Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Уроки  /  10 класс  /  Германияның бірігу жолдарын

Германияның бірігу жолдарын

Германияны? ?леуметтік- экономикалы?дамуына салыстырмалы т?рде сипаттама беріп, 1848-1849 жылдарда?ы революцияны? ма?саттарымен ?орытындыларын ашып к?рсету.

22.01.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: §18 Германия

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Германияның әлеуметтік- экономикалық дамуына салыстырмалы түрде сипаттама беріп, 1848-1849 жылдардағы революцияның мақсаттарымен қорытындыларын ашып көрсету.

Дамытушылық: Германияның бірігу жолдарын және ерекшелігіін нақты деректермен түсіндіру, оқушының ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Елді біріктіру барысында үлкен еңбек сіңірген саяси қайраткерлердің тұлғасына құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта,слайд, кесте, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын сұрау: ХІХ ғасырдағы Франция

  1. Қандай мемлекеттер Вена конгресінің шешімдерін қабылдауға қатысты?

  2. Қасиетті одақ қандай мақсатпен құрылды?

  3. Франциядағы 1830 жылғы Шілде ревоюциясының себептерін, мәнін және қорытындысын атаңдар

  4. Шілде монархиясы қай жылдары өмір сүрді?

  5. Франция-Герман соғысына итермелеген себептерді көрсетіңдер

  6. Францияда Үшінші республика қашан жарияланды?

  7. Не себепті Үшінші республиканы «герцогтар республикасы» деп атады?

Тест тапсырмасы.

1. Вена Конгресі болған жыл:

А) 1816 ж В) 1814 ж С) 1815 ж Д) 1817 ж Е) 1818 ж

2. 1830 жылы Францияда болған революция атауы:

А) Қыркүйек революциясы В) Маусым революциясы С) Шілде революциясы Д) Мамыр революциясы Е) Қараша революциясы

2. 1848 жылғы ақпанда Францияда ...... жарияланды.

А) Жаңа Конституция В) Абсолюттік монархия С) Бесінші Республика Д) Екінші ресбублика

Е) Парламент монархиясы

3. 1848 жылы Франция Президенттігіне сайланған саясаткер:

А) Луи Филип В) О.Баро С) Кавеньяк Д) Ламартин Е) Луи Бонапарт

4. Францияда Бонапартизм аталған саясат:

А) «Тіл табысу» саясаты В) Луи Бонапарттың билік еткен кезеңі С) философия идеясы

Д) француз буржуазиясы идеясы Е) француз шаруаларының идеологиясы

5. 1871 ж. 18 наурыздағы Францияда революция басталуының негізгі себебі:

А) императордың сыртқы саясаты В) жоғарғы салық С) Седан түбіндегі француз әскерлерінің жеңілісі Д) жұмыссыздық Е) императордың тұтқынға алынуы

6. Париж Коммунасының өмір сүрген уақыты:

А) 62 күн В) 52 күн С) 82 күн Д) 72 күн Е) 92 күн

7. 1871 ж. сайланған Ұлттық жиналыстың көпшілігі монархияшылар еді, сондықтан сол кезгі Францияның атауы:

А) «Графтар Республикасы» В) « Кінәздер республикасы » С) « Виконттар республикасы »

Д) «Барондар республикасы » Е) «Герцогтар Республикасы»

8. Францияның ұлттық мейрамы:

А) 14 шілде - Бастилияны алған күн В) 26 наурыз – Париж комунасы күні С) 31 мамыр-Сайлау туралы заң қабылданған күн Д) 25 ақпан Екінші Республика жарияланған күн Е) 14 тамыз Жаңа хартия қабылданған күн

1. В 2. С 3. Е 4. В 5. С 6. Д 7. Е 8. А

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Германия әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  2. 1848-1849 жылдардағы революциялар.

  3. Германияның бірігуі және Герман империясының құрылуы

  4. Германияның мемлекеттік құрылымы.

  5. Жұмысшылар қозғалысы

  6. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Германияның экономикалық және саяси дамуы.

Барысы. Оқушыларды 3-топқа бөлу.

1-топтың тапсырмасы: Кесте толтыру

Германия әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1848-1849 жылдардағы революциялар.

Қашан ?

Қайда?

Қандай оқиға?














2-топтың тапсырмасы: Кесте толтыру.

Германияның бірігуі және Герман империясының құрылуы

Уақыты

Басты оқиғалары

Қатысушылар, тұлғалар, кейіпкерлер

Нәтижесі













3-топтың тапсырмасы: Сызба сызу, презентация жасау арқылы Герман империясының мемлекеттік құрылымын сипаттау. Жұмысшылар қозғалысының әрекеттерін сипаттау.


Германияның мемлекеттік құрылымы. Жұмысшылар қозғалысы.


ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Германияның экономикалық және саяси дамуы.

6-тақырыпты ашу мақсатында « Келемін немесе келіспеймін» тәсілі пайдаланылады.


Оқушылар мәтінмен танысып шыққаннан кейін, дұрыс және қате жауаптары бар сұрақтар оқылады, жауаптары тыңдалады.

Сұрақтар

Келісемін +

Келіспеймін -

15-18 ғасырлада Германия экономикасы өте жақсы дамыған елдердің қатарында болды.


  • Артта қалды

18 ғасырдың ортасында қарапайым мануфактуралар пайда болды.

+


Ауыл шаруашылығында капитализм үстемдік етті


  • феодализм

Бұл елде алғашқы бу қозғалтқышы 1760 жылы пайда болды


  • 1788

Германиядағы өнеркәсіп төңкерісі 18 ғ 30 жылдары басталды

+


«Темір канцлер» атанған герман императоры І Вильгелмнің тұсында капитализмнің германдық нұсқасы орындалды.


  • Отто фон Бисмарк

Германияның толық бірігуі Саксонияның билігінде аяқталды.


Пруссия -

Герман парламенті рейхстаг деп аталды

+


Германияның сыртқы саясаттағы милитаризмі «қан мен тер» саясатынан белсенді көрініс тапты


Бисмарктың «қан мен темір» -

20 ғасырдың басында өнеркәсіп өндірісі бойынша Германия Еуропада 1 орынға шықты

+


Қосымша материалмен жұмыс. Сыба сызу

Топтарға «Темір канцлер» атанған Отто фон Бисмарк туралы мәлімет беріледі.


Мәлімет танысып шыққаннан кейін әр топ өз бетінше сызба сызады.


Отто фон Бисмарк





Сабақтың бекіту:

  1. Герман империясы экономикасының жедел дамуының себебін атаңдар.

  2. Германиядағы 1848-1849 жылдардағы революция өз мақсаттарын орындаған жоқ. Ол қандай мақсаттар еді?

  3. Германияны біріктіруде басты рөлді қайсы корольдік атқарды? Неліктен деп ойлайсыңдар?

  4. Германияның бірігуі қашан, қалай аяқталды?

  5. Германияның мемлекеттік құрылысына қандай сипаттама беруге болады.

  6. Германияның бірігу тарихындғы Бисмарктың саяси қызметіне баға беріңдер.


Бағалау:

Үйге тапсырма:§18оқу, мазмұндау.

-80%
Курсы повышения квалификации

Историко-культурный стандарт в рамках реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Германияның бірігу жолдарын (19.93 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт