Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  8 класс  /  «Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы»

«Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы»

?зін ?аза?пын деп есептейтін, ана тіліні? ?адір-?асиетін біліп ?скен ?рбір азамат ?з ?мірінде ?. М?сіреповты? ?аламынан шы??ан ?айталанбас дара да, ?серлі шы?армаларын с?йсіне о?и отырып, олардан т?лім-т?рбие ал?аны даусыз.

Керемет дарындылы?ымен, ізденгіштігіні? ар?асында ?. М?сірепов ?аза? ?дебиетіні? алды??ы шебіндегі ма?дай алды ?аламгерлеріні? бірі болып ?алды. К?ркем с?зді т?сіне білетін, ?з Отанын, ана тілін ?адірлейтін ?аза? о?ырманыны? ж?регіне ол ?зіні? ??гімелерімен, «?аза? солдаты», «Оян?ан ?лке», «?лпан» секілді кесек туындыларымен, «?озы К?рпеш – Баян С?лу», «?ыз Жібек», сия?ты шы?армаларымен ?ялап, оларды? сый сияпатына, с?йіспеншілігіне б?ленді. Б?гінгі саба?ымызда атамыз жайлы сыр шертісіп, ой б?лісеміз.

11.02.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: «Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: сөз зергері, ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға- Ғабит Мүсіреповтың жасаған игі істерін зерттей, оның шығармаларын оқушыларға өз беттерімен оқыта отырып, тірек сызбалар арқылы бағыт-бағдар беру, шығармаларының идеялық тақырыбын жан-жақты ашу.

ә) дамытушылық: Ғабит Мүсірепов әңгімелеріндегі заман сипатын, әділдік пен адамдық үшін күрескен аналар бейнесін тарих пен әдебиеттің үндесетінін табу арқылы таныту, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, іздемпаздық ой-өрісін дамыту, сөздік қорын бағалау.

б) тәрбиелік: жазушының өнегелі өмірін, қайратын үлгі ете отырып, оқушыларды туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, ерлікке, мейірімділікке, елін сүюге баулу

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, сұрақ-жауап, жинақтау, топтастыру.

Сабақтың түрі: пікір айту, ойталқы, шығармашылық сабақ.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың барысын, мақсатын түсіндіру.

Жаңа сабақ. Кіріспе бөлімді слайдта Ғ. Мүсіреповтың фото суреттерін, мұражайдың суреттерін көрсетіп отырып әңгімелеймін.

Сабақ З. Қабдоловтың мына сөздерімен (эпиграф ретінде алынған) басталады:

«Ғабит Мүсірепов – ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай. Демек, Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек».

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов – ұлттық сөз өнерінің тарихында мәңгі қалатын өз мектебі, қайталанбас өрнегі, өшпес ізі бар, сөзі сара, ойы терең зор тұлға.

Өзін қазақпын деп есептейтін, ана тілінің қадір-қасиетін біліп өскен әрбір азамат өз өмірінде Ғ. Мүсіреповтың қаламынан шыққан қайталанбас дара да, әсерлі шығармаларын сүйсіне оқи отырып, олардан тәлім-тәрбие алғаны даусыз.

Керемет дарындылығымен, ізденгіштігінің арқасында Ғ. Мүсірепов қазақ әдебиетінің алдыңғы шебіндегі маңдай алды қаламгерлерінің бірі болып қалды. Көркем сөзді түсіне білетін, өз Отанын, ана тілін қадірлейтін қазақ оқырманының жүрегіне ол өзінің әңгімелерімен, «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Ұлпан» секілді кесек туындыларымен, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Қыз Жібек», сияқты шығармаларымен ұялап, олардың сый сияпатына, сүйіспеншілігіне бөленді. Бүгінгі сабағымызда атамыз жайлы сыр шертісіп, ой бөлісеміз.

Негізгі бөлім. Сабақ кезеңдер бойынша өтеді.

1 кезең. Дарынды жазушы. (Эссе жазу)

2 кезең. Кластер жасау.

3 кезең. Сөз зергері.

-Балалар, «Ана» тақырыбы – үлкен де ауқымды тақырып, оны әр адам өзінше түсінеді, өзінше қағазға түсіреді, өзінше жырлап, бейнелейді. Атамыз Ғабит те өзінше суреттеген, ал сіздер «Ана» деген осынау қасиетті сөзді қалай түсінесіңдер? Тақтаға шығып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мына тірек сызба арқылы топтастырыңыздар.

Ананың көңілі –балада,

Баланың көңілі-далада



Ананың қолы-жұмсақ,

Баланың – тілі жұмсақ.

Ананың сүті – тәтті,

Баланың тілі – тәтті

А


Н


А




Ана - өмірдің нұры

Ана –ардақта ат




Ана – қасиетті адам




4 кезең. Драматург – Ғабит Мүсірепов.

Пьесаларды кесте арқылы талдау.

Пьесаның аты

Тақырыбы

Не туралы?

Басты кейіпкерлер мен олардың қасиеті.

Олардың күресетін жаулары.







Өздерің мектептен білетін «Қозы Көрпеш –Баян Сұлу» пьесасынан үзінді көрініс көрсетіңдер.

5 кезең. Венн диаграммасы.

«Қыз Жібек» киносы мен «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» пьесасының қандай айырмашылығы бар екенін түсіндіріңдер.

6 кезең. Деңгейлік тапсырмалар

1 деңгей.

1. Өз өмірі жайлы қай әңгімесінде сипаттаған? (Автобиографиялық әңгімесі).

2. Ғабиттің қара сөзбен жазған поэмасы қалай аталады? («Кездеспей кеткен бір бейне»)


2 деңгей.

1. Кімнің шығармаларын қазақшаға аударды? (М. Горькийдің)

2. Қай жылы қайда туған?

3. Қай жылы қайтыс болған?

3 деңгей.

1. 1923 жылы кімнің жетелеуімен Орынбор қаласындағы рабфакқа оқуға түседі? (С.Мұқанов)

2. 1916 жыл ұлт-азаттық қозғалысы мен Азамат соғысының көрінісін, ауыл тіршілігі мен әйелдер тағдырын суреттеген әңгімесі қалай аталады?

(«Тулаған толқындар»)


7 кезең. Үй жұмысы: Ғ. Мүсіреповке хат жолда.

Сабақты қорыту. Ой қозғау. (Бүгінгі сабақ туралы оқушылар өз ойларын ортаға салады.)

Бағалау.































-75%
Курсы повышения квалификации

Профориентация: теория и практика

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы» (136 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт