Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Уроки  /  7 класс  /  Ғаламтордың пайдасы мен зияны

Ғаламтордың пайдасы мен зияны

Ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы айтылған.

04.02.2019

Содержимое разработки

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Ғаламтор және әлеуметтік желілер

Мектеп:№34МГ

Күні: 16.01.19 Мұғалімнің аты-жөні: Гизатова А.Н.

Сынып:7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ғаламтордың пайдасы мен зияны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.5.1. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап береді, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырады, талқылайды.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді іріктеп оқи алады, зерттеп оқиды. Тыңдалған мәтін бойынша проблемалық сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тыңдалған мәтін бойынша проблемалық сұрақтарға дәлелді жауап береді. Өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Тыңдалған мәтін бойынша проблемалық сұрақтарға дәлелді жауап береді. Өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырады, талқылайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:Өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыра талқылайды.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: компьютер, техника, интернет, ғаламтор, монитор, қоршаған орта.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

техника қауіпсіздігі, ғаламтор әлемі, интернет желісі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Интернет дегеніміз не?

2. Алғаш рет интернет пайда болған жыл?

3. Ғаламтордың пайдасы мен зиянының айырмашылығы неде?

Құндылықтарға баулу

жаңашылдыққа тәрбиелеу.

Пəнаралық байланыс

информатика.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Ғаламтордың пайдасы мен зияны.Ғаламторды пайдалануды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

5 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып үш топқа біріктіру. Видеоролик көрсету арқылы сабақ тақырыбын ашып алу.

Интербелсенді тақта












Сабақтың ортасы

5мин























































10мин

Ғаламтордың пайдасы мен зияны

Ғаламтор – жаһандану заманында әлеуметтік-технологиялық ортада сөз бостандығы мен ешкімге бағынбаушылықтың, кіріптар болмаудың қағидасы ретінде көшбасшы үлгі болды. Әркім өз ойын ғаламтор арқылы ашық айта алады.
Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттер ғаламторды осылай бақылайтын болса, алдағы бір-екі жылдықта тек мемлекеттік лицензиясы бар БАҚ сайттары ғана қалады. Қалғаны жүз пайыз құқық қорғау органдарының «құзырында» болатын сыңайлы.

Ғаламторға, оның ішінде қоғамдық желілерге тәуелді жастар ғалымдардың соңғы зерттеулері бойынша осы әуестігі нәтижесінде өзіне деген сенімділігін жоғарылатады екен. Психологтер қоғамдық желілер арқылы танысып, тілдесу адамның батылдығына, өзіне беретін бағасына әсер ете алады, ол көрсеткіштерді жақсы жаққа қарай өзгертеді дейді. Алайда мамандардың айтуынша қоғамдық желіге құмар жандар күнінің көп бөлігін компьютердің алдында отырып өткізеді. Сол себепті олар артық салмақ жинағандарын да байқамай қалады екен. Тағы бір қызық жайт: компьютер мен ғаламторға әуес жандардың банкротқа ұшырап, бар жиғандарынан айырылу мүмкіндіктері жоғары екен. Зерттеулерге мүлдем компьютер қоспайтын, қоғамдық желілерді бірнеше сағат және күні бойы отыратындар да қатысты. Нәтижелер қуантпады: ғаламторға тәуелді болғандардың басым бөлігі компьютердің алдында тамақ пен газдалған сусындармен отырады. Сондай-ақ, неге екені белгісіз, компьютер алдында бар уақытын өткізетіндердің кредиттері бойынша қарыздары және басқа да ақшалай қиындықтары көбірек. Сонымен, ғалымдар ғаламтормен тым әуестену артық салмақ жинау мен кедейлікке алып келе алады дейді, алайда адамның өзіне деген сенімділін көтеретіндігін де жасырмайды. (Жалғасы бар)

«Ойлан, бөліс, жұптас» әдісі арқылы үш топқа тапсырма беру.

Іріктеп оқу:

  • Ғаламтордың пайдаларын іріктеп жазып шығыңыз.

  • Ғаламтордың зиянды жақтарын іріктеп жазып шығыңыз.

Бейнеролик тыңдалады. Тыңдалған мәлімет бойынша проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректерден алып жауап береді.

«Кезбе тілші» әдісі арқылы туындаған проблемалық сұрақтарға жауап алынады:

  • Ғаламтордың пайдалы жақтарын ата?

  • Ғаламтордың адам ағзасына келтіретін зияны?

  • Қазіргі таңда ғаламторсыз өмір сүруге бола ма?





Сабақтың соңы






«Серпілген сауал» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы білімдерін қорытындылаймын.



«Мидың суретін сал» тәсілі оқушылар рефлексия жасайды.

А4 парақтары










-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель химии

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ғаламтордың пайдасы мен зияны (36.18 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт