Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Ертегілер еліне саяхат

Ертегілер еліне саяхат

Дидактикалық ойындар арқылы геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын пысықтау.

10.05.2018

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қазақ тілі

Тақырыбы: Жабайы жануарлар " Бауырсақ ертегісі"

Мақсаты:Ертегі мазмұнын түсініп, тыңдай білуге үйрету.Ертегі кейіпкерлерін атап, олардың қайда өмір сүретіндерін, қандай жануарға жататынын, қимыл-қозғалыстарын салып, дауыс екпінін білуге үйрету.Ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сөздік жұмыс: қоян, түлкі, қасқыр, аю

Керекті көрнекіліктер: ертегінің атрибуттары.

Билингвальды компонент: қоян-заяц

түлкі-лиса

қасқыр-волк

аю-медведь

Мотивациялық-қозғаушылық

Жылулық шеңбері:

-Еліміз тыныш болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

Ата-анамыз аман болсын!

Балабақшамыз үлкейе берсін!

Бәріміз дос болайық!

Ұйымдастырушылық-ізденістік.

Балалар неше жыл мезгілі бар?

-4

Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем

-Көктем мезгілінің айларын атаңдаршы?

-наурыз, сәуір, мамыр

-Балалар көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-қар ериді, күн жылынады, табиғат оянады, құстар жылы жақтан ұшып келеді.

-Балалар сендер қандай ертегілер білесіңдер?

-"Бауырсақ", "Маша мен Аю", "Жеті лақ"т.б.

Балалар жабайы жануарларға қандай аңдар жатады?

-қоян, түлкі, қасқыр, аю

Жұмбақ жасыру:

Гаухар:

Өзі айлакер, өзі қу (Түлкі)

Ажар:

Балды жақсы көреді,

Арадан қорқып жүреді (аю)

Арсен:

Ұзын құлақты, ешкі құйрықты,

Мысық аяқты, өзі жүйрік (Қоян)

Айсұлтан:

Бейғам елді іздейді,

Малдан күдер үзбейді.(Қасқыр)

-Ендеше балалар осы айтқан жабайы жануарлар қай ертегіде кездеседі?

-Бауырсақ ертегісінде

-Балалар ендеше бірге ертегіні мнеможолдармен әңгімелейікші(тәрбише мен балалар бірге мазмұндайды)



-Ертегі кейіпкерлерін атайықшы?

-ата, әже, бауырсақ, қоян, түлкі, қасқыр, аю

-ендеше осы жабайы аңдарды орысша қалай атаймыз?

-қоян-заяц, түлкі-лиса, аю-медведь, қасқыр-волк.

-Дұрыс айтасыңдар.Енді балалар осы аңдардың жүрісін бірге салайықшы.(Балалар аңдардың жүрісін салып көрсетеді)

Сергіту сәті:

Корбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен,

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Ойын: "Аңдардың мекен тап". Шарты: аңдардың мекенін тауып, сызбамен көрсету.

Рефлексиялық-түзетушілік:

Сұрақ-жауаптар.

Балалар біз бүгін қандай ертегіні тыңдадық?

-"Бауырсақ"

-Бауырсақты кім пісірді?

-Әже

-Бауырсақ қандай өлең айтады?

(Балалар бауырсақтың өлеңін айтып береді)

Біледі:Ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлқын.

Игереді: Сұрақтарға толық жауап беруді

Меңгереді:. Ертегіні толық мазмұндауды.





-80%
Курсы повышения квалификации

Менеджмент в образовании

Продолжительность 108 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
5900 руб.
1180 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ертегілер еліне саяхат (16.08 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт