Меню
Разработки
Разработки  /  Литература  /  Уроки  /  Прочее  /  Ғұмырнамалық «Абай жолы» роман-эпопеясы

Ғұмырнамалық «Абай жолы» роман-эпопеясы

Ғұмырнамалық «Абай жолы» роман-эпопеясы

18.04.2018

Содержимое разработки

Ғұмырнамалық «Абай жолы» роман-эпопеясы


Момынова Бекзат Нурлихановна

«Тұран» Университеті колледжі

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің оқытушысы


«Абай жолы» - халық жолы. «Абай жолы» - М. Әуезовтың бас кітабы. Романның бірінші кітабы 1942 жылы, екінші кітабы 1947 жылы жарыққа шыққан. 1949 жылы диологияға КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Үшінші кітап – 1952 жылы, төртіншісі – 1956 жылы басылып шықты. 1959 жылы төрт кітап Лениндік сыйлық алған.

М. Әуезов қазақтың Ұлы ақыны Абай өмірінен көркем шығармалар жазуға 1930 жылдан бастап кірісті. Жазушының бұл тақырыпты жазған көлемді еңбегінің тұңғышы – 1930 жылы жазушы Л.С.Соболевпен бірігіп жазған «Абай» атты төрт актылы трагедиясы. Бұдан кейін 1945 жылы ақынның туғанынан 100 жыл толуына байланысты «Абай» атты операның либреттосы мен «Абай жырлары» кинофильмнің сценариін жазды. Бұл үш шығарманың үшеуі де сюжеті жағынан бір-бірін қайталап, толықтырып отырады. Ақын өмірінің соңғы жылдарынан мәлімет береді.

Абай жолында біздің дәуірге дейінгі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі ұлттық рухы сайрап тұр. Бірінші кітаптың басында қаладан ауылына асығып келе жатқан бала-шәкірт пен төртінші кітаптың аяғында жарық дүниеден өтіп бара жатқан данышпан ақынның екі арасындағы 45 жыл ылғи ғана Абайдың адам, азамат, ақын ретіндегі өзгеруімен, жаңғыруымен, жаңаруымен, құбылуымен, құлпыруымен өтетін сияқты әр бір ірі, іргелі қаһармандар не ілгеріліп, не кері кетіп, не өрлеп, не құлдырап, не өліп, не тіріліп отырады. Жазушы «Абай жолы» романында ақын өмірін, оның өмір сүрген дәуірін кеңінен қамтиды. Романның екі кітабында Абайдың 25-30 жылдық өмірі қамтылады. Кітаптың соңында кемеліне келген ақын өз дәуірінің тұрғысынан анағұрлым озық жатқан ағартушылық, адамгершілік, гуманистік идеясы бар, әлеумет қайраткері Абайды көреміз. Эпопеяның бірінші кітабындағы басты оқиғалар мыналар: жас Абайдың оқудан ауылына қайтуы, Қодар мен Қамқаның өлімі, Құнанбай арқылы Бөкейші Борсық жерін тартып алуы, Құнанбайдың істі болуы, Бөжейді сабауы, Бөжейге қызы Камшатты беріп татуласуы, Мұсақұл атанып кеткен соғыс т.б. Бұл оқиғалар өмірде болған. Шығармада бұдан басқа да шағын эпизодтар шындыққа негізделген.

1. «Үш күндік жолдың соңғы күніне шәкірт бала барын салды. Астындағы жырау құла бестісін ағызып-ағызып алып, жалпақ жазықтың белінен-беліне көтеріліп, қасындағылардан оза шауып, алып-ұшып келеді»

Тақырып – туған жер. Идеясы – сағыныш.

2. «Жолаушылар жайлаудағы ауылға жетті. Абай әйелдер құшағында, енді бірде әже қасында. Бәрі мәз-мейрам, мәре-сәре»

Тақырып - ана, Идеясы – мейірім.

3. «Абай үлкен үйге кірді. Құнанбай қасында ақсақал-қарасақалдар отыр, үнсіз, жым-жырт, бір-бірін баққан суық жүздер, әлде бір кеселді құпияны әркім өзінше іштей салмақтап, тына қалған»

Тақырып - әке, Идеясы – мейірімсіздік.

Тапсырма: Романнан 3 эпизодты жазып, сол эпизодтардың тақырып және идеясын ашыңдар.


«Абай жолы» - тарихи роман. Романда XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ ауылының ішкі, тысқы өмірінен алынған, әрқайсысы кішігірім бір шығармаға желі боларлық 30-ға жуық оқиға қамтылған. Осы оқиғалардың тууымен, өрбуімен байланысты романда үш жүзге жуық кейіпкерлердің әрекеттері баяндалады. Романда, әсіресе, ескі ауылдың ішкі өмірі, әдет-ғұрпы, салты мен мәдениеті суреттеледі. Ақын Абайдың барлық шығармасы адам туралы. Адамның оғаш мінездерін сынайды, өнеріне шаттанады, алдына нысана қойып соған жетуге талпынады.

Мұхтар ақын Абайдың қалыптасуын ескі мен жаңаның қарама-қайшылығын, күрес нәтижесін, әкесі мен баласының өмір сүрген уақыттарын алмастырады. Абайды есейтуге, тарихи оқиғаларды кері жылжытуға мәжбүр болады. Өйткені, заман қайшылығы мен көркемдік шындықтықтың өзі соны талап етті. Көркем уақытқа сәйкес көркем айғақ, көркем дерек қажет болды. Әйтпесе, Абайдың бейнесі толық ашылмаған күйі қалар ма еді? Мысалы;

  1. Жас Абайдың жүрегін түршіктірген Қамқа мен Қодар оқиғасы Абай дүниеге келмей тұрып, 5-10 жыл бұрын өтіп кеткен. Романда Абай оқудан қайтқан 13 жасар бала.

  2. Құнанбай аға сұлтандыққа сайланғанда Абай 4 жаста болған.

  3. Бөжейдің асында Абайдың кісі күтіп жүруі мүмкін есмес. Ол кезде Абай 7 жаста болған. Бөжей 1853 жылы дүниеден өткен.

  4. Базаралы итжеккенге Құнанбай емес, Абай болыстық құрып тұрған шақта айдалған.

  5. Романдағы Шұбар бейнесі – Шәкәрім Құдайбердіұлы.

  6. Абайдың әйелі Ділдә өмірде қадірлі келін болған. Романда көкдолы, ұрысқақ болып суреттелген.

  7. Абайға алғаш бата берген – Дулат Бабатайұлы романда Барлас ақын деп суреттелген.

  8. Әйгілі Мұсақұл атанып кеткен соғыста Абай бір жастан асқан сәби еді. Ал романда соғыс ортасында жүреді. т.б.

Романдағы Абай өлеңдерінің туу тарихы.

  1. Балқыбек сьезінде ұлықтарға жағынудың ебін таба алмай жүрген арғын, найман, керейдің болыстарына арнап «Болыс болдым мінекей» өлеңін жазды.

  2. Романның «Аңда» деп аталатын бөлімінде аңшылар аңға шығады. Соған арнап «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», осы аңшылықта Абай Біржанмен ән-өлең туралы көп ақылдасып, «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңдерін шығарды.

  3. «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қара көз, имек қас» өлеңдері жастық сезімнен туындаған.

  4. Абай үш баласын Семейге оқуға алып бара жатып, күйме ішінде «Әсемпаз болма әр неге» өлеңін жазған.

Тапсырма: Романды оқи отырып, Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің шығу тарихы, жазылуы туралы мәлімет жинаңдар.


Романдағы Абай мен Құнанбай бейнесі. Романның бас кейіпкерлерінің өмірге көзқарасы, өз дәуірінде алға қойған мақсаты тұрғысынан жіктегенде негізгі екі топқа бөлуге болады. Біріншісі - Құнанбай, Бөжей, Байсал, Сүйіндіктер бастаған ескішіл топ. Екіншісі - Абай бастаған, жаңалыққа талпынған, әкелер әрекетіне іштей де бой көрсетіп те наразылығын білдіре бастаған жаңашыл жастар тобы. Құнанбай тобының түп мақсаты – етегі ыдырап, көбісі сөгіле бастаған феодалдық қоғамды сақтап қалу, сол қоғамның заңдарын қаталдықпен жүзеге асырып, қазақ даласынан орын таба бастаған капиталистік қоғамның жаңалықтарына қарсы тұру. Бұл топтың өз арасында ала көздік, әсіресе, Құнанбай мен Бөжей арасындағы ру тартысы бар.

Ғ. Мүсірепов романдағы кейіпкерлер туралы былай деген: «Сүйіндік – жалтақ; Байдалы – табанды, қарыс адам; Бөжей – сыр бермес; Қаратай – жеңген топтың жағында; Майбасар, Жұмағұл, Тәкежан, Қамысбайлар – патша үкіметінің жасаған болыстығының маңында болатын мансапқорлар.... Зере – ел анасы, Ұлжан – соның жалғасы; Сары апаң – үстем рудың әрқашан өзімдікі дұрыс деп тұратын, қисыны келсе қарсы тұратын кеуделісі... Бұлардың бәрінің жиынтығы, сақасы сияқты Құнанбай – сонша сұм, сонша аруақты, сонша бір кесек образ. Ал Абай – ел тілегіне, ел болашағына жаңа бағыт іздеген замана жасы, ел басы».

Тапсырма: Құнанбай мен Абай бейнесін кестедегідей жасаңдар.

Тарау

Эпизод

Кейіпкер бейнесін ашатын үзінді

Кейіпкерге мінездеме

Құнанбай

Абай

Қайтқанда

Қодар

мен Қамқаны жазалау сәті


... Жалғыз көзі оттай қадалып, Қодарға қарады. Жұртты иіріп, сақ етіп, зілді бұйрық берді.

Жұртты иландыра біледі, шешіміне тас түйін берік, қайта оралар қайырым жоқ, ашулы, зілді.

-

Қайтқанда

Оқудан қайтқан Абай

Әкесі де бұл баласының сондай сезгіштігін өзге балаларынан артық санаушы еді. Ұялғанды, жауап айтпағанда кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім.

Әке балаға сыншы.

Әке мінезіне бала әбден жатық.

Қияда

Абайдың әкелер заманына дау айтуы.

Құнанбай баласына қатты зекіп: - Жә, тоқтат! – деді. Әкесі жеңілгенін біліпті. Енді суық жүзі солғындап, үлкен бойы басылып, кішірейіп қалған әлдеқандай бала сияқты кінә тағып, өкпе айтып отыр.

Шарасыз, бала алдында жеңілгенін мойындау.



Өзінің дұрыстығын дәлеледеп берді.

Жолда

Майырға Бөжейді айдату туралы


Құнанбай мұндайда ойдағы жұмысына күмілжімей кірісетін. Тесіле қарап, Майырдан жалғыз көзін алмай сызданып отыр


Ұсынылған тапсырманы дер кезінде жасағанды ұнатады.

-

Қат-қабатта

Тоқпамбеттегі ұрыс

Ат үстінде үлкен, өткір жалғыз көзі қанталап, шапшаң қарап, жалт-жұлт етеді. Бөжейді дүре соғуға бұйрық беріп, қатты зәрленіп, оттай күйіп ашуланып, ақырды.

Зәрлі, ашуланшақ.

-

Еңісте

Құнанбайдың Меккеден оралуы. Немересінің қайтыс болып, Тәкежан ауылына келуі

Бұл күнде ол қатты ағарып, үлкен кәрілікке жеткен. Сүйекті денесі әлі де қапсағай зор болғанымен, бет әжімі мол. Қуаң тартып ажары тозған, бір кездегі үлкен, қатал, қуатты адамның әл-шамасы азайғанын танытады. Ақырын баяу ғана сөйлейді.



Сыпайы, мүләйім.

-


Романдағы әйелдер бейнесі. Жазушы әдебиетке әу баста ана тақырыбы арқылы келген. Атап айтсақ, Мұхтар Әуезовтың «Адамдық негізі - әйел» атты мақаласы 1917 жылы «Сарыарқа» газетінің 5- қыркүйектегі 12-санында «Семинарист Мұхтар» деген атпен жарық көрген болатын. Осы мақаласынан кейін аналар бейнесін сомдауға жол ашылғаны анық. Халық даналығы «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» десе, Ұлы Абай қос ананың адамгершілік мұраттарын алға жалғастырды. Романда ана мен бала, бала мен әже арасындағы қарым-қатынас шынайы суреттеліп, асқан шеберлікпен берілген. Еш уақытта Зере мен Ұлжанды бөліп қарастыруға болмайды. Жазушының өзі де қос ананың есімін қатар алып жүреді. Өйткені, Ұлжанды Ұлжан еткен ақылды ене Зере. Бұл туралы Зере қайтыс болғанда Ұлжан: «Анаң ана-ақ еді жарықтық. Жақсылап алыс сапарға аттандырайық, риза болсын» - дейді.

1. Үш күндік жолды артқа тастап өздерін күтіп тұрған топқа оза шауып түскен Абай көп ішінде алдымен шешесін көзі шалып, соған жүгіреді. Сонда Ұлжан: «Әй, балам, әуелі аржағында әкең тұр, соған сәлем бер» - дейді. Өзі қанша баласын сағынып тұрса да ер азаматтан аттап кетпейді.

2. Қарашоқы... Қодар мен Қамқаның өлімі... Әке... Әке істеген мінез... Жаман көріністі көргеннен кейін шешесіне келіп шағым айтқан болады. Артынан Абайды қуып келген Жиреншеге салмақты үнмен ғана. «Шырағым, сен бала емессің, естиярсың, ендігәрі ондай жерге Абайды бастай көрме» - дейді. Ұлжанның жай ғана айтқан сөзі Жиреншеге оттай қадалады.

3. Бар жайды кейін естіген Зере әже: «Иә, Құдай. Бейуақыттағы тілегімді қабыл ете гөр! Осы қарашығыма әкесінің ит мінезін бере көрме» - деп дұға қылады.

4. Кәрі әженің алдында Құнанбай да қаймығады. Бір ғана мысал, Кәмшат жайын естігенде Зере «... аяғың аспаннан салбырап түскен жоқ. Сен пенденің ұлысың, сен де анадан тудың. Менмін сені тапқан» - деп райынан қайтарады. Ананың үні ардың үні болып Құнанбайдың құлағында қалып қояды.


-80%
Курсы повышения квалификации

Использование Case-Study учителем русского языка и литературы

Продолжительность 36 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
3000 руб.
600 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ғұмырнамалық «Абай жолы» роман-эпопеясы (24.78 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт