Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Эссе. Психология - болашақтың мамандығы

Эссе. Психология - болашақтың мамандығы

Эссе "Психология - болашақтың мамандығы"

. Бір дана келе жатса, алдынан тас тиелген ауыр арбаны итеріп келе жатқан адамды кездестіреді. «Сен не істеп келе жатырсың?»- деп сұрайды дана одан. Ол: «Көрмей тұрсың ба, мына қарғыс атқыр арбаны сүйреп келемін», - деп жауап береді. Алдынан екінші арбаны сүйреген кісі шығады. Сондай сұраққа ол «Не істейін ойнап жүрген жоқпын, ақша табудың амалын жасап жүрмін»,- дейді. Тап сондай арбамен үшінші адам келеді. «Ал сен не істеп келесің?» деген сауалға ол: «мен ана тұрған қасиетті мешітті салып жатырмын» - деп қуана жауап беріпті. Барлығының да салып жатқандары мешіттің құрылысы екен. Бәрінің орындап жүрген жұмысы бірдей, бірақ сол еңбекке қатынасы, көзқарасы әр түрлі. Міне, жақсы психолог пен жаман психолог, жақсы мұғаліммен мен нашар мұғалім, жақсы маман мен жаман маман деген бағаға неліктен, не себепті ие болатынымызға жауап тапқандаймын. Ол өз қызметіңе, алдыңдағы ісіңе, яғни балаға деген қатынасыңа, сеніміңе байланысты екен.Әсіресе психолог мамандығын таңдаған адамға жұмысқа ақша табу үшін, не басқа жұмыстың реті болмағасын амал жоқ- мектепке психолог болып, қалай болса солай қарым-қатынас жасауға мүлдем болмайды. Өз мамандығыңды сүйсең сен қайткен күнде де сол жұмысты сапалы, шығармашылықпен нәтижелі орындап, білмеген сауалдарға өзің ізденіп жауап табуға, талпынасың. Менің алдыма келген адамға қайткен күнде де қол ұшымды беріп, жақсылық жасауға тырысамын. Керісінше, қызметке кездейсоқ келген адамнан бойкүйез, терісі қалың негізгі мәселеге салғыр мансапқор шығады. Ұзақ тұрып әрең кезегің келе баргенде «Үзіліссіз, екі сағаттан кейін кел »- деп есікті тұйсығыңның алдынан тарс еткізетіндер бар. Оларды кезекте бір – ақ адам қалғаны, оның қандай кісі екені, мұқтаждығы ойландырмайды. Осындайлар туралы «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын», - деп халық тауып айтқан. Психолог маманға мұндай қасиет мүлдем жараспайды. ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болу керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. Баланың жан дүниесін түсіне алатын психолог ретінде балаларымды тәрбиелеуде халқымның ғасырлар бойы келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруде оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады. Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады. Педагогикалық әдеп- мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Кейбір мұғалім, кәсібін айтпай- ақ, өзінің әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады. Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Психологтың жұмысы күрделі де, қызықты да. Шынын айтсам, кейде жұмыстан соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып, оқушылардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем, шаршағаным ұмытылып та кетеді. Осы бір «Балалар әлемінің» теңізіне бір бойласаң, ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын. Өйткені бала – пәк, бала – тап-таза. Мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып, тұнығына қану үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек десеңіз! Таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің дәндерін қондыру, психолгиялық тренингтер өткізу – менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, ешнәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балалармен ара-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр педагогтың бақыты деп ойлаймын.

17.05.2018

Содержимое разработки

Эссе "Психология - болашақтың мамандығы"

  ... Бір дана келе жатса, алдынан тас тиелген ауыр арбаны итеріп келе жатқан адамды кездестіреді. «Сен не істеп келе жатырсың?»- деп сұрайды дана одан. Ол: «Көрмей тұрсың ба, мына қарғыс атқыр арбаны сүйреп келемін», - деп жауап береді. Алдынан екінші арбаны сүйреген кісі шығады. Сондай сұраққа ол «Не істейін ойнап жүрген жоқпын, ақша табудың амалын жасап жүрмін»,- дейді. Тап сондай арбамен үшінші адам келеді. «Ал сен не істеп келесің?» деген сауалға ол: «мен ана тұрған қасиетті мешітті салып жатырмын» - деп қуана жауап беріпті. Барлығының да салып жатқандары мешіттің құрылысы екен. Бәрінің орындап жүрген жұмысы бірдей, бірақ сол еңбекке қатынасы, көзқарасы әр түрлі...
Міне, жақсы психолог пен жаман психолог, жақсы мұғаліммен мен нашар мұғалім, жақсы маман мен жаман маман деген бағаға неліктен, не себепті ие болатынымызға жауап тапқандаймын. Ол өз қызметіңе, алдыңдағы ісіңе, яғни балаға деген қатынасыңа, сеніміңе байланысты екен...Әсіресе психолог мамандығын таңдаған адамға жұмысқа ақша табу үшін, не басқа жұмыстың реті болмағасын амал жоқ- мектепке психолог болып, қалай болса солай қарым-қатынас жасауға мүлдем болмайды. Өз мамандығыңды сүйсең сен қайткен күнде де сол жұмысты сапалы, шығармашылықпен нәтижелі орындап, білмеген сауалдарға өзің ізденіп жауап табуға, талпынасың. Менің алдыма келген адамға қайткен күнде де қол ұшымды беріп, жақсылық жасауға тырысамын. Керісінше, қызметке кездейсоқ келген адамнан бойкүйез, терісі қалың негізгі мәселеге салғыр мансапқор шығады. Ұзақ тұрып әрең кезегің келе баргенде «Үзіліссіз, екі сағаттан кейін кел »- деп есікті тұйсығыңның алдынан тарс еткізетіндер бар. Оларды кезекте бір – ақ адам қалғаны, оның қандай кісі екені, мұқтаждығы ойландырмайды. Осындайлар туралы «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын», - деп халық тауып айтқан. Психолог маманға мұндай қасиет мүлдем жараспайды. 
ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болу керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.
Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.


Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. Баланың жан дүниесін түсіне алатын психолог ретінде балаларымды тәрбиелеуде халқымның ғасырлар бойы келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруде оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады. Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады. Педагогикалық әдеп- мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Кейбір мұғалім, кәсібін айтпай- ақ, өзінің әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады. 
Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Психологтың жұмысы күрделі де, қызықты да. Шынын айтсам, кейде жұмыстан соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып, оқушылардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем, шаршағаным ұмытылып та кетеді. Осы бір «Балалар әлемінің» теңізіне бір бойласаң, ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын. Өйткені бала – пәк, бала – тап-таза. Мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып, тұнығына қану үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек десеңіз! 
Таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің дәндерін қондыру, психолгиялық тренингтер өткізу – менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, ешнәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балалармен ара-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр педагогтың бақыты деп ойлаймын.












































Психологиялық жұмыстың бағыттары: Ата-ана

  • Ата-аналарды диагностикалау;

  • Ата-аналармен дамыту жұмыстарын жүргізу;

  • Ата-аналарға кеңес беру;

  • Ата-аналарға ағарту жүргізу.

Жұмыстың оңтайлы формалары:

  • Ата-аналармен жеке жұмыстар — диагностикалау, кеңес беру.

  • Топтық жұмыстар — психологиялық тренингтер, семинарлар, ата-аналар клубы, ата-аналар жиналысы.

  • Ата-аналар мен баланың бірлескен жұмысы.

Педагогикалық ұжыммен жұмыс істеудегі психологтың міндеттері:

  • Педагогикалық үдерісті психологиялық тұрғыда қамтамасыз ету;

  • Педагог пен бала қарым-қатынасындағы педагогикалық стильді оңтайландыру;

  • Баланың тұлғалық өсуіндегі  дара ерекшелікті анықтау.

Психологиялық жұмыстың бағыттары:

  • Педагогикалық ұжымды диагностикалау;

  • Педагогикалық ұжыммен дамыту жұмыстарын жасау;

  • Педагогикалық ұжымға кеңес беру;

  • Педагогикалық ұжымға ағарту жұмыстарын жүргізу.

Жұмыстың оңтайлы формалары:

  • Педагогтармен жеке жұмыс – диагностикалау, кеңес беру, сабақтарға қатысу және оны талдау.

  • Топтық жұмыс – психологиялық тренингтер, семинарлар.

  • Педагогпен және әкімшілікпен бірлескен жұмыс.

  • Білім мекемесі жағдайында жасалатын психологиялық жұмыстың екі формасын жүргізу, яғни психологиялық – педагогикалық консилиум ұйымдастыру және педагогикалық кеңеске мәселені қою.

 

1.3 Педагог – психологтың негізгі құжаттарының түрлері

және оның жүргізілу тәсілдері

 

Мектептердегі психологиялық қызметтін қалай ұйымдастырылуы, мектеп психологтарының негізгі құжаттарының қалай болуы, қалай жүзеге асырылуы женінде әдістемелік құралдардың аздығы, болса көбісінің орысша басылып, оны аударуға уақыттың көп кетуі, қазақша психологиялық сөздіктің жоқтығы деген сияқты мәселелер мектеп психологтары үшін қиындыктар тудырады.











Педагог — психологтың негізгі құжаттарының түрлері

  1. Нормалы (қағидалы) құжаттар

Мақсаты: Психологтың жұмыс мазмұның мемлекеттік стандартқа сай болуы.

  1. Бала құкығы туралы халықаралық конвенция

  2. «Білім туралы» ҚР заңы

  3. «Білім» мемлекеттік бағдарлама

  4. Психологиялық қызмет ережесінің жобасы

  5. Білім мекемесіндегі педагог-психологтың статусының жобасы

  6. ҚР білімінің даму концепциясы

  7. Психологтың этикалық кодексі



  1. Концептуалды құжаттар

Мақсаты: Психологтың жұмысын ұйымдастыру

  1. Психологиялық қызметтің тұжырымдамасы

  2. Психологиялық қызметтің моделі (құрылымы)

  3. Мектептің басқа жұмысындағы мақсатты бағдарламасы

III.      Қызметтік және есептік кұжаттар

Мақсаты: Психологтың атқарған жұмыстарын тіркеу журналы

  1. Мекеме басшысымен бекітілген бір жылға арналған күнтізбелік жоспары

  2. Психологиялық қызмет бағыттарын көрсететін жалпы жұмыс жоспары

  3. Күндік, апталық, айлық жоспар

  4. Циклограмма

  5. Жылдық есеп

  6. Жеке іс – шаралар:

  • Дарын

Үлгерімі төмен

  • Ата – аналармен

Ата – аналарға арналған  құжаттар (ашық құжаттар)

  • Іс – шара, сабақтардың бағдарламасы ата – аналарға

  • Әдістемелік нұсқаулар, жадынамалар ата анаға арналған материалдар: мақала, кеңестер жинақтар папкасы

  • Ата аналарға арналған сауалнама, әдістемелер жинағының папкасы

  • Ата аналарға өткізілетін тренинг — сабақтары, (слайд) баяндама, кеңестер жинақтар папкасы

  • Ата – аналарға арналған құжаттар (жабық құжаттар)

  • Ата аналарға өткізілген жұмыстарға мәлімет, сараптама мониторинг жүргізілген жеке жұмыстардың аналитикалық анықтамалары т.б.

  • Сұраныс бойынша жұмыс дәптері

  • Ата – анамен жеке, топтық жұмыстың дәптері

  • Ата анаға өткізілген жұмыстарды тіркеу дәптері

  • Ата анамен байланыс дәптері

  • Әр жылға өткізілген жұмыстардың мониторингі, салыстырмалы түрде диаграммасы, нәтижесі, ескерту, сараптама ұсыныс есебі

Мұғалімдерге арналған құжат (ашық құжаттар)

  • Іс – шара, сабақтардың бағдарламасы

  • Мұғалімдерге, жас мамандарға арналған материалдар папкасы

  • Мұғалімдерге өткізілетін тренинг — сабақтары, баяндама, кеңестер  папкасы

  • Мұғалімдерге арналған сауалнама, әдістемелер папкасы

  • Жас мамандармен, сынып жетекшілермен байланыс жұмыс папкасы

  • Мұғалімдерге арналған құжат (жабық құжаттар)

  • Мұғалімдерге өткізілген жиналысқа хаттама: сауалнамаға аналитикалық анықтама, жалпы өткізілген семинар жұмыстарға  мәлімет папкасы

  • Сұраныс бойынша жұмыс дәптері

  • Жеке, топтық жұмыстың дәптері

  • Сынып жетекшілермен байланыс дәптері

  • Өткізілген жұмыстарды тіркеу, сараптама, байланыс дәптері,

  • Әр жылға өткізілген жұмыстардың мониторингі, салыстырмалы түрде диаграммасы, нәтижесі, хаттама, ескерту, ұсыныс есебі папкасы

  • Педагогикалық зерттеу журналы; (мұғалімдердің жеке картотекасы, психологиялық – педагогикалық мінездеме)

Әр папка ішінде бар құжаттар тізбесі болу керек. Әр сыныпқа жас ерекшелігіне сай папка бастауға ұсыныс жасауға болады, онда жиналған керек мәліметтер жиынтығы яғни, диагностикалық тексеріс мәліметі, суреттер, және т.б. туралы мәліметтерді сақтау үшін мұрағат болу керек. Мұндай құжаттар оқуды аяқтағанша сақталу қажет.                                        

                                        

               «Мектебімізде таза, берік, хәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» дейді М.Жұмабаев     

 

 

                                                    















МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ПСИХОЛОГТЫҢ АТА - АНАЛАРМЕН ҮЙЫМДАСТЫРАТЫН ЖҮМЫС ФОРМАЛАРЫ


Қазіргі тәуелсіз жас Қазақстан өзінің жастарының болашағын жоспарлау мақсатында соңғы жылдары ғана психологиялық мәселелерге жан-жақты ғылыми талдау жасалынып, тәжірибе жүзінде қызмет көрсету шаралары жүргізілуде. Бала бақша психологы жұмыс түрлерінің балалармен, олардың ата аналарымен және педагогтармен жұмыс жүргізуді қамтиды. Мұның барлығы балабақша алдында тұрған міндеттерді шешумен тығыз байланысты – яғни, балаларға тек білім беріп қана қоймай, оларды оқуға, жұмыс істеуге үйрету қажет. Қазақстанда ұлттық психология ғылымының негізін салған психолог ғалымдар: Ә.Алдамұратов, С.Балаубаев, Қ.Жарықбаев Т.Тәжібаев, А.Темірбековтердің психологиялық зерттеулер жүргізу нәтижесінде ғылыми-теориялық және әдістемелік еңбектер жарық көрсе, ғалымдар Г.А.Урунтаева, Х.Т.Шерьязданова, т.б. өздерінің ғылыми еңбектерін мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктеріне арнады. Мектепке дейінгі мекеме психологының негізгі жұмыс бағыттарына психологиялық диагностика, психологиялық ағарту, психологиялық профилактика, психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция жатады. Кез-келген нақты жағдайда психолог жұмыс бағыттарының әрқайсысы маңызды болып табылады. Бұл пайда болған қиындық типіне байланысты анықталады. Практик –психолог жұмысының мазмұны психодиагностика арқылы негізделіп, яғни білім беру саласында балалар және ересектердің психологиясын және мінез-құлқын бағалау, сонымен қатар психологиялық зерттеулер бойынша алынған сенімді мәліметтерге сүйене отырып, оларға тән психологиялық мінездеме беру.  Кәсіби әрекеттің бұл түрімен айналысатын психолог, психодиагностикалық зерттеулердің практикада қолданылуын ғана біліп қоймай, сонымен қатар олардың негізделген және жетілдірілген теориясын білу қажет.

Психологиялық жұмыс жүйесіндегі психодиагностиканың өзіндік ерекшеліктері бар. Көптеген отандық және шетелдік психологтардың зерттеулерінде психодиагностиканы ғылыми – зерттеуші және ғылыми практикалықтың ажырата білу қажет. Ғылыми-практикалық психо диагностиканы қоғамдық практиканың түрлі міндеттерін шешумен шұғылданады. Оқу мекемесіндегі психодиагностиканың педагогикалық мәселелерімен тығыз байланысты болып отырады. Ол әрқашан педагогикалық әсер етудің нәтижесін және өзгеше психологиялық жағдайларды құруды болжайды. Диагностикамен айналысатын психолог – қажет болған жағдайда зерттеу әдістерін бейімдеп, қайта жасап, тексере білуі шарт . Психологтың отбасымен жұмыстағы ең дұрыс функциясы ата-аналарды, балаларды қолдау және оларға көмек көрсету болып табылады.

Психологиялық ағарту. Біздің қоғамда психологиялық білімдер жетіспейді, психологиялық мәдениет жоқ. Балалармен көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан мұғалімдер мен тәрбиешілер өз балалар туралы біржақты,таяз мәліметтермен ғана  қаруланған. Дәл осы жағдай көптеген ата аналардың басында кездеседі. Көптеген педагогикалық ұжымдарда, сол сияқты отбасыларында түрлі конфликтер болып жатады. Осының барлығы ересектердің психологиялық білімінің нәтижесі. Сондықтан практик - психолог үшін балалармен жұмыс жасайтын барлық адамдардың психологиялық мәдениетін көтеру маңызды. Психологиялық ағарту бұл ересектермен балаларға психологиялық білім беру. 



психологтың

2017- 2018 оқу жылына

арналған жылдық жұмыс жоспары












Балабақша психолгы:







Мақсаты:

Сапалы тәрбие беру үшін әлеуметтік-психологиялық жағдай қалыптастыру; білім беру саласында балалардың психологиялық дамуына көмектесу.


Міндеттері:

1. Психологиялық саулықтарын нығайту, жасы мен жеке дамуын ескере отыра, балабақшада әр балаға ыңғайлы жағдай жасау;

2. Білім беру саласында әр балаға дер кезінде психологиялық көмек пен алдын-алу жұмыстарын жүргізу.

3. Педагог кадрлармен ата-аналар қауымына СӨС туралы түсінігін кеңейту.


Жылдық жұмыс бағыттары:

  • Ақпаратты –аналитикалық бағыт;

  • Психодиагностика;

  • Түзету-дамытушылық;

  • Кеңес беру;

  • Психопрофилактика ,психоағарту.


Ақпаратты –аналитикалық бағыт

мерзімі

нәтижесі


I.


Әкімшілік- құрылымдық құжаттармен жұмыс

  1. Жылдық жұмыс жоспарын құру.

  2. Кабинет құжаттарымен жұмыс.

  3. Есептік құжаттармен жұмыс:

- психологтың кеңес папкасы:

- топтық жұмыс папкасы;

- диагностика папкасы;

- түзету-дамытушылық бағдарламалармен жұмыс;

- психологиялық ағарту папкасы;

- жыл бойы жүргізілген жұмыстарының аналитикалық, статистикалық есебі.




Жыл бойы

қыркүйек



жыл бойы



жыл бойы


20.12

25.05 дейін


II.

Мұрағат құжаттарымен жұмыс

  1. Психопедагогикалық даму картасы

  2. Психологиялық зерттеулердің нәтижесі

  3. Диагностикалық зерттеулердің хаттамасы


жыл бойы

жыл бойы

жыл бойы




III.

Ұсынылатын құжаттары:

  • Жылдық жұмыс жоспары;

  • жыл бойы жүргізілген жұмыстарының аналитикалық, статистикалық есебі.

  • кіші және орта топ балаларының таным процессінің көрсеткіші

  • балабақша түлектерінің мектепке дайындығын зерттеу.




02.09 дейін

20.12 дейін



30.05 дейін



IV.

Өзіндік даму жоспары:

- балабақша жұмысына белсене араласу;

- аудандық, облыстық семинарларға қатысу;

- біліктілігін көтеру;

- ашық сабақтар мен іс-шаралар өткізу (тақырыбы мен қатысушылар санын көрсету)

- танымдық сайыстарға қатысу.


Балабақша жоспарына сәйкес





Тәрбиеленушілермен жұмыс.

Психологиялық түзету-дамыту жұмыс


Жұмыс бағыты

Өткізілетін әдістеме

Зерттелуші нысана

Өткізілу мерзімі

1

Топтардағы қозғыштығы басым балаларды анықтау (гиперактив)

Ойындар мен тапсырмалар, жаттығулар


Тәрбиеленушілер

Жыл бойы

2

Ата - аналарға сауалнама жүргізу

Сауалнама, баяндама «Зейінсіз бала қайдан шығады?»

Ата ана, тәрбиеленушілер

Жыл бойы

3

Өзара қарым - қатынасқа түсе алмайтын, тұйықтығы басым балалармен жұмыс

Тапсырмалар, жаттығулар, ойындар

балалар

Қажетіне қарай

4

Балалардың мазасыздану деңгейін анықтау

әдістеме

«Сирстің мазасыздану деңгейін анықтау»

тәрбиеленушілер

Жыл бойы

5

Танымдық процестерді дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар. (Ойлауды,қабылдауды,қиялды, есте сақтауды,зейінді)

«Ине мен жіп», «Зейінді бол», «Ойлан да аяқта», «Сиқырлы дөңгелектер» т.б.

тәрбиеленушілер

Қажетіне қарай

6

Психогимнастикалық ойын - жаттығулар

«Жанжал», «Күн райын болжау», «Кеме және жел» т.б.

Мазасыз балалармен

Жыл бойы

7.

Жеке жұмыстануды қажет ететін балалармен жұмыс


Ойындар, жаттығулар, тапсырмалар

тәрбиеленушілер

Жыл бойы

8

Гиперактивті балалармен жұмыс

«Домалақ», «Үнсіз қоян», «теңіз толқындары», «Тыныштықты тыңда» т.б.



9.

Жыл бойы істелген жұмыстардың аналитикалық есебін беру


Аналитикалық есеп жазу

Тәрбиешілер

Мамыр айы


Психологиялық диагностика


Жұмыс бағыты

Өткізілетін әдістеме

Зерттелуші нысана

Өткізілу мерзімі

1

Әрбір баланың психологиялық дамуын жас ерекшеліктеріне қарай жеке жұмыс түрлерін жүргізу.

Балабақшаға келген уақытында зерттелуі Топтардағы балаларды анықтау. Топтарға бөлініп алатын балаларды анықтау.

Тәрбиеленушілер

Жыл бойы

2

Балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтау

Бақылау, тесттік тапсырмалар, мақсатына қарай жеке жұмыс түрлерімен ұсынбалар.

Тәрбиелену

шілер

Қыркүйек, қазан, қараша, наурыз, жыл бойы

3

Таным үрдістерінің дамуына арналған зерттеулер жүргізу (Ойлау, есте сақтау, қиял, зейін, қабылдау, сөйлеу)

«Не жетіспейді», «Артық нәрсені тап», «Есте сақта және қайтала», «Суретті аяқта», «Бірізділікпен орналастыр», «Өрнекті дұрыс таңда», «Әңгіме құрастыр» т.б.

Барлық топ балаларымен

Қыркүйек, қаңтар, мамыр

4

Бала дамуындағы ауытқушылықтарды анықтау

Балалардың тілдік қорларының даму деңгейін анықтау, кеңістікті бағдарлау, ұсақ маторикасының дамуы

Ата ана, бала, педагогтар

Жыл бойы

5

Баланың өзара қарым - қатынасын, ұжыммен қатынасын зерттеу

Әдістеме, отбасы проективті әдістемесі, социометрия, баспалдақ әдістемесі

Барлық топ балаларымен

Желтоқсан, жыл бойы


Бөлшектерден тұтас суретті құрастыру қабілеттерін анықтау.

Қиылған суреттерді құрастыр.

Барлық топ балаларымен

Қазан, ақпан, сәуір.

6

5 жастағы балаларға индивидуалды көмек көрсету

Мектепке даярлау барысында қиындық көретін балаларды индивидуалды диагностикалау


Қажетіне қарай

7

Баланың мектепке дайындығын анықтау

Тапсырмалар, ойындар, жаттығулар


Ересектер тобы

Сәуір айы

8

Жылдық есеп беру



мамыр











Педагог кадрлармен жұмыс


Мазмұны

Жұмыс түрі

мерзімі

I.

Психодиагностика:

Сұраныс бойынша



Жеке, топтық жұмыс


жыл бойы

II.

Психоағарту
  • Дарынды балаларды анықтау және олармен жұмыс жүргізу
  • Іскерлік ойын « Қарым-қатынаста қандаймыз?»

  • Тәрбиешілермен іс-тәжірибе алмасу "Ата-анамен тіл табысу жолдары "

  • Психологиялық кітаптар қорынан әдістемелік көмектер беру

  • Тренингтік жаттығу: "Жақсы көңіл күй жан қуанышы"


Педагогтар,ата-аналар

топтық жұмыс


Жыл бойы


қараша



қаңтар



үнемі


наурыз

III.

Кеңес беру


Жеке, топтық




жеке, топтық жұмыс



жыл бойы


IV.

Педагогикалық кеңестер

  • «Балалардың психологиялық саулығы балабақша жұмысының басты міндеті»

  • « Баланы ұлтжанды қылып қалай тәрбиелеуге болады? »

  • «Балалардың танымдық ерекшелігі»

  • «Ата-ана махаббаты»

  • «Мектепке даярлық деген не?»


топтық


қазан



желтоқсан



ақпан


наурыз


мамыр










Ата-анамен жұмыс


Мазмұны

Жұмыс түрі

мерзімі

I.

Психодиагностика:

Сұраныс бойынша


жеке, топтық жұмыс


жыл бойы

II.

Психоағарту

Жалпы ата-аналар жиналысына қатысу,

  • Кіші топ ата-аналарымен: «Ерте жастағы бала психологиясы» -;

  • Жоғары топ ата-аналарымен: - «Сіздің балаңыз болашақ оқушы!»

  • Жас ата-аналарға кеңес: - «Балабақша алғаш келгенде»;

  • Жас мамандармен жұмыс: «Ата-аналар жиналысының жүргізілу тәртібі»

Топ ата-ана жиналысына қатысу:

Төменгі топ:. «Балабақшаға бейімделу»

Жоғары топ: «Бала өзінің тәртібімен не айтқысы келеді?»

Түлектер ата-аналарына: «Баланы мектеп дайындауды қалай жүргіземіз?»

Ата-аналарға ақпараттар:

ТТ: «Бала балабақшаға алғаш келгенде», «Бейімделу кезеңі», «Баланы түсіну», «Балабақшаға қуанышпен», «Балаңыздың тіл дамуы», «Баланы киінуге қалай үйретуге болады?».

ЖТ. «Балаға не үйрете аламыз?», «Санауды үйретеміз», «Анамызбен асханадамыз», «Тынымсыз ұйқы », «Ойын- көмекшіміз», «Бала үрейін қалай женеміз?»

Түлектерге: «Балаларға ұнайтын тәсілдер», «Мектепке қуанышпен», «4-5 жастағы ерекшелік», ««Жазалау дұрыс па , бұрыс па?», «Күзде мектепке барамыз».



топтық жұмыс



жыл бойы



Балабақша жоспарына сәйкес


III.

Кеңес беру

Топтық

«Балабақшаға баруға баланы қалай дайындау керек?», «Физикалық тәрбие», «3 жастағы қиындық», «СӨС қалыптастыру», «Болашақ оқушы келбеті»

Жеке, топтық жұмыс

жыл бойы


Өткізілетін сабақтар

Жұмыс бағыты

Өткізілетін әдістеме

Өткізілетін топ

Өткізілу мерзімі

1

1.Балаларға қандай адам екендігін және жеке тұлға екені жайлы түсіндіру.

2.Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.Ұсақ қол моторикасын дамыту.

1.«Мен қандаймын».



2.«Алтын балықтың саяхаты»(Құм терапиясы)

«Ақбота»



«Қарлығаш»

Қыркүйек,



қаңтар


2

1.Дос туралы түсінігін кеңейту.

2.Балалар саусақтары арқылы сурет салып, ішкі сезімін бейнелеу, көңіл –күйін салу.

1.«Достығымыз берік болсын»

2. «Көңіл –күйді бейнеле( арт терапия)»

«Айгөлек»


«Балдырған»

Қазан


Сәуір

3

1.Ертегі мазмұнын рөлдерге бөліп ойнату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.

2.Балаларды әдепті, мейірімді, үлкенге ізет кішіге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

1. Ақшақар және жеті гном



2. «Мен әдепті баламын!»


«Қарлығаш»




«Айгөлек»

Қараша




Мамыр

4

1.Балалардың ермексаз арқылы ертегі кейіпкерін бейнелеуге, қиялы мен қабілетін жетілдіре түсу.

2. Ұсақ қол маторикасын дамыту.

1.«Ертегілер еліне саяхат»



2. «Он саусағым майысқан....»

«Еркем-ай»



«Балапан»


Қазан



Наурыз

5

1.Ертегі мазмұнын рөлдерге бөліп ойнату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.

2.Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

1. «Орман ертегісі».(ертегі терапиясы)


2. «Ойна да, ойлан».

«Балдырған»




«Ақбота»

Қыркүйек




мамыр

6

1.Есте сақтау, ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту.

2. Балалардың танымдық, интеллектуалдық, эмоционалдық ерік – жігерлік аясын кеңейту, сөздік қорларын дамыту.

1. «Сиқырлы кілемше»


2.« «Бауырсақ»

құм терапиясы»

«Еркем-ай»



«Балапан»

қараша


желтоқсан













































Мектепке дейінгі балалардың денсаулығын сақтау және нығайту



  Қазіргі кездегі елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға даярлау. Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі.

 Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тәрбиенің тәжіриебиесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты меңзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндеттердің бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық жеке-дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру қажет.

Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды.[1]

 Осыған орай жұмыстың обьектісі – мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығын қорғау болып саналады.

Жұмыстың мақсаты - мектепке дейінгі ұйымда баланың денсаулығын сақтаудың, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдаудың мүмкіндіктерін қарастыру болып табылады.

Міндеттер:
- мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын қолдану мүмкіндіктерін анықтау; 
- денсаулық сақтау технологиясына сипаттама бере отырып, мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын пайдалану әдістемесін ұсыну;
- білім берудің жаңа технологияларын қолдану (денсаулық сақтау, ақпараттық) ғылыми -әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, оларды іске асыру механизмдерін жетілдіру;
- балалардың денсаулығын сақтау мақсатында инновациялық бағыттағы материалдық-техникалық база қалыптастыру.

Күтілетін нәтижесі:

Мектепке дейінгі мекемедегі балалардың дені сау, психологиялық және интелектуалдық тұрғыда жан-жақты қалыптасқан, бастауышқа дайын болған мекеме түлегі. 

Тәрбиешінің   балалармен жұмыс жүргізуіндегі денсаулық сақтау технологиялары.

Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуда мектепке дейінгі мекемеде денсаулықсақтау технологияларының түрлері:

Балабақшада оқу-тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүргізу, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық қызметкерлердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Осындай мәселені шешу барысында біздің анықтағанымыз, баланың  денсаулығын нығайтуда және аурудың алдын-алуда тек қана баланың қимыл белсенділіктерін көтеру өте аз, сонымен қатар шынықтыру шараларын жүйелі өткізу керек. Ол үшін педагог дәстүрлі жұмыстарға дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің жүйесін тудыруы жөн.

Мысалы, жалаң аяқ жүру табан мен буындарды бекіту әдісі болып табылғандықтан барлық жаттығуларды жалаң аяқ ұйымдастырған өте ұтымды болады.

Ертеңгілік жаттығуда әртүрлі формаларды қолдану:

  • Тыныс алу жаттығулары

  • Жалпақтабандылықтың алдын-алу жаттығулары

  • Сымбатты түзету жаттығулары

  • Созылу(стретчинг) жаттығалары

  • Йога жаттығулары

  • Көзге арналған жаттығулар

Таңертеңгі жаттығудан кейін тыныс алу немесе тұзды жолмен жүру өте тиімді. Сонымен қатар дене тәрбие сабақтарында дәстүрден тыс құрал-жабдықтарды қолданған жөн.

            Баланың дені сау, салмақты, дене дамуы мықты, тәбеті жақсы, ұйқысы толыққанды болып өсуі үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет. Бұл балаға балалық шақтан бастап ағзасын кез-келген ауруға қарсы тұруына маңызды.

Себебі ағзада барлық өмірлік әрекеттер белгілі бір тәртіппен жүріп отырады. Жүрек ырғақты жұмыс жасайды,  жиырылуы-босауы, тыныс алу, дем алумен -дем шығару кезектеседі, асқазандағы аста белгілі уақытта қортылып отырады.[2]

Жалпы табиғатта барлық жағдайлар белгілі реттілікпен жүреді: жыл мезгілдерінің, күн мен түн ауысуы...

Міне, сондықтан мектепке дейінгі мекемелерде күн тәртібі сақталуға қатаң көңіл бөлінген. Шынықтыру-сауықтырудыңда тәртібі болған жағдайда ғана баланың ағзасына тиімді болады.

Мектепке дейінгі ұйымындағы денсаулық сақтау педагогикалық технологиялары

Мектепке дейінгі кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелері мен дене мүшелерінің, жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түскен кезі. 

            Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау іс-шаралары  кешенді де жүйелі  жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады. [3]

Денсаулық сақтау технологияларының кешенді жүргізудің басты мақсаты

Мектепке дейінгі балалардың қимыл-әрекеттерін жетілдіріп, оның ағзасын суыққа төзімді болуға жаттықтыру.

Дені сау баланы өсіруде бірнеше бағыттар алынды.

Балалар ауруларын төмендетуге мүмкіндіктер жасау  үшін педагогтардың кәсіби-шеберліктерін өрлету және де ата-аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді ұйымдастыру

Бұл іс-шаралар барлық білім салаларымен байланыстырып, әрекеттестіріп жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады.

Шынықтырудың негізгі  міндеттері

Баланың тұлғалық ерекшелігін ескере күш-қайраттарын қалыптастыру және денсаулығын шынықтыруды жүзеге асыру. Бұл міндеттерге, тек шынықтыру шараларынын кешенді түрде өткізгенде ғана нәтижеге қол жеткізді, яғни балабақшадағы баланың болған бір күні - оның ағзасына пайдалы дәрумендерді енгізіп асмәзірін  түрлендіріп, оны балаға жеткізу, қарапайым шынықтыру мен қатар арнайы жоспарланған шараларды,  қимыл-әрекеті үйлесімді ұйымдастырылады.

Баламен  шынықтыру  шараларын ұйымдастыру алдында бірнеше ережелерді сақтау керек:

Дені сау баламен шынықтыруды жүйелі жүргізу, оның теріс эмоциясын (үрей, жылау, мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп үдетіп, ұзартылып, медбике мен педагогтың қатаң қадағалауында болуы қажет.

 

Оқу тәрбие үрдісін бала денсаулығына жүктеме болмайтындай, керісінше оны нығайтуға көмектесетіндей етіп ұйымдастыру керек. Балабақшаның жұмыс ерекшелігін ескере отырып, бала денсаулығын нығайту мәселелері, мектепалды балалардың физикалық дамуы – мектепке дейінгі мекеменің жұмысының негізгі бағыты болып табылады.

Денсаулықтарын сақтау және ынталандыру

Стретчинг

(созылу)

Тамақтан соң 30 минуттан  кейін желдетілген топта немесе спорт  пен музыка залында ортаңғы топтан бастап, аптасына екі рет 25-30 мин

Сымбаттары бұзылған және жалпақтабандылықтын алдын-алуға ұсынылады. Бұлшық еттерге жүктеменің үлесі тең болуы керек.



Ырғақты - қозғалыс

Тамақтан соң 30 минуттан  кейін желдетілген топта немесе спорт  пен музыка залында ортаңғы топтан бастап, аптасына екі рет 25-30 мин.

Жүктеменің көлемі  және өлшемі баланың жас ерекшелігіне қарай болу. Көркем құндылыққа назар аудару



Динамикалық үзіліс

Сабақта балалардың шаршауларына қарай, 2-5 мин.

Шаршаудың алдын-алу үшін барлық балаларға ұсынылады. Сабақтың ерекшелігіне қарай көзге. Тыныс алуға және басқада жаттығуларды қосуға болады.



Қимылды және спорттық ойындар

Серуенде, топта сабақтың бөлігі ретінде, барлық топтарды күнде

Ойындар баланың жас шамалық ерекшелігіне және маусымдыққа, уақытына сәйкес іріктелінеді. МДМ-де спорттық ойындарының элементтері ғана қолданылады.



Релаксация

Барлық топта кез-келген ыңғайлы бөлмеде. Педагог технологияның қарқындығын мақсатпен балалардың  жағдайына байланысты анықтайды.

Табиғат үнінін, классикалық баяу әуенді (Чайковский, Рахманинов) қолдануға болады.

Саусақ жаттығулары

Күнде барлық топтарда жеке-дара немесе жарты топпен

Күнде кез-келген ыңғайлы уақытта Барлық балаларға, әсіресе сөз мүкістігі бар  балаларға ұсынылады



Көзге арналға

Көзге түскен жүктеменің қарқынына қарай күнде 3-5 мин

Педагогтың көрсетуі, көрнекілікті қолдану ұсынылады.



Мектепке дейінгі ұйымындағы шынықтыру-сауықтырудың негізгі міндеттері

  • Баланың денсаулығын нығайту және сақтау

  • Баланың дене тәрбиесінің сапалық дамуын, тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, оның өміріне қажет қимыл ептілігін қалыптастыру

  • Баланың қиыл белсенділік талабын жүзеге асыруға жағдайлар тудыру

  • Салауатты өмір салтының талаптарына сай тәрбиелеу

  • Психологиялық және физиологиялық  саулықпен қамту

 

Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуді қамтамасыз етудегі  бағыттар.

  • Баланың физиологиялық даму және балалардың ауруларының төмендету үшін жағдайлар жасау

  • Балабақшадағы педагогтардың шеберліктерін және іскерлік біліктіліктерін жоғарлату

  • Медициналық қызметкелермен байланысты шынықтыру-сауықтыру міндеттерін кешенді шешу

  • Балабақша және жанұя жағдайларында бірігіп дені сау баланы тәрбиелеу

Балалардың дене тәрбиесінің толыққанды дамуына, қимылдау талаптарын жүзеге асыру үшін балабақшада арнайы жағдайлар туғызу.

     Топтарда шынықтыруға арналған бұрыштар, спорт залда дене тәрбие сабағына арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және балабақша алаңында спорт алаң болу. Осының барлығы баланың дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын жоғарлатады, сабақтың  тиімділігін арттырады,  балалардың барлық негізгі қимыл түрлерін жасауға мүмкіндік береді.

Құрметті  әріптестер, тәрбиешілер мен педагогтар Қазақстанның болашақ ұрпақтарының денсаулығын нығайту мен сақтау сіздердің аяулы алақандарыңызда.









Мектеп жасына дейінгі баланың дұрыстамақтануының негізгі ережесі, күнделікті азығының құрамы барынша сан алуан болғаны дұрыс. Бала ағзасына пайдалы дәрумендері бар: ет, балық, сүт және сүт
өнімдерін, жұмыртқа, жеміс-жидектер мен көкөністер, қант және кондитерлік
бұйымдарды, нан, дәнді-дақылдар және т.б. 
азық-түліктерін күнделікті тамақ үлесіне қосып отырған жағдайда, баланын
берік денсаулығын қамтамасыз ете аласыз. Бала ағзасының әртүрлі инфекцияларға
қарсы тұруын: ет, балық, жұмыртқа, сүт, айран, ірімшіктің құрамындағы жоғары
сапалы табиғи ақуыздары қамтамасыз етеді. Дұрыс тамақтану – өсіп келе жатқанжас ағзаның денсаулығы мен дұрыс өсуіне жағдай жасап, үнемі әсерін беретін
маңызды фактор.Тамақтану ережесін ұйымдастырудыңнегізі – ұсынылған азық-түліктер жиынтығын ұстану болып табылады. Осы топқа
енетін тағамдардың құрамы – мектеп жасына дейінгі балалардың физиологиялық
қажеттіліктері мен калориийлік құндылығын қамтамасыз етеді. Бұл жерде ең
маңыздысы – топ ішінде жағымды эмоциялық көңіл-күй мен жақсы орта қалыптастыру.
Балалар үстел үстінде ыңғайлы отырып, қажетті ыдыс-аяқтармен қамтамасыз етілуі
керек. Балалар тамақтануын ұйымдастырушылар, баланың үйде пайдалы тамақтануымен
үйлесімін табуы керек. Балалар тамағынұйымдастыруда,ерекше назар аударатын жайт, баланың бейімделу кезеңіндегі
тамақтану тәртібі. Үй тәрбиесіндегі баланың бақша тәрбиесіне өту кезеңі
қашанда, анықталған психологиялық қиыншылықтармен бірге өтеді. Бала неғұрлым
жас болса, соғұрлым балабақшадағы ортаға бейімделуі қиынға түседі. Осы тұста,
көбінесе, баланың ұйқысы бұзылып, тәбеті төмендеп, жалпы ағзасының ауруларға
қарсы тұратын қорғаныштық қабаты да әлсірейді. Бала үшін осы кезеңде, дұрыс
тамақтандыруды ұйымдастырса, ол ортаға бейімделіп, ұжымға тез үйренеді.
Өздігінен тамақтануға үйретілмеген балаларды тамақтандыру үшін, тәрбиешілерге,
дұрыс тамақтандыру тәртібі жөнінде кеңестер беріледі. Өзіндік жұмыстың мақсаты: мектепкедейінгі ұйымда тамақтануды ұйымдастыру және қадағалау. 


1. Мектепке дейінгі ұйымда тамақтану

 

Салауаттыөмір салты мен тамақтану гигиенасының негізгі талаптары:-азық-түліктердің құрамы;-сапасы мен көлемі;-  тәртібі мен ұйымдастырылуы.Балабақшадабасты назар ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен тамақ дайындау технологиясына аударылады. Тамақ әзірлеу ережелерін сақтап, ас мәзірін қадағалау жұмыстары бас медбикеге жүктеледі және ол балалардың дұрыс тамақтануын қадағалап отырады.
Балабақшадағы балалардың тамақтану үдерісін қадағалау жұмыстарындағы медбикенің міндеттері: -жеткізілген азық-түліктердің сапасын бақылау;-сақтау мерзімінің талаптарын орындау;-ас мәзірін құрамы, тағамдардың мөлшерін қадағалау;-тағам дайындау технологиясы ережелерінің сақталуы;-балалардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты құрылатын ас мәзірінің
сапасын қадағалау болып табылады. Басмедбике балабақшадағы ас әзірлейтін бөлімнің санитарлық тазалығы мен қызметкерлердің жеке басының гигиенасын ұстауын күнделікті тексеріп, топтағы балаларға тамақтардың жеткізілуін қадағалайды. Жеткізілген азық-түліктердің сапасы мен сақталу мерзімі, шарты, пайдалану уақытының бақылау жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Мектепке дейінгі ұйымдарға жеткізілетін тамақ өнімдері
мемелекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес тексеріледі. Тез бұзылатын
өнімдердің сапа куәлігінде: сұрыпы мен санаты, пайдалану мерзімі, зертханалық
мәліметтері, сақтау мерзімі көрсетілуі керек. Балалар ас мәзірінің  қажетті мазмұны – тамақ үлесінің химиялыққұрамының мөлшелеріне байланысты жасалады. Мектеп жасына дейінгі балалардың
дұрыс тамақтану тәртібі – нақты ұйымдастырылған ережелер болуы керек. Мектепке
дейінгі ұйымдардың балаларын, күніне төрт мезгіл тамақтандыру қажет. Негізгітамақтанудың арасы 3,5-4 сағ. болғаны дұрыс. Қосымша жеңіл-желпі тісбасарлар
беріледі. Дұрыс тамақтану тәртібінің тағы бір талабы - тәуліктік тұтынатын
тағамдардың сәйкестендірілген тізімі. Күннің бірінші жартысында бала ағзасына
пайдалы дәрумендермен байЫтылған және ақуыз бен майға қаныққан тағамдарды беру
ұсынылса, кешкі асқа: тез қорытылатын жеміс-жидектер мен көкөністер, балық, сүт
өнімдерін дайындап беруге кеңес беріледі. Балалар – тағамының тәуліктік
үлесінің  көп мөлшерін мектепке дейінгі ұйымдар беретінін ескере отырып, тамақтануды ұйымдастырушылар, балаға күш беретін
құнарлы тағамдармен қамтамасыз етулері керек.Балалармен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын
тамақтанудың қалыпты мөлшері 9 қосымшада, санитарлық талаптарымен көрсетілген.Жалпыбілім беретін мектептер  және интернаттар, жетім балаларға арналған білім беретін ұйымдарындағы  балаларға екі апталық маусымдық (жаз-күз,
қыс-көктем) ас мәзірі дайындалады.Асәзірлейтін бөлiмін, ас мәзiрі және шығарылатын өнiмнiң түрлілік тiзiмiн
пайдалануға беру үшін, мемлекеттiк органмен келіскен санитарилық-эпидемиологиялық мақұлдауынан өтіледі. Осыдан кейінгі тамақтануға
қатысты мәселелерді: ас мәзірінің құрылуы, тамақ әзірлейтін бөлімнің тазалығы,
тағамдардың құрамы өз кезегімен анықтала  береді.Тамақтанатын балалар саны, әр тамақтану үрдісіне арналған тағамдардың тізімі: жас ерекшелігіне сәйкес тамақтың граммдық мөлшері, көрсетілген ас мәзірі күнделікті құрастырылады (санитарлық ереже бойынша 9,10 қосымшада).Тамақтану тәртібі келісілген ас мәзіріне сәйкес болуы керек. Ерекше жағдайларда, ас мәзіріндегі тағамдар мен тәтті өнімдерді  алмастыруға рұқсат етілген. Тағамдар,міндетті түрде, ас құрамын мен мөлшері көрсетілген технологиялық картадағы нұсқаулықтар бойынша әзірленуі керек. Асмәзіріндегі тағамдар мен аспаздық өнімдер тізімі күн ішінде, келесі 2-3 күнде
қайталанбауы керек. Күнделіктітамақтану тәртібінің тізіміне енетін өнімдер: ет, сүт, сары және өсімдік майы, бидай наны немесе қара бидай наны, қант және көкеністер. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс етін 2-7 күнде 1 рет. Түскіастың құрамы: салат, бірінші, екінші тағамдары (негізінен ет, балық, құс еті
қосылған ыстық тағамдар) және үшіншіге (жеміс қайнатпасы, кисель, шай). Көкеністердің (қияр, қызанақ, орамжапырақ,сәбіз, қызылша, аскөк) қайнатылған, шикі түрлерінен жеңіл салаттар дайындау. Бесінастың мәзіріне сусындар кіреді (сүт, сүт қышқылы өнімдері, кисель, шырын) майсыз тоқаштар мен кондитерлік
өнімдер.Кешкіастың құрамы: көкеністер мен сүзбеден тағамдар, ботқалар; негізгі екінші тағам ( ет, балық, құс еті), сусын (шай, шырын, кисель). Екінші кешкі ас ретінде: кремсіз тоқаштар мен кондитерлік өнімдерді, жеміс-жидектер, сүт қышқылы
өнімдерін беруге болады.-Мектепке дейінгі ұйымдарының ас ішетін бөлмелерінде күнделікті ас мәзірінің
бекітілген үлгісі ілулі тұруы керек.Балабақшада, технологиялық картаны бас аспаз дайындайды.Осы ретте, қазіргі таңда, көптеген компьютерлік бағдарламар бар.Технологиялық карталарды қолданудың тиімділі: -аспаздық өзгеріске ұшыраған тағамдардың химиялық құрамымен тағамдық құндылығының есебін жүргізу;-100 граммдық мөлшердегі тағамға қосылатын өнімдердің есебі; -"тағамдағы тамақ" технологиясы бойынша,тағамдардың рецебіне өзгерістер енгізуге мүмкіндік.Балалар тамағын дәрумендендіруАскорбин қышқылы тәуліктік қажеттілік есебінен:1 жасқадейінгі балаларға 30 мг; 1-6 жастағыларға 40 мг. Дәрумендендіру – дайын
тамақтарға, ас әзірлейтін бөлмеде, бас медбике, емдәм медбикесінің және т.б.
медициналық қызметкерлерінің, арнайы осы мақсатқа тағайындалған, қадағалауымен
іске асырылады. Дәрумендендірілген тағамдарды қайта жылытуға кеңес бермейміз,
өйткені тағамдар, құрамындағы аскорбин қышқылын жоғалтады.Тағамдарды аскорбин
қышқылымен (С дәрумені) дерумендендіру үдерісі жыл сайын: бөбекжайларда,
бөбекжай-балабақшаларды, балалар үйінде, балабақшаларда, мектеп-интернеттарда,
емханалар мен шипажайларда, перзентханаларда жүргізіліп отырады. Күнделікті
дәрумендендіру: бірінші және үшінші тағамдар мен шайға жүргізіледі.- Тәулік бойы балалар тұратын білім және тәрбие беретінұйымдардың балалары мен жасөспірімдерінің ағзасында қорғаныштық қабатының
әлсіреуін болдырмау үшін мұздатылған сусындарды (жеміс қайнатпасы, кисель)
жасанды жолмен дәрумендендіру.- Қайнатпа сусындарын дәрумендендіргенде температура+15°С-ден аспауы керек, кисельге аскорбин қышқылы +30 – 35°С температураға
дейін мұздатылған жағдайда ғана қосылады. С дәруменінің тәуліктік мөлшері:
бөбекжайдағы балаларға - 50 миллиграмм, мектепке дейінгі жастағы балаларға – 60
мг. Тағам өнімдері мен ас әзірлеудің технологиялық өңделуінің ережелеріМектепке дейінгі ұйымдағы балалар тағамының сапасы жоғарыболып, қатаң қадағалануы керек. Жергілікті Білім басқармалары тендер өткізіп,
балалар тамағын жеткізуді ұйымдастырушыларды  тағайындайды. Соңында сенімді және тексерілген жеткізушілермен жұмыс жасалады. Жеткізушілерге қойылатын талаптар: санитарлық-эпидемиологиялық
куәліктері, жануарлар етін бақылайтын ветеринарлық қызметтердің анықтамалары,
азық-түліктердің сақтау талаптары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы
инфрақұрылысы бар, жеткізу талаптары мен мерзімін дұрыс орындауы керек.- Тағам өнімдері мен сатылымшикізаттарын қабылдау кезінде, тиісті құжаттары (өңдірушінің
ветеринарлық-санитарлық сараптамасы, сонымен қатар тиісті сертификат) болуы
керек. - Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі жайлы құжаттары, көпшіліктамақтану ұйымдарында сақталады.-Тағам өнімдерін тасымалдау үшін арнайысанитарлақ-эпидемиологиялық сараптамасы бар автокөліктарді пайдаланады.
Тасымалдаушы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, арнайы киім киіп,
медициналық тексерістен өтілуі керек.- Қажетті тағам өнімдерін ұзақтығы 500 метрлікқашықтықтан аспайтын орындардан сатып алған жағдайда, қолмен тасымалдауға
болады. тасымалдау барысында, заттардың кірлеп немесе бүлінбеуін қамтамасыз ету
керек. - Балалармен жасөспірімдердің тамақтану үрдісіне қажетті азық-түліктер: ауылшаруашылық
ұйымдарында, оқу-тәжірибелік бақшалар аймағында, жылыжайларда қолдан өсірілген
азықтық шикізаттарды, егер олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын
зертханалық зерттеу жұмысының сараптамасы болған жағдайда пайдалануға болады. Ас әзірлейтін бөлмелердегі жұмыстарды балалар менжасөспірімдерге (тамақ әзірлеудегі: көкеністерді аршу, нан турау, дайын тамақты
тарату, ыдыс-аяқ жуу, асүйді тазалау т.б.) істетуге болмайды.Шикі тағамдарды өңдеу үшін (аршылмаған көкеністер, ет,балық) арнайы жуатын ыдыстар қарастырылған. Осы мақсатта, ыдыс-аяқ жуатын, қол
жуатын ванналарды пайдалануға тиім салынады.Балықты +12°С температурадан аспайтын 1л/ 7-10 г ас тұзықосылған суға салып немесе арнайы өндірістік үстелдерде еріту керек. Балықтық
жұмсақ еті мен бекіре тұқымдас балықтарды суға салып жібітуге болмайды.Ет, жартылай фабрикаттар, балық және басқа да азықөнімдерін еріткеннен кейін қайта қатыруға болмайды. Ерітілген азық өнімдерін
ұзақ мерзім сақтауға болмайды.Жұмыртқаны арнайы белгіленген ыдыста өңдеу керек.Ас әзірлейтін бөлмеге қойылатын санитарлық талаптарБалалар және жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беруобъектілері негіздемесі: 1) мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру (мектептетамақтандыру комбинаты, мектеп асханасы) азық өнімдерінің шикізатын сатып алу,
азпаздық тамақтар дайындау, асханалық ұйымдарды қамтамасыз ету;2) жартылайфабрикатты заттардан аспаздық өнімдер ментағамдар әзірлеу ұйымдары;3) ас мәзіріне сәйкес, шикі өнімдер мен жартылайфабрикаттызаттардан аспаздық өнімдер мен тағамдар әзірлейтін мектеп асханалары;4) дайын тағамдарды (кондитерлік өнімдер, аспаздықтағамдар) іске асыратын  буфеттер.Тамақ әзірлейтін бөлмелерде: тұруға, ит-құс ұстауға,тағамға қатысы жоқ іс-әрекеттермен айналысуға тиім салынады.Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беруобъектілерінде шикі өнімдер мен жартылайфабрикатты заттардан тағам әзірлейтін
арнайы бөлмелер қарастырылған. Ас әзірлейтін бөлмелер 2 қабаттан жоғарыда
болмауы керек. Егер ас әзірлейтін бөлмелер 2–ші қабатта болса,  азық өнімдерін тасымалдау үшін жүк көтеретін
лифт болуы керек.Ас әзірлейтін бөлмелердің құылымында, тағам өніміменжұмыс істейтін аймақтар белгіленуі тиіс: ыстық ас цехы, үлестіруші,  мұздатқыш цехы, көкеніс цехы, етті бөлетін
цех, көкөніс сақтайтын қойма, ыдыс жуатын орын, азық жуатын орын, құрғақ
өнімдерді сақтау қоймасы, тез бұзылатын тағамдарға арналған тоңазытқыштар,
қызметкерлер бөлмесі, киім ауыстыратын бөлме, қызметкерлердің душ қабылдау
бөлмесі және дәретханасы.Азық-түліктерді сақтайтын қоймалар мен тоңазытқышкамераларын: азық жуатын, ыдыс жуатын, душ, дәретхана аймақтарынан қашықтау
орналасуы керек.50 орындық ұйымдардың ас әзірлейтін бөлмелеріне қойылатынталап қысқартылады. Яғни, тамақ пісіретін, үлестіретін, ыдыс-аяқ жуатын орындар
бір аймақта орналасады (кедергімен бөлініп). Құрғақ өнімдер сақталатын
қоймаларда, көкөністер үшін орын бөлінеді. Жалпы білім беретін ұйымдар шағын ғимараттарда орналасқанболса, ауылдық елді-мекендердегі талапқа сай асхананың болуына мүмкіндік пен
жағдайдың болмауына, мемлекеттік органдардың санитарлық-эпидемиологиялық
салаларының рұқсатымен ықшамдалған асханаларды пайдалануға болады 


Қopытынды


 Балалардыңденсаулығын олардың үйлесімді өсуі, дене және жүйкелік-психикалық дамуын, ішкі
ортаның жұқпалары мен басқа жағымсыз факторларының әрекеттеріне
тұрақтылықта  қажетті болатын, тиімді
тамақтанусыз қамтамасыз ету мүмкін емес. Сонымен бірге, дұрыс ұйымдастырылған
тамақтану балалаларда мәдени-гигеналық дағдыларды, пайдалы әдеттерді, тиімді
тағамдық тәртіп деп аталатын, мәдени тамақтану негізін  қалайды. Қазіргі жағдайдабалалардың денсаулық жағдайының тұтас себептер нәтижесінен, тамақтану
құрылымының бұзылуы және оның сапасының жанұяда да, сонымен бірге ұйымдасқан
балалар ұжымдарында да  төмендеуіне
байланысты, тамақтанудың рөлі айтарлықтай жоғарылады.Дұрыс тамақтанусіздің балаңыздың дамуында баланың өсуіне, оның ақыл-ойы және дене дамуында
бірінші дәрежелі рөл атқаратын, түрлі дәрумендер мен микроэлементтерді   алуына қарай бастапқы маңызды рөл атқарады.Балабақшадатамақтанудың, бала денсаулығы үшін маңызы зор.Бала денсаулығына:пайдалы астың рөлі бірінші ретте. Баланың өсіп-жетілуіне қажетті дәрумендер мен
минроэлементтер пайдалы астың құрамынан табылады.Балабақшадағы балалардыңтамақтану мөлшері, арнайы балалар үшін белгіленген. Бүлдіршін үшін қажетті
микроэлементтер мен пайдалы заттардың көлемі өлшеніп, ас мәзірі апта бұрын
құрылады. Балалар тағамы аса мұқияттылықпен ойластырылып, тамақ пісіру барысы
мен дәмінің сипаттамасы үнемі медициналық қызметкерлердің бақылауында болады.
Әрбір балабақшада: тамақтың сапасын күнделікті қадағалап отыратын, медбикелер
жұмыс істейді.Балалардыңкүнделікті ас үлесінде бірдей азықтар қайталанбайды,ал балық балаларға аптасына
бір рет беріледі. Әр балабақшаның ас мәзірі: қышқыл сүт өнімдерінен, жұмыртқа,
ет, дәнді-дақылдар, көкеністер, макарон өнімдері сияқты міндетті
азық-түліктерден құралуы тиіс. Балалабақшада балалар 10-12 сағат уақыт
болатындықтан, төрт-бес рет тамақтандыру тәртібі енгізілген.

 

Тамақтану - баланың физиологиялық және психологиялық өсу үдерісінің қалыпты, дұрыс өтуін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі, Тамақ сапасының төмендеуі бала ағзасының қорғау-бейімдеу механизмінің деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады және аллергиялық әрекеттің өсуіне мүмкіндік туғызады, сондай-ақ асқорыту ағзасының ауруына себепші болады. Сондықтан да біздің балабақшада тамақ сапасына ерекше көңіл бөлінеді. 


Біздің мекемеде тамақты ұйымдастырудың негізгі принциптері мыналар: 

* Тамақ мөлшерінің энергетикалық құндылықтары баланың энергетикалық шығындарына сәйкес келеді; 
* Тамақ мөлшеріндегі барлық ауыстырылатын және ауыстыруға болмайтын азық түліктер теңдестірілген. 
* Тамақ мөлшерінің теңдестірілуін қамтамасыз ететін азық-түліктер мен тамақтардың көптеген түрлері; 
* Азық-түліктердің технологиялық және аспаздық дұрыс өнделуі, олардың тамақ құндылықтарының бастапқы қалпын сақтауға бағытталған, сондай-ақ тағам дәмінің жоғары сапасы. 
* Үйлесімді тамақтану тәртібі, айналадағы жағдай балалардың тамақтаны мәдениетін дағдыландыруға себепші болады; 
* Тамақтануға деген гигиеналық талаптарды сақтау (тамақтану қауіпсіздігі) 

Біздің балабақшада күніне 4 рет тамақтанады: 



















Балабақша – біртұтас ағза іспетті, ондағы барлық қызметкерлер өздеріне сеніп тапсырылған балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау және олардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті толық өз мойындарына алады.


МДҰ аумағында орналасқан жабдықтар (шағын формалар, денешынықтыру құралдары және т. б.), МДҰ ғимараты, топтық үй-жайлар мен кабинеттер жылына екі рет міндетті түрдегі тексеру актілері жасала отырып қаралады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда (бұдан әрі – МДҰ) қауіпсіз жағдай жасау – аса маңызды міндет. Сондықтан да тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – кез келген басшының міндеті.

Мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сай өртке қарсы, санитариялық, техникалық нормалар мен ережелердің сақталуы МДҰ-дағы қауіпсіз жағдайлардың кепілі болып табылады.

Білім беру процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ережені қамтитын негізгі нормативтік құқықтық акт «Білім беру туралы» ҚР Заңы болып табылады. Аталған Заңның 45-бабының 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, білім беру процесі кезінде тәрбиеленушілер мен жұмысшылардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік білім беру ұйымының басшысына жүктелді.

МДҰ-дағы балалардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты мақсаты қауіпсіз жағдай жасау, оқу мен тәрбие процесінде тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын сақтау болып табылады. МДҰ қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайын жасаудың маңыздылығы да одан кем емес.

Сондықтан бұл жағдайда мына бағыттарды есепке ала отырып жұмысты жүйелеу қажет:

  • болжау;

  • үйрету;

  • қорғау.



Басшы қауіпсіздікті заманауи талаптарды есепке ала отырып қамтамасыз етеді, өз жұмысын заңнамалық құжаттар негізінде мына бөлімдер бойынша құрады:

  • Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау.

  • Қызметкерлердің еңбегін қорғау.

  • Өртке қарсы қауіпсіздік.

  • Лаңкестікке қарсы қорғаныс.

  • Азаматтық қорғаныс және ТЖ-ны ескерту.



Бұл жұмысқа білім беру мен тәрбие процесінің барлық қатысушылары да енгізіледі:

Балалармен жұмыс олардың қауіпті және зиянды факторлар, төтенше жағдайлар туралы түсініктерін қалыптастыру, әртүрлі кездейсоқ жағдайларда өзін адекватты ұстау дағдыларына тәрбиелеуге негізделген.

Қызметкерлермен жұмыс нормативтік құқықтық құжаттарды, жергілікті актілерді, МДҰ жөніндегі бұйрықтарды, қауіпсіздік техникасы туралы нұсқауларды (бұдан әрі – ҚТ), лауазымдық нұсқауларды оқып-үйренуге және аталған нұсқаулықтардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге құрылады.

Ата-аналармен жұмыс профилактикалық бағытқа негізделген және ата-аналардың жалпыға міндетті оқуы мен жобалық қызмет түрінде жүзеге асырылады.

Білім беру кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты міндеттері:

  • Қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ҚР заңнамасының негізгі бағыттарын зерделеу және жүзеге асыру, нормативтік-құқықтық, әдістемелік және басқа да жергілікті актілерді, қауіпсіз білім беру кеңістігін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу мен қолданысқа енгізу.

  • Қауіпсіздіктің медициналық-әлеуметтік, ұйымдастыру-техникалық жағдайларын жасау, тәрбие мен білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтау.

  • МДҰ қызметкерлері мен тәрбиеленушілерінің тәрбиенің саламатты да қауіпсіз жағдайын жасауды регламенттейтін заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілер талабын орындауы.

  • Білім беру процесінде балалар мен қызметкерлердің жазатайым оқиғаға тап болуына жол бермеу.

  • Өндірістік жарақаттың алдын алу.

  • ҚЕ қағидаларын орындау және өртке қарсы режимнің сақталуы.

  • Төтенше жағдайлар туындай қалса тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің бойында өздерін қауіпсіз сезінетіндей орнықты дағдыларды қалыптастыру.

  • МДҰ-ны өртке қарсы және күзет жабдықтарымен, қорғаныс және өрт сөндіру құралдарымен жарақтандыру.

  • Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу жұмысының тиімділігін арттыру.

  • Ғимаратты, құрал-жабдықтар мен оқытудың техникалық құралдарын қауіпсіз пайдалана білуді қамтамасыз ету.









Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін МДҰ басқарудың тиімді құрылымын жасау керек. Ол үшін:

  • білім беру кеңістігінің қауіпсіздігін басқару механизмін жетілдіру;

  • білім беру процесі қатысушылары арасында міндеттемелерді бөлу;

  • білім беру процесінде қауіпсіз шараларды және қауіпсіз білім беру кеңістігін қалыптастыру саласындағы нақты нәтижелер жетістіктерінің механизмдерін жоспарлауды жетілдіру;

  • МДҰ-дағы оқыту мен тәрбие беру жағдайларының мониторингтік әдістерін әзірлеу және енгізу;

  • қауіпсіз білім беру кеңістігін қалыптастыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша арнаулы топтарды оқыту (медициналық қызметкер, тәрбиешілер, ата-аналар, тәрбиеленушілер).

Басқарудың құрамдас бөлігі қызметтің номенклатурасын ұйымдастырумен байланысты, яғни нормативтік-құқықтық актілердің: қосымшалар, бұйрықтар, нұсқаулықтардың тізімін қалыптастыру.


Сөйтіп, МДҰ-дағы еңбекті қорғауды (бұдан әрі – ЕҚ) ұйымдастыруды регламенттейтін негізгі нормативтік құжаттарға мыналар жатады:


  • МДҰ Жарғысы. Ұжымдық шарт.

  • Ішкі еңбек тәртібінің ережелері.

  • ЕҚ жөніндегі жұмысты және МДҰ тіршілік әрекетіндегі қауіпсіздікті ұйымдастыру туралы қосымша.

  • ЕҚ жөніндегі жұмыстың және МДҰ тіршілік әрекетіндегі қауіпсіздіктің жоспары.




ЕҚ жөніндегі заңнамалық және басқа да нормативтік актілердің талаптары негізінде ұйымдастыру-жарлық құжаты әзірленді, оған МДҰ құқықтық актілері кіреді, олар әрбір қызметкердің жұмыс орнындағы тәртіп ережесін және қызметкерлер мен тәрбиеленушілердің МДҰ-да болған кезеңдегі өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін талаптардың орындалуын белгілейді.


Құрал-сайман, ойын жабдықтары қауіпсіздік және Санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарына сай келуі тиіс.


МДҰ аумағында орналасқан жабдықтар (шағын формалар, денешынықтыру құралдары және т. б.), МДҰ ғимараты, топтық үй-жайлар мен кабинеттер жылына екі рет міндетті түрдегі тексеру актілері жасала отырып қаралады.





МДҰ-дағы қауіпсіздіктің өзекті аспектілері


Дене қауіпсіздігі – төтенше жағдайлардағы құқықтық тәртіп пен лаңкестікке қарсы қорғанысты қамтамасыз ету, ЕҚ.

Лаңкестікке қарсы қорғаныстың жағдайы МДҰ тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету өлшемдерінің бірі, білім беру процесі барысында олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға кепілдік беретін жағдайлар жасау.


Білім беру процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға жауаптыларды МДҰ басшысы тағайындайды.









































Құрметті ата-аналар ,қызметкерлер, әже апалар!

Тілек сөз:








Халқымызда мынадай нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да,борышыңды өтей алмайсың» деген . Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!


Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!

«Айжұлдыз»тобының «Мерекеңмен Анашым» атты мерекемізді бастаймыз!


Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық

Көздерінен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің,әр айың.

Хор: Көктем әні.


Мереке күніңмен

Қарсы алам өзіңді

Сәбилік үніммен

Арнаймын әнімді – дегендей ортаға «Ақ мамам» әнімен

Нұрмұхаммед,Темірлан, Қуанышты шақырамыз.


Ана деген-бәитерегі өмірдің

Ана деген-қуанышы көңілдің

Ана деген-әрбір үйдің жылыуы

Ана деген-асыл жандар болаттай

Ана деген-мөлдір жандар бұлақтай.


Ортаға тал шыбықтай бұралған көктем аруларын шақырамыз.

«Көктем» биін тамашалаңыздар.


Тақпақ: Бекзат: Менің әжем,ақ әжем

Балдай тәтті,жан әжем

Қасыңа еріп жүрейін

Шай қайнатып берейін.

Қуаныш: Құртын майын сақтаған

Жұртқа мені мақтаған

Әжетайым бар менің

Қылығымды жақтаған.


Қызғалдақтай құлпырған

Қыздарымыз жайнасын-деген тілекпен «Жан сырым»әнін қабыл алыңыздар, орындайтындар: Нұрай,Эмель


Ана үшін әрқашанда дайынбыз деп балалардың орындауында-«Анамыздың мейрамы» хор


Аян: Балабақша болмаса,

Дүкенге өзім барар ем

Күлін алып,от жағып

Ағашын да жарар ем.


Нұрдаулет: Қойым болса қорада

Оған шөбін салар ем

Қи шығарып,су тасып,

Қозыларға қарар ем.


Рамазан: Қыз болсам ғой қиналмай

Кірін жуып берер ем

Шай қайнатып,бала ойнатып,

Үйін жинап берер ем.


Ернияз: Епті емеспін мендағы

Еден жуа алмаймын

Екі –үшеуін сындырмай

Ыдыс жуа алмаймын.



Бәрі: Қайдан біле берейік,

Көп тірліктің жайын біз

Қандай жұмыс болса да

«Ана» үшін дайынбыз.


Орыс биін тамашалаңыздар:


Ана – мақтан

Ана-жыр

Ана – бақыт демекші аналарына арнап «Ақ мамам» орындайды.

Рамазан,Нұрислам О, Аян, Бақбергенді шақырамыз.


«Мамочка милая» хор.


«Мерекеңмен анашым» әнімен ортаға: Ернияз,Нұрдаулет, Нұрислам С, Бағдаулетті шақырамыз.


Бір топ жігіттердің орындауында би.

«Жігіттер» биін тамашалаңыздар.


Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

«Құлыншағым, күнім»,- дейтін.


«Ақ әжем» әнімен ортаға: Еркеназ, Кәусар, Ақбота, Ділназды шақырамын.


Хор: «Құттықтаймын мама туған күніңмен!»







Осы кезде балалар аналарына сыйлықтарын тапсырады.


Әлемде өзгермейтін 3 зат бар, ол ананың ақ сүті, Күннің нұры,сәбидің күлкісі ендеше құрметті аналар күннің нұры, сәбидің күлкісі балабақшамыздан ешқашан кетпесін –деп ертеңгілімізді аяқтаймыз.


Сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі : Көпенова Күлайша Дүйсенқызына беріледі.




-80%
Курсы дополнительного образования

Основы HTML

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Эссе. Психология - болашақтың мамандығы (258.84 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт