Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.2В Электростатика негіздері. Мектеп:№109ЖОМ Күні: 04.12.18ж Мұғалімнің аты-жөні: Исаходжаева Д.Х Сынып: 8-А Қатысқандар: Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер. Электроскоп. Electrification of bodies, electric charge, conductors and dielectrics. Electroscope. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.1.1 - электр зарядын сипаттау; Characterize electric charge; 8.4.1.2 - үйкеліс және индукция арқылы электрлену құбылысын түсіндіру; Explain charging by rubbing, induction and contact. 8.4.1.3 - электрленудің оң және теріс әсеріне мысалдар келтіру; Give examples of positive and negative effects of charging
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | 1.Электр заряды және оның түрлері туралы түсінік беру; 2. Үйкеліс және индукция арқылы денелердің электрленуін түсіндіру; 3. Денелердің электрленуін тәжірибе жүзінде мысалдар келтіре отырып түсіндіру; By the end of the lesson, the learner will be able to:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | 1.Электр заряды және оның түрлері туралы түсінік береді; 2. Үйкеліс және индукция арқылы денелердің электрленуін түсіндіреді; 3. Денелердің электрленуін тәжірибе жүзінде мысалдар келтіре отырып анықтайды; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік лексика және терминология: эбонит, электрон, электрлену, янтарь, заряд, электроскоп, диэлектрик.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу | Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығы аясында электр тогын өндіретін, түрлендіретін заманауи құрылғылардың үлгілерін дамытуға баулу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Химия пәнін заттың құрылысын анықтауда, Тарих пәнін жылу құбылыстарының шығу тарихымен байланыстырамын. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Күнделікті өмірде қолданылатын түрлі электр энергиясын тұтынатын электр аспаптарын біледі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары | Интернет желісімен жұмыс жасай біледі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
8 минут | Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Мұғалім оқушыларға жылы лебізін айтып, жағымды ахуал туғызады. Жаңа тақырыпқа байланысты термин сөздермен үш топқа біріктіреді. 1-group: Protons Үй тапсырмасын тексеру: Бәсекелік қабілет «Бір сөйлемдік қорытынды» әдісі арқылы оқушылар өткен тарауды қайталап өтеді.
Дескриптор:
ҚБ смайликтер, мадақтау сөздермен бағалаймын |
Слайд, смайликтер, стикерлер, А4 парағы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
10 минут
жаңа сабақ 10минут
| Жаңа сабақ: Прагматизм «Ой қозғау» -әдісін пайдаланып жаңа сабақтың мағынасын ашуды жоспарлап отырмын. What’s happening in the picture?
Тапсырма 1.Құрғақ шүберекпен айнаны сүрткенде қандай құбылыс болады? 2.Синтетикадан жасалынған киімді шешкенде нені байқайсыңдар? 3.Мысықты сипағанда нені байқайсыңдар? 4.Тарақты алып құрғақ шашты тарағанда,содан кейін кішкене қағазды жақындатканда нені байқадыңдар? Дескриптор 1.Шыны мен пластинка үйкелгенде тозаңды және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартатыны туралы білді. 2.Жасанды талшықтан жасалынған киімді шешкенде шытырлаған дыбысты және қараңғы бөлмеде жарқылды да байқайтыны туралы білді. 3.Үйкеліс кезінде тарақ зарядталып, нәтижесінде денелер бір-біріне тартылатынын білді ҚБ смайликтер, мадақтау сөздермен бағалаймын Жаңа тақырып және тақырыптың мақсатымен таныстыру. Ұлттық бірегейлікті сақтау: Жаңа тақырыпқа байланысты терминдік сөздермен таныстыру
Білімнің салтанат құруы: Бұл құбылыстар өте ертеден белгілі болған. Біздің заманымызға дейін 600-жылдары ертедегі гректер сары янтарьдың ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Яғни янтарьды теріге немесе жүнге үйкегенде оның әртүрлі денелерді өзіне тартанын байқаған. Сол кезде гректер сары янтарьды өндірген. «Янтарь» — Жер бетінде әлденеше жүздеген мың жылдар бұрын өсіп-өрген қылқан жапытарқы ағаштардың қатып тасқа айналған шайыры. Грек тілінде «янтарь» -электрон дегенді білдіреді. Гректер осы шайырды «электрон», ал оған қатысты денелердің электрленуі деп атаған. Янтарь өзіне басқа денелерді тарту қабілетіне ие болғанда, оны электрленген күйде деп атайды. «Электрон» сөзінен «электр» деген сөзі шықты. Электрлену барысында пайда болатын күштерді электр күштері деп атаған. Янтарь — еІektrоп — "электрон" деген грек сөзі. Үйкеліс арқылы электрлену нәтижесiнде екi дене де электр зарядын алатынын есте ұстау керек. Мысалы, шыны таяқша мен резина үйкелгенде шыны да, резина да электрленедi. Демек, резина да шыны таяқша сияқты өзiне ұсақ денелердi тарта бастайды. Денелердi электрлеу үшiн бiр-бiрiне жай ғана бiр рет тигiзу жеткiлiксiз. Денелердi бiр-бiрiне қатты қысып үйкелеу керек. Сол кезде олардың арасындағы ара қашықтық азайып, беттесу ауданы ұлғаяды. Денелер соқтығысқанда және жарылыс кезінде де электрленуі мүмкін. Қолымызды электрленген затқа немесе iстеп тұрған телевизор экранына, экран бетiнде электр заряды бар, жақындатқанда шытырлаған дыбыс естуге болады, ал қараңғыда кiшкентай ұшқындарды көруге болады. Бұл да электрлiк құбылыс көрiнiсi. Қарастырылған құбылыстар электрлену кезінде түрлі заттардан жасалған денелердің электрлі өзара өрекеттесу қабілетіне ие болатындығын дәлелдей түседі. Денелердің осы " қасиетін электр заряды деп аталатын физикалық шамамен сипаттайды. Денелердің өзара электрлік өрекеттесу кабілетіне ие болуы — олардың электрленуі деп аталады. Бірдей электр зарядтарын аттас зарядтар деп атайды. Демек, электрленген аттас зарядтар бір бірінен тебіледі Жүнге үйкелген эбонит таяқшада немесе янтарьда пайда болған зарядтар шартты түрде теріс (-), ал жібекке немесе теріге үйкелген шыны таяқшадағы зарядтар оң (+) деп аталған Электрленуді байқауға арналған ең ыңғайлы аспап электроскоп деп аталады. Электроскопта ұшына екi жеңiл жапырақша iлiнген металл өзекше, металл сақинаға кигiзiлген пластмасса тығын арқылы өткiзiлген. Металл сақинаның екi жағы да шынымен жабылған.
«Тұжырым таңдау» әдісі. Топтар берілген құрал-жабдықтар арқылы тәжірибе жұмысын орындап, анықтайды. 1-топ. Денелердің электрленуін анықтау 2-топ. Үйкеліс арқылы денелердің электрленуін көрсету
3- топ. Мынадай шағын тәжірибе жасап көрсет. Жіңішке жіпке екі жеңіл бузин шарларын іліп қоялық. Оларға жібекке үйкелген шыны таяқшаны тигізейік нені байқауға болады? Мұның себебі неде? Қандай құбылысты байқауға болады.
Дескриптор:
ҚБ смайликтер, мадақтау сөздермен бағалаймын Тапсырма: Төмендегі материалдардың қайсысы өткізгіштерге, қайсысы диэлектриктерге жатады: Күміс, қола, мыс корпусы, тұздың судағы ерітіндісі, көмір, шыны, болат, графит, пластмасс, құм, бетон, балауыз, алюминий, мыс, бензин, жібек, қант |
Оқулық, суреттер,
Эбонит таяқшасы, қағаз қиындылары, жүн, шыны, жібек матасы, шар, тарақ, Жіңішке жіп, екі жеңіл бузин шарлары
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
5 минут | «Табыс баспалдағы» әдісімен оқушылардан кері байланыс аламын: кәдімгі баспалдақтың суреті, баспалдақтың Үйге тапсырма: Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер
|
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, қарқынды даму мақсатында дереккөздерді және оқулықтарды пайдаланып Bilimland.kz сайтынан «Стопкадр» әдісі бойынша көрсетілім пайдаланамын. «Тұжырым таңдау» әдісі арқылы тәжірибе жұмысын талдап, берілген тапсырманы орындау барысында жеке тұлғаның сын тұрғысынан ойлау, есте сақтау қабілетін, іздену, өз пікірін еркін айту , мұғалім мен оқушы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырып, қажеттілігіне қарай жетелеуші сұрақтар қойып, диалог арқылы қолдау көрсетемін. Бағыт-бағдар беру арқылы қарқындата дамытамын. | Оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне және алға ынталандыруға ықпал ететін кері байланысты сабақтың өне бойында жүргізіп отырамын. Сабақтың әрбір кезеңіндегі кері байланыс оқушыларды алға жетелеп, сабаққа деген құлшынысын арттырып, ынталандырып, қызығушылығын оятады. Өзара және өзін-өзі бағалауға «Табыс баспалдағы» әдісі арқылы бағалау жүреді. «Жарайсың, тамаша, керемет, жақсы» – деген сөздер арқылы кері байланыс беріп отырамын. | Эксперименттік тапсырмалардыорындау кезінде оқушыларға қауіпсіздік ережесін сақтау ескертіледі және қадағаланады. |