Меню
Разработки

"Ертегілер елінде"

урок сказка для детей дошкольного возраста
26.04.2021

Содержимое разработки

«1-Наурыз- Алғыс айту күні»


Мақсаты: Отанын, елін, жерін, ата-анасын, достарын сүюге, үлкенге құрмет,

кішіге- ізет, мейірімді болуға, ідептілікке, мейірімділікке

тәрбиелеу, алғыс айтуға уйрету.


Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар 1-ші Наурыз алғыс

айту ризашылық күніне қош келдіңіздер! Отбасыларыңы

аман, дендеріңіз сау, бақытты, дәулетті өмір тілеймін.


Бұл күні барлық адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды, алғыс айтады. Алғыс адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, жылы сөзі. Жақсы сөз- жан азығы!

Балалармен бірге: Ризамын бүгінге

Ризамын бүгінге

Ризамын ертеңге

Ризамын қазірге

Ризамын ризамын,

Ризамын бүгінге.

Тәрбиеші: -Балалар, алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?


Анар: Алғыс- адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, жылы сөзі.


Жүргізуші: Дұрыс айтасың, Анар. Олай болса балаларымыздың алғыс айтып, тақпақтарына кезек берейік.


Вова: Осы үйдің апасы мен данасы

Гүлайм Жиекбаевна апамызға мың алғыс!


Анар: Білім менен нұрландырған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Аналық мейірім сыйлаған

Тәрбиеші апайларға мың алғыс

Рахмет!


Султан: Іш ауырса, тіс ауырса

Дәрі бізге бергізіп

Дәрігер апайларға

Мың алғыс!


Жақсылық: Асымызды дәмді етіп

Жылы жұмсақ жасаған

Аспазшы апайларға мың алғыс!


Аяла: Ән мен би үйреткен

Өнерге бізді жетелеген

Алия әпкейге рахмет!


Жүргізуші: - Жарайсыңдар, балалар!


Апа: Армысыздар халайық!

Бармысыздар халайық!

Алғыс айту күнімен!

Бірге қарсы алайық!


Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, апа!

Сізге де мың алғыс!

Төрлетіңіз келіңіз!


Аллаға- өмір сыйлаған үшін

Анама- өмірге әкелгені үшін

Далаға- гүлдерім үшін

Күнге- шуағы үшін

Жерге- құшағы үшін

Досқа- құшағы үшін

Отқа- жылуы үшін

Сөзге- жанды жылытқаны үшін

Сіздерге- ыстық алақандарыңыз үшін


Ән: «Отаным»

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй!


Би: «Күн шуақтары»


Ән: «Рахмет»


Би: «Вальске шақыр»

Жүргізуші: - Жарайсыңдар, балалар! Апамызға арнап жеке ән орындап береді.(Вова, Сұлтан, Жақсылық)


Ән: «Сағындым әже»


Апа: -Жарайсыңдар!


Ойын: «Көңілді қолшатыр»


Жүргізуші: Құрметті, қонақтар, балалар

Жылы сөз

Қайырымды іс!

Жақсы ой!


Кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар! «Рахмет» деген сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс естіген сайын жақсылық жасағысы келіп тұратынан ұмытпаңыздар!

-80%
Курсы повышения квалификации

Система управления охраной труда в учреждении образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Ертегілер елінде" (14.52 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт