Электр жабдықтарының жүйесі.
Дәріс.Тақырып: Электр жабдықтары.
Электр жабдықтары электр қуатын алуға (электрмен жабдықтау), тұтандыру, оталдыру, жарықтандыру, белгі беру, диагностикалау жүйесінің жұмыстарын қамтамассыз етуге, ал қарапайым автомобилдерде қозғалтқышты, трансмиссияны және басқа агрегаттарды автоматты басқаруға, қозғалыс қауіпсіздігін, жайлылықты қамтамассыз етуге және т.б. арналған
Электр жабдықтары екі сымды немесе бір сымды жүйеде жасалуы мүмкін. Негізінде соңғысын пайдаланады, мұнда екіншісінің орнына автомобилдің бейметалдық бөлшектерін пайдаланады. Бұл мыс шығынымен қоса сенімділікті төмендетеді, себебі қысқа тұйықталу қаупі туындайды. «Массамен» электр қуат көзінің теріс жағы жалғанған. Барлық автомобилдерде тұрақты тоқ пайдаланылады, бұл аккумуляторлы батарейяларды пайдаланумен анықталады. тораптағы кернеу 12 В. Соңғы кездері көп тұтынушыларға (мұздатқыш) толықтырушы 24 В жүйе пайдаланады.
Электр жабдықтарының барлық аспаптарын екі топқа бөледі: реттеуші қондырғымен бірге қуат жабдықтау жүйесін құрайтын ток көзі, және тұтынушылар. Генераторлар және аккумуляторлы батареяларды қуат кқзіне жатқызады, қалған аспаптар тұтынушыларға жатады (шамдар, дыбыстық белгінің аспаптары, тұтандыру жүйесі, желдеткіштер, иоңазытқыштар, әйнек тазалағыштар және т.б.)
Электр жабдықтарының жүйесі.
Электр жабдықтарының жүйесі тұтынушыларды электр қуатымен қоректендіруге арналған. Қоректенудің негізгі көзі генератор (8.1. Сур), мұнда қозғалтқыш жұмысы кезінде, сондай-ақ оның оталуы кезінде қорекпен қамтамассыз етеді. Реттегіш генератор жұмысы кезінде берілген кернеуді, сондай-ақ соңғысының аккумуляторлы батареясымен біріккен жұмысын қуаттайды.

Сур.8.1. Электр жабдықтау жүйесінің құрылымдық сызбы ,Iп, Iб.з, Iб.р—зарядталу және зарядсыздану кезіндегі генератордың, тұтынушының, батарейяның тоқтары.
Генераторлардың құрылымы және жұмысы.Генератор тұтынушыларды қоректендіру үшін және қозғалтқыш жұмысы кезінде аккумулятор батареиясының зарядталуына қызмет етеді.
Автомобил генераторларына қойылатын талаптар: толық жүктеме кезінде барлық тұтынушыларды қорекпен қамтамассыз ету; қозғалтқыштың айналу жиілігінің кең аймағында тұрақты кернеу (13,2... 15,5 В); массасы және құны минималды; тербелу, тозаңдану, жоғарғы температура жағдайында сенімді болуы.
Автомобилдерде үдеткіш белдеуі бар индукторлы генераторлар пайдаланылады (қармақ тәрізді роторомен). Олардың жұмысында айтарлықтай айырмашылық жоқ.
Көптеген генераторлардың үлгілерінің ішінде қарапайымы 37.3701, мұны ВАЗ автомобилдеріне орнатады. Генератордың статорына 11 (сур.8.2) электротехникалық болаттың пластинасы алынады. Оның ұяшықтарына жұлдызшаға жалғанған үш ұяшықты жүйенің орамалары 18 жатқызылған, мұнда сым диаметрі 1 мм, суық күйінде бір ұяшықтың кедергісі 0,155 Ом.
Сур.8.2 Генератор 37.3701:
1—кронштейн; 2—түзеу блогы; 3— кедергі өшіруші конденсатор; 4, 14— қақпақтар; 5, 16— мойынтіректер; 6— тығыздаушы сақиналар; 7— щетка ұстағыш; 8—түйісу сақиналары; 9—білік; 10— ротор; 11— статор; 12— қозу орамасы; 13— бекіту планкасының бұрандамасы; 15— кілтік; 17— желдеткіш; 18— статор орамасы.
Ротор білігіне 9 арасында қозу орамасы 12 бар қармақ тәрізді белдеулер баспақталған. Оның соңы түйісу сақиналарына 8 шығарылған. Орамада диаметрі 0,8 мм сымның 420 жібі бар, оның кедергісі 2,6 Ом. Тоқ қозу орамасына щетка ұстағышта 7 орналасқан щетка және түйісу сақиналары арқылы қозу орамасына беріледі. Оған герметикалық жасаудағы кернеуді интегралды реттегішпен (КИР) түзеуші блок 2 бекітілген. Бұл БПВI 1-60-02 блогы екі шинада құралған — бір-бірінен бейтарапталған кері және дұрыс. Оларға әр-түрлі белдеудегі үш диодтан Вд-20 орнатқан. Шиналар тоқ серігі және бір мезгілде жылуды әкетуші радиатор қызметін атқарады. Толықтырушы үш диод қозу орамасына баратын тоқтарды түзеуге қызмет етеді.
Қақпақтар 4 және 14 алюмини қортпасынан жасалған және шпилкалармен тартылған. Генератор іске қозғалтқыш иінді білікгінің ременді берілісі арқылы іске қосылады. Генератор орамаларын үрлеу үшін жетек шкивіне қалақшалар 17 орналасқан, ал қақпақтарда 4 және 14 желдетуші тесіктер жасалған.
Генератордың айналу жиілігі 4000 айн/мин, қуаты 770 Вт, номиналды тоғы 55 А.
Басқа автомобилдердің генераторлары қарапайым орналасқан. «Нива ВАЗ-21213» автомобилінде Г221-А-006 генераторы орнатылған. Жоғарыда қарастырылған құрылымға қоса оның қақпағында, яғни түйісуші сақиналар жағынан ауа шарбағы орналасқан, ол ораманы үрлеуге беретін ауаны тазартуды қамтамассыз етеді.
16.3701 генераторы және оның модификациясы 161.3701 ГАЗ және ВАЗ автомобилдерінде орнатады және оның модификациясына 32.3701 генераторы пайдаланылады.
Аккумляторлы батареялар. Қорғасынды –қышқыл аккумуляторлардың қызметі және мақсаты. Қозғалтқышты оталдыру шарты аккумуляторлы батареялардың түрін және құрылымын анықтайды. Оталдыру режимі өте қиын. Автомобилдің аккумуляторлы батареияларын стартерлі деп атайды.
Стартерлі батареяларға қойылатын талаптар: максималды жұмыс кернеуі (12 және 24 В); минималды ішкі кедергі т.с. олар үлкен тоқ беруі керек; зарядсыздану үрдісі кезінде кернеудің аз өзгерісі; масса бірлігінен алатын қуаттың максималды көлемі (меншікті масса); зарядалу кезінде көлемінің тез қалыпталуы; сенімдлікпен механикалық беріктігінің жоғарылығы және күту қарапайымдылығы, құнының төмендігі.
Оталдыру кезінде стартердің жұмысына күші 300...500 А тоқ қажет. Мұндай режимдегі тоқты қорғасынды – қышқыл батареиялар қамтамассыз ете алады. Батареялардың басқа түрлері бар, бірақ олар қымбат немесе қасиеттері нашар, мысалы, щелочные.
Аккумуляторлы батареялардың құрылысы. Аккумуляторлар батареяларды тізбектей жалғайды, сонда жалпы 6 В (ұш аккумулятор), 12 В (алты аккумулятор) кернеулерді қамтамассыз етеді. Олардың әрқайсы эбониттен, термопластан (толтырылған полиэтиленнен), полипропиленнен және полистиролдан жасалған жекеленген моноблокқа 11 (сур. 8.3) орналасқан. Бұл жадығаттар қышқылға -, суыққа-, жылуберіктікке және жоғары механикалық беріктікті қамтамассыз етеді.
Блоктағы 13 оң 3 және теріс 3 электродтар шктелген шарбақшалар түрінде қорғасын қорытпасынан жасалған, онда белсенді май жағылған. Электрод қалыңдығы жеңіл автомобилдерде орнатылатын батареялар үшін 1,5...2 мм болуы мүмкін, ауыр жүктік автомобилдерде 2,4...2,6 мм болады.
Сур.8.3. Стартерлі аккумулятор батареясы:
1, 3— сәйкес оң және теріс электродтар; 2— сепаратор; 4— борн; 5—қорғаушы қалқан; 6—жалғаушы көпірше; 7—қақпақ; 8— перемычка; 9—тығын; 10— белдеулік шешім (піспек); 11— моноблок; 12 – призмалы қабырға; 13— электродтар блогы.
Батареялардың стартерлі сипатамалары электродтардың кіші қалыңдығында жақсы. Электродтар ені 143 мм және биіктігі 133,5 мм болатын квадрат пішімді. Электродтар жарты блоктармен көпіршелер 6 арқылы жалғанған. Параллел жалғанған электродтар саны аккумулятордың көлемін анықтайды. Теріс пластиналардың саны әдетте біреуге артық болады, себебі оң электрод химическиялық харакеттерде белсенді болады.
Олардың мұндай орналасуы аз деформацияны қамтамассыз етеді. Электродтар арасына қышқылға берік сынғыш жадығаттан жасалған сепараторлар 2 орналасқан: мипор, мипласт және поровинил. Батареялардың пайдалану пайдалануы құрылымы сепаратордың сапасына байланысты. Сонда поровинилді сепаратордың батареяларының күші 10...15 с поровиниловыми сепараторами на 10... 15 % көп.
Жарты блокты пластиналар призма түрінде жасалған моноблоктың түбіндегі қабырғаларға 12 бекиді. Донды призмалардың арасындағы кеңістік олардың өзара қысқа түйісуін болдырмайтын электродтардың өшуші бөліктерін жинақтау үшін арналған. Блок үстіне қорғаушы қалқан орнатады 5. Моноблок бөлігінің үстін қақпақпен пісіру немесе желімдеу арқылы жабады. Қақпақта электролитті құю және желдету үшін піспек 10 және тығын болады. Олардың құрылымы батареяның 45
қисаюында электролиттің шашылуын болдырмайды. Пайдалану және зарядтау кезінде электролиттің қайнауы болғанда электродтардың жоғарғы ұнтағынан қақпаққа дейін 20 мм аралықты ұстайды.
Батареяларды маркировкалау. Бірінші сан 3 немесе 6 батареялар санына сәйкес 6 немесе 12 В аккумуляторлар санын сипаттайды. СТ әрпі стартерлі екнін білдіреді, ТСТ — тракторлы стартер, келесі сан — разрядтың 20 сағаттық режиміндегі ампер-сағ (А с) көрсетілген номиналды саны. Келесі әріптер: моноблок жадығаты (Э — эбонит, Т — термопласт, П — полиэтилен), сепараторлардың жадығаты (М — мипласт, Р— мипор, П — пластипор, С — стекловолокно) және орындалуы (Н — құрғақтай зарядталмаған, А — жалпы қақпақпен). Мысалы, 6СТ-55ЭМ маркасы кернеуі 12 В стартерлі батарея және сыйымдылығы 55 А с, моноблок эбониттен жасалған, сепараторы мипластан жасалған, орындалуы - құрғақтай зарядталмаған дегенді білдіреді.
Электрлі оталдыру жүйесі.Электрлі оталдыру қозғалтқышты оталдыру кезінде иінді біліктің еріксіз айналуына арналған кешенді құрылғылардан тұрады.
Оталдыру жүйесіне қойылатын талаптар: автомобилді әр түрлі жағдайда пайдалану кезінде оталдыру жиілігімен қамтамассыз ету, сенімділігі жоғары, меншікті салмағының аздығы және габаритті өлшемдерінің аздығы.
Қозғалтқышты оталдыру кезінде оталдыру құрылғысы (стартер) берілген оталдыру жиілігімен қамтамассыз ету керек. Бұл қысу тактісінің соңында жану камерасында қоспаны(дизелде — ауа) жеткілікті қысыммен және керекті температурамен қамтамассыз етуі керек. Тек осы жағдайда қоспа тұтанады және барлық камерада жалының таралуы мүмкін. Карбюраторлы қозғалтқыштар үшін айналу жиілігі 40.80 мин-1 құрайды, дизелдер үшін — 150...300мин-1 .
Оталдыру жүйесін инерциялы, пневматикалық, гидропневматикалық, электрикалық және механикалық (қолмен және көмекші іштен жану қозғалтқышының көмегімен) деп бөледі. Көбінесе электрлі (электростартерлі) жүйені қолданады. Электрлі жүйе аккумуляторлық батареядан, стартерден, жетек механизмінен, басқару тізбегінен және оталдыруды жеңілдететін құралдан тұрады.
Түйіспелерді 2 (сур.8.4, а) қосқан кезде (тұтандыру құлпында) тізбекке тартқыш реле қосылады З. Оның жүрекшесі 4 орамалардың магнитным белдеуімен орын ауыстырады, иінтіректі бұрады 6 және тегерішті маховика тістерімен 9 іліністіре отырып қозғайды. Бір мезгілде түйісу дискісі 12 күштік түйісулерді тұйықтай 11 отырып стардердің қоректену орамасын батареяаға 1 қосады. Стартер — басқаруы жабдықталған арнайы электро - қозғалтқыш. Ол негізгі қозғалтқыштың оталуын қамтамассыз ете отырып маховигін айналдырады. Оталдырғаннан кейін жүргізуші тұтандыру кілтін бұрайды, түйықталу үзіледі, реле тураланады, серіппе 5 жүрекшені 4 жылжытады және тегеріш (суретте оң жағында) және тегеріш 7 маховик тістерімен ілінісуден шығады.
Сур.8.4.Стартердің сұлбасы:
1— аккумулятор батареясы; 2— қосу түйіспесі: 3—электромагниттің және тарту релесінің орамасы; 4— реле жүрекшесі; 5—серіппе; 6—иінтірек; 7— тегеріш; 8—білік; 9— маховик тісі; 10— электро-қозғалтқыш; 11— түйіспелер; 12— түйісу дискісі.
Стартерлердің құрылысы. Электростартер бір агрегатта біріктірілген электро-қозғалтқышынан, жетек механизмінен және басқару жүйесінен тұрады. Көптеген стартер үлгілері бір түрлі.
Мысал ретінде 8.5 суретте ЗИЛ-431410 орнатылған СТ 130-АЗ стартері көрсетілген. Ол СТ-90 батареясымен жұмыс істейді.
Сур.8.5.Стартер СТ1ЗО-АЗ:
1- зәкір орамасы; 2—қозу орамасы; 3—белдеулік шақай; 4—тарту релесінің түйісуі; 5—толықтырушы резистордың түйісуі; 6—күштік түйісу; 7—тарту релесінің түйісуі; В— винт-тартқыш; 9—қорғаушы қап; 10— иінтірег; 11— реттеуші винт; 12— жетек жағындағы қақпақ; 13— бекіту сақинасы; 14— тегеріш; 15— еркін жүрістің муфтасы; 16— демпферлі серіппі; 17— муфта; 18— тұрқы; 19— зәкір; 20—қорғаушы таспа; 21— коллектор; 22— қақпақ.
Тұтандыру кілтін «Стартер» жағдайына бұрау кезінде тоқ реле орамасы арқылы өтеді, зәкір орама ішіне тартылады және тегеріш 14 иінтірегін қозғайды. Демпферлі серіппе 16 тегерішті маховикпен жалғаған кезде соққыны жеңілдетеді. Жүріс соңында түйісу зәкірлері 4 аккумулятор орамасының стартерінің тізбегіне қосылып тұйықталады. Қозғалқышты оталдырғаннан кейін еркін жүрістің муфтасы 15 іске қосылады, ал оталдыру кілтін «Тұтандыру» жағдайына қойғаннан кейін тегеріштің тарту релесі ажыратылады және зәкірдің қайту және винттік қиманың әсерінен стартер білігіндегі тегеріш 14 бастапқы жағдайға оралады.
Әдебиеттер:
1.нег.[423-452]; 3.нег.[114-135].
Бақылау сурақтары:
1. Автомобилдің қандай жұмыстық режимінде тұтынушыларды электрмен генератор жабдықтайды? 2. Генераторды құраушы бөліктерді ата. 3. Батарея сыйымдылығы дегеніміз не? 4. Батареялардың маркировкасын шеш. 5. Оталдыру жүйесі қандай элементтерден тұрады? 6. Тарту релесінің мақсаты не? 7. Стартердің жетекші механизімінің тегеріші неге арналған?

Электр жабдықтарының жүйесі. (74.27 KB)

