Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Уроки  /  7 класс  /  М.Әуезов "Көксерек" әңгімесі

М.Әуезов "Көксерек" әңгімесі

7-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары. М.Әуезов "Көксерек" әңгімесінің құрамдас бөлшектеріне талдау жасау мақсаты қойылған. Облыстық семинарда өткізілген ашық сабақ жоспары

16.04.2018

Содержимое разработки

Күні:__________ Тексерілді:__________

Сабақтың тақырыбы:

М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Мұғалімнің аты-жөні: Д.Бакисова

Сыныбы: 7

Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

Сабақ нәтижесі:


  • М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі сюжетінің құрамдас бөлшектерін өмірмен байланыстыра отырып талдайды.

  • Өз беттерімен кез-келген тапсырмаларды орындай білуге машықтанады.
    Бір-біріне көмектеседі.

  • Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып, ойларын тиянақты жеткізеді, тапқырлық қасиеттерін шыңдайды.

Бағалау критерийі

  • Жазушы туралы білетін мәліметтерімен бөліседі

  • Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды.

  • Сыни тұрғыдан ойлау деңгейін көрсетеді

Дескрипторлар

- М.Әуезов өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұндайды

- «Көксерек» әңгімесіндегі эпизодтарды композициялық құрылымына жіктейді.

- Шығарманың сюжеттік дамуын өз сөзімен әңгімелейді.

- Мәтін үзінділері бойынша жұптық жұмыс орындайды.

- Оқушылар диалогқа түсіп,берілген жуан  сұрақтарға тура жауап қайтармай, ой елегінен өткізіп, сыни пікір айтады.

Құндылықтарды игерту

Табиғатқа деген сүйіспеншілік, қамқорлық

Ресурстар

Оқулық, мәтіндер, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  атаулар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, бағалау парақтары,маркер,стикер,үнтаспа, слаид

Әдіс-тәсілдер

«Сыни тұрғыдан ойлау» стратегиясы, «Ой қозғау», «Автор орындығы», «Әдеби шеңбер», «Оқиға тауы», «Кезбе тілші», «Ойлан, бірік, бөліс», «Кім кінәлі?» рөлдік ойыны, «Жуан және жіңішке сауалдар» әдісі

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, өнер

Алдыңғы оқу

Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы:

Ресурстар

Басталуы

3мин.


























5 мин.

  1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызамын. Шеңберге тұрады.

- Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;
- Егер сіздің үйіңізде ит болса, өз басыңызды сипаңыз;
Егер сіз, қасқырдан қорықсаңыз, көршіңізді құшақтаңыз;
Егер сіз табиғат пен адам арасында байланыс бар деп есептесеңіз, құстарша қанат қағыңыз.
Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, оның табиғатына қамқорлық жасаймын десеңіздер, аяғымызды топырлатамыз;
Қонақтарымызға деген ізгілігімізді,бір-бірімізге сәттілік тілеу мақсатында үш рет шапалақтайық!

Жарайсыңдар,рахмет!

  1. 4 топқа бөлу.

Кәрзеңкеге топ атаулары жазылған қағаздар салынады,оқушылар өзі таңдаған парақ түсі бойынша топқа бірігеді.

Көк Арлан

Жасыл Көксерек

Сары Аққасқа

Қызыл Ақ қасқыр


3. Топ ережелерін еске түсіріп, сақтауды сұраймын.




Бүгінгі біздің келісім шартымыз.

Бір-бірімізді тыңдаймыз,

Басқаның пікірін сыйлаймыз.

Тақырып көлемінде ғана сөйлеп,

Уақытты біз бағалаймыз.

4.Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру


Мұғалімнің кіріспе сөзі
- Балалар, француз жазушысы Луи Арагонның «Мен оның шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Ол – ХХ ғасырдың аса ұлы жазушыларының бірі» деген пікірі кім туралы?
- Ендеше, осы ұлы жазушы жайлы не білеміз?

«Мазмұндау», «Сәйкестендіру», «Топтастыру» әдістері арқылы    М.Әуезов туралы білетіндерін еске түсіреді.
1 - топ. М. Әуезовтің өмірі бойынша мәлімет дайындап әкеліп, оны қорғайды.

2-топ. М.Әуезовтың шығармашылығы бойынша қызықты мәлімет қорғайды
3 - топ. Интер. тақтада жылнамалық кестені толтырады. (сәйкестендіру тесті)
4-топ. Топтастыру стратегиясы бойынша М. Әуезов туралы не білетіндерін суретке қарап,топтастырады.










Кәрзеңке

Қасқыр,ит суреттері

Бағалау парақшалары






















Сәйкестендіру парағы




Суреттер


Жаңа білім

3 минут










































3 минут

Білу және түсіну. «Ой қозғау» әдісі

«Қасқыр кек алды» эпизодынан үзінді көрсетіледі. Бүгінгі өтетін шығарманың тақырыбын болжайды

  1. Бұл қай фильмнен алынған үзінді?

  2. «Көксерек» фильмін түсіруге не себеп болды екен?

Мұғалім сөзі: «Көксерек» әңгімесі желісі бойынша көркем фильм түсірілген болатын.Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» шығармасы желісімен түсірілген "Көксерек" көркем фильмі 1973 жылы көрермендерге жол тартты. Бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында өтті.

  1. Сонымен, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?


Сабақтың тақырыбы - М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі


  1. – Балалар, композиция дегеніміз не?

/Оқиғалардың бір-бірімен тығыз байланысы.Көркем шығарманың құрылысы.Оқиғалардың бір-бірімен жүйелі байланысуы/

Композиция сөзіне және композициялық құрылым тіркесіне түсініктеме береді.

  • Бұл сөздерді не үшін ортаға тастап отырмын, қалай ойлайсыңдар? /Оқушылар мақсатын айқындайды/.Дұрыс айтасыңдар, демек бүгінгі сабағымыздың мақсаты - «Көксерек» әңгімесі сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдап, әңгімелеу, жұптық,топтық және т.б. жұмыс түрлерін біріге атқару негізінде ынтымақтастық, шығармашылық дағдыларымызды қалыптастырамыз.



Қызығушылықты ояту:

Бүгінгі сабағымызға негіз болатын айдар: Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады. (Ш. Айтматов)




«Әдеби шеңбер» әдісі арқылы топпен шығарманың тақырыбын, идеясын анықтайды.Мәтін таратылады.

1.Көксеректің ауылға келуі

2. Көксеректің ауыл тұрғыны болуы

3. Қараадыр еліндегі мазасыздық

4. Көксерек пен Құрмаштың соңғы кездесуі

5. Аққасқа мен Көксеректің шайқасы



• Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
Тақырыбы: Қасқырдың мінез - құлқы, өзіне тән табиғи қасиеттері
Идеясы: Табиғат пен адам арасындағы байланыс, түсіністік


«Көксерек» фильмінен үзінді
































Сабақ айдары,тақта








Таратпа мәтіндер

Ортасы

5 минут


























3 минут







































































3 минут










5 минут

Қолдану.

«Оқиға тауы» әдісі арқылы шығарманың композициялық құрылымы мен сюжеттік дамуын анықтаңыз, ретімен қойыңыз.



• Тірек – сызба бойынша шығарманың композициялық жоспарын құру.



Мазмұндау. Сюжеттік талдау.

Оқиғаның басталуы: Сайдағы қасқырлар апаны. Екі аяқтылардың індегі бөлтіріктерге қиянаты.

Оқиғаның байланысы: Көксеректің ауыл тұрғыны болуы, оның ауылда өсуі,мінез-құлқындағы қасқырға тән ерекшеліктері. Көксеректің өз тұқымын тануы, бірнеше рет жоғалып кету, қасқыр үйіріне қосылуы, Ақ қасқырмен жұп құруы.

Шиеленісуі: Көксеректің Ақ қасқырмен қосылып төңіректегі ауылдарды шулатуы. Қорадағы қойларды жаралауы.Қарадыр еліндегі мазасыздық

Шарықтау шегі - Көксеректің Құрмашты өлтіруі.

Шығарманың шешімі: Аққасқаның Көксерекпен айқасы.Көксеректің өлімі. Құрмаштың әкесінің Көксеректі басқа теуіп, Құрмашын жоқтауы



«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі. Жұптық жұмыс орындату. /Жұптар бір-бірін тексереді/

Әр жұпқа тапсырма беріледі, соның негізінде жауаптарын әзірлейді.


1-жұп: Мынау кім? Әңгіменің қай бөлігінен алынған?

-Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала төбетім бір-ақ бұрап соғады.Арашаламасаң әлдеқашан өлтіріп тастар еді. (Жұмаш)

2-жұп: Мынау кім? Әңгіменің қай бөлігінен алынған?

-Түу, мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл болып кетіпті-ау, тұқымын сезген екен мына жүзіқара! Қой, балам, енді мұны өлтіріп терісін алайық. (Әжесі)

3-жұп: Қай сәт бейнеленген? Әңгіменің қай бөлігінен алынған?

Көксерек гүрілдеңкіреп, маңына көп дарытқысы келмей, әрлі-берлі ортқып , ашу шақырғысы келіп еді. Ақ қасқыр айнала қыңсылап, бұның ізін иіскеледі. Екеуін иістері табыстырды. Көксерек те айнала иіскеді. (Ұяласымен алғашқы табысуы)


4-жұп: Мынау кім?

-Қураған-ай, неңді алып ем?! Не жазып ем?... Бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным? (әжесі)

5-жұп: Қай сәт бейнеленген?»

Көк шолақ бұл жолы да жығылмады. Аққасқаны көтере жоғары шапшыды. Алғашқы алған жерден Аққасқаның аузы босап кетті. Екеуі бетпе-бет келіп шапшып тұрып, қаршылдасып ұстасты. Енді бірінен-бірінің босап кетуіне жол жоқ. Бұл күй не қылса да біреуінің астына түсуімен біту керек.
(Аққасқа мен Көксеректің арпалысқан кезі)

6-жұп: Мынау кім?

-Қураған-ай, неңді алып ем?! Не жазып ем?... Бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным? (әжесі)


7-жұп: Қай сәт бейнеленген? Әңгіменің қай бөлігінен алынған?

Ін үстіне мүйіз тұяқтылар тасырлатып, дүбірлетіп келді, айқай-дабыр молайды. Бірінің үстіне бірі келіп көбейді. Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт-сарт түсіп жатты. Ін аузынан екі аяқтылар жабырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды ( Адамдардың інге келген сәті)


8-жұп: «Қай сәт бейнеленген? Әңгіменің қай бөлігінен алынған?

Үстіне гүрілдеген қасқыр төніп келгенде көзі бір ашылып, бір жұмылды. Басына таман арандай ашылып келе жатқан ауыздың жоғарғы жағында өзіне таныс құлақ көрінді. Сол жақтағы тілік құлақтың жартысы салпылдап тұр. Ақырғы сезген -білгені-сол. (Құрмаштың соңғы сәті)


9-жұп: Қай сәт бейнеленген? Әңгіменің қай бөлігінен алынған?

Ін үстіне мүйіз тұяқтылар тасырлатып, дүбірлетіп келді, айқай-дабыр молайды. Бірінің үстіне бірі келіп көбейді. Жерге ат үстінен тастаған ағаштар сарт-сарт түсіп жатты. Ін аузынан екі аяқтылар жабырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды ( Адамдардың інге келген сәті)


10-жұп: Қай сәт бейнеленген?

Оның есебіне, белгілі атышулы екі қасқырдан Қараадырдың іші-тысындағы ел түгел көресіні көрді. Даладан қойшы алдынан қой тартып жейтін, жайлаудағы сиырға шауып, тайыншадан бастап, үлкен сиырға шейін жейтін — осы екеуі. Февраль, март кезінде үш-төрт түйе де желінді. Кісіден қорықпайды. Әсіресе, бір көк шолақ бар. Қойды алып соғып жарып жатқанда, қасына сойыл-салым жерге келгенше қашпайды.
/Көксеректің малды торуылдап жүрген кезі/

11-жұп: Қай сәт бейнеленген? Әңгіменің қай бөлігінен алынған?

Осыдан соң екеуінің жұбы жазылған жоқ. Қасына серік ергеннен бері Көксерек зорайып қатты өсті. Аяқтары жуандап, жүндерінің бәрі де қалындап ұзарып, өзі жуан, өзі мықты көкжал болып алды. Қыс іші болса да жоны шығып, алқымы түсіп семіріп кетті. /Көксеректің Ақ қасқырмен қосылып жұптасуы/
12-жұп: Қай сәт бейнеленген?.

Оның есебіне, белгілі атышулы екі қасқырдан Қараадырдың іші-тысындағы ел түгел көресіні көрді. Даладан қойшы алдынан қой тартып жейтін, жайлаудағы сиырға шауып, тайыншадан бастап, үлкен сиырға шейін жейтін — осы екеуі. Февраль, март кезінде үш-төрт түйе де желінді. "Кісіден қорықпайды. Әсіресе, бір көк шолақ бар. Қойды алып соғып жарып жатқанда, қасына сойыл-салым жерге келгенше қашпайды.
/Көксеректің малды торуылдап жүрген кезі/



«Кезбе тілші» әдісі арқылы әр топта жаңалықтар бағдарламасы жасалады.

1. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.

1. Көксеректің портретін суреттеңіз

2. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
3. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
3. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
4. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?

Талдау.“Кім кінәлі” (проблемалық сұрақтар).Ролдік ойын
1.Көксерек Құрмаштан гөрі  ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
2. Қасқырлар іс-әрекеті мен адамдар іс-әрекетінде  ұқсастық бар ма? Қайсысы қаталырақ?
3. Құрмаштың өліміне кім кінәлі?
4. Қасқырларды қолға үйретуге бола ма?
Автор орындығына Көксеректің өзін шақырайық.
Оқушылар сұрақтары: 1) Көксерек, сен неге ит сияқты асырауға көнбейсің? 
2) Адамдармен жауласудағы басты мақсатың не?
3) Құрмашты неге өлтірдің?
4) Өмірге өз қалауыңмен келер болсаң қасқыр болған жақсы ма әлде ит боп өмір сүрген жақсы ма?
Ендеше келесіге осы Көксеректің құрбаны болған Құрмашты ортаға шақырайық. Оқушылар сұрақтары:
1)    Көксеректі неге асырадың?
2)    Көксерек үлкейгенде өзіңе тап береді деп қорықпадың ба?

  1. Көксерек орнында болғанда сен не істер едің?



Тақта

Дәптер



«Оқиға тауы» тірек-сызба



















Таратпа мәтін үзінділері















Таратпа мәтін үзінділері























































Микрофон















Автор орындығы

Рөлге ену алқасы








Аяқталуы





Сабақты бекіту

5 минут






























Рефлексия

2 минут














2 минут







1 минут

Бекіту.

  • Енді сабағымыздың соңғы бөліміне келдік. Жазушымен, оның шығармасымен таныстық, талдадық, баға бердік. Ал сонда бұдан қандай әсер алдық? Енді сол туралы әңгімелейік.
     Саралау тапсырмасы. Жеке оқушымен жұмыс

«Жуан және жіңішке» әдісін қолдану арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасады. «Жіңішке»  сұрақтар – бір сөзді жауап талап ететін сұрақтар. Ал «жуан» сауалдар – ойлауды, қосымша білімді тартатын, талдай білуді талап ететін сұрақтар.

- Мұхтар Әуезов  әңгімені неге «Көксерек» деп атаған,  жазушы ойын қалай түсіндірер едіңіз? (Жазушы шығарманы «Көксерек» деп атағанмен, мұнда қасқыр тағдыры ғана сөз болмайды,  адам мен табиғат арасындағы күрделі өзекті мәселе көтеріледі.)

- Әңгіме негізіндегі басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсы деп ойлайсыз?( Табиғатқа жасалған қиянат)

- Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма? (Ақтауға болмайды. Себебі жазушы өз шығармасында  табиғатқа қиянат келтіргендерді  «екі аяқтылар» деп суреттеген.)

 Табиғатқа  қиянат келтіру, оның тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар? (табиғатқа қиянат жасау, оның тыныштығын бұзу мәселесі-қауіпті мәселе).

- Қазіргі кезде табиғатқа,оның ішінде қасқырға жасалып жүрген қиянатты атап бере аласың ба? /Көкбөрілер саны азайып бара жатыр,атып алынған бір қасқыр үшін – 25 мың теңге сыйақы төленеді/

-Әңгіме қалай аяқталады? Қарғыспен аяқтауына не себеп? Әженің  қарғысымен аяқталады. Әженің  қарғысы-заңғар жазушының озбырлыққа пен қаталдыққа деген қарғысы).

-.Бұдан нені ұғамыз? Жазушы неге үндейді? Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы (Жазушы жер бетіндегі тіршілікті татулыққа үндейді)

-Көксеректі жауыздыққа, соншама өшпенділікке баулыған нәрсе не? Әлде табиғаттың қатаң заңы ма, қасқырлар әлемінің тіршілік заңы солай ма?



«Жұдырық-алақан» әдісі арқылы бағаланады.

– Мақсатқа толықтай қол жеткізсе ашық алақан.

- Жартылай әлі де толықтай жұмыс істеу керек десе, үш саусағын жоғары көтереді.

- Елеусіз ғана табысқа жеттім деп есептесе, жұдырығын көрсетеді.

Бағалау парағы

  1. Топ басшысы дескрипторға сай өз тобындағы оқушылардың бағасын береді.

«Бір айналым сөйлем» әдісі арқылы берілген параққа сабақтан алған әсерін жазады. Әр топтан бір оқушы оқып шығады.



  • Бүгінгі сабақтан түсінгенім.

  • Бүгінгі сабақтан түйгенім.

  • Келесі сабаққа ұсынысым.



Үйге тапсырма:

1-топ: Әңгіме желісін «Көксерек» фильмімен салыстырып мазмұндау

2-топ: М.Мағауиннің «Қасқыр-бөрі» әңгімесімен салыстырып, «Екі түрлі түсіндірме күнделігін» толтыру

3-топ: Оралхан Бөкейдің «Қасқыр ұлыған түнде» атты шығармасымен салыстыру

4-топ: Авторға хат жолдау. «Көксерек» әңгімесінен алған әсерім

Сыни сұрақтар




































Слаид

Алақан,жұдырық суреттері














Парақшалар, стикер,маркер




Слаид

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымшакөмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Сізқабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманыкүрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Шығарма құрылысын анықтауда қиналатын оқушыларға топтық жұмыс арқылы қолдау көрсетемін. «Оқиға тауы» әдісі арқылы оқушылар шығарма құрылысын рет-ретімен табуды үйренеді.

 Қабілеті жоғары оқушыларға саралау тапсырмаларын беру арқылы сыни тұрғыдан пікір айтуға жағдай жасаймын.

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

«Бір айналым сөйлем» «дісі.Кері байланыс: 

  • Менің түсінгенім

  • Менің түйгенім

  • Менің ұсынысым

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

Байланыс

Оқу мақсатына жету үшін жаратылыстану және өнермен пәнаралық байланыс орнатылды

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген

уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Сабақ мақсаты оқу мақсатының негізінде құрылған. Оқушылар әңгіме сюжетінің құрамдас бөлшектерін анықтап, оны өмірмен байланыстыра алады.Жеке, топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында жағымды психологиялық ахуал туғызылады.Осы бағытта жұмыс істесем, берілген уақыт аралығында үлгеремін деп ойлаймын. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша мен жоспарыма енгіземін.Қалыптастырушы бағаны қою үшін тапсырмаларға сай дескрипторлар құрылған.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:Менің болжауымша, «Ойлан,бірік, бөліс» әдісі тиімді. Бұл әдісте оқушылар бірігіп, ой бөлісіп, бір-бірінің қатесін үйрету арқылы түзетуге мүмкіндік туғызады.

2: «Жұдырық-алақан» әдісі. Оқушы өзінің деңгейін анықтай алады.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

























«Үштерек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Ашық сабақ тақырыбы:

«ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК ЕМЛЕСІ»



Пән мұғалімі: Д.Бакисова

Сыныбы: 6 «А»



















2017-2018 оқу жылы

-75%
Курсы повышения квалификации

Организация дистанционного обучения в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
М.Әуезов "Көксерек" әңгімесі (125.32 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт