Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Мероприятия  /  3 класс  /  "Ел сыйлаған - Бауыржан" тәрбие сағаты

"Ел сыйлаған - Бауыржан" тәрбие сағаты

Сабақтың мақсаты:а)Бауыржан Момышұлының өмір жолы,нақыл сөздері негізінде оқушыларды ерлікке,Отан сүйгіштікке,адамгершілік,ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.

Ә)Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі:Еске алу сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі:Талдау әдісі,сұрақ-жауап,өлеңдер оқу,әңгімелеу әдісі

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру:

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады

Мұғалім:Балалар,бүгінгі еске алу сабағы қазақ халқының абзал азаматы,өр мінезді,қайсар жауынгері,халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмір жолына,Отаншылдық әрекетіне арналады.

29.01.2019

Содержимое разработки





Бекітемін

-----------------------

Мектеп директоры

Ж.Қаратева

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі







ТӘРБИЕ САҒАТ



Тақырыбы: Ел сыйлаған-Бауыржан





Орындаған: Нұрынбетова Айнұр

Сыныбы: 3 «а»

Мектебі: №97 ЖОМ







2018-2019 оқу жылы


Сабақатың тақырыбы:Ел сыйлаған-Бауыржан

Сабақтың эпиграфы:

Мен де қазақпын жаралған сүйек еттен,

Менде ар бар,менде ой бар жан тебіренткен.

Халқымның қарапайым бір ұлымын,

Жанымды арым үшін құрбан еткен.

Б.Момышұлы


Сабақтың мақсаты:а)Бауыржан Момышұлының өмір жолы,нақыл сөздері негізінде оқушыларды ерлікке,Отан сүйгіштікке,адамгершілік,ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.

Ә)Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі:Еске алу сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілі:Талдау әдісі,сұрақ-жауап,өлеңдер оқу,әңгімелеу әдісі

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру:

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады

Мұғалім:Балалар,бүгінгі еске алу сабағы қазақ халқының абзал азаматы,өр мінезді ,қайсар жауынгері,халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмір жолына,Отаншылдық әрекетіне арналады.

Сабағымызды қан майданда қарумен қатар ақындық шабытпен қаламын ала жүрген Қасым Аманжоловтың Батыр ағамызға арнаған өлеңімен бастаймыз:

Бауыржан

Бір дауыл сапырды кеп өрт-теңізін,

Теңселтіп темір –топан дүние жүзін.

Бетіне туған жердің өшпестей ғып,

Ер жазды өз қанымен жүрген ізін.


Қан Майдан қаталдатып,шөлдегенде,

Кез болдым жалтылдаған екі көзге.

Көл емес көздері ғой Бауыржанның,

Елестеп мың көрінер бір көргенге.

Кейде ол көк семсерлі генералдай,

Кейде ол күй көңілді ақын жандай.

Өмірдің ол шетімен бұл шетінде,

Өрісі өрен ойдың тартылғандай.


«Бауырым-Бауыржаным»дейді халқым,

Алып ұш,ақын жүрек ердің даңқын.

Келешек келе жатыр көремін деп,

Тіс басып туған жерде жүрген қалпын.

Мұғалім:Халқымыз аялап,қастерлей білген ағаның «Отан үшін отқа түс,күймейсің»-деп еліміздің ертеңі үшін жауына қаймықпай қарсы баруы, ежелден келген бабалар бойындағы ұлылығы сияқты.Бойындағы қайсарлығы,өжеттігі жауға қарсы жігерлендіріп,намыстың отын үрледі.

Хор «Панфилов пен Бауыржан»

Көрмеген-ді ол бұрын,

Көрмеген-ді бұл бұрын.

Көріспеген қос батыр,

Тани кетті бір-бірін.


Панфиловтың әскері,

Баукең соның басты ері.

Қай қиынға салса да,

Қайтар емес жас бөрі.


Жеңіп жауды қанқұйлы,

Жүздеген ер жан қиды.

Жан қиғанның біреуі-

Жолбарыстай Панфилов.

Мұғалім:Бүгінгі сабағымыздың тақырыбына байланысты Бауыржан Момышұлы ағамыз туралы өлең-жырлармен ары қарай сабағымызды жалғастырамыз:

Оқушы: Батырға тән бітімің зор болатын,

Бүркіт қана сенше иық қомданатын.

Көргелі іздеп келгендер беттей алмай,

Бейбіт күнде-ақ сұсыңа таңданатын.


Оқушы:

Білімділік еселеп ерлігіңді,

Қол басқарып соңғыға бердің үлгі.

Қайталанбас қас батыр екенініңді,

Досың түгіл жау да,шет елде ұғынды.

Оқушы:

Құптап Қамбар,Алпамыс,Қобыланды,

Тек өзіңді тең санап тобына алды.

Ер қаруы-бес қару алтыншы боп,

Ерліктің сан артында томы қалды.

Мұғалім:Сонау бір сұрапыл соғыс жылдары өз жерін,елін ерлермен бірге біздің қазақ әпкелеріміз де бірге аттанды.Сол әпкелерімізге арнап ән айтамыз:Хор «Әлия мен Мәншүк»

Мұғалім:Халқымыз өзінің әр өнерінде де «Қариясы бардың-қазынасы бар»-деп жырлаған .

Оқушы:

Ақиқатты айқындап,жариялап,

Бара жатыр азайып қариялар.

Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын,

Бара жатыр сарқылып қариялар.

Мұғалім: Балалар,бүгінгі мерекелік күнде Бауыржан атаның ерлігі мен жаратылысы жайлы әңгімелеп,батыр ағаға арнап өлеңдер оқып жатырмыз.Енді осы ерлік,батырлық туралы мақал-мәтелдер айтамыз.

1)Қорқақ мың өледі,батыр бір өледі

2)Ер ел үшін туып,ел үшін өледі

3)Қоянды қамыс өлтіреді,батырды намыс өлтіреді

Мұғалім:Бүгінгі сабағымызда батыр туралы жыр айтылды.Ал сол батырларды дүниеге әкелгене аналары туралы да бір-екі өлең айтып өтпесек болмас. Аналар туралы ән айтылады.

Мұғалім:Қазақ халқымыздың поэзия биігінен көрінген ұлы Мұқағали Мақатаевтің «Бауыржан Момышұлы»өлеңін айтайық:

Саған білмеймін не айтарымды,

Қай қырыңнан білмеймін байқарымды.

Көңілдегі ой-көмейге келмепті де,

Түрмесіне кеудемнің қайтарылды,

Қайтерімді білмеймін,не айтарымды.


Қайрап едім зауалдың шарығына,

Қақтап едім қан майдан жалынына.

Қынабына оны да жасырдым мен,

Керек болып жүрер деп халқыма.

Мұғалім:Ал балалар,бүгінгі сабағымыздан сендер ағамызды барлық жағынан таныдыңдар.Енді осы батыр ағамыздың ерлігі туралы әрдайым естеріңе түсіріп,сол сияқты ерлік жасауға дайын жүріңдер дегім келеді.Келесі кездескенше қош-сау болыңыздар!







-80%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Ел сыйлаған - Бауыржан" тәрбие сағаты (13.53 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт