Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  4 класс  /  Дыбыс және әріпті қайталаймыз

Дыбыс және әріпті қайталаймыз

Өткен сыныптарда дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін естеріне түсіру.

Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып келетінін, дауыссыздардың түрлері мен емлесіне қайталау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Жаттығулардың мазмұнын ашу арқылы білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

27.12.2017

Содержимое разработки

Ибрагимова Тоты Жунусовна

бастауыш сынып мұғалімі

№56 мектеп-лицейі, Астана қаласы



Сынып: 4 Пән: Қазақ тілі Күні: Сабақ:

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріпті қайталаймыз


Сабақтың мақсаты:

1.Өткен сыныптарда дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін естеріне түсіру.

2 Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып келетінін, дауыссыздардың түрлері мен емлесіне қайталау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Жаттығулардың мазмұнын ашу арқылы білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру. 3-сыныпта өткенді қайталау.

-- Дыбыс пен әріптің екеуінің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар екенін тәжірибелер арқылы түсіндіру.

- Тіл дыбыстары адамның дыбыстау мүшелері арқылы жасалатынын түсіндіру. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелерді атату.(Өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, тіс, таңдай, жақ, ерін)

-Дауысты дыбыстар қалай жасалады?

Дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының керіліп тұрып діріл пайда болуы арқылы жасалатынын түсіндіру. Дауысты дыбыстардың буын құрайтындығы айтылады.

-Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар айтылып шығады.

-Дауысты дыбстар не құрайәды?

Жуан дауысты және жіңішке дауысты дыбысвтар кездесетін сөздерге мысал клтіру.

-Дауыссыз дыбыстар жайында не білеміз?

Дауыссыз дыбыстарды айқанда ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырайды, сондықтан созып айтуға келмейді. Айтқан кезде созып айтуға келмейтіңн сөздері дауысссыз дыбыстар деп айтылады.

-Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыстар бар?

Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауыссыз дыбыстармен буын құрауға бола ма?

III. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

Дауысты және дауыссыз дыстар туралы білімдерін пысықтағаннан кейін оқулықтағы жаттығулар орындалады.

1- жаттығу.

1.Т.Молдағалиевтің өлеңін жатқа жазуға тапсырма беріледі:

а) Өлеңді 1-2 оқушы дауыстап оқиды.

ә) Өлеңнің мазмұны талданады.

б) Оқушылар өлеңді іштей бірнеше рет оқиды

в) Өлең жатқа жазылады.

2. Мектеп, есік сөздеріне –ы, -і жалғауларының тиістісін жалғап, түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін оқушылардың өздеріне анықтату. Қосымшалар дауысты дыбыстардан басталғанда қ,к,п дыбыстары ұяңдап, ғ,г,б дыбыстарына айналатыны еске түсіріледі.Қ,к,п дыбыстарына аяқталатын сөздерге мысалдар келтіріп, оларға дауысты дыбыстан –ы, -і жалғауларын жалғап айту.

3.Сурет бойынша «Оқу- білім бұлағы» тақырыбында қысқша әңгіме құрастырылады.

2-жаттығу. Өлеңді оқу.

Қарамен жазылған қазағым, түнегін, жүрегім, түлегіміз сөздерінің түбірін тауып жазып,бұл сөздердің неліктен өзгергенін анықтау.

3. Өлеңдегі дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды дауыссыз дыбыстарға жіктеп жазу.

Қатаң дауыссыз дыбыстар:к,т,с,қ,п,ш.

Ұяң дауыссыз дыбыстар:б,з,д,ж,г,ғ.

Үнді дауыссыз дыбыстар:м,н,ң,й,л,р.

4-жаттығу. Мәтін оқылғаннан соң «Оқығанның көзі ашық. Оқымаған адам соқыр болады» деген сөзге оқушылардың пікірі тыңдалады.

Мәтіндегі соңғы абзацты көшіріп жазу және жуан дауысты дыбыстардың астын бір, жіңішке дауысты дыбыстардың астын екі рет сызу.

ІV. Сабақты қорытындылау.

1. Осы сабақта дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдері пысықталады.

Оқулықта жаттығу берілмесе де, б дыбысына аяқталатын сөздер еске түсіріледі(араб, штаб, клуб, куб).

3. Қосарлы ый әріптері тек сый, тый сөздерінде жазылатындығы айтылады.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма. 3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып көшір.

5-жаттығу. Сөздерді топтап жаз.





-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Дыбыс және әріпті қайталаймыз (16.82 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт