HTML ҚҰЖАТЫН ПІШІМДЕУ
Мақсаты: HTML-тілінде формалар құру, HTML-құжатын фреймдік негізде құруды, гиперсілтемелерді суретке және мәтінге қолдана білуді, көлденең сызықтарды Web-парағына қодануды және сырғымалы жолдарды ұйымдастыруды, сүзгілеуді Web-парағындағы мәтінге және суретке қолдануды оқып үйрену.
Оқытудың міндеттері:
Студенттердің форма, фрейм, көлденең сызық, гипермәтіндік сілтеме, мәтінге және суретке қолданылатын сүзгі құрудағы дағдыларын және қабілеттіліктерін қалыптастыру.
Ұйымдастыру кезеңі: -5 мин
Студенттердің сабаққа қатысуын тексеріп, келмеген және дайындалмаған себептерін айқындап, жаңа сабаққа назар аударуын ұйымдастыру.
Құзыреттілікті қалыптастыру саны: біліктілік, практикалық дағды.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: -45 мин
Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:
1. HTML –тілінде Web-парағын құру.
2. Форманың анықтамасы және атрибуттары.
3. тэгінің атрибуттары және олардың қолданылуы.
4. ACTION, METHOD және ENCTYPE атрибуттарының қызметі.
5. элементінің негізгі типтері.
6. Фрейм түсінігі, оның құрылымы мен мүмкіндіктері.
7. Фрейм құру ережесі.
8. Браузер құжаттарын көлденең және тігінен орналастыру үшін фреймнің қандай атрибуттары
қолданылады?
9. Бір құжаттан екінші құжатқа өту ережелері.
10. Көлдеңен сызықтарды қоюға арналған тэг және оның атрибуттары.
11. Мәтінге және суретке қолданылатын сүзгілеулер.
Қ Ы С Қ А Ш А Т Е О Р И Я С Ы
Формалар
Форма — HTML-құжатындағы ақпаратты Web-сервер арқылы әлемнің алдын ала белгіленген бір жеріне жіберу үшін қолданылатын құрал. Формалар арқылы сайтқа кірушілерге сұрақнама құруға, жарнама жасауға және медициналық анықтамалар құруға болады.
Форманың жұмыс істеу принципі мынадай: сайтқа кіруші форманы толтырады, толтырып болғаннан кейін белгілі бір батырманы басып, формадағы ақпарат көрсетілген жерлерге барады. Формалар FORM ... тэгтер арасында орналасады. HTML-құжатының ішінде бірнеше форма болуы мүмкін, бірақ, олар бірінің ішінде бірі орналаспауы керек. тэгінің негізгі атрибуттары:
| Атрибут | Атқаратын қызметі |
| ACTION | Міндетті атрибут. Форма өңдеушісінің Web-сервердегі жолын көрсетуді анықтайды. |
| METHOD | Формадағы ақпарат өңдеушіге қалай баратынын анықтайды. Мүмкін болатын мәндері: METHOD=POST және METHOD=GET. Мұндағы РOST атрибуты формадағы ақпарат URL-ден бөлек жіберіледі, ал GET атрибуты URL-мен бірге жіберіледі. Егер атрибут мәні жазылмаса, онда, автоматты түрде METHOD=GET мәні ұйғарылады. |
| ENCTYPE | Тұтынушы мәліметін браузерден Web-серверге жіберудегі кодтау түрін анықтайды. |
Қолданушы формаға ақпаратты енгізу үшін элементін қолданады. Әрбір элментінде NAME=имя атрибуты бар, ол жолдың атын анықтайды (жолдың идентификаторы). Келесі кестеде элементінің басты типтері көрсетілген:
| Атрибут | Атқаратын қызметі |
| TYPE=text | Мәтін енгізетін ұяшықты анықтайды. Қосымша мынадай атрибуттары бар: SIZE=сан (ұяшықтың ені символмен беріледі) және MAXLENGTH=сан (Өріске жазлатын символдардың мүмкін максималды саны): Алмас"
Ені 20 символдан аспайтын мәтін енгізуге арналған ұяшықты анықтайды. Автоматты түрде ұяшықта “Алмас” сөзі шығады, оны қолданушы өз қалауынша өзгерте алады. |
| TYPE=password | Пароль енгізетін ұяшықты анықтайды. Тext типіне өте ұқсас, бірақ, мәтіннің орнына жұлдызшалар (*) шығады:
Еніне 20 символ сиятындай пароль енгізу ұяшығын шығарады. Көрсетілген үлгіде парольды 10 символға дейін енгізуге болады. |
| TYPE=radio | Радиобатырманы экранға шығарады. CHECKED (радиобатырманың ерекшеленгенін) деген қосымша атрибуты болады. Аттары бірдей бір топ радиобатырмалардың ішінде тек біреуі ғана белгіленген радиобатырма болады: Иә
Радиобатырманы ерекшелеп алған соң осы ақпарат тұтынушыға жіберіледі. Егер радиобатырманы ерекшелемесе Question айнымалысына Yes мәні беріледі: Question=Yes. |
| TYPE=checkbox | Белгі қоюға болатын квадрат батырмаларды анықтайды және CHECKED деген қосымша атрибуты бар. (квадратқа белгі қойып көрсетеді). Радиобатырмалардан айырмашылығы - аттары бірдей квадраттар тобында бірнеше квадраттар белгіленуі мүмкін: Процессорлар
Квадрат батырмалардың бірнешеуі белгіленгеннен соң, осы ақпарат тұтынушыға жіберіледі. Егер белгіленбесе, келесідей екі айнымалы жіберіледі: Comp=Video және Comp=Modem. |
| TYPE=submit | Формадағы мәліметті тұтынушыға жіберетін батырманы шығарады. Ол әрекет "Жіберу" батырмасын басқанда жүзеге асады: Жіберу"
|
| TYPE=reset | Формадағы жолдарды тазалайтын батырманы анықтайды. Ол әрекет батырма басу арқылы орындалады. "Тазарту" батырмасы басылған соң формадағы мәлімет өңдеушіге жіберілмейді:
|
Формада көлемді мәтіндер енгізуге арналған ұяшық орнатуға болады. Ол элементі арқылы орындалады:
TEXTAREA NAME=address ROWS=5 COLS=50 Өзіңіз туралы мәлімет енгізіңіз
NAME атрибуты ұяшыққа енгізілген мәтінге ат меншіктейді, сол атпен ол тұтынушыға жіберіледі. ROWS атрибуты ұяшықтың биіктігін мәтін жолдарымен анықтайды. COLSатрибуты ұяшықтың енін символдармен анықтайды. ...тэгтерінің арасындағы мәтін, қалыпты жағдайда осы ұяшықтың ішінде орналасады. Қолданушы оны өзгерте немесе мүлде өшіре алады. Бұдан басқа формада тағы таңдау менюін қолдануға болады. Ол ашылатын тэгімен басталып (менюға ат беретінNAME міндетті атрибуты бар, ) және жабылатын тэгімен аяқталады. Олардың арасында меню элементін анықтайтын тэгі орналасады. Егер осы элемент таңдалса, міндетті VALUE атрибуты тұтынушыға жіберілетін мәндер қояды. тэгінде selected атрибутын қолдануға болады, ол қалыпты жағдайда қай элемент таңдалып тұрғанын көрсетеді.
| Аты" |
|
SELECT тэгінде MULTIPLE атрибутын қолдануға болады, ол меню ішінен бірнеше элементті таңдап алуға болатынын көрсетеді. Көп жағдайда SELECT MULTIPLEэлементін бүтін ұяшық ретінде шығарып көрсетеді. Ол ұяшықтың ішіне менюдің барлық элементтері сияды. Ұяшықтың жол санын анықтау үшін SIZE= “сан” атрибуты қолданылады.
| Аты" |
|
Мысал 1:
ПРИМЕР
сіздің _t-mail_адресіңіз"
Аты-жөні:
Аты " SIZE="30"
Мекен-жайы:
Мекен-жайы " SIZE="30"
Телефоны:
Телефон" SIZE="10"
Жынысы:
Таңдау 1" VALUE=" Ер бала "Ер бала
Таңдау 1" VALUE=" Қыз бала "Қыз бала
Фрейм туралы түсінік.
HTML тілі браузер программасы терезелерін бірнеше бөліке бөліп тастау мүмкіндгін береді және олардың әрқайсысында жеке құжаттар бейнеленеді. Осындай бөліктерді фрейм деп атаймыз. Фрейм (ағылшын тілінен Frame – жиек, каркас, кадр) параметрлері және өлшемдері бойынша әртүрлі болып келетін бірнеше фреймдерге бөлінген браузер терезесінің жеке жұмыс аймағы болып табылады. Мұндай терезелердің жиынтығы фреймдік құрылым деп аталады. Әрбір фрейм – бұл браузер арқылы өзіне арналған терезеде жүктелетін HTML-құжат. Осылайша, фреймдік негізде құрылған HTML-құжат – параметрлері мен қасиеттері бүкіл фреймдік құрылыммен анықталатын, өзара байланысқан электронды құжаттардың жиынтығы.
1. Фреймдер құру үшін HTML-де ерекше құжаттар пайдаланылады, оның құрылымы кәдімгі құжаттардан бөлек болады. Бұл құжаттарда мәтін немесе файл бөлігі емес, және тэгтерінің арасында орналасқан фреймдер болады. Бұл сипаттамада браузер терезесіндегі бөліктердің өлшемдері мен олардың орналасу тәртібі сипатталады, сонымен қатар аталмыш бөліктердің әрқайсысынан шақырылуы тиіс құжаттар көрсетіледі. Файл атын ол орналасқан ішкі директорияларды көрсетіп, толық беру керек.
2. тэгі терезелерді бөлу әдістерін анықтайтын, COLS= және ROWS= міндетті артибуттарына ие. COLS=атрибуттарын пайдаланған уақытта терезелер тік сызықтармен, ал ROWS=атрибуттары арқылы колденең сызықтармен бірнеше бөліктерге бөлінеді. Егер аталмыш атрибуттың екеуі де берілсе, терезеде бөлікшелерден құралатын тор пайда болады.
Осы атрибуттардың мәндері терезе бөліктерінің биіктігін (немесе енін) анықтайды. Әр бағанға (жолға) арналған параметрлер пиксель өлшем бірлігі бойынша үтірлер арқылы немесе проценттермен (“%” белгісі) беріледі. Соңғы параметр ретінде (*) жұлдызша белгісін де пайдалануға болады. Осындай фрейм үшін барлық қалған бос кеңістіктер беріледі.
3. және тэгтерінің арасында қалыптастырылған бөліктердің қажеттілігін көрсететін қосымша тэгтер орналастырылады. Осы мақсатта терезені қосымша бөлу мүмкіндігін беретін, ендірілген тэгін немесе экрандағы жеке бөліктеріне шақырылатын құжаттарды анықтайтын, жеке даралық тэгтерін пайдалануға болады. және тэгтерінің араларына орналастырылған элементтердің саны қалыптастырылған бөлік санына сәйкес болуы керек.
4. тэгінде аталмыш бөлікке шақырылатын құжаттарды анықтайтын SRC=міндетті атрибуттары болуы керек. Қосымша атрибуттар жеке фреймдер арасындағы қоршауларды және оның басқа кейбір қасиеттерін реттеу мүмкіндігін береді.
Мысалы:
файл аты.html”
| Мысал 2. |
|
Гипермәтіндік сілтеме. Қарапайым гиперсілтемені құру. Сілтеме ретінде графикалық файлды қолдану. Сілтеме және түс.
Интернетте тақырыбы бойынша ұқсас және тұтынушылардың бір аудиториясына бағытталған миллиондаған электронды құжаттар бар. Гипермәтіндік сілтемелер арқылы бір HTML-құжатты басқалармен байланыстыру мүмкіндігі болмаса, басқа құжаттарға өту қиын да күрделі болатын еді.
Шынайылығында, кез келген гипермәтіндік сілтеме – бұл браузер терезесінен бірден өту мүмкіндігі бар ауқымды желідегі мекен-жай көрсеткіші. Сілтеме арқылы өту екі жағдайда жүзеге асады: егер құжат сілтеме жасайтын ресурс бар болса және HTML бойынша гиперсілтеме құрылымы дұрыс болса.
Гиперсілтемелер құрылымы
Кез келген гиперсілтеме екі маңызды бөліктен тұрады, олар: сілтеме көрсеткіші және құжаттан өту керек болатын ресурс. Сыртынан гиперсілтемені қалыпты мәтіннен ажырату өте оңай: тышқан меңзерін сілтемеге апарғанда, меңзер сұқ саусақпен осы мәтінде гиперсілтеме бар екенін көрсетіп тұрған сияқты қолдың түріне ие болады. Егер көрсеткіш мәтін болса, сілтеменің асты сызылады. Сілтеме рөлін мәтін (жеке сөз, үзінділер, мәтіннің бүтін бөліктері) және графикалық бейнелер атқаруы мүмкін. Графика мен мәтіннің бірігуі сілтеме құра алады. Сілтеме көрсеткіші тэгімен сипатталады, ал өту мекен-жайы HREF параметрінің көмегімен жүзеге асады, оның мәні басқа Интернет-ресурс жолы болып табылады (жабушы тэгі міндетті). Сол сілтеме сөздің үстіне меңзерді қойып тышқанды шерту көрсетілген файлға немесе желі бойындағы URL-адреске көшуді қамтамасыз етеді. Гипермәтіндік сілтемелер мекен-жайдан өзге кез-келген файлды немесе адреске сәйкес Web-парақты (немесе Web-тораптағы кез келген файлды) көрсетуі мүмкін. HTML сілтемелері мәтінді немесе суретті басқа гипермәтіндік құжаттармен байланыстырады. Сілтеменің қарапайым құрлымы:
Сілтеме аты
элементінің параметрлері кестеде көрсетілген:
| Атрибут | Атқаратын қызметі |
| HREF | URL (унифицирленген ресурстар локаторы) - Интернеттегі кез келген файл адресі. Беттің толық адресі көрсетілу керек (мысалы,http://lenininc.narod.ru/index.html). Мұндағы файл атауы index.html. |
| TARGET | Гиперсілтемені қай терезеде (фреймге) жүктейтінін анықтайды және оның мәндері: |
| TITLE | Гиперсілтемеге тышқан курсорын бағыттағанда пайда болатын көмекші мәтін. Бұл міндетті параметр емес. |
Графикалық файл сілтеме рөлінде.
Гиперсілтеме ретінде кез-келген графикалық файлды (әдетте - *.gif, *.jpg.) алуға болады. Ол үшін сілтеме атының орнына графикалық элементті жазу керек. TITLE параметрі тек суретте болу керек:
Сілтемелер және түстер.
Сілтемеге меңзерді бағыттағанда, шерткенде түсін ауыстыру үшін тэгіне тағы бірнеше параметр қосу керек.
| Атрибут | Атқаратын қызметі |
| TEXT | Мәтін әріптерінің түсін анықтайды, егер ол жазылмаса, келісім бойынша қара түс қабылдайды. Фон түсін өзгерткенде соған үйлесімді символдар түсі бекітіледі. Бұл да ағылшын тіліндегі аттарымен немесе он алтылық сандар түрінде RGB тәсілімен беріледі. |
| VLІNK | Пайдаланылған гипермәтіндік сілтеме түсін анықтайды. Келісім бойынша ол қызылқоңыр түс болып саналады. |
| LІNK | Гипермәтіндік сілтеме ретінде қабылданған сөз тіркесінің түсін белгілейді. Егер көрсетілмесе, ол көк түс болып саналады. |
| ALІNK | Гипермәтіндік сілтемеге меңзерді бағыттағанда оның түсінің өзгеруін анықтайды. Бұл параметр өте сирек өзгертіледі. |
Мысалы:
Берілген атрибуттар бүкіл құжат қасиеттерін анықтайды. Мұндай кодты HTML құжатына орналастырған жағдайда қаріп түсін тағайындау қажет емес, өйткені тэгінде түс қалай берілсе, бүкіл құжат түсі де солай анықталады.
Көлденең сызықтар
Көлденең сызық қою тэгімен орындалады, оның жабу тэгі болмайды. тэгі экран бетінде көлденең сызық жүргізіеді. Ол параметрсіз қолданылса, төмендегідей көлденең жолды толық алып тұрған қара-сұр сызық жүргізеді:
HR (Horisontal Rulе) тэгі мәтінді бөлетін сызықтар қояды. Оның атрибуттары келесідей:
| Атрибут | Атқаратын қызметі |
| WIDTH | Сызықтың ұзындығын пиксельдермен немесе экран бетіне қатысты пайызбен анықтайды. |
| SIZE | Сызықтың қалыңдығын пиксельдермен анықтайды. |
| ALIGN | Сызықты көлднең бағытта түзейді. Бұл параметр келесі мәндерге ие бола алады: |
| NOSHADE | Сызықты толық бояу әдісі. Бұл параметр жеке жазылады, ешқандай мән беруді қажет етпейді. Берілген параметрсіз сызық көлемді болады. |
| COLOR | Сызықтың түсін анықтайды, түстің атауы немесе он алтылық коды беріледі. Ол тек Internet Explorer браузерінде орындалады. |
Сызықтарға мысалдар:
Сызықтың орнына төртбұрыш салуға болады:

Өкінішке орай бір жолға бірнеше тіктөртбұрыштар салуға болмайды.
Сырғымалы жол
Web-парақта графикалық кескіндерді, мәтіндерді сырғымалы жол арқылы безендіруге болады. Оны қолданар алдында жолдың мәтінімен орның анықтап алу қажет. Сырғымалы жол құратын ең басты және жалғыз тэг …
(…) орнына кез-келген сөзді немесе мәтін үзіндісін компьютер экранында сырғытып қоюға болады. Сырғымалы жол бағытын өзгертуге болады. Ол үшін арнайы бағыт атрибуты қолданылады. Егер сырғымалы жолды оңнан солға қарай бағыттау керек болса, тэг мәтін түрін қабылдайды, ал солдан оңға қарай бағыттау үшін мәтін тэгі қолданылады. Мұндағы DІRECTІON жолдың сырғу бағытын анықтайды, оның мүмкін мәндері: LEFT (солға) және RІGHT (оңға).
Сырғымалы жолдарға қолданылатын атрибуттар:
| Атрибут | Атқаратын қызметі |
| SCROLL | Оңнан солға қарай сырғу, бұл атрибут шексіз цикл құрайды. Цикл санын LOOP операторын енгізу арқылы шектеуге болады. Мысалы: мәтін . LOOP операторының n –мәні циклдің қайталану санын көрсетеді. |
| SLIDE | Жазба оң жақ шеттен сол жақ шетке сырғып, сонда қалады. мәтін . |
| ALTERNATE | Беттің оң жағынан сол жаққа және керісінше жылжуы. Шексіз цикл. мәтін . |
Сүзгілеулер. Сүзгілеуді мәтінге қолдану.
Сүзгілеулер HTML-құжаттарының браузермен интерпретациялау кезінде блокты тікбұрышты түрде анықтауға мүмкіндігі бар, сол уақытта терезе болып табылмайтын түрлеріне қолданылады. Сүзгілеудің жазылу форматы қарапайым тэгі көмегімен элементтер қасиеттерін беру ережелеріне ұқсас, жазылу түрі
filter: сүзгі аты (параметрлері)
Браузер Internet Explorer 4.x браузерінің сүзгілеу саны жеткілікті көп, оның бұл технологияны қолдануда мүмкіндіктері көп.
Mask сүзгісі-мәтінді ерекшелейді
Shadow сүзгісі-көлеңке түсіреді
DropShadow сүзгісі-көлеңкенің басқа түрі
FlipH сүзгісі-мәтінді көлденеңінен теріс қаратады
FlipV сүзгісі-мәтінді тігінен теріс төңкереді
Glow сүзгісі -мәтінге жарқырау эффектісін береді
Wave сүзгісі -толқынды мәтін
Blur сүзгісі - мәтінді бұлыңғыр етеді
Mask сүзгісі
Мәтінді тышқанмен белгілегендей ерекшелейді.
Синтаксисі:
STYLE="filter:Mask(Color='Color')"
Color - он алтылық түрде берілген ерекшелеу түсі (мысалы. #000FFF) немесе түстің ағылшын тіліндегі аты, мысалы, Red, Blue, Green. Түсті былай анықтау барлық сүзгілерге қолданылады.
Мысалы:
text-align: center;" Информатика
Shadow сүзгісі
Мәтіннің көлеңкесі пайда болады.
Синтаксисі:
STYLE="filter:Shadow(Color='Color', Direction='Direction')"
Color - көлеңке түсі.
Direction - көлеңке бағыты (0 ден 315-ке дейін).
Мысалы:
Информатика
DropShadow сүзгісі
Мәтіннің көлеңкесі пайда болады.
Синтаксис:
STYLE="filter:DropShadow(Color='Color', OffX='Offx', OffY='Offy', Positive='Positive')"
Color - көлеңке түсі
OffX - X осі бойынша жылжу
OffY -Y осі бойынша жылжу
Positive - көлеңкенің оң немесе сол жақтан түсуі (0 немесе 1 сәйкесінше)
Мысалы:
Информатика
FlipH сүзгісі
Мәтінді көлденеңінен теріс қаратады.
Синтаксис:
STYLE="filter:FlipH"
Мысалы:
Информатика
FlipV сүзгісі
Мәтінді тігінен теріс төңкереді.
Синтаксис:
STYLE="filter:FlipV"
Мысалы:
Информатика
Glow сүзгісі
Жарқырау эффектісін береді.
Синтаксис:
STYLE="filter:Glow(Strength='Strength', Color='Color')"
Strength - мәтіннің жарқырау күші (0-100)
Color - жарқырау түсі.
Мысалы:
Информатика
Wave сүзгісі
Мәтінді толқынды түрде бейнелейді.
Синтаксис:
STYLE="filter: Wave( Freq='Freq', Add='Add', LightStrength='LightStrength', Phase='Phase', Strength='Strength')"
Freq - объект толқындарының максимум санын береді.
Add – объектінің бастапқы түрін оның сүзгіленген интерпретациясына қосу қажеттілігін анықтайды.
LightStrength –объект толқындарына үш өлшемді эффект береді.
Phase – толқынның жылу фазаларын анықтайды(оның мәні бастапқы фазасына қарағанда процентпен беріледі).
Strength - толқын қарқындылығы.
Мысалы:
Информатика
Blur сүзгісі
Мәтінді белгілі бір бағытта бұлдыратады.
Синтаксис:
STYLE="filter:Blur(Add='Add', Direction='Direction', Strength='Strength')"
Add - қалыпты немесе қатты бұлдырау (сәйкесінше1немесе 0)
Direction - бұлдырау бағыты ( 0-ден 315-ке дейін)
Strength - бұлдыраудың ығысуы
Мысалы:
Информатика
Сүзгілеуді суретке қолдану.
Alpha сүзгісі - сурет түсін ақшылдандыру
Blur сүзгісі- суретті бұлдырату
Invert сүзгісі - суретті инверсиялау
Gray сүзгісі - ақшыл-қара сурет
XRay сүзгісі - негативті сурет
|
| Бұл суретке барлық сипатталған сүзгілер қолданылған. |
Alpha cүзгісі
Сурет түсін ақшылдандырады.
Синтаксис:
STYLE="filter:Alpha(Opacity='Opacity', FinishOpacity='Finishopacity', Style='Style', StartX='X', StartY='Y', FinishX='X', FinishY='Y')"
Opacity – ақшылдандыру дәрежесі(0-100. 0 ашық, 100 қою).
FinishOpacity – ақшылдандырудың ақырлы дәрежесі (0-100. 0 ашық, 100 қою).
Style - ақшылдандыру әдісі (саны: 0(ақшылдандырусыз ), 1(сызық) 2(шеңбер) 3(тіктөртбұрыш)
StartX, StartY, FinishX, FinishY – ақшылдандыру аймағының координаттары
Мысалы:
Blur сүзгісі
Суретті белгілі бір бағытқа бұлдыратады.
Синтаксисі:
STYLE="filter:Blur(Add='Add', Direction='Direction', Strength='Strength')"
Add - қалыпты немесе қатты бұлдырау (сәйкесінше1немесе 0)
Direction - бұлдырау бағыты ( 0-ден 315-ке дейін)
Strength - бұлдыраудың ығысуы
Мысалы:
Invert сүзгісі
Кескін инверсиясы
Синтаксисі:
STYLE="filter:Invert"
Мысалы:
Gray сүзгісі
Кескінді ақшыл-қара етеді.
Синтаксисі:
STYLE="filter:Gray"
Мысалы:
Xray сүзгісі
Негативті сурет
Синтаксисі: STYLE="filter:Xray"
Мысалы:
Үзіліс -10 мин
Оқыту және сабақ беру әдістері: ақпараттық технологияларды оқыту.
Құзыреттілікті қалыптастыру әдістері:
Ø Компьютерде сауалнама тапсыру (студент берілген тақырып бойынша минималды білімді және дағдыны тексеруге арналған теориялық сұрақтардан, негізгі анықтамалардан тұратын сауалнамаға жауап беруі тиіс).
Ø ДК практикалық жұмыстың нәтижесін тексеру (студент сабақта типтік есептерді шығаруда нақты дағдыны алу үшін жеке берілген тапсырманы орындауы тиіс).
Студенттің өз бетімен жұмысы: -50 мин
Практикалық дағдыны қалыптастыру: типтік және ситуациялық есептерді шешу.
Тапсырмалар:
1. Науқастың жеке іс қағазының формасын құрыңыз:
Көмек:
Бұл формада сіздің Аты-жөніңіз, Жынысыңыз, Бөлімшеңіз, Диагнозыңыз көрсетілуі керек.
Келесі тэгтерді қолданыңыз: -------- және .
| Атрибуттары: TYPE=text VALUE="LENIN INC" TYPE=hidden TYPE=RADIO TEXTAREA
|
|
2. Фреймнің жазбасын құрастырыңыз (бірнеше файлдарды бір құжатқа біріктіру).
Мысалы:
Блокнот программасында Frames1.html аты бар құжатты теріп сақтаңыз :
3. Келесі тапсырмада бір тігінен орналасқан және екі көлденен орналасқан фреймдер құрыңыз.
4. Көлденең сызықты қалай жасайды?
5. Мәтінге қолданылатын сүзгілердің қандай түрлері бар?
6. Бейнеге қолданылатын сүзгілердің қандай түрлері бар?
7. Фреймдер арасында қандай өзара әсер бар?
Сауалнамалар: «HTML тілінің негіздері» тақырыбын «Информатика» сауалнамалар жинағынан қараңыз.
Бағалау: -5 мин
Оқытушы біліктілік және коммуникативті дағды құзыреттілігін сараптайды.
Оқытушы студенттің практикалық жұмысын, қатесін тексереді. Кейін оқытушы әрбір студенттің жетістігі мен кемшілігін атап өтіп студенттің үш құзыретілігі (практикалық дағды, өзін-өзі оқыту, біліктілік) бойынша журналға баға қойылады.


Html құжатын пішімдеу (40.67 KB)

