Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Құрастыру, Ағылшын тілі, Сурет
Тақырыбы: Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік!!!
Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру. Отан туралы білімдерін арттыру, ҚР-сы туралы түсініктерін қалыптастыру. Балаларды елін, жерін құрметтейтін, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат болуға тәрбиелеу. Балаларға еліміздің нышандарының мән-мағынасын түсіндіру
Дамытушылық: Балаларға сурет арқылы көрсетіп әңгімелесу. Туған жерін сүйуге, қадірлеуге үйрету.
Тәрбиелік: Мемлекеттк нышандардың аса маңызды екенін, оларды құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру.
Есеп орталығы
Көрнекілік: Отшашу суреті, гуащь, қара түсті қатты қағаз, мақта таяқшалары.
Қажетті құрал: Ноутбук,
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,үйрету, қайталату
Көркем әдебиет орталығы:
Көрнекілік: Слайдттар, қағаздардан гүлдерді жасап картаға жабыстыру
Қажетті құрал: Ноутбук
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,үйрету, қайталату
Билингвинді сөздер: state` s emblem-елтаңба, flag-ту,, anthem-әңұран
Өнер орталығы:
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының картасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Рәміздері, Байтерек (слайд-шоу).
Қажетті құрал: Ноутбук
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, үйрету, жасату
Технология: «Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша белсенділік орталықтарындағы жұмыстар
Жұмыс жасайтын орталықтар: Есеп орталығы, Көркем әдебиет орталығы,Өнер орталығы
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті қәне амандасып алайықшы.
Балалар: Сәлематсызба!!
Тәрбиеші: Балалар осы көтеріңкі көңіл күймен шаттық шеңерімізді құрайық,
Бір шаңырақ астында
Қазақстанда тұрамыз
Бірге сайран құрамыз
Бір үйде біз тұрамыз.
Өте жақсы балалар. Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ. Бүгін біз Тәуелсіздігіміздің 24жылдығына арнап оқу іс-әрекетімізді өтеміз. Оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын еліміздің әнұранын айтайық.
Рахмет балалар.
Балалар бүгін біз үш орталыққа бөлініп өнер орталығы, көркем әдебиет орталығы және есеп орталықтары бойынша оқу іс-әрекетімізді өтеміз. Өздерің қалаған орталықтарңа бөлініп отыра қойыңдар.
Есеп орталығы:
Балалар есеп орталығына қош келдіңіздер. Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз Тәуелсіздікке арналады.
-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстан Республикасында
-Ал, елордамыз қай қала?
-Астана қаласы
-Елімізді басқарып отырған елбасымыздың есімі кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-Ал енді балалар әр елдің өзінің рәміздері, заңдары болады екен. Сол сияқты біздің де өзіміздің заңдарымыз, рәміздеріміз бар. Қәне, балалар ҚР-ның рәміздерін атап беріңдерші.
-Ту, Елтаңба, Әнұран
-Өте дұрыс балалар. Мынау біздің туымыз.(ноутбуктен слайд көрсетеді) Туымызға келетін болсақ мөп-мөлдір аспандай көгілдір түс қандай керемет. Сол көгілдір аспан ортасынан шұғылалы сәулесін шашқан күн. Күнді қанатымен көтеріп қалықтай ұшқан қыран құс қандай әдемі. Оған өміріміздің қайнарындай қазақтың ұлттық ою-өрнегі қандай жарасымды.
-Ал бұл балалар Елтаңба. Қараңыздаршы елтаңбамыз қандай тамаша. Ендеше елтаңбамызға тағы да көз салайық. Ортада қазақтың қара шаңырағы, күн сәулесіндей уықтаршаңырақтан шашырай шапағын шашқандай. Екі жақтағы қанатты тұлпар, жоғарыда бес бұрышты жұлдыз жарқырайды.
-Балалар әр мемлекеттің өзінің әнұраны болады. Оны салтанатты жиындарда орындайды. Әнұранды орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып оң қолымыз сол жақ жүрегіміздің тұсына қойып орындаймыз.
-Балалар Қазақстан Республикасының еркіндік алып Тәуелсіздікке жеткен күні ол 16-желтоқсан. Бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16-желтоқсанда үлкен көтіріліс болды, оған қазақтың жас ұлдары мен қыздары шықты. Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев, Сабира Мұхамеджанова, Ляззат Асановалар болды. Олар Отан үшін,сендердің болашақтарың үшін үлкен ерлікпен қаза тапты. Осы аға-апаларымыздың арқасында ешкімге бағынбай, тәуелсіз мемлекет болдық.
Ал балалар сендер тәуелсіздік туралы түсінік алдыңдар. 16-желтоқсан біздің елімізде тәуелсіздік мерекесі тойланады. Бұл мерекені еліміздің әрбір қалаларында, ауылдарында тойланады. Осы күні түнде үлкен қалалар аспанында мерекелік от шашулар жарқырайды.
От шашулар аспаннан төмен қарай шашылған түрлі моншақтарға ұқсайды. Балалар қазір біз осы тәуелсіздік мерекесіне арнап қағаз бетіне мақта таяқшаларымен от шашулардың суретін саламыз. Мақта таяқшаларын әуелі сары бояуға батырып сары түсті от шашуларды бір жерге саламыз, одан соң қызыл бояуға басқа мақта таяқшасын батырып қызыл от шашуларды бір жерге топтап, сөйтіп көк жасыл түспен от шашулар жасаймыз. (Балалар берілген тапсырманы орындап, өз қолдарымен отшашу жасайды)
Қорытынды:
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сендерге ұнадыма?
-Ия ұнады
-Жарайсыңдар балалар! Сендер бүгінгі тақырыпты жақсы меңгеріпсіңдер. Сендер елін , жерін құрметтейтін, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат болуға тиіссіңдер, өйткені біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы сендерсіңдер.
Балалар бәріңізде жақсы қатыстыңыздар, сендерге жақсы деген баға қоямын. Рахмет!
"Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік" ашық сабақ
Балалар?а Т?уелсіздік мерекесі туралы т?сінік беру. Отан туралы білімдерін арттыру, ?Р-сы туралы т?сініктерін ?алыптастыру. Балаларды елін, жерін ??рметтейтін, адамгершілігі мол, ?з Отанын с?йетін азамат болу?а т?рбиелеу. Балалар?а елімізді? нышандарыны? м?н-ма?ынасын т?сіндіру
Какашина Алтын Каирбаевна
26.11.2016
-80%
Курсы повышения квалификации
Порядок организации и проведения деловых переговоров как условие успешной коммуникации
Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.

"Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік" ашық сабақ (17.43 KB)

