ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген.Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.
Дидактикалық ойындарды сабақтың кезеңдеріне енгізу:
Түрткі ретіндегі дидактикалық ойындар
Материалды игеруге даярлық кезінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар
Материалды пысықтау кезінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар
Игерілген материалды қайталау кезінде қолданылатын дидактикалық ойындар.
Есептік дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.
Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту
Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.
Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.
2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.
2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі
3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі
4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі
Дидактикалық ойын белсенділікті арттырып, қиын оқу материалдарын меңгеруді жеңілдетуі және көлемі бойынша үлкен оқу материалдарды есте сақтауға мүмкіндік беруі тиіс.
Білім алушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру үшін мыналарды жүзеге асыру қажет:
1. Жағдайға қарай шығармашылық белсенділікті іске қосу;
2. Төмендегідей шығармашылық белсенділіктің жүйелі циклдарын іске қосудың алғышарттары ретінде шығармашылық жағдайларын жүзеге асыру:
а) шығармашылықтың Мен–субъектісінің рольдік образын игеру;
б) шығармашылықтың жетекші ішкі орындаушы механизмдерін игеру;
в) шығармашылықтың әралуан түрлерін игеру;
г) ойын ұжымының шығармашылық бағытталушылығын дамыту;
д) ойын арқылы шығармашылық нәтижені елеулі түрде сезінетін жағдайларды қарастыру.
Белсенділікті дамыту үрдісіне ықпал етуі тұрғысынан келесі ойын типтері мен ойындық формаларды айқындауға болады:
а) Білім алушылардың шығармашылық белсенділігін дамытатын ойын формалары (шығармашылық белсенділікті дамытудың жалпы немесе спецификалы емес шығармашылық ойындық құралдары).
Дидактикалық ойындардың сапалылығы:
Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын оқытушының жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне белсенді қатыстыруына байланысты болады.
Дидактикалық ойын түрлері:
1) Заттық дидактикалық ойындар
Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2) Үстел үсті ойындары: Лото, домино, қарлы кесек т.б.
3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлеріге бөлінеді:
1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі;
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік тапсырмалар құрайды.
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Ол оқытушының балалармен, балалардың оқытушымен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипаттқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
1. Білім беретін ойындар.
2. Тәрбиелейтін ойындар.
3. Дамытатын ойындар.
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
5. Диагностикалық ойындар.
Ойнау теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагог-психологтар, социологтр зерттеуде.
Дидактикалық ойынға мысалғы ғажайып алаң, брэйн-ринг, математикалық сайыс, көшбасшы, лото, танграмм, «айырмашылығын тап,» математикалық эстафеталар, викториналар, кроссвордтар, ребустар.
Сонымен қатар ұлттық ойындары математика теоремаларын білім алушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар- ата-бабалардан бізг жеткен «ханталапай» ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады.
Бұл негізгі шарты бойынша шашылған асықты кімкөп жинаса, сол ұтқаны. Ал мен өз сабағымда 2 топтан 2 оқушы шығарып шаштым. Қай топтың баласы қанша асық жинаса, сонша №-лі асықтың, яғни топтаманың есебін шығарады. Бұл баланы жылдамдыққа, ептілікке үйретеді. «Бәйге» ойынының шартында ең жүйрік, сәйгүліктер жарысады. Ал мен «бәйгені» «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты бағдарламаның ойында пайдаландым. «Тригонометриялық функциялардың қасиеттері»тақырыбын өткенде тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы пайдаландым.
Дидактикалық ойындар білім алушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Хейзинга Иохан «Человек играющий» 2003-15стр
Равновесие Нэше, свободная энциклопедия
Қазақтың ұлттық ойындары
«Математика және физика» журналы №1-2009, №2-2005, №2-2006, №2-2009, №3-2004
5. Дидактикалық ойындар А.В.Фарков

Дидактикалық ойындарды қолдану ерекшеліктері (19.68 KB)

