жалғастыру.Балалардың сөздік қорларын байыту.

Алдын-ала жұмыс: Әртүрлі материалдан жасалған ойыншықтарды дайындау.

Қолданылатын көрнекі құралдар :ағаштан жасалған машина,пластмассадан жасалған қуыршақ,шыныдан жасалған ыдыс-аяқ, тіл дамыту дәптері.

Сөздік жұмыс:Ойыншықтар.

Қостілділік компоненттер:ойыншықтар-игрушки.

Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














Балаларға үш түрлі

Материалдан жасалған ойыншықтарды көрсетеді.Олар:ағаштан жасалған машина,пласмассадан жасалған қуыршақ,шыныдан жасалған ыдыс-аяқ.

Балалар ойыншықтардың аттарын атайды.


Мақал мәтелдің мағынасын түсіндіріп,жаттату.

Ойын баланың ойын ұштайды.

-Кез келген бала ойыншықпен ойнау барысында ойланады,яғни ойы ұшталады,дамиды.Мысалы: бала ойыншығының түріне,түсіне,оның неден жасалғанына назарын аударады,оны ұстайды,көреді.

Мақал-мәтелді «Үш дауыс»әдісімен жаттату.

Әдістің қолданылуы:

Бірінші жоғары дауыспен,екінші ортаңғы дауыспен,үшінші төмен дауыспен қайталанады.

Мазмұнды-рөлді ойын:

Дүкенге кіріп сатушы мен сатып алушы,бір-бірімен міндетті түрде амандасады.содан кейін сатып алушы өз ұсынысын айтады,

Ұйымдастыру,іздестіру

«Ойыншықтар дүкені»мақсаты:балаларды мамандыққа баулу,яғни дүкенші болуға ынталандыру және сыпайы сөйлеуге үйрету.Ойын шарты:балалар ішінен бірі сатушы,ал,қалғандары сатып алушы болады.

Әңгіме құрау «Менің ойыншығым»жұмыс дәптердегі бейнеленген ойыншықтарды ататақызу,олардың неден жасалғанын сұрайды.

Сонан соң балаларға өздерінің сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелеп айтуға тапсырма береді.

Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып-жұмамыз.

Онан соң төмен түсіріп,

Алақанды соғамыз.

ойыншықтар-игрушки.

ал сатушы ойыншықтың бағасын айтады.

Балалар өздерінің сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелейді.Бірде менің әкем туылған күніме қуыршақ әкеліп берді.

Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.

ойыншықтар-игрушки.




Рефлексивті

түзетушілік

Оқу іс –әрекетін қорытындылау

-Жақсы ойыншықтарды қалай ұстау керек?

-Иә,дұрыс айтасыңдар,ал топта жүргенде таласпай бірге ойнауымыз керек.

-Ойыншықтарды сындыруға,жыртуға болмайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ойыншықтардың жасалу жолджарын.

Игереді:ойыншықтармен ұқыпты ойнауды.

Меңгереді: ойыншықтар туралы көбірек тақпақтарды біледі.











ш

Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2014 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 04 .03.14ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Анама сыйлық»

Мақсаты: Әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру,сөздерге тиісті қосымшаларды жалғай білу біліктілігін дамыту.Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға,әңгімеге араласып,сұрауға,сұраққа жауап беруге үйрету.

Алдын-ала жұмыс: Әртүрлі мерекелерді еске түсіру,аналар мерекесіне қатысты суреттер дайындау.

Қолданылатын көрнекі құралдар : тіл дамыту дәптері.қуыршақ театрындағы қонжық.

Сөздік жұмыс:қонжық

Қостілділік компоненттер:Аналар мерекесі-мамин праздник.

Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














Қуыршақ театры:Қонаққа қонжық келуін сахналау.

Қонжықпен амандасады.


Қонжықпен әңгімелесу:

Қонжық:-мен орманнан келдім.Көктем мерекесіне анама сыйлық іздеп ем?

-Анам менің балды қатты жақсы көреді.

Тәрбиеші:

-Балалар бал тәтті ме еді әлде ащы ма?

-Ендеше ащы сөзін қайталайық.

«Щ»дыбысына жаттығу орындату.

Ащ-ащ-ащ-ащы бұрыш.

Щ-щ-щ-щетка.

Қонжық:-мен енді анама бал сыйлағым келеді.Ал,сендер аналарыңа не сыйлайсыңдар?

-Тағы кім қандай гүлдерді сыйлайды?

-Қонжық сен қайдан жүрсің?

-Е,анаң нені жақсы көреді?

-Әрине бал тәтті болады.

-Ащы,ащы,ащы.


Сөздерді қайталайды. Балалар өз ойларын айтады.

-Менің анам раушан гүлін ұнатады.

Ұйымдастыру,іздестіру

-Балалар,кей уақытта да,де сөздерін дұрыс қолдана білуіміз керек.

Мысалы: «Мен да»деген дұрыс па? Әлде «Мен де»деген дұрыс па?Әрине «мен де» сөзі қолданылады.Сонда «Мен де»анама раушан гүлін сыйлар едім деген сөйлем дұрыс.

-Иә,балалар гүлдің де түрлері көп.Кім атап бере алады.

Гүлдердің суреттерін көрсету.

Қонжық:-Балалар,сендер көптеген гүлдердің атауын біледі екенсіңдер.Осы гүлдерді де анамызға тарту етсек қуанады ма екен?

Гүлдер қандай болады?

Сергіту жаттығуы.

Біз гүлдергше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Желге ырғалып шайқалған.

Сұрақ-жауап әдісі.

-Гүлдер қайда өседі?Қараңдаршы,таулар-де,аула-де,көшелер-да деп айтыла ма?

Әңгіме құрау: «Анама сыйлық»Балаларға сыйлықтың әртүрлі болатынын түсіндіру.Мысалы:гүлдің суретін салып,немесе түрлі-түсті қағаздан гүл жасап,сыйлауға болады.

Дидактикалық ойын: «Гүл»

МақсатыСөз,сөйлем құрастыру арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру.шарты:жұмыс дәптеріндегі «Гүлдің күлтелерін түрлі түсті етіп боя және әр күлтесіне сөз немесе сөйлем құра»тапсырмасын орындату. Аналар мерекесі-мамин праздник.

Сол себепті мен анама раушан гүлін сыйлаймын.Анам ақ түсті раушан гүлін жақсчы көреді.

Мен де деген дұрыс.Сергіту жаттығуын орындайды.-Таулар да,көшелерде де өседі.-Жоқ оларды дұрыс айту керек.

Мен анама аналар мерекесін де,әкемнің көмегімен сыйлық алып бердім.Біз оны дүкеннен әдемі қорапқа салдырып алдық.


Балалар тапсырманы орындайды.

Аналар мерекесі-мамин праздник.

Рефлексивті

түзетушілік

Оқу іс –әрекетін қорытындылау.

Оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтау.


«Щ»дыбысын қайталап айтады.

Сыйлық түрлері туралы әңгімелеседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: гүл туралы мақал –мәтелдер білу.

Игереді:өз ойын білдіруді.

Меңгереді: көлемді әңгімелер құрауды біледі.



ш Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2014 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 11.03.14ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Ж»және «ш»дыбыстары.

Мақсаты: «Ж»және «ш»дыбыстарының дұрыс жазылуын көрсету,осы дыбыстар кездесетін сөздерді қатыстырып,сөйлемдер құрастыра білуге үйрету.Дыбыстық қабылдауды дамыту(сөздегі берілген дыбыстарды дұрыс есту және анық айта білу).

Алдын-ала жұмыс: Ж,ш дыбыстары және әріптердің суретін дайындау.

Қолданылатын көрнекі құралдар : тіл дамыту дәптері.үнтаспадағы күннің күркіреп жаңбырдың жауып тұрған дыбысы.

Сөздік жұмыс:Жаңбыр,шаң.

Қостілділік компоненттер:жаңбыр-дождь,шаң-пыль.

Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














Жұмбақ шешу.

Күн ұзарып,қар еріп,

Суц сайларға толады

Балаларым айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде неше ай бар?Қане, айларды атайық.


-бұл көктем мезгілінде болады.

-Қазір жылдың көктем мезгілі.Көктем мезгіліне наурыз,сәуір,

мамыр айлары жатады.


Үнтаспадан күннің күркіреп,жаңбырдың жауып тұрған дыбысы қойылады.

-Балалар,бұл ненің дыбысы?

-Жаңбырдан басқа тағы да ненің дыбысы естіледі?

-Иә,балалар,көктем мезгілінде күн күркіреп,найзағай ойнап жаңбыр жиі-жиі жауады екен.

-Кәне,бәріміз бірге «күн күркірейді»деп қайталайықшы.

-Енді күн күркірегенде міндетті түрде не жауады екен?

-Ендеше бәрімі әдемі саусақтарымызбен бірге жаңбырдың дауысын салайықшы.

-Балалар,сендер білесіңдер ме,жаңбыр жаумас бұрын далада қандай табиғат құбылысы болады?

Тыңдайды.

-Бұл жаңбырдың дыбысы.

-Күннің күркіреген дыбысы.

-күн күркірейді.

-Жаңбыр жауады.

Саусақтарымен үстел үстін тырсылдатып,жаңбырдың дыбысын келтіреді.



-Кәне,ойланайықшы,ол «гу-гу» деген дыбыс шығарып,гуілдейді?

-Кәне,балалар,енді гуілдеп жел болайықшы.

-Балалар, біз жел,жаңбыр болдық.Енді осы «жел», «жаңбыр»сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?

-Көктем мезгілінде жәндіктер де шыға бастайды.

Балалар бәріміз «ж-ж-ж»деп қайталайықшы.-Қандай жәндік осындай дыбыс шығарады. (Қоңыздар).Енді бәріміз аралар мен қоңыздар секілді қанатымызды жайып жіберіп, «ж-ж-ж»деп ұшайықшы.

«Ж»дыбысы бар буындар мен сөздерді қайталау.

Жа-жа-жа-жалау,жаз.

Жо-жо-жо-жол,жоқ.

Жу-жу-жу-жусан

Жы-жы-жы-жылан,жылы.

Жи-жи-жи-жидек.

Же-же-же-жер.

Енді «Ж» дыбысын ауада жазып көрейік.

Сергіту жаттығуы.

Жау-жау,жаңбыр,жау жаңбыр!

Жауған жаңбыр жауған нұр.

Жердің шаңы басылсын

Гүлдің аузы ашылсын.

-Аспан түрлі түсті кемпірқосақ асылды.Балалар,жаңбыр жауғанда жердің несі басылады екен?

-иә,жауғаннан кейін жердің шаңы басылады.басылып,ауамыз тазарып,табиғат тамаша күйге енеді.Жаңбырдан кейінгі таза ауамен тыныстап демалайық.

«Шаң»сөзін айтқанда қай дыбыстан басталып тұр? (Шаң-шаң-шаң) «Ш»дыбысын дұрыс естіп ажыратуға арналған жаттығулар орындау.

Ша-ша-ша-шаң,шана

Шу-шу-шу-шуда

Шы-шы-шы-шыны

Ше-ше-ше-шелек

Ши-ши-ши-шие

Шө-шө-шө-шөп


Ош-ош-ош-ошақ. «Ш»

Дыбысының ауада жазылуын көрсету.

Жұмбақ шешу.

Өз қалпағын жасынан

Тастамайды басынан.

-Балалар,қайда және қай кезде өседі?

Ендеше осы «Саңырауқұлақ»

Ойын шарты:бір бала саңырауқұлақ болады,қалғаны балапандар.Бір бала «саңырауқұлақ»болып отырады.

«Жаңбыр жауды»дегенде саңырауқұлақ өседі.Яғни орнынан тұрып,қолдарын жаяды.Ал балапандар саңырауқұлақ астына тығылады. «Күн шықты»дегенде балапандар орнына барады.

Оқу іс-әрекетті жаңылтпашпен қорытындылау.

Жақсы қайшы

Қайсы қайшы.

жаңбыр-дождь,шаң-пыль.


-жел тұрады.

Бәрі қолдарымен тербеліп,гуілдейді.


-«ж» дыбысынан басталып тұр.


-Жәндіктерге ара,маса,шыбын,қоңыз,көбелек,т.б.жатады.

-Ж-ж-ж

-Қоңыздар.

Бәрі ыжылдап ұшуды бейнелейді.




Тәрбиешіге қарап, «ж»дыбысын ауада жазып көрсетеді.Қимыл-қозғалыспен орындайды.



Тыныстайды,демалады.


















«ш»дыбысынан басталып тұр

Әңгімелейді.Тәрбиешімен бірге ауада жазылуын көрсетеді.

-Жауабы:саңырауқұлақ.Тәрбиешінің бұйрығын тыңдап,жылдам орындауға тырысады.

Жаңылтпашты қайталайды. жаңбыр-дождь,шаң-пыль.

Рефлексивті

түзетушілік

Оқу іс –әрекетін қорытындылау.

Оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтау.


«ж»,«ш»дыбысын қайталап айтады.

Осы дыбыстар кездесетін сөздерге мысал келтіріледі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстарын және олардың атауларын.

Игереді: «ж», «ш»дыбыстарын дұрыс айтуды.

Меңгереді: сұраққа толық жауап беруді біледі.



















Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2014 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 18.03.14ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы:Қуыршақтың бөлмесі

Мақсаты: Балаларды жиһаздардың атауын дұрыс атай білуге жаттықтыру,сөйлеу барысында зат есімдер мен сын есімдердің сандық және септеулік түрленуін қолдана білуге баулу.Баланың ой-өрісін кеңейту,ойлау қабілетін дамыту.Ұқыптылыққа,жинақтылыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс: Бөлмелер туралы әңгімелесіп,түсіндіру.

Қолданылатын көрнекі құралдар : тіл дамыту дәптері.дорба,қуыршақ,машина,доп секілді ойыншықтары бар.

Сөздік жұмыс:Бөлме

Қостілділік компоненттер: Бөлме-комната,жиһаз-мебель.

Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














Амандасу.Іші ойыншыққа толы дорбаны балаларға көрсетіп:

-Балалар,мына ғажайып дорбаға назар аударайық.Ішінде не бар екен?


Балалар дорбаны қызыға қарайды.


Ойын: «Ғажайып дорба»

Шарты:балалар кезекпен дорбаға қолдарын салып,ұстап,сипап көру арқылы заттың атын атайды.

Мысалы:Мұнда кішкентай ойыншық машина бар.Машинаны көбіне ер балалар ойнайды.Машинаның дөңгелектері болады.Машинаның түрлері көп.

Жұмбақ шешу.

Ағайынды төрт батыр,

Көтергені бір шатыр.Ол не?

-Балалар,ағайынды төрт батыр дегені төртеуі бірдей ағайындылар секілді,үстелдің үстіңгі бөлігін тіреп тұрады екен.Оның үстіңгі бетін шатырға теңеп тұр.

Дорбада доп бар.Доп дөңгелек болады.Допты жерге ұрсаң секіреді.

Жұмбақтың жауабы:үстел.


Дәптермен жұмыс:жұмыс дәптеріндегі «Суреттегі заттарды ата.Олар не үшін керек?»тапсырмасын орындату.

Сергіту жаттығуы.

Жуын,жуын,жуынсақ,

Қандай жақсы қуыршақ!

Әйтпегенде бөпешім,

Кірлеп кеткен екенсің

Қазір аппақ боласың,

Қуанады анашың.

(М.Жаманбалинов)

Дидактикалық ойын:

Шарты:ойын жүргізуші ортаға шығып,өзінің ойын жүргізуші ортаға шығып,өзінің ойын айтады.Ойынға қатысушылар «біз де»деп қосылып айтады.Егер келіспесе, «жоқ»деген жауап қайтарады.

Мысалы:

-Мен балабақшаға барамын.

-Көшеде ата-анамды тыңдаймын.

-Апайды тыңдаймын.

Топтағы ойыншықтарды сындырамын.

Бөлме-комната,жиһаз-мебель.

Балалар дәптердегі суреттердіатап,түсіндіреді.

Балалар сергіту жаттығуын орындайды.






Балалар ойынның шартын мұқият тыңдап,тәрбиешінің айтқан сөзіне көңіл аударады.

-Біз де.

-Жоқ.



Біз де.


Жоқ.

Бөлме-комната,жиһаз-мебель.


Рефлексивті

түзетушілік

Оқу іс –әрекетін қорытындылау.

Оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтау.үй жиһаздарының не үшін керек екендігін толығымен айтып жеткізуге ұсыныс білдіру.


Балалар ұсынысты қабылдайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ойыншықтар туралы көбірек тақпақтар білу.

Игереді: Үй жиһаздарының не үшін қажеттігін.

Меңгереді: жиһаздарды ұқыпты пайдалану керек екендігін.





Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2014 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 01.04.14ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы: Күшік неге көңілсіз? (сурет бойынша шығармашылық әңгімелеу)

Мақсаты: Балаларды сурет бойынша әңгіме құруға,күшік сөзіне қандай анықтауышты үйлестіруге болатынын көрсету.Тілдік қорын дамыту.Жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс: Күшік туралы толық мағлұмат беру.

Қолданылатын көрнекі құралдар : тіл дамыту дәптер,жұмсақ ойыншық күшік,демонстрациялық құрал.

Сөздік жұмыс:Күшік

Қостілділік компоненттер: Күшік-кутенок.

Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














Жұмбақ жасырылады:

Адамға серік,

Күзетке берік

-Балалар,ит қандай жануар түріне жатады?

-Иттің баласын не деп атаймыз?

-Күшік қандай дыбыс шығарады?

-Кәне,ендеше бәріміз күшік сияқты үрейікші (Әуп-әуп).

Балалар дорбаны қызыға қарайды.


Демонстациялық құрал.

(көңілсіз күшіктің суреті)

-Балалар,суреттегі күшік туралы әңгімелейік.


-Күшіктің көңілі қандай?

-ол неліктен көңілсіз,жабырқаулы деп ойлайсыңдар?

-Күшік кіп-кішкентай,сүп-сүйкімді,ақылды,құлақтары ұп-ұзын,жүні жұп-жұмсақ,бірақ күшік көңілсіз,жабырқаулы?

-Мүмкін өзінің атын ұмытып қалған шығар?Кәне,оған ат қойып көрейікші.



Күшік кішкентай,сүйкімді,бірақ оның көңілсіз екенін суретке қарап жеткізеді.

«Досын,анасын жоғалтып алды,мүмкін ауырып тұрған шығар,сондықтан көңілсіз»

Ақтөс,Бөрібасар,

Бим.


-Бәлкім,ол өзінің атын естігенде көңілденетін шығар?

-Ол көңілденбеді,әлі де жабырқаулы.Енді не істесек болады?

Ендеше дәптерімізді ашайық,күшіктің көңілін көтеру үшін тапсырманы орындайық.

Дәптермен жұмыс:дәптердегі «Күшікке сүйекке жету жолын бастыр»тапсырмасын орындату.

-Балалар,біз күшікке сергіту жаттығуын жасап көрсетейік.Ол сол кезде көңілденер?

Сергіту сәті.

«Қолғабысы күшіктің»

Тақиясын ұшырып

Жел інімді жылытты

Бірақ оны күшігі

Әкеп беріп жұбатты.

(А.Сәрсеков)

(Сергіту сәтін өлең ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау).


Өз ойларын айтады.






Дәптерді ашып,күшікке сүйекке жетуге көмектеседі.


Қимылын келтіріп айтады.

Рефлексивті

түзетушілік

-Біздің күшігіміздің көңілі көтерілмеді.Біз енді үйге барған соң ғаламтор(интернет),телефон арқылы хабарласып күшік туралы мағлұматтар жіберіп,оның иесін табуға көмектесейік.

-Біз солай күшікті қуантсақ нұр үстіне нұр болар.Күшікпен қоштасып оған жылы сөздер мен тілектер арнау.

Балалар күшікпен қоштасып,ертең-ақ оның иесінің табылып қуанатынына тілектестік білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өз ойын жеткізе білуді,суретке қарап әңгіме құрауды.

Игереді: шешім қабылдауды,сұраққа толық жауап беруді.

Меңгереді: жылы сөздер мен тілектер айтып жұбатуды біледі.











Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2014 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 15.04.14ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Не дәмді?» ертегісі

Мақсаты:Ненің дәмді екенін ажыратуға,дәмінің айырмашылығын,пішінін айта білуге үйрету.Асты қадірлеуге,қастерлеуге тәрбиелеу.Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын,айтылуы керек ой-түйсігін,мән-мағынасын бұзбай,байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамыту.

Алдын-ала жұмыс: Балаларға дәмді сөзінің мағынасын,оны сезу мүшесімен толығырақ таныстырып,әңгімелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар : тіл дамыту дәптер,алма жемісі,қоржында жемістер мен көкөністер муляждары.

Сөздік жұмыс: Жұлдызқұрт

Қостілділік компоненттер: Алма-яблока,Дәмді-вкусный

Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














-сәлеметсіздер ме, балалар!(үш тілде амандасу)

-Балалар мына себетке қараңдаршы,онда не салынған?

-Иә,алма салынған екен.



Балалар қуанышты сезімде болады.


Ғажайып сәт:

-Балалар,алманы барлығыңыз иіскеп көріңдерші.

-Иісі қандай?Алма сендерге ұнай ма?

Ал мұнда алманы жұлдызқұртта жақсы көреді екен.Бәріміз дәптерлерімізді ашайық.

Дәптермен жұмыс:Тіл дамыту дәптеріндегі «Жұлдызқұрттарға алманың дәніне жетуге көмектесейік!»тапсырмасын орындату.

-Балалар,бізге алма жеген ұнайды екен,жұлдызқұртқа да алма ұнады.

-Ал енді мен сендерге «Не дәмді?» ертегісін оқып беремін.


Балалар қызығушылықпен жасайды.-әрине ұнайды.Себебі:алма тәтті,дәмді жеміс.алма ағашта өседі,дөңгелек болады.Дәптерді тапсырманы орындауға тырысады.


Ертеде,бір бас қосқанда құстар мен хайуанаттар нендей тамақтың дәмді екенін талқылапты.

Сонда Тауық:

-Ең дәмді тамақ-тары,-депті қыт-қыттап.

-Тапқан екенсің,дәмді тамақты!Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін!-дейді Ит абалап.

-Бәрің де білмейсің.Күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ,-дейді Қоян,екі құлағын тікірейтіп.

-Жас шыбықтың қабығынан дәмді не болушы еді!-деп,ешкі маңырапты.

-Шіркін,қою сүтті айтсаңдаршы!-деп мысық тамсанады.

-Сөйтіп әркім өзі сүйетін тағамдарын мақтап,қызыл кеңірдек болысып,бәтуаға келе алмай,тарасыпты.

-Ал,балалар,ертегіден нені түсіндіңдер?

-Балалар,өз үйлеріңде аналарың немесе әкелерің және өзің нені жақсы көресіңдер?

-Көрдіңдер ме?Әр адамның да өзінің сүйікті тағамдары бар.Қандай тамақ болсын,жйіркеніп жеуге болмайды.Астың бәрі дәмді де,тәтті.

«Нан қиқымын, шашпаңдар,Жерде жатса баспаңдар»-деген өлең бар,ешуақытта асты басып,кетуге болмайды.Нанды да,асты да қадірлеуіміз керек.

Сергіту жаттығуы.

Алма баққа барайық

Алма жинап алайық

Ең үлкенін дәмдісін

Әжемізге сыйлайық.

Дидактикалық ойын: «Бұл не?»

Алма-яблока,Дәмді-вкусный

Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.













Мысалы:анам етті,әкем палауды,ал өзім бәліш жегенді ұнатамын.








Қимылын келтіріп айтады.

Ойынды қызыға ойнайды. Алма-яблока,Дәмді-вкусный

Рефлексивті

түзетушілік

Ойында тапқан жемісімізді немесе көкөністі сипап сезу арқылы жылдам баяндап беріңдер.


Балалар ұсынысты қабылдайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жемістердің,көкөністердің айырмашылығын жылдам айта білу.

Игереді: Көкөністер мен жемістерді ажыратуды.

Меңгереді: Өз ойларын тез жеткізуді.

Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2014 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:08.04.14

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту

Тақырыбы: Ертегіде қонақта

Мақсаты:а)Балаларды сурет бойынша,өздеріне таныс ертегілердің мазмұнын қысқаша баяндай білуге үйретуді жалғастыру.Сөздік қорларын сөйлеу барысында қолдана білулерін белсендіру.Үлкенге,кішіге көмек бере білуге тәрбиелеу.Балаладың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға,әңгімеге араласып,сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамытуды жалғастыру.

Алдын-ала жұмыс:Әр түрліертегілердің суреттерін көрсету.

Сөздік жұмыс:тышқан

Құрал –көрнекіліктер: Текшенін 6 жақ бетінде әр ертегінің кейіпкерлері болуы керек.Тіл дамыту дәптері.

Қостілділік компоненттер:Ертегі-сказка

Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














Шаттық шеңбері:«Жылы сөздер»

Шарты:

Балалар шеңбер болып тұрады,кезек-кезек бір бірінің қолын ұстау арқылы жылы сөздер айтады.

Мысалы:Әйгерім ,сен сондай ақылды қызсың!

Балалар шеңбер бойымен тұрып ,бір-бірлерінің қолдарын ұстап жылы сөздерін айтады. -Рақмет,апай.



Ғажайып сәт:Ортаға ғажайып текшені алып келу.

-Балалар,бұл не?

-Балалар,анықтап қарасақ,текшенің бетінде әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің суреттері бар.



Ұйымдастырушылық- ізденістік

Дидактикалық ойын: «Ғажайып текше!»

Ойын шарты:Шеңбер болып тұрамыз,ортаға текше тасталынады.Текшеде қандай кейіпкер суреті түссе,сол ертегі жайында айтып береміз.

Мысалы:текшеден ата,әже,қыз,ит,мысық,тышқан суреті кездесті делік.Бұл ертегінің аты қалай?

-Содан соң атай не істепті?

Келесі баладан жалғасын сұрайды.

-Одан кейін олар кімді шақырды?

-Соңында шалқанды қалай жұлып алды?

-Жақсы сонда кішкентай тышқан қандай болыпты?

-Тышқаннын дыбысын салайықшы?

-Иә,тышқан шиқылдайды екен.

Тышқанды не аулайды?

-Ал енді мысықтың дауысын салайықшы?

Ал енді орнымызға отырамыз.

Дәптермен жұмыс:дәптердегі «ертегі кейіпкерлерінің кезекпен тұру ретін сызық арқылы қос»тапсырмасын орындау.

-Балалар ертегідегі атайға барлығы көмектесіпті.Ал сендер үйде үлкендерге көмектесесіндер ме?

Сергіту жаттығуы:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Бір,екі,үш (мұрынмен дем алып)

Демімізді алайық.

(сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындау)


-Бұл –текше.

















«Шалқан» ертегісін әңгімелейді.Әр сұраққа толық жауап беруге тырысады.Балалар сергіту жаттығуын орындайды.


Дәптердегі тапсырманы орындайды.




Рефлексивті

түзетушілік

Ертегі мазмұнын кез келген жерінен жалғастырып кетуге дайын отыруға ұсыныс білдіру.

Балалар ұсынысты қабылдайды

Күтілетін нәтиже:

Біледі:ертегінің көптеген түрлерін білу;

Меңгереді:ертегі кейіпкерлерін сахналауды біледі;

Игереді: ұқыптылықты игереді

Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2014 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 24.04.14ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Қолғап»(украйн халық ертегісін сахналау)

Мақсаты:Ертегіні тыңдай білуге және қайталап дауысын айнытпай салуға үйрету және оң-сол ұғымдарын бекіту.Бірлікке,достыққа тәрбиелеу.Сахнада ойнай білу іскерліктерін дамыту,Сөйлеу мәнері мен қарқынына аса мән бере отырып,кейіпкерлер бейнесін көркем сомдауға,олардың ішкі жан дүниесін жеткізе суреттеуге ұмтылыстарын арттыруды дамыту.

Алдын-ала жұмыс: Киім түрлерін еске түсіріп қайталап алу.

Қолданылатын көрнекі құралдар : тіл дамыту дәптер,

Сөздік жұмыс: Қолғап

Қостілділік компоненттер: Қолғап-варежки- mittens.

Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














Жұмбақ жасыру.

Бес балаға бір бешпент

Бірге киіп,бір шешпек.

-Балалар,қолғап бізге не үшін керек?

-Қолғап нешеу болады?

-Қолғап қандай болады?


-Қолғап

-Қыс мезгілінде қолымыз тоңбас үшін керек.-Қолғап екеу болады.

Өйткені екі қолымыз бар ғой.Қолғап әртүрлі болады.


-ендеше мен бүгін сендерге «Қолғап»атты ертегі мазмұнын түсіндіріп беремін.Ал бәріміз оқылған ертегі желісімен ертегіні сахналаймыз.Кім тышқан болғысы келеді?Кім бақа,Кім қоян,түлкі,қасқыр,қабан,аю болғысы келеді?

«Қолғап»ертегісі

Ертедебір атай күшігімен орманда келе жатса,қолына киетін қолғабының біреуін түсіріп алыпты.Оны көрген

Тышқан қолғаптың ішіне кіріп алып, « Мен енді осында тұрамын»,-депті.


Балалар


Одан кейін бақа секіріп келіп:Мына қолғапта қайсысың

тұрасың?-депті.

Тышқан:шиқылдауық Тышқанмын,Ал,сен кімсің?-деп сұрапты.

Бақа:Мен бақылдауық бақамын.Мені кіргізші?-депті.

Тышқан: «Кел»,-депті.Сөйтіп,олар қолғаптың ішінде екеу болыпты.Міне,Қоян да жүгіріп келіп,қолғапқа жақындап: Мына қолғапта қайсысың

тұрасың?-депті.Тышқан,Бақа:Шиқылдауық тышқанмын,бақылдауық бақамын.Ал сен қайсы жануарсың?-деп сұрапты.Қоян:Мен желаяқ Қоянмын.

Мені де кіргізіңдерші?-депті.

Олар:кел-депті.Сөйтіп олар үшеу болыпты.Одан кейін түлкі келіп: Мына қолғапта қайсысың

тұрасың?-депті.

Бақа:Шиқылдауық тышқанмын,бақылдауық бақамын,желаяқ қоянмын.Ал сен өзің қай жануарсың?

Түлкі:Мен әпкелеріңмін.Кіргізіңдерші мені де,-депті.

Сөйтіп Қасқыр келіпті :Мына қолғапта қайсысың

тұрасың?-депті. Шиқылдауық тышқанмын,бақылдауық бақамын,желаяқ қоянмын,мен түлкімін.Ал сен өзің қай жануарсың?

Қасқыр:Ал мен Қасқыр ағаларыңмын,кіргізіңдерші мені де,-депті.Сөйтіп қолғапқа бесеуі де сыйып кетіпті.

Хро-хро-хро деп Қабан жүгіріп келіп: Мына қолғапта қайсысың тұрасың?-депті.Олар: Шиқылдауық тышқанмын,бақылдауық бақамын,желаяқ қоянмын,мен түлкімін,ал мен Қасқырмын.Ал сен өзің қай жануарсың

Қабан: Мен Қабанмын,мені де кіргізіңдерші,-депті.

Олар: сен мұнда қалай кіресің?-дейді.

Қабан:Мен кіре аламын,жіберсеңдер,-депті.Олар жарайды,кіре ғой –депті.Сөйтіп олар алтау болыпты.

Оларға қолғаптың іші тар болыпты.Сөйтіп отырғанда аю келіп: Мына қолғапта қайсысың тұрасың?-депті.

Олар: Шиқылдауық тышқанмын,бақылдауық бақамын,желаяқ қоянмын,мен түлкімін,ал мен Қасқырмын. Мен Қабанмын,-депті. Ал сен өзің қай жануарсың?


Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.













Мысалы:анам етті,әкем палауды,ал өзім бәліш жегенді ұнатамын.








Қимылын келтіріп айтады.

Ойынды қызыға ойнайды. Алма-яблока,Дәмді-вкусный


Аю:Қалай көпсіңдер,мені кіргізіңдерші?

Олар:Қалай кіргіземіз,өзі іші тар болып тұрса?

Аю:Қалай болса да сыйысамыз?-депті.Олар:Жарайды кел жанымызға.Сөйтіп,аю да сыйып ,жетеу болыпты.Қолғаптың іші тар,міне жарылайын деп тұрғандай.Бір кезде ата өзінің қолғабы жоқ екенін байқап қалады.Сөйтіп қайта кері қарай жүрді,ал ит болса алдыға қарай жүгіріп кетті.

Жүгіріп келе жатып қолғапты көрді.Қорлғап қозғалып жатыр.Ит сонда:Әуп-әуп деп үрді.Қолғап ішіндегі жануарлар қорқып ,барлығы жан-жаққа қашып кетті.

Атай өз қолғабын көріп,алып кетті.

Сұрақ-жауап.

-Балалар,сендерге ертегі ұнады ма?

-Балалар ертегі не жайында айтылған?

-Иә,ертегі кейіпкерлері бір-бірімен таласпай,бірін-бірі

Итермей бәрі сол бір қолғаптың ішіне сыйыпты.Көрдіңдер ме?Бізде осылай дос болуымыз керек.Біздің топта қанша бала болса,сонша біздің досымызкөп екен.

Мақал-мәтелді қайталау.

«Досы көпті жау алмайды» Қолғап-варежки- mittens.

Балалар әр кейіпкердің ролін сомдайды.



Әр жануардың дауысын дұрыс салуға тырысады.









Сұрақтарға жауап береді.





Қолғап-варежки- mittens.

Рефлексивті

түзетушілік

Ойында тапқан жемісімізді немесе көкөністі сипап сезу арқылы жылдам баяндап беріңдер.


Балалар ұсынысты қабылдайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Оң мен солды ажыратуды.

Игереді: Өзойын еркін жеткізуді.

Меңгереді: Жануарлар дауысын салуды біледі.













Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2014 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 29.04.14ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Жаңа үйді кім тұрғызды?»

Мақсаты:Балаларды шығармашылық жұмысқа ынталандыру.сюжетті дамыта келе,жай және күрделі сөйлемдерді қолдана отырып,ойлау деңгейлерін арттыру,құрылыс материалдарын ажыратуға үйрету.Бір-біріне көмектесе білуге,ауызбіршілікке,еңбек еңбектенуге тәрбиелеу.Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға,әңгімеге араласып,сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамытуды жалғастыру.

Алдын-ала жұмыс: Әр түрлі үйлердің суреттерін көрсету.

Қолданылатын көрнекі құралдар : тіл дамыту дәптер,демонстрациялық құрал

Сөздік жұмыс: Шеге,үй салды

Қостілділік компоненттер: Үй-дом- house

Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














Демонстрациялық құрал:

(Үйшік ертегісінің кейіпкерлерінің суреті).

-Балалар,бұл қай ертегінің кейіпкерлері?

-Кәне суретте нелерді көріп тұрмыз?

Бұл ертегі «Үйшік»ертегісінің кейіпкерлері

Суретте үйшік,үйшіктің ішінен тышқан,бақа,қоян,түлкі,аю бейнеленген.



Ертегіні мазмұндау.

-Балалар,ертегі не жайында айтылған еді?

Үйшікті ең алғаш не көрді?

-Өте жақсы балалар.Балалар,бір тышқан өзі ғана бір үй сала ала ма?

-Міне біріккеннің арқасында өздеріне үй жасап,алды.Үйді тұрғызған нелер еді?


Балалар үйшік ертегісін естеріне түсіріп,тәрбиешінің көмегімен әңгімелеп беруге тырысады.





-Иә,дұрыс айтасыңдар,еңбексіз үй біте ме?


Сергіту жаттығуы:

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Оның аты еңбек.

Қырға шықсаң өрлеп,

Оның атыеңбек.

Қиындықтың бәрін ,

Еңбек қана жеңбек.

(Н.Жанаев).



Демонстрациялық құрал:

«Сурет бойынша әңгімеле»(Суретте құрылыс жасап жатқан адамдардың суреті)

Дидактикалық ойын: «Не қажет?»

Ойын шарты:дәптердегі құрылыс салуға қажетті құралдарды қорша»тапсырмасын орындату.


Үй-дом- house



-жоқ талмай жұмыс еңбектенсе ғана біз көп жеміске жетеміз.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдарды қайталайды.





Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.

Үй-дом- house

Рефлексивті

түзетушілік

Ойды толық сөйлеммен жеткізе білдіруге дағдыландыру.


Балалар ұсынысты қабылдайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үйдің құрылысын білу

Игереді: Сурет бойынша әңгімелеуді

Меңгереді: Үйді құрастырма ойыншықтардын үй құрастыра біледі.











Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2014 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 06.05.14ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Серуенде»(өз тәжірибелерінен әңгімелеу)

Мақсаты: еңбек туралы білімдерін бекіту.Тазалыққа тәрбиелеу,Өз тәжірибесін әңгімелей білу қабілеттерін дамыту.(сурет мазмұнын зерттеу бойынша),баланың зейінін дамыту.

Алдын-ала жұмыс: Қай жерге серуенге барғандарын сұрақ-жауап арқылы еске түсіру.

Қолданылатын көрнекі құралдар : тіл дамыту дәптер, демонстрациялық құрал

Сөздік жұмыс: Серуен

Қостілділік компоненттер: Серуендеу- прогулять walk;

Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














-Балалар кане,шеңбер бойына тұрып,таза,жұпар ауамен тыныс алғандай кейіп танытып,өзімізді серуенде жүргендей сезінейікші.

Шеңбер болып таза ауамен тыныс алғандай тыныстайды.


Балаларды орнына отырғызып,серуен туралы әңгіме өрбіту.Серуеннің қажеттілігі мен пайдасы туралы өз ойларымен бөлісуге шақыру.

Демонстрациялық құралмен жұмыс

(Балалардың балабақшада ойнап жүрген және еңбек етіп жатқан суреті)

Суретке қарап,екі суретті салыстырып,және балабақшадағы серуен кезіндегі іс-тәжірибелерімен бөлісіп,әңгімелеулерін сұрау.

Серуен мен еңбектің,сонымен қатар дене жаттығуларының да балалар денсаулығына ықпалы зор екенін,сергіту жаттығуының да дұрыс жасалуы өз денсаулығы үшін екенін түсіндіру.

Балалар үйшік ертегісін естеріне түсіріп,тәрбиешінің көмегімен әңгімелеп беруге тырысады.



Сергіту жаттығуы:

Терезені ашайық

Таза ауа кірсін деп

Жаттығуды жасайық

Денем мықты болсын деп


Дидактикалық ойын: «Кім зейінді?»

Ойын шарты:дәптердегі «Суреттерге мұқият қарап,жетпей тұрған затты тап және жабыстыр»тапсырмасын орындату.

Өлең оқылады:

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Оның аты еңбек.

Қырға шықсаң өрлеп,

Оның атыеңбек.

Қиындықтың бәрін ,

Еңбек қана жеңбек.

(Н.Жанаев).

Өлеңді оқып,қимыл-қозғалыс арқылы жаттату.

Серуендеу- прогулять walk;


Сергіту жаттығуын қимылын келтіріп жасайды.





Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды.

Үй-дом- house









Серуендеу- прогулять walk;


Рефлексивті

түзетушілік

Еңбек ету мен жаттығудан еш уақытта қашпай,жалқаулыққа бой алдырмай,жарқын болашақты серуеннің дұрыс ұйымдастырылуы мен еңбек екенін айтып «Бақыт кілті-еңбекте»деген халқымыздың дана сөзімен қорытындылау.

Жалқаулықтың жаман әдет екенін ұғынып,әр жақсылықтың еңбекпен келетінін түсінеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Серуен мен еңбектің адам өміріндегі маңызын білу.

Игереді: Суретке қарап әңгімелеп,өз іс тәжірибесімен байланыстыруды.

Меңгереді: таза ауа,сергіту,дене жаттығуларын пайдалы екенін біледі.









Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2014 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 13.05.14ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Арыстан күшігін асыраған мысық»(ертегі)

Мақсаты: Бір-біріне деген бауырмалдық,жанашырлық сезімдерін ояту,жақсылық жасауға тәрбиелеу.Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрдеқолдану арқылы ертегінің ішкі сырын,айтылу керек ой-түйсігін,мән-мағынасын бұзбай байланыстыра баяндай білуге үйретуді дамытуды жалғастыру.

Алдын-ала жұмыс: Жануарлардың суретін көрсетіп,арыстан қандай жануар екені туралы қысқаша әңгімелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар : тіл дамыту дәптер, демонстрациялық құрал

Сөздік жұмыс: Арыстан

Қостілділік компоненттер: Арыстан-лев- lion;

Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














-Балалар,мен сендерге бүгін қызықты ертегі оқып беремін,ертегі аң патшасы арыстанның күшігі мен өздерің жақсы білетін мысық туралы болмақ.

-Арыстан қандай жануар?

-Ал мысық қандай жануар?

Ертегі тыңдайтындарына қуанып,арыстанның жабайы жануар,ал мысық үй жауары екенін өз сөздерімен жеткізуге тырысады.


Демонстариялық құрал:

(Арыстан және оның күшігінің суреті)

Мысық пен арыстан туралы қандай ертегілер білесіңдер?және олар туралы мультфильмдер көрдіңдер ме?

Ал балалар,енді,мен сендерге қызықты ертегі оқып беремін сендер мұқият тыңдаңдар.

Ертегі оқылады.

«Арыстан күшігін асыраған мысық»Бір мысық қаңғырып жүріп,анасы өліп қалған Арыстанның

Суретте нені көріп отырғандарын айтып өтеді.





Балалар мұқият тыңдайды.


күшігіне кез болады.Мысық күшікті бауырына басып,емізіп асырайды.

Арыстан өсіп,азулы жыртқыш аң болып,өз азығын өзі табатын хальге жетеді.Бір күні ашыққан Арыстан өзін асыраған Мысықты жемек болады.Мысық оның бұл ойын сезіп,өрмелеп ағашқа шығып кетеді.

Сонда арыстан тұрып:

-О,менің ақ сүтін емізген асыраушым.Маған сен туған анамдай ыстықсың.Бүкіл қылықтарыңды үйреткенде ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің?-дейді.

-Қысылғанда керек болар дегенім еді,-сонда Мысық.

(Балаларға ертегі желісі бойынша сұрақтар қойып,байланыстыра баяндауға бағыттау)

Дамытушы сұрақтар:

-Мысық ненің күшігін кездестірді?

Арыстан күшігінің анасы жоқ болғандықтан,Мысық оған қандай көмек көрсетті?

Арыстан күшігі үлкен болып өскеннен кейін қандай іс-әрекетін,мінезін көрсетеді?

-Оны біліп қойған мысық не істейді?

-Сол кезде Арыстан Мысыққа не дейді?

-Сонда мысық не деп жауап береді?

Жақсылықты жақсылықпен қайтару керектігін балалар

санасына құю.

-Арыстанның әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар ма?

Сендер Арыстанның орнында болсаңдар не істеуші едіңдер?Арыстан қандай дыбыс шығарады?

-Мысық қандай дыбыс шығарады?

Сергіту жаттығуы

«Мысығым»

Құйрығын қуып ойнайды,

Қума десем қоймайды

Шыр көбелек айналсам,

Жетемін деп ойлайды.

Піш-піш десем келе ғой

Айтқаныма көне ғой

Шақырғанда «піш-піш»деп,

«Мияу»деп дыбыс бере ғой (А.Меңжанова)



Дәптермен жұмыс.

«Бүгінгі ертегі кейіпкерлерін қорша

Тапсырмасын орындату. Арыстан-лев- lion;

Балалар ертегіні тәрбиешінің көмегімен баяндауға тырысады.





















Өз ойларын жеткізуге тырысады.

Қимылын келтіріп жасауға талпынады.



Арыстан-лев- lion;




Рефлексивті

түзетушілік

-Балалар,сендерге ертегі ұнады ма?

Ертегі не туралы?

Ертегідегі куейіпкерлердің қайсысы ұнады сендерге?

-несімен тұнады?

Жағымсыз кейіпкердің қандай қылығы сендерге ұнамады?

«Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен»деген нақыл сөзді барлығымыз қайталап жаттап алайық.

Ұнаған кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз іс-әрекеттерін өз ойымен баяндайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегі желісін бұзбай баяндауды

Игереді: Өзойын ашып жеткізуді

Меңгереді: Жақсы нәрсені үйреніп,жамандыққа жақындамау керектігін біледі.































Бекітемін:

Балабақша меңгерушісі:Қияқбаева Б.З.

« » -----------2014 ж

«Тұлпар»аралас ортаңғы тобының

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 20.05.14ж.

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Қоянның туған күні» (ойдан ертегі тудыру

Мақсаты: Берілген тақырып бойынша ертегі ойлап табуға,онда бірнеше кейіпкердің рөлін көркемдеп сипаттай білуге үйретуді жалғастыру.Бір-бірін сыйлауға,сыйластыққа үйрету.Өз тәжірибесін әңгімелей білуге үйрету.

Алдын-ала жұмыс: Қоянның суреттерін дайындау.

Қолданылатын көрнекі құралдар : тіл дамыту дәптер, демонстрациялық құрал,сәбіз

Сөздік жұмыс: Қоян

Қостілділік компоненттер: Қоян-заяц,туған күн-день рождения

Іс-әр. кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық














Жұмбақ

Қалқиып ұзын құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады.

(Қоян)


Оқу іс-әрекетін жұмбақ жасырудан бастап,жауабы табылғаннан кейін қоян туралы әңгімелеу.

Балаларды қоян секілді секіртіп,көңілдендіріп алу.

Жұмбақты шешуге атсалысады.Қоян туралы өз білгенін ортаға салуға талпынады.


демонстрациялық құралмен жұмыс

(Жабайы жануарлардың қоянның туған күнінде отырған сәті).


Балалардың назарын суретке аударып,

-Балалар,сендер қалай ойлайсыңдар,жануарлар қандай мерекеге жиналып отыр?

-Балалар,сендердің туған күндерің жылдың қай мезгілінде болады?


-Сендерге туған күн мерекесі ұнайма?

Несімен ұнайды?

Балалар суретке қарай отырып қоянның туған күні екенін баяндайды.



Сергіту жаттығуы.

«Сұр қоян»

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына Қиығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің. (Т.Бердияров)


Ойдан ертегі құрастыру.

Сурет бойынша «Қоянның туған күні»тақырыбына ойдан ертегі құрастырайық.

Ертегідегі туған күндегі көңіл-күй,қоянды құттықтап келген достары,олар қоянға қандай тілек тілегенін кейіпкерлердің қимыл-қозғалыстарын,рөлін көркемдеп,сипаттауға бағыттау.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі «Құйрығын жоғалтып алған қоянға өз құйрығын табуға көмектес»тапсырмасын орындату.

Қоян-заяц

Сергіту жаттығуын қимылын келтіріп жасайды.





Суретке қарап ертегі құрастыруға тырысады.





Дәптермен жұмыс жасайды.



Қоян-заяц


Рефлексивті

түзетушілік

Еңбек ету мен жаттығудан еш уақытта қашпай,жалқаулыққа бой алдырмай,жарқын болашақты серуеннің дұрыс ұйымдастырылуы мен еңбек екенін айтып «Бақыт кілті-еңбекте»деген халқымыздың дана сөзімен қорытындылау.

Жалқаулықтың жаман әдет екенін ұғынып,әр жақсылықтың еңбекпен келетінін түсінеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Берілген тақырыпқа ертегі ойлап табуды

Игереді: жылы лебіздер,тілектер айтуды

Меңгереді: кейіпкерлер рөлін көркемдеп сипаттауды біледі























-80%
Курсы дополнительного образования

Ландшафтный дизайн

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Әйгерім дастарханды әзірлеп жатыр (116.52 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт